Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама



I.Кіріспе
1.1 Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы
1.2 Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктеріне сипаттама
II. Негізгі бөлім
2.1 Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына сипаттама
2.2 Алматы облысы, Шелек ауданында өсірілетін жеміс . жидектерге сипаттама
2.3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бақ өсіру - ауыл шаруашылығы өндірісінің жеміс-жидек өсіретін саласы.
Жеміс-жидек өсірудің өзіндік агротехникасы, әр дақылдың өз ерекшелігі( құрылысында, өну, жетілу, көбеюінде) бар. Бақ өсірудегі мақсат - халықты жыл бойы жеміс-жидекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда бақ, жүзімдік және субтропиктік дақылдар өсіруді зерттейтін ғылыми институттар, тәжірибе станциялары жұмыс істейді. Бақта өсірілетін дақылардың құрамы жақсарды, жер көлемі кеңейтілді. Тың және тыңайған жерді игерген республикамыздың шығысы мен солтүстігіндегі аудандары да бақ өсіретін болды. Қазақстан ғалымдары республиканың табиғи-экономикалық аймақтарына қарай қандай жеміс-жидек сорттарын өсіруге болатынын жоспарлайды.
Еліміздің бақтарында 15 мыңнан астам жеміс-жидек сорттары бар, шның 400-і алма. Әр бақтың ерекшелігіне қарай жеміс ағашышың сорттары таңдап алынады. әсіресе жемісінің сапасы, ұзақ сақтауға төзімділігі ескеріледі.
Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор.
Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.
1. Аяпов К.Ж, Укибасов О.А. «Жеміс – жидек дақылдары сорттарын анықтауға арналған оқу құралы» , - Алматы. – 2011. -
2. Аяпов К.Ж, Кампитова Г.А, Мажитова Р.С. «Жеміс шаруашылығы» Алматы, Сөздік-Словарь 2005ж
3. Н.Г. Щепетков, М.Ә. Ысқақов. «Жеміс –көкөніс шаруашылығы», Алматы 2011ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы
1.2 Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктеріне сипаттама
II. Негізгі бөлім
2.1 Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына сипаттама
2.2 Алматы облысы, Шелек ауданында өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
2.3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1.1 Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы
Бақ өсіру - ауыл шаруашылығы өндірісінің жеміс-жидек өсіретін саласы.
Жеміс-жидек өсірудің өзіндік агротехникасы, әр дақылдың өз ерекшелігі( құрылысында, өну, жетілу, көбеюінде) бар. Бақ өсірудегі мақсат - халықты жыл бойы жеміс-жидекпен қамтамасыз ету. Қазақстанда бақ, жүзімдік және субтропиктік дақылдар өсіруді зерттейтін ғылыми институттар, тәжірибе станциялары жұмыс істейді. Бақта өсірілетін дақылардың құрамы жақсарды, жер көлемі кеңейтілді. Тың және тыңайған жерді игерген республикамыздың шығысы мен солтүстігіндегі аудандары да бақ өсіретін болды. Қазақстан ғалымдары республиканың табиғи-экономикалық аймақтарына қарай қандай жеміс-жидек сорттарын өсіруге болатынын жоспарлайды.
Еліміздің бақтарында 15 мыңнан астам жеміс-жидек сорттары бар, шның 400-і алма. Әр бақтың ерекшелігіне қарай жеміс ағашышың сорттары таңдап алынады. әсіресе жемісінің сапасы, ұзақ сақтауға төзімділігі ескеріледі.
Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор.
Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дами бастады. Аймақтық тәжірибе станциясы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының қарамағына берілді. 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.

1.2 Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктеріне сипаттама
Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті -- бағалы сорт сапаларының бірі деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.
Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, түсі, дәмі, тасуға жарамдылығы, сақталғыштығы) жақсылығы жатады.
Өздерінің қасиеттері бойынша осы айтылғандарға сай келген сорттар облыстарға немесе аудандарға ұсынылатын стандартты сорттар тізіміне енгізіледі және өндірістік жағдайларда, сонымен бірге үй іргесіндегі учаскелерде, питомниктерде өсіріліп көбейтіледі. Болашағы зор жаңа сорттар өндірістік жағдайда кеңінен сынау үшін көбейтіледі.
Алманың және алмұрттың сорттары -- ерте пісетін, пісуі орташа және кеш пісетін болып бөлінеді. Сонымен бірге жемісінің пісуі мезгіліне қарай олардың күздік және қыстық сорттары болады.
Жаздық сорттар еккеннен кейін 3 -- 4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Мұндай сорттың толық жеміс беру мезгілі 15 -- 20 жылдан кейін болады. Ал, 30 -- 35 жыл өткен соң мұндай сорттардың жеміс ағаштары құри бастайды.
Жаздық сорттар: Анис бархатный (Анис алый, Анис сафьяновый), Белый налив (Алебастровое, Налив белый, Налив сквозной, Налив белое), Грушовка московская (тез пісетін қысқа сабақты сорт), Июльское, Мальт багаевский, Пеструшка (Қонфетное), Раннее колхозное, Суйслеппер (Белое-розовое, столовое, Суйслеппское, Столовка), Яндыковское, Мельба, Кальвиль уральский румянный.
Күздік сорттар: Боровинка (Харламовское), Мильтон, Осеннее полосатое (Штрейфлинг), Ренет казахстанский, Славянка, Ефимовское, Заря Алатау, Исилькульское, Любимец, Пепинка алтайская, Пепинка литовская, Ренет Бурхардта, Ренет золотой Писгуда.
Күздік-қыстық сорттар: Алма-Атинское зимнее, Антоновка новая, Бабушкино, Бельфлер алмаатинский, Золотое Грайма, Грушовка вернёнская, Заилийское, Зимнее банановое (Банан зимний), Красный железняк (Красное железное, Красное Айзера, Красный Эйзер), Мекинтош, Пармен зимний золотой, Пепин шафранный, Ренет золотой Писгуда, Ренет орлеанский (Зимний шафран, Красный шафран, Шафран), Северный синап, Ренет Симиренко, Розмарин белый, Румянка алма-атинская, Алтайский голубок, Анис алый, Анис полосатый, Антоновка обыкновенная, Апорт, Голден Делишес (Золотое превосходное), Горноалтайское, Грушовка талгарская, Жаңа-алма, Қальвиль Қацейко, Кандиль-китайка, Милтон, Ренет Моисеева, Розмарин белый, Салтанат, Скрыжапель, Уральское наливное.
Жеміс дақылдарының аудандастырылуы. Алматы облысы:
Алма. Апорт, Пеструшка, Мельба, Милтон, Ренет Бурхардта, Купер, Айдарет.
Алмұрт. Лесная красавица, Зеферена грегуар, Талгарская красавица.
Алхоры. Оңтүстікке арналған сорттар, сонымен бірге Ванета II, Ренклод Альтана, Виктория II, Персиковая және Тәтті қара алхоры.
Шие. Любская, Шпанка крупная, Владимирская, Остгейм Гриоты, Дрогана желтая, Талдықорған облысы үшін негізінен Любская, Шпанка, Владимирская, Растунья және Плодородная Мичурина.
Өрік. Краснощекий никитский I, III, Прекрасный.
Шабдалы. Киевский ранний III.
Бүлдірген. Героиня Маншук, Урожайная, Холедей, Ташкентская.
Таңқурай. Вислуха, Феникс, Новость Кузьмина.
Тұшала. Мысовский 37.

Негізгі бөлім
2.1 Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына сипаттама
Шелек ауданы - Алматы облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс.

Жер аумағы 9,7 мың км².
Тұрғыны 204,8 мың адам, орташа тығыздығы 1 км-ге 21,1 адамнан келеді.
Аудан жеріндегі 80 елді мекен 1 қалалық және 24 ауылдық округтерге біріктірілген.
Еңбекшіқазақ ауданының оңтүстігін Іле Алатауының Қараш, шығысын, оңтүстік-шығысын Бақай тауы, Сарытау, Сөгеті,Торайғыр таулары, қиыр шығысын Сөгеті жазығы алып жатыр. Ауданның ең биік жері оңтүстік-батысындағы мәңгі қар мен мұз басқан Саз тауы (4241 м). Аудан жері солтүстікке қарай ылдиланып Қапшағай бөгеніне тіреледі. Бұл жазық келген өңірінде Іле ойпаты жатыр. Таулардан Есік, Түрген, Киікбай, Шолақ, Шыбықты, Белшабдар, Қаратұрық, Лаварсаз, Асы және Шілік өзендері бастау алады. Шілік өзендегі Бартоғай бөгенінен Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы бастау алып, шығыстан батысқа қарай ағып өтеді. Таулық бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (Есік, Жасылкөл, т.б.) кездеседі. Өзендерде бірнеше кішігірім СЭС-тер салынған. Толқын а. тұсында арнайы балық өсіруге арналған Есдәулетсай тоғаны, Түрген шатқалында бахтах (форель) ш. ұйымдастырылған. Аудан аумағында Алматы қорығы, Есік обасы (Алтын адам мүрдесі табылған), Тянь-Шань шыршасы өсетін Шыңтүрген (Шымтүрген) шыршалығы (889 га) орналасқан. Тау бөктерлерінде Таутүрген, Қорам минералды бұлақтары бар. Шіліккемерде құм мен кесектас өндіріледі. Бұғыты тауларында вольфрам кен орны барланған.
Климаты. Шелек ауданының климаты континенттік. Қысы суық. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40 - 60 см). Қаңтар айының орташа температурасы - 6 - 10°С, кейде температура - 28 - 30°С-қа дейін төмендейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20 - 24°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. жазық өңірде 200 - 400 мм, тау бөктерлерінде 550 - 700 мм. Аудан аумағында ендік бағытта айқын байқалатын бірнеше табиғи белдемдер өтеді. Іле ойпатының шөлейтті белдемінде сұр, сортаң сұр топырақ қалыптасқан. Онда баялыш, жусан, ши, күйреуік, т.б. сораң шөптер, өзен аңғарлары мен ойысты жерінің шалғынды-батпақты топырағында құрақ, қамыс, қияқ, жалбыз, тау алдының жонды-белесті жерлерінің қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, боз, селеу, тау бөктерлерінде астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өскен. Таулардың орта және биік белдеулерінде тау шалғыны, одан биікте альпілік шалғындар қалыптасқан. Тау етегі мен шатқалдарын тал, үйеңкі, көктерек, емен, өрік, алма, алмұрт жеміс ағаштары, биік таулы бөлігін шырша, қарағай орманы алып жатыр. Жануарлардан қоңыр аю, барыс, қасқыр, түлкі, таутеке, арқар, жазық жерлерде елік, борсық, суыр, қырғауыл, т.б. мекендейді. Су айдындары балыққа бай. Шелек ауданында суармалы және тәлімді (тау бөктерлерінде) егін шаруашылығы жақсы дамыған, сонымен қатар қой ш. бар, жүзім, жеміс-жидек, көкөніс, темекі өсіріледі. Топырағы сұр,таулы жерлерде қоңыр және қара топырақты болып келеді.
Шелек ауданы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады.

2.2 Алматы облысы, Шелек ауданында өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
1)Алма сорттары. Апорт - Алматы, Талдықорған, Жамбыл және Шымкент облыстарының біраз аудандары үшін негізгі сорт. Төсемелі түрде республиканың солтүстік-шығыс облыстарында да өсіріледі. Бұл сорт қысқа мейлінше төзімді, 7 -- 8 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Өнімі аса мол, әрбір жеміс ағашы жылына 300 -- 400 кг дейін өнім береді. Жемісі ірі келеді, бір алмасының салмағы 500 -- 600 грамға дейін жетеді, түсі әдемі жарқын болады.
( Апорт)
Пеструшка - жергілікті сорт.Алматы,Қызылорда,Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.Ағаштары өте биік өседі,жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді,өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді.Суыққа және қуаңшылыққа төзімді.Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды,әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді.
(Пеструшка)
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты кең болады.
(Мельба)
2)Алмұрт сорттары. Лесная красавица - күздік бельгиялық алмұрт сорты болып саналады. Көшеттері 3-4 жастағы ағашқа орналастырылады. Гүлі қызғылт түсті, майда болып келеді. Тамыз айының аяғында пісу кезеңі аяқталады. Сақтау мерзімі 15-20 күн болады.

Талгарская красавица - жемісі ірі, массасы 200 гармм, бөтелке формалы, жалтырақ, ашық- сары түсті, алмұрт сортының ішінде маңызды орын алады. Салқын жерде желтоқсан айының соңына дейін сақтайды. Сақталуы 2 ай мерзімді құрайды.
(Талгарская красавица)
3) Шие сорттары. Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды.Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады. Жемістерінің өлшемі орташа (2-3 г), ашық қызыл, домалақ, жұмсағы шырынды, қышқылтым, тәтті.
(Шпанка крупная)
Любская шиесі - -- Ресейдің еуропалық бөлігінің орта алқабында, Кавказда және Украинада өседі. Июльдің аяқ кезі мен августың басында піседі.
(Любская шиесі)
4) Өрік. Краснощекий никитский I - оңтүстік аудандарға арналған өрік сорты. Ағаш бұтақтары өте ірі және тікенекті болып келеді. Өмір сүру ұзақтығы - 50жыл. Жеміс беруі әрбір ағаштан 90килограммға дейін. Жемісі шілде айының екінші жартысында піседі. Жинап алынғаннан кейін 10 тәулікке дейін сақтаса болады. Әрбір жеміс 40 және 60грамм болады.
Краснощекий никитский I

5) Шабдалы. Киевский ранний III - жемісінің салмағы 150грамм. Дәмі - тәтті және өте жағымды қышқылды. Түсі - қызыл-сары, сыртында майда түктерә бар. Жемісін уақытында жинамаса, ауыр салмағы нәтижесінде бұтақтар сынуы мүмкін. Күзде және қыста суыққа өте төзімді сорт түрі.
(Киевский ранний III)
6) Бүлдірген. Ташкентская - бұл сортты Орта Азияда орналасқан ВИР станциясында А. С. Татаурова және Н. В. Ковалев атты селекционерлер шығарған. Жапырағы қою жасыл түсті, салыстырмалы кішілеу болып келеді. Жемісі ірі, 38грамм. Піскен кезде кою қызыл түске айналады. Хош иісті, тасымалдауға қабілеттілігі төмен. Өзбекстанда және Қазақстанда жерсіндірілген.
(Ташкентская сорты)
7) Таңқурай. Вислуха - Сібірде көп тараған. Суыққа мейлінше төзімді, мол өнімді келеді. Бұтасы биік болып жақсы өседі, бұған хлорозм түспейді. Жидегі орташа, алқызыл түсті келеді, дәмі тәтті болады. Жас күйінде пайдалануға болады, сонымен қатар өңдеуге де жарамды.
(Вуслиха)
8) Тұшала. Мысовский 37 - кеш пісетін сорт түрі. А.В. Петров және М.Н. Симонованың жетекшілігімен Мәскеуде орналасқан жеміс-жидек станциясында Хаутон және Лимонный сорттарын біріктіру арқылы алынған. Гүлі орташа, жапырағы ашық-жасыл. Төменгі жағында қызыл сызықтары бар. Жемісі орташа,массасы 3 г. Суыққа төзімділігі өте жоғары.
(Мысовский 37)
9)Алхоры сорты. Виктория II - Англиялық сорт.Қазақстанда Атырау облысында, Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс облыстарда пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі,бөрікбасы аумақты,қалыңдығы орташа.Суыққа төзімді.Отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда өнім береді.Жемісті жыл сайын салады.Әрбір ағаштан орта есеппен 30 - 35 кг жеміс алынады.Жемісі ірі (50г),пішіні сопақша,түсі күңгірт қызыл,жұмсағы сары,аздап талшықты,шырынды қышқылтым тәттілеу.
(Виктория II)

2.3 Жеміс бағын отырғызу жобасын құру
Жеміс шаруашылығымен шұғылданатын жеке шаруашылықтар, фермерлер және шаруашылық қожалықтар жеміс бағын отырғызу үшін оның жобасын дұрыс құра білу керек. Дұрыс жобаланған жағдайда келешекте болатын кемшіліктерін түзету қиынға түседі. Сондықтан бақ отырғызушы бақтың құрылымын, қажетті тұқымдарды, сорттарды, телітушілерді, бақ алқабын ұйымдастыруды, суармалы бақтарды суару тәсілдерін негіздейді және отырғызуға қажетті көшеттердің, тыңайтқыштардың есебін, сондай-ақ бақты отырғызудың құнын есептеп шығаруымыз қажет.
Бақ алқабын құру. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру маңызды рөль атқарады. Өйткені, бұл шараларды дұрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру олардың жобасын жасаудан (техникалық жоба) басталады. Онда кварталдарды, бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін, шаруашылық құрылыстарын, суару жүйелерін, тұқымдастардың және сорттардың пісу мерзіміне қарай орналастыру, олардың топыраққа жіне жергілікті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.
Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктері отырғызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады. Жалпы баққа арналған алқаптың ауданы 100 процентке теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемін 100-ға аспаса, шаруашылық құрылыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15%-ті бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12% бөлінеді. Шаруашылық құрылыстары (қоймалар, жаппа қалқалар, жеміс сақтайтын қоймалар, ауыл шаруашылық машиналарын, улы химикатттарды және минералды тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта істейтін жұмысшылардың демалыс жайлары) үлкен (магистральды) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырамыз. Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есептедім:
П=Ж-А;
Мұнда П- пайдалы көлемі; га.
Ж- жалпы көлемі; га
А- бақты қорғайтын жолақтарға, салынған жолдарға, шаруашылық құрылыстарына бөлінген алқап көлемі, га.
Есептеу нәтижесін бірінші кестеге толтырдым.
1-ші кесте
Бақтың пайдалы ауданы
Көрсеткіштер
%
гектар
Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы
Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар
және шаруашылықтық құрылыстар
Бақтың пайдалы ауданы
100
12-15

88-85
60
9

51

1) Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шаруашылықтық құрылыстар
100 % - 60га
15 % - x
x=15%*60га100% = 9 га
2) Бақтың пайдалы ауданы
100% - 60га
85% - x
x=85%*60га100% = 51 га
Бақтың пайдалы көлемі, облыс (аймақ) бойынша қабылданған тұқымдық-сорттық аудандастырылуға сүйене отырып, әр түрлі тұқымдастарға бөлдім.
Бақтың пайдалы көлемі 100%-ке теңестіріліп алынады. Жеке тұқымдастардың көлемін есептеуде төмендегідей теңдестік қолдандым:
П - 100%
х - М
Мұнда П - пайдалы аудан, га.
М - тұқымдық-сорттық аудандастырылуына қарай, тұқымдастардың пайыздық қатынасы.
А - жекелеген тұқымдастардың анықталатын ауданы, га.
мұнан шыққан көрсеткіштер 2-кестеге енгіздім.
2-ші кесте Жеміс өсімдіктерінің ауданы

Жеміс дақылдары

Тұқымдық-сорттық аудандастыру бойынша

%
гектар
Алма
31,0
16
Алмұрт
8
4
Шие
11
5
Қызыл шие
-
-
Алхоры
14
7
Өрік
5
3
Шабдалы
10
5
Бүлдірген
11
6
Таңқурай
10
5
Смородина
-
-
Тұшала
-
-
Жүзім
-
-
Шығару жолы:
1) Алма
100 % - 51га
31 % - x x=21%*31га100% = 16 га
2) Алмұрт
100 % - 51га
8 % - x x=8%*51га100% = 4 га
3) Шие
100 % - 51га
11 % - x x=11%*51га100% = 5 га
4) Алхоры
100 % - 51га
14 % - x x=14%*51га100% = 7 га
5) Өрік
100 % - 51га
5% - x x=5%*51га100% = 3 га
6) Шабдалы
100 % - 51га
10 % - x x=10%*51га100% = 5 га
7) Бүлдірген
100 % - 51га
11 % - x x=11%*51га100% = 6 га
8) Таңқурай
100 % - 51га
10% - x x=10%*51га100% = 5 га
Бақ алқабын ұйымдастыруда оны кварталдарға яғни бақтық жолдармен және бақ қорғайтын орман жолақтарымен шектелген шаршыларға дұрыс бөлудің өте маңызды мәні бар.
Жайлы рельефті, қолайлы климат жағдайларындағы ірі бақтарда жеміс дақылдары үшін ең ыңғайлы кварталдар көлемі 10-15 және 20ға дейін; қатаң климатты, желі күшті әрі жиі аудандарда, едәуір еңістеу жерлерде 5-8га; жидек тұқымдары кварталдарын 0,1-2 гектарлық жұмыс шаршыларына бөлген тиімді. Оларды бәрінен де, қабырғалары 1:1,5-2 қатынасындай тік бұрышты етіп құрған дұрыс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы, Қарасай ауданына жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру
Түлкібас ауданында өсірілетін жеміс – жидектер
Жүзім шаруашылығының дамуындағы ғылымның рөлі
Оңтүстік Қазақстан облысы Cарыағаш ауданы жағдайында 36 га жеміс бағын отырғызу, 5% себінді бұламада
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Қазақстандағы жеміс - жидек шаруашылығы туралы
Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Пәндер