Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер



Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саяси ілімдері
2. XIX ғасырдың І жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілім
3. Шығыстық Араб елдерінің саяси ілімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізмі
Батыс Еуропа тарихында ортағасыр тарихы ең ұзақ кезеңді (V–XVI) қамтиды. Батыстағы саяси-құқықтық идеялардың қалыптасуы үлкен таптық қайшылықтарға толы, құқықтық институттардың пайда болуымен және мемлекеттік тәртіптердің қалыптасу процесімен қатар жүрді.
Ортағасырда Батыстағы саяси ойлар ылғи өзгеріп, дамып отырды. Қоғамдағы сол өзгерістер кейіннен ескі құрлықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзге- рістердің, сондай-ақ, феодалдық қатынастардың дамуына әкеліп соқты.
Батыстағы саяси ойлардың дамуы мен қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – ерте феодалдық (V–XI ғғ). Бұл уақытта қоғамда феодалдық қатынастар енді ғана қалыптасып, жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның негізі қаланған уақыт еді. Осы уақытта ірі мемлекеттік құрылымдар қалыптасып, монархиялық билік орнады және сол ірі мемлекеттер кейіннен ұсақ конгломераттарға бөлшектеніп кетті.
Екінші кезең – феодалдық қатынастардың шарықтап дамыған (XI–XV ғғ.) тұсына және орталықтандырылған сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді.
Үшінші кезең – (XVғасырдың аяғы – XII бас кезі) феодализмнің аяғы, капиталистік қатынастардың енді пайда бола бастаған кезі, сондай-ақ, монархиялық биліктің көпшілігі абсолюттік монархияға ұласып үлгерген тұсымен сипатталады.
Ортағасырлық Батыстағы саяси ілімдердің қалып- тасуына христиан дінінің, соның ішінде рим-католик шіркеуінің ықпалы өте күшті болды. Христиан діні Батыста тұтастай христиандық мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Осыдан барып белгілі библиялық «Құдайдан басқаның билігі жоқ, барлық билік тек құдайдан» деген қағиданы ұстанды және ол феодалдық қоғамның басты идеологиясына айналды.
Батыс Еуропаның ортағасырлық саяси тарихында мемлекеттік билік үшін рим-католиктік шіркеуі, папство мен зайырлы феодалдар арасында қатаң тартыс жүрді.
Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірінде папство өзінің шарықтау шегіне ХІІІ ғасырда жетті. Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық монах, теолог-ғалым Фома Аквинский (Аквинат, 1225– 1274 жж.). Фома Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді. Негізгі еңбектері «Билеушінің басқаруы туралы» (1265– 1266 жж.), «Теология жиынтығы» (1266–1274 жж.).
Фома Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді жаратқанымен пара-пар. Әлемді жаратпастан бұрын құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта осы жолды қайталайды. Әуелі мемлекеттің құрылымын анықтап алғаннан кейін, тәртіп пен басқаруды жүзеге асырады деп тұжырымдайды.
1. http://iph.kz/doc/ru/722.pdf
2. Әбдіғалиев Б.Б., Жамалов Қ. Ж., Сатершинов Б.М. Саяси ой тарихы. – Алматы, 2003.
3. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. – А., 2006.
4. Байтенова Н.Ж. Дінтану негіздері. – Алматы, 2006.
5. Боргош Ю.Ф. Фома Аквинский. – М., 1975.
6. История политических и правовых учений. Средние века и Возрождение. – М., 1986.
7. Токарев С.А. Ранние формы религии. – М., 1990.
8. Фома Аквинский. Антология мировой философии. – М., 1969.
9. История политических и правовых учений / под ред. В.П. Малахова, Н.В. Михайловой. – М., 2007.
10. Андерсон К.М. Мексиканский проект Роберта Оуэна // История социалистических учений. – М., 1987.
11. Аникин А.В. Юность науки: Жизнь и идеи мыслителей- экономистов до Маркса. – М., 1985.
12. Утопический социализм: Хрестоматия / общ. ред. А.И. Володина. – М., 1982.
13. Фурье Ш. Избранные сочинения. – М. – Л., 1951-54.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Қазақстан Тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырып: Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі
саяси ілімдер

Орындаған: Жанкозин Н.Ж.
Тобы: 204 Б ФК
Қабылдаған: Нуркулова Б.О.

Шымкент, 2016 ж.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саяси ілімдері
2. XIX ғасырдың І жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілім
3. Шығыстық Араб елдерінің саяси ілімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізмі

Кіріспе
Саяси ілімдер тарихы - адамзаттың рухани мәдениетінің құнды да ажырамас серігі және саяси ғылымның бір құрамдас бөлігі. Қандай да бір халық болмасын, оның ойлау мәдениеті, өз ішінен шыққан ойшылдары болады. Тарихта ойлау кеңістігі болмаған халық, мемлекет болған емес. Сондықтан да саяси ілімдер тарихының мәні - саясат пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен тіршілік тәсілдерінің, саяси ой-түсініктерінің қалыптасуын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады. Қазіргі заман бейнесін дұрыс танып білу үшін, сондай- ақ келешекте жақсы да парасатты мемлекет басшысын сайлауда және қоғамда жақсы жол таңдап алу үшін адамдар әр кезде өзіне дейінгі болған идеяларға арқа сүйеген.

Негізгі бөлім
Батыс Еуропа тарихында ортағасыр тарихы ең ұзақ кезеңді (V - XVI) қамтиды. Батыстағы саяси-құқықтық идеялардың қалыптасуы үлкен таптық қайшылықтарға толы, құқықтық институттардың пайда болуымен және мемлекеттік тәртіптердің қалыптасу процесімен қатар жүрді.
Ортағасырда Батыстағы саяси ойлар ылғи өзгеріп, дамып отырды. Қоғамдағы сол өзгерістер кейіннен ескі құрлықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзге- рістердің, сондай-ақ, феодалдық қатынастардың дамуына әкеліп соқты.
Батыстағы саяси ойлардың дамуы мен қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - ерте феодалдық (V - XI ғғ). Бұл уақытта қоғамда феодалдық қатынастар енді ғана қалыптасып, жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның негізі қаланған уақыт еді. Осы уақытта ірі мемлекеттік құрылымдар қалыптасып, монархиялық билік орнады және сол ірі мемлекеттер кейіннен ұсақ конгломераттарға бөлшектеніп кетті.
Екінші кезең - феодалдық қатынастардың шарықтап дамыған (XI - XV ғғ.) тұсына және орталықтандырылған сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді.
Үшінші кезең - (XVғасырдың аяғы - XII бас кезі) феодализмнің аяғы, капиталистік қатынастардың енді пайда бола бастаған кезі, сондай-ақ, монархиялық биліктің көпшілігі абсолюттік монархияға ұласып үлгерген тұсымен сипатталады.
Ортағасырлық Батыстағы саяси ілімдердің қалып- тасуына христиан дінінің, соның ішінде рим-католик шіркеуінің ықпалы өте күшті болды. Христиан діні Батыста тұтастай христиандық мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Осыдан барып белгілі библиялық Құдайдан басқаның билігі жоқ, барлық билік тек құдайдан деген қағиданы ұстанды және ол феодалдық қоғамның басты идеологиясына айналды.
Батыс Еуропаның ортағасырлық саяси тарихында мемлекеттік билік үшін рим-католиктік шіркеуі, папство мен зайырлы феодалдар арасында қатаң тартыс жүрді.
Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірінде папство өзінің шарықтау шегіне ХІІІ ғасырда жетті. Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық монах, теолог-ғалым Фома Аквинский (Аквинат, 1225 - 1274 жж.). Фома Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді. Негізгі еңбектері Билеушінің басқаруы туралы (1265 - 1266 жж.), Теология жиынтығы (1266 - 1274 жж.).
Фома Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің адам саяси хайуан ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді жаратқанымен пара-пар. Әлемді жаратпастан бұрын құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта осы жолды қайталайды. Әуелі мемлекеттің құрылымын анықтап алғаннан кейін, тәртіп пен басқаруды жүзеге асырады деп тұжырымдайды.
Мемлекеттің мақсаты - жалпыға жайлы адамдарға лайықты өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру. Аквинат 29 4-тарау. Ортағасырдағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдерге жалпы сипаттама билікті айқындауда үш: 1) биліктің мәніне; 2) формасына (пайда болуына); 3) билікті қолдану элементіне назар аударады.
Биліктің мәні - басқару мен бағындыру, соның ішінде жоғарғы сословие төменгі сословиеге өз билігін жүргізуге тиісті деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол биліктің құдайдан келген әмір екенін тағы да бір тұжырымдайды. Бірақ Аквинат билікті теріс мақсатта пайдаланатын билеушілер де бар деп ескертеді.
Аристотельдің мемлекетті басқаруын (аристократия, олигархия, демократия) саралай келе, Аквинат, басқарудың ең жоғарғы жетілген формасы ретінде монархияны қолдайды. Ол монархияның екі түрін ұсынады: абсолюттік және саяси монархия. Аквинат абсолюттік монархияға қарағанда, саяси монархияға үлкен ықыласпен қараған. Өйткені ол кезде, яғни саяси монархия жағдайында ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің мүдделері қарастырылып, олар билікке ықпал ете алатын еді.
Фома Аквинский өз заманының нағыз идеологы болды. Әсіресе ол католиктік шіркеу мен ірі феодалдар мүддесін қорғаушы ретінде жасаған еңбегі католиктік шіркеу тарапынан жоғары бағаланып, Аквинатқа періштелер докторы деген жоғарғы титул берілді.
Аврелий Августин (345 - 430 жж.) - христиан-теологы, философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неопла- тондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы Cенімсіз білім мен шындық жоқ. Негізгі еңбектері О граде божем және О земном граде.
Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан 30 Саяси ілімдер тарихы деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақтаған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады.
Католиктік шіркеудің ықпалына қарсы күрескен ірі неміс ғалымы Мартин Лютер (1483 - 1546 жж.). Мартин Лютердің пікірінше адам екі әлемде өмір сүреді. Алғашқысы - рухани әлем, екіншісі - жер әлемі. Рухани әлемде құдайға сенушілер, яғни құдайлар үстемдігі, ал жер әлеміне барлық адамдар тұрағы, яғни жердегі билік үстемдігі жатады. Рухани әлем адамның рух еркіндігі мен сенімін және ішкі дүниесін, ал жер әлемі адамның іс-әрекетін, болмысын анықтайды. Қоғамдағы рухани өмір адамдардың жердегі іс-әрекетіне тікелей байланысты. Осыдан барып жердегі билеушілердің негізгі қызметі қоғамды әділдікпен басқару, күш қолданбау деп түсіндіреді. М.Лютердің бұл идеясы көпшіліктің қолдануына ие болды. Бұл идея бұқараны христиандық құндылықты қайта қарауға итермеледі, нәтежисінде католиктік діндегілердің ішінде жаңа ағымның лютерандық сенімнің пайда болуына әкеліп соқты.
Ортағасырдағы діни концепцияның саяси ілімдерді дамытудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, адамдардың әділетті басшы мен әділетті мемлекетке деген сенімін қалыптастырды. Екіншіден, адамдардың саяси санасына, саяси мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Сондай-ақ, қоғамда саяси плюрализммен қатар діни плюрализмнің де негізін қалады. Үшіншіден, діни дәстүр кейінірек көптеген мемлекеттердің идеологиялық бағытын айқындады.
XIX ғасырдың І жартысындағы Батыс Еуропадағы қоғамдық-саяси өмір буржуазиялық тәртіптің Англия, Франция, Германия, Швейцария, Голландия секілді ел- дерде қуаттырақ, әрі тереңірек орнауымен өтті. Сол уақытта пайда болған негізгі идеологиялық ағымдар өзін- өзі анықтай түсті. XVIII ғасыр соңындағы француздық буржуазиялық революция капитализмның Еуропада дамуына күшті импульс болды.
Өзнің бұрынғы кең мүмкіндіктерінен айырылып бара жатқан феодалдық-монархтық орталар, аристократтар капиталистік өмірдің орнауына барынша қарсы болды. Олар буржузияға дейінгі тәртіпті қайта қалпына келтіруді ұсынды. Оған қоса, капиталистік тәртіпті пролетарлық социалистік лагерде қызу сынады. Капиталистік жүйе оларды кедейшілік өмірдің ең төменгі деңгейіне түсіріп тастады. Олар құтқару жолын жеке меншікке негізделген өркениеттен бас тартудан және ортақ меншіктің орнауынан көрді. Тағы бір идеологиялық ағым - анархизмның бағдарламасы өзгеше еді. Олардың жақтастарының барлығы да буржуазияға қарсы емес, анархистер мемлекетті барлық қоғамдық зұлымдықтың көзі деп білгендіктен, оның кез-келген формасына қарсы шықты.
Батыс Еуропада орныққан капиталистік құрылым либерализм секілді идеологияға жетті, XIX ғасырда ол ықпалды әрі интелектуалды болатын, ал әлеуметтік Саяси ілімдер тарихы 74 негізін кәсіпкерлер, шенеуніктер және университеттік профессорлар құрады.
Либерализмның концептуалдық негізін екі тезис құра- ды: 1) индивидтің жеке бостандығы мен меншігі; 2) атал- ған құндылықтардың жүзеге асуы тек тұлғаның өзіне ғана пайдалы емес, сондай-ақ, бүкіл қоғамның өркендеуі мен ұйымдасуына да өз септігін тигізеді. Бұл негізгі екі тезис либерализмдегі әлемнің рационалды ұйымдасуы, тарихтағы прогресс, бәсекелестік және қадағалау секілді идеологиялық элементтерге бастау болды.
Консерватизмнің шарықтау шегі өткен ғасырдың бірінші жартысына келеді. Социализм мен либерализмге қарағанда, консерватизмнің тұрақты концептуалды негізі болмады. Алайда консерватизмнің идеяларын жасау мен таратудың арқасында белгілі болған азаматтар да жоқ емес. Мәселен француздар Жозеф де Местр (1753 - 1821 жж.) және Луи де Бональд (1754 - 1840 жж.), немістерден Людвиг фон Галлер (1768 - 1854 жж.) және Адам Мюллер (1779 - 1829 жж.).
XIX ғасырдағы қоғамтануға Канттың зерттеушінің фактіге негізделген білімінің міндетті түрде болуы, тарихи үдеріс заңдылығын анықтау, әлеуметтік құрылым мен институттарды зерттеу секілді идеялары белгілі дәрежеде ықпал етті. И. Канттың қоғамды организм ретінде түсінуі, функциялаудың заңдылығын шектеуі және қоғамның даму заңдылығын көрсетуі - теңдесіз еңбек ретінде бағаланады.
Англия XVIII ғасырдың соңғы жартысында қоғамдық дамудың көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші капиталистік державасына айналды. Оған біршама факторлар ықпал етті. Жеке меншік, жеке тұлға белсенділігі, адамның жеке өмірінің қауіпсіздігі - қоғамтанудың негізгі тақырыптарына айналды. Индивидуалистік идеялар кең тарады. Соның негізін қалаушылардың бірі - Иремия Бентам (1748 - 1832 жж.). Ол - Т. Гоббс, Дж. Локк, 11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы 75 Д.Юмның әлеуметік-философиялық идеяларын жинаған утилитаризм теориясының негізін қалаушы. Оның негізгі 4 постулатын көрсетсек:
1) ләззат алу мен қайғы-қасіреттің болмауы - адам әрекетінің мәні;
2) пайдалылық, кез-келген тапсырма шешімінің әдісі болу - барлық жағдайдың негізгі критериі;
3) барынша көп адамға барынша мол бақыт ұсынғанда ғана адамгершіліктің негізі қаланды;
4) жеке және қоғамдық мүдделердің гармониясы арқылы жалпы игілікке жету - адамзат дамуының мақсаты.
Бұл постулаттар И. Бентамның саясатты, мемлекетті, құқықты сараптағанда негізгі тірегі болды. Ол өзінің саяси- құқықтық ойларын Заңнама принциптері, Үкімет туралы фрагменттер, Деонтология немесе Мораль туралы ғылым атты еңбектерінде баяндаған.
И. Бентам - еуропалық либерализмнің негізін қалау- шылардың бірі. Бірақ оның либералистік идеялары өзгеше. И. Бентам индивидтің жеке бостандығынан гөрі, оның мүдделері мен қауіпсіздігі жөнінде көп ойланған. Адам шеттен көмек күтпей, өз игілігі үшін өзі қам жеу керек дейді. Тек адамның өзі ғана оның мүдделері мен пайдасын өзі анықтай алады деп көрсеткен.
Ол қоғам мен мемлекет адамдар арасындағы өзара келісімнің арқасында дүниеге келді деген оймен келіспеді. Бұл пікірді ол дәлелденбейтін тезис, фикция ретінде бағалады. И. Бентам мемлекеттік биліктің құрылымы жөнінде демократиялық позицияда тұрды. Ол билігі үш тармаққа бөлінген республиканы қолдай отырып, монархия мен мұрагерлік аристократияны сынады. Бірақ И. Бентам үш тармақтың бір-бірінен тәуелсіз қызмет етуіне келіспеді. Ол осы үш билік тармағының өзара әрекетін, кооперациясын қолдады, себебі ішкі тәуелділік оларды келісімге келтіреді, тұрақты ережеге мойынсұндырады, Саяси ілімдер тарихы 76 жүйелі жұмысқа итермелейді деп көрсеткен. Егер биліктер бір-бірінен тәуелсіз болса, онда бұл олардың қақты- ғысына әкеледі деп түсінді. Демократиялық-респубикалық құрылымның қолдаушысы ретінде, И.Бентам Англияда лордтар палатасының құқығы шектеліп, бір палаталы парламенттік жүйенің енгізілуін қалады.
И. Бентамның пікірінше, тек мемлекеттік билікті ғана емес, сондай-ақ, бүкіл қоғамның саяси жүйесін де демократияландыру қажет. Бұл орайда, ол сайлау құ- қығының кеңейтілуін қалады, оның ішінде бұл құқықтың әйелдерге де тиесілі екенін де ұмытпады. Ол демократиялық институттардың көмегімен заң шығарушы және атқарушы биліктің әрекеттерін қадағалауға болады деп үміттенді.
И. Бентамның еңбегінде үкімет қызметінің шекарасы мен бағыттары туралы ойлар кең орын алды. Бірақ И.Бентам мемлекеттің экономика саласына араласуын жақтамады, себебі ол жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін деген пікірде болған.
И. Бентамның еңбегі заңнаманы ескі элементтен арылтып, оны қоғамда болып жатқан әлеуметтік- экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкестендіруінде көрініс табады. Оның пікірінше, бүкіл қоғамның ең басты мақсаты - адам саны қаншалықты көп болса, бақыт та соншалықты мол болуы тиіс.
Англия - еуропалық либерализмнің отаны және өмірге осы атаққа тұрарлық ұлдарын әкелді. Соның бірі - Джон Стюарт Милль (1806 - 1873 жж.). Ол Ресей интеллегенциясының арасында зор құрметке ие болды. Оның мемлекет, билік, заң жөніндегі көзқарастары Бостандық туралы, Өкілдік басқару, Саяси экономияның негіздері атты еңбектерінде жазылды.
Өзінің ғылыми-шығармашылық қызметін бентамдық утилитаризмнің замандасы ретінде бастаған Дж.Милль, 11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы 77 кейінірек іргесін аулақ сала бастады. Мәселен, ол адамгершілікті бүтіндей жеке тұлғаның жеке экономикалық пайдасына негіздеу постулатымен келіспеді. Оның ойынша, жеке бақытқа жету қағидаты тек көзқарастар сәйкес келгенде ғана іске асуы мүмкін, соның ішінде, әлеуметтік көзқарастар да шет қалмауы тиіс. Ол өзі бұл жөнінде былай дейді: Мен енді саяси құрылым таңдауына материалдық мүддеден гөрі, моральдық және тәрбиелік көзқарас тұрғысынан қарай бастадым.
Жеке тұлғаның еркіндігі - бұл Дж. Милль қарастыратын саяси және құқықтық мәселелердің топтық шыңы болып табылады.
Тұлғаның жеке еркіндігінің шекарасы ретінде Дж. Милль мынаны көрсетеді: ой мен пікір еркіндігі, өзге жеке тұлғалармен байланыса әрекет ету еркіндігі, таңдау құқығы. Мұның барлығы да жеке тұлғалардың дамуы мен орнығуы үшін бөлінбейтін жағдай және сыртқы қауіптерден сенімді қорған. Дж. Милль жеке тұлғаның еркіндігі дегенде, ол өркениетке, мәдениетке, азаматтық дамуға бейімделген тұлғаны еске алады.
Дұрыс ұйымдастырылған және қызмет ететін мемлекеттің бір белгісі - мемлекеттік механизмнің сапасы. Дж. Милль мұндай механизмнің құндылығын биліктің бөліну қағидатымен байланыстырады. Өкілдік биліктің авторы олардың шектелгенін қалайды, әсіресе, заң шығарушы және атқарушы билік құзырының шектелуін жақтады.
Дж. Милль ұсынған либерализм тек жеке тұлғаның еркіндігін, құқықтарын қорғап қана қоймай, мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуын демократиялық және құқықтық бастамаларға негізделуін қалайды. Осыдан шығатыны, құқықтық мемлекет концепциясы либералды саяси-құқықтық ойдың органикалық негізі болып табылады.
Мемлекеттік функциялардың объективті қажеттілігін түсіне отырып, бұл функцияны атқара алатын мемлекет тің ел үшін керек екенін көре отырып, Дж. Милль сонымен қатар, үкімет қызметінің кеңеюін сынайды, мемлекеттік шенеуніктердің шексіз билікке ұмтылысы мен жеке өмірдің еркіндігін заңсыз бұзуын барынша айыптайды. Оның пікірінше, бұл үкімет ықпалын күшейтеді және қоғамның еркін әрі тәуелсіз мүшелерін, үкіметтің қарапайым құлдарына айналдырады. Бұл, әрине, қоғамды әлеуметтік пассивтілік ауруына ұшыратады. Қоғамда еркіндік рухы өледі, жеке намыс санасы сал болады, айналада болып жатқан жағдайға жауапкершілік сезімі жоғалады.
Наполеон мен оның режимі құлаған соң, Бурбондар әулиетінің билікке келуімен де Францияда тап аралық күрес тоқтаған жоқ. Дворяндық аристократтар негізгі экономикалық және саяси-құқықтық революциялық өзгерістерді әкелген конституциялық монархиямен келіскенімен, өздерінің дворяндық бастамаларын қайтаруға тырысты. Өндірістік және сауда буржуазиясы ескі тәртіптің оралуына, сословиелік артықшылыққа қарсы күресті және жеке тұлғаның еркіндігі мен заң алдындағы теңдікті қорғады. XIX ғ. антифеодалдық идеологияны көптеген саяси ойшылдар қолдады. Соның ішінде Б. Констан мен А. Токвилль ерекше аталады.
Зерттеушілер еуропалық либерализмнің рухани әкесі деп те атайтын Бенжамен Констан (1767 - 1830 жж.) саясат, билік, мемлекетке қатысты еңбектерін 1810 - 1820 жж. аралығында жазды. Ол бұл еңбектерін Конституциялық саясаттың бағыты атты кітабына жинайды және ол мемлекет туралы ыңғайлы, жүйеленген либералды оқулыққа айналды
. Б. Констанның саяси-теориялық конструкциясының негізі - жеке тұлғаның еркіндік мәселесі. Жаңа заманның еуропалық азаматына бұл антикалық еркіндіктен өзгеше еркіндік еді. Көне гректер мен римдіктер үшін еркіндіктің 11-тарау. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси ілімдер тарихы 79 мәні жоғары билікті азаматтардың ұжымдық түрде іске асыруында болды. Оған қоса антикалық еркіндікте жеке тұлға толықтай қоғамдық билікке бағынды және жеке тұлғалық тәуелсіздікті көрсетуге кеңістік өте тар еді. Ал жаңа еуропалық азаматтың еркіндігі - жеке тәуелсіздік, дербестік, қауіпсіздік, мемлекетті басқаруға ықпал етуге құқықтылық. Ал еркіндіктің бұл типінде жеке тұлғаның мемлекетті басқару ісіне қатысуы міндетті емес деп көрсетеді.
Б.Констан жеке тұлғалық еркіндікті практикалық- саяси мәнде қарастырғанның өзінде де адамның материалдық және рухани автономиясы, оның заңмен қорға- луы бірінші орындағы мәселе болып қалады. Оның ойын- ша, бұл құндылықтарға мемлекеттің мақсаты мен құры- лымы да тәуелді болуы тиіс. Егер мемлекеттік биліктің институттары жеке тұлғалық еркіндікке, адам құқығы- ның бұзылмауына негізделсе, ал мемлекеттің өзі түрлі адамдардың ұжымдарын біріктірген саяси бүтіндік ретін- де қызмет етсе, онда мұндай саяси өмірді қалыпты деп бағалауға болады. Осы ойдың аясында, Б. Констан қуатты халықтық егемендіктің қажеттілігі туралы Ж.Ж.Руссоның тезисіне ірі өзгеріс енгізеді. Жеке тұлға мен оның тәуелсіз өмірі басталған жерде, мемлекеттік шекара бітеді, - деді ол. Билікке мұндай шектеу мен бақылау орнату қоғам- ның саяси-институционалдық құрылымының қағидатына айналады.
Алайда, Б. Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалайтын либералдарға мүлдем жатпайды. Ол өзге моделді қалайды: билік институттарының әлеуметтік қажеттілігін, олардың құзыретінің шекарасын дәл анықтау. Билік өз саласының шегінен шықпауы тиіс, ал өз саласында ол шексіз болуы тиіс деген қағидатымен құрылған мемлекет әлсіз болуы мүмкін емес. Пассивті әрі әлжуаз мемлекет ешқашан да Б. Констанның саяси идеалы болмаған.
Саяси ілімдер тарихы 80 Король ешбір билік түрінің басқалардан үстем болғанын қаламайды, керісінше, олардың бірін-бірі қолдап, келісім және гармонияда жұмыс істеуіне мүдделі деп көрсеткен. Сөз бостандығына негізделген, қоғамдық пікірмен, қоғамның өзімен қадағаланатын мемлекеттік билік институттарымен қатар жеке тұлғалық еркіндіктің кепілі құқық болады. Бұл - Б. Констанның бұлжымас позициясы. Құқықтық формалар қоғамның желеп- жебеуші періштесінің және адамдар арасындағы қатынастың жалғыз негізі.
Жеке тұлғаның еркіндікті заңды жолдармен іске асы- руға және қорғауға тырысқан Б. Констанның отандасы Алексис де Токвиль (1805 - 1859 жж.) болды. А.Токвильдің саяси концепциясы Констанның идеясының ықпалымен қалыптасты. А. Токвильдің екі атақты Америкадағы демократия туралы және Ескі режим және революция атты еңбектері саяси ғылымда оған бедел әкелді. Демократияның теориялық және практикалық аспектілері оның қызығушылығының обьектісіне айналды. Ол демократияны кең насихаттады. Демократия ол үшін анти-феодалдық және жоғары, төменгі таптар арасындағы шекараны көрмейтін қоғамдық құрылым ретінде көрінді.
Демократияның діңгегі - тарихта салтанат құратын теңдік принципі. Уақыт өте теңдіктің орнауы - жоғарыдан берілген қашып-құтылмас жағдай. Бұл үдерістің мынадай белгілері бар: оның әлемдік, ұзақ мерзімді қасиеті бар және ол күн сайын адамдардың еркінен тыс болуда. Соншалық терең кеткен әлеуметтік процесті бір ұрпақтың күші тоқтата алар ма екен? Феодалдық жүйені жойып, корольдерді жеңген соң, демократия буржуазия мен байлардан сескенеді дегенге кім сенер екен? Оның қарсыластары әлсіз, ал өзі қуатты күшке айналғанда, оның дамуы тоқтар ма екен? деген сұрақтарға жауап іздеген.
Еркіндік пен теңдік, А. Токвиль бойынша, мүлдем басқа түсініктер. Олардың арасындағы қатынас та өзгеше. Еркіндік адамдарға күн сайын кіші қуаныштар сыйлайды. Теңдіктің тартымдылығы әрдайым сезіледі және әрбіреуге әсер етеді, оның сиқырына кең пейіл жүректер де шырмалады. Осылай теңдіктен туатын құмарлық әрі күшті, әрі ортақ болады деп түсіндіреді.
А. Токвиль демократиялық институттардың қатарына сөз бостандығын, дін бостандығын, тәуелсіз сотты жатқызады. Алайда, ол демократиялық қоғамда нақты қандай саяси құрылым болу керек екенін көрсетпеді. Оның ойынша, ең бастысы бұл қоғамда өкілдік билік формасы болуы қажет.
А. Токвиль батыстық демократиялық қоғамдағы аза- маттардың саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің идеологиясы
Қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасуы және зерттеу обьектілері сипаттаңыз
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
«Араб-исламдық» философиясының пайда болуы
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі
Саяси ойлар
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Пәндер