Ресейдегі және Қазақстандағы дәріханалық іс


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармация Академиясы

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы

СӨЖ

Ресейдегі және Қазақстандағы дәріханалық іс.

Орындаған:Жанкозин Н. Ж.

Тобы:204 фк “Б”

Қабылдаған:Бубешова М. С.

Шымкент 2016жыл

Жоспар:

Кіріспе

  1. Төңкеріске дейінгі дәріханалық іс

Негізгі бөлім

  1. Европадағы медицина дамуы
  2. Қазақстан жеріндегі медицина сапасы
  3. Дәріханалардың қазақ жерінде ашылуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Төңкеріске дейінгі дәріханалық іс

Төңкеріске дейін дәріханалардың саны Ресей жерінде жеткіліксіз еді. Негізінен олар қала орталықтарында болды. Сондықтан село түрғындарына дәрі-дәрмек жетікіліксіз болды. Мұны мына мәліметтер толық айғақтай түседі. 1913 жылы Ресей территориясында 4900 дәріхана болды, ал қалаларда бір дәріханаға 10800 тұрғыннан келді. Орта Азияда бір дәріхана 436400 тұрғынға қызмет етті. Ал Қазақстанда 20 дәріхана, Тәжікстанда 15, Арменияда 7, Қырғыстанда 3 болса, Түркіместан территориясында бірде-бір дәріхана болған жоқ.

Ресей жеріндегі 200 дәріхана негізінен төңкеріс қарсаңында жергілікті уездік басшылықтың қолында болды. Олардың саны көп болғанымен нашар жабдықталған еді. Соған байланысты тұрғындар дәріханамен өздері тұрған жерде қамтамасыз етілмеді.

Жеке дәріханалар үлкен болмады. Олар жылына орта есеппен 500-ден 10-мың дәріге дейін шығарып тұрды. Ал Ресейдегі барлық дәріханалар жылына 32 миллион дәрі шығарды. Дәріхананың жалпы құрылымына басты назар аударылмады. Тек алғашқы бөлмелер ғана сатып алушылардың талабына сай жабдықталды. Қалған қызмет етуші орындар тар, әрі санитарлық жағынан сәйкес емес жерлерде орналасты.

Дәріхана иеленушілер қызметкерлерінің жалпы жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғыза алмады. Дәріханалардағы қызметкерлер тікесінен тік тұрып күніне 12-14 сағат жұмыс істеді.

Еңбек етудің ауырлығы және тұрмыстың төмендегі дәріхана шаруашылығы адамдары мен фармацевт қызметкерлерінің арасында дау туғызып отырды. Фармацевт қызметкеркерлерінің көтерліс толқыны 1905-1907 жылдары Петербург, Мәскеу, Киев, Харьков, Одесса қалаларын шарпыды. Бірақ бұл сала жеке адамдардың қолында болғандықтан түбірлі өзгерістер болмады және күрделі нәтиже ауызға алуға болмайтын еді. 1914 жылы Ресей жеріндегі дәріханаларда 10932 фармацевт және 4590 дәріхана шәкірттері жүмыс істеді.

Европадағы медицина дамуы

ХІХ ғасырдың ортасында синтетикалық химия өндірісі өрлеп дами бастады. Батыс Европа және Ресей жерінде дәрі-дәрмек және әр түрлі химия салалары көрініс тапты. Химия фармацевтикалық өндіріс қысқа уақыт ішінде өрлеп, халыққа пайдасын тигізе бастады. Ал Ресейде бұл кезеңде аталған сала баяу дамыды. Дәрі-дәрмектің үштен екісі алколойдтен алынды, 100% Ресейге шетелден әкелінді. Ресейден шикізат алған Германия мемлекетті дәрілерді өндеп оған қайта жіберіп тұрды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта патша үкіметі армрианы дәрі-дәрмектермен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмады. Ел дәрі-дәрмекке мұқтаждықты басынан өткізді. Фармацевтика өндірісі Германиямен тығыз байланысты болғандықтан қиыншылықтарды басынан өткерді. Сондықтан тыл мен соғыс кезеңіндегі жағдай дәрінің жоқтығыннан ауыр жағдайды басынан кешіреді

Фармацевтердің бүкіл Ресейлік 1 съезі 1917 жылдың 25-28 тамызында Петроград қаласында болып өтті. Оған қатысушылар Ресейдегі жеке иеліктердегі дәріханалардың өз міндеттерін атқара алмай отырғаны, халық денсаулығының әлі де жэқсармай жатқаны туралы атап өтті.

XIXғасырдың 90-жылының бас кезінде 2 385 362 жаны бар, бүкіл Қазақстан территориясында 33 дәрігер, 69 фелъдшер, 27 кіндік шеше және 3 фармацевт болды.

XVIII ғасырдан бастап патшалық Ресей Орта Азияға экономика жағынан да, саясат жағынан да белсене ықпал жасай бастады.

Мұның өзі Англиямен айтарлықтай бақталастық жағдайында басталып кетті. Өйткені, Англия XVIII ғасырда Үндістанды басып алып, енді өзінің келешектегі отары ретінде Орта Азияға сөз сала бастап еді.

Қазақстан жеріндегі медицина сапасы

Ресейге бірінші болып 1731 жылы Кіші жүз қосылды, 1740 жылы Орта жүз қосылды, ал Ұлы жүз Ресей қүрамына кейінірек, 1846 жылы қосылды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы экономикалық маңызды факторлармен байланысты болды. Мұның қазақ халқының тағдыры үшін прогрессивтік мәні болды да, оның тарихындағы өзгерісті кезең болып шықты.

Патша үкіметінің помещиктер мен капиталистердің реакицялық отаршылық саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге қосылуын оның өндіргіш күштерін өркендетуге себепші болып экономикада прогрессивтік алға басуға әкеп жеткізді

Ресейге қосылғанға дейін ауырып - сырқаған адамдарды мүлдем сауатсыз, барып тұрған надан, тек өз қамын ғана ойлайтын бақсы -балгерлер "емдеп" келді. Бұлар бұл кәсіпті өз бетінше үйренген практик адамдар еді, кейбіреулері өздерінің ата-аналарынан үйреніп дағды алып кеткендер болатын.

Кейбір тәуіп тек сынық салып, ірінді жараның аузын алып, шиқан, сыздауықты, дүңқиген жерді жарып, кішігірім хирургиялық операциялар жасап жүрді, қан алды, тіс жүлды. Осылардың біразы ауру адамды қайғылы халге кезіктіретін.

(Ауырған адамды бақсымен қосыла емдеуге діни-сиқырлық тәсілдерді қолданып молдалар да араласқан. олар ауруды адам ағзасына "жын" етіп жіберген алланың қаһары деп, Мекке-Мединеден әкеліген қасиетті тастармен, дұғалық, бойтұмар тағып жалбарыну жолдарымен емдеді.

Ем үшін көбінесе молданың бір жапырақ қағазға немесе кесе, тарелкенің ішкі жағына жазып беретін дұғасы пайдаланылды. Аурудан айығу үшін науқас адам сол дүғалықты суға шайып ішуге тиісті болды. Емдеудің бұл түрі "езіп ішу" деп аталды.

Бақсы, молдалар "емдеу" тәсілдерінің әр алуан түріне қарай бейімделіп алуға тырысты. Бүлардың ішінде ауруды қуып жіберуші, яғни 'Хайтармашы" ауырған жерге дем салатын, яғни «ұшықтаушы», "тұмаршы", көз тиюден сақтайтын бал ашушы, басқа және кіндік шешелер болды.

Сондай-ақ "емдеу" ісімен шаштаразылар да шұғалданды. Олар шашты алысымен массаж жасайтын, тіс жүлатын, сиырдың мүйізімен қан алатын, сүлік салатын және бала сүндеттейтін.

Молда тәуіп, ишан, бақсылардың пайдакүнем адамдар екенін халық білмей қалған жоқ. Халық арасында: "молданың өзі тойса да, көзі тоймайды", '"молдаға сенем деп есегімнен айырдым деген сияқты мәтелдер де айтылып жүрді". Сөйтсе де, халық дәрілердің жоқтығынан надан тәуіптердің айтқанын істеуге мәжбүр болып келді.

Дәріханалардың қазақ жерінде ашылуы

XIX ғасырдың 50-ші жылына дейін бүкіл Қазақстан территориясында еркін сауда жасайтын бір де - бір дәріхана болмады. Осы уақытта - дәріхана санының жеткіліксіздігінен халықты дәрімен қамтамасыз ету ісінің өте қанағаттанғысыз кезінде - орталық Ресейде жеке меншік дәріханалар болғанын айтпай кетуге болмайды. Мұндай дәріханалар саны 1828 жылы - 423, 1838 жылы - 572, 1984 жылы - 689, 1864 жылы 962 болған.

Халықтың ақшасына дәрі сататын тұңғыш дәріхана Орал қаласында 1842 жылы ашылды. Қазақсатндағы осы жалғыз дәріхана көп жылға дейін істеп келді.

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік жеке меншік дәріханалар болды. Бірақ дәрі сату бүрынғысынша мандымай қала берді. Мысалы, 1910 жылы Верный қаласында жылына бір адамға 0, 7 рецептен, Семей қаласында - 0, 36-дан ал Лепсі қаласында 0, 08 рецептен келді.

Ресей Қазан төңкерісінің жеңіп шығуы елімізде халыққа дәрілік көмек көрсету ісіне түбірлі өзгерістен енгізді, Кеңес мемлекеті өмір сүре бастаған алғашқы күндерден бастап, кезек күттірмейтін басқа міндеттермен қатар, еңбекшілер бүқарасының денсаулығын сақтау мәселесі де шешілді.

Елімізде медициналық және санитарлық істерді біріктіру мақсатымен РСФСР-дің Денсаулық сақтау Халық Комиссариатын қүру жөніндегі декретке В. И. Ленин 1918 жылы 1 шілдеде қол қойды. Сөйтіп бүл дата - кеңес медицинасының мелмекеттік бірыңғай үйым болып қалыптасуының тарихи датасы болып табылады.

Денсаулық сақтау Халық Комиссариатына еліміздегі барлық медициналық - санитарлық мекемелерге басшылық ету, барлық медицина мекемелерін біріктіріп, олардың жүмысын бақылап отыру тапсырлды. Жас Кеңес мемлекеті азамат соғысы, блокадалар мен соғыс интервенциясына кезіккен ауыр сын дәуірінде жаңа ғана аяқтана бастаған Кеңес денсаулық сақтау мекемесі алдына бәрінен бұрын негізгі екі міндеті азамат соғысының барлық майдандарында Қызыл Армияға медициналық көмек көрсету мен эпидемияға қарсы күресу міндеті қойылды.

Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құру туралы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декретіне 1919 жылы 10 шілде В. И. Ленин қол қойды.

1919 жылғы 12 қыркүйекте Революциялық Комитет денсаулық сақтау бөлімін (кирздротдел) құрды, оның міндетій өлкенің халқына медициналық қызмет көрсету ісін ұйымдастыру болды.

Қазақстанда дәріханаларды национализациялау, Орал қаласын қоспағанда, Қырғыз Денсаулық сақтау бөлімі қүрылған соң, 1919 жылдың аяғында басталып, жылдан аса уақытқа созылды.

Қазақстанда дәріханаларды национализациялау ісі декрет шыққанан кейін 1, 5-2 жыл өткізіп барып жүргізілуіне байланысты, дәріхана иелері медикаменттердің негізгі қорын құртып, мүліктерін талан-таражға салып үлгерді. Сөйтіп денсаулық сақтау белімі жанынан ұйымдасқан фармацевтика бөлімшесіне өз жұмысын осындай қиын жағдайда бастауға тура келді. Емдеу мекемелерімен халықты қамтамасыз ету үшін ең алдымен медикаменттің шағын қорын жасап алу қажет болды.

Еліміздегі дәріхана ісіне басшылық жасау үшін РСФСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариаты жанынан 1918 жылы фармацевтика бөлімі қүрылды. Осындай бөлімдер жер-жерде түгел қүрылуы қажет болды. Алайда Қазақсатнда 1921 жылдың ортасында дейін фармацевтика ісіне басшылық жасайтын ұйым болмай келді. Халыққа дәрі көмегін ұйымдастыру, медикаментпен жабдықтау мәселелері әр губернияда әр түрлі шешіліп жатты.

Кеңес медицинасының бүқаралық сипатына сүйене отырып, құрылтай медициналық тегін көмекпен бірінші кезекте мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары қамтамасыз етілетін болсын деп шешті. Сол сияқты медициналық тегін көмек село халқына да көрсетілген болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы. Дәріхананы басқару мен жабдықтау туралы
Фармация ісінің даму консепциясы
Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме
Қазақстаннның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Ресейдегі фармацияның дамуы
Фармацевтикалық нарық
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарық
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Тұтынушылардан пікір сұрау жүргізу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz