Ассимиляция құбылысы және диссимиляция. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы Пунктуация мәселелері туралы ақпарат


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

СӨЖ

Пән: Қазіргі қазақ фонетикасы

Тақырыбы : Ассимиляция құбылысы және диссимиляция. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы Пунктуация мәселелері

Топ : ФИ-503

Орындаған : Куанова М. Б.

Тексерген : Қалиева С. Е.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

  1. Ассимилияция құбылысы және диссимиляция
  2. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі
  3. Қазақ жазуы және орфографиясы
  4. Пунктуация мәселелері

Ассимилияция - сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп, өзара үндесуі. Ассимилияция нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да, жартылай бағындыруы да мүмкін. Осыдан келіп, ассимилияция толық ассимилияция және жартылай ассимиляция деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей, толық бағындарса, онда ол толық ассимилияция деп аталады. Мысалы, сүзсе деген сөз сөйлеу процесінде сүссе түрінде, басшы деген сөз башшы түрінде айтылыды. Бұл сөздердің құрамындағы көршілес дыбыстардың соңғысы өзінің алдыңғы дыбысты дәл өзіндей етіп, толық игеріп тұр.

Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей, бір жақты, жартылай ғана икемдесе, онда ассимилияцияның мұндай түрі жартылай ассимилияция деп аталады. Мысалы, күз-дік, жас-тық деген сөздердегі қосымшалардың бірінде ұяңнан, екіншісінде қатаңнан басталып жалғануы сол түбір сөздің біреуінің соңғы дыбысы ұяң, екіншісінің соңғы дыбысы қатаң болуына қарай икемделіп үндесуінен. Бұл мысалдардағы көршілес келген дауыссыздардың бірі екіншісін өзіне бір жақты ғана - тек дауыс қатысы жағынан ғана - икемдеп тұр. Ассимилияцияның мұндай түрінің жартылай депаталуы да осыдан.

Көрші дыбыстардың бірінің екіншісіне ықпал ету бағытына қарай, ассимиляция екі түрге бөлінеді: оның бірі - прогрессивті ассимилияция, екіншісі - регрессивті ассимилияция. Алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы прогрессивті деп аталады. Ал, кейінгі дыбыстардың алғашқы дыбысқа ықпал етіп, оны өзіне бағындыруы регрессивті деп аталады.

Диссимиляция - бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі.

Нәтижесіне қарағанда, диссимиляция ассимиляцияға қарама-қарсы құбылысы. Ассимиляция құбылысы бойынша әр дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимиляция құбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара жақын, ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өз ара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, февраль (латынша februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы - осы аталған диссимиляция құбылысының нәтижесі. Орыс тіліндегі верблюд сөзі - велблюд сөзінің өзгерген түрі.

Түркі тілдеріндегі диссимиляция құбылысын аффикстердегі л, н дыбыстарының өзгеруінен көруге болады. Мысалы, қазақ, қырғыз тілдерінде л дыбысына аяқталған сөзге аффикстер де л дыбысынан басталып жалғануға тиісті болғанымен, ол өзгеріп, д дыбысына айналады.

2. Қазақ орфоэпиясының жай-күйі.

Орфоэпия - сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды. Бұл жеке дыбыстың, дыбыстар тіркестерінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен тығыз байланысты. Орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустикалық-артикуляциялық белгі қасиеттерін қолданылуындағы ерекшеліктерді жақсы білу керек. Адам орфоэпиялық нормаларды, ережелерді негізінен жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы игереді.

Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық , т. б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискертті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық нгізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш] -мен сөйлеу: [шаш] -[чаш] емес, [ұш] -[үч] емес, [ж] -мен сөйлеу: [жарқын] -[джарқын] емес, [жақсы] - [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқаларының маңцай (маңлай диал. ) жылқылар (жылқыдар диал. ) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлар т. б. ) пйда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды] -[қолқойды] емес, [кәсібодақ] -[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан жөнсіз ауытқу деп табылады.

3. Қазақ жазуы және орфографиясы.

Жазу өте ерте жасалып, ұзақ даму тарихи кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілумен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі қай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады.

Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігіне сәйкес емле ережелерін бекітеді.

Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кирилицияға көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірбиеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы қаулы қабылданып, бекітті.

Түркі тайпаларының тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алвафиттің шығу тегі әлі күнге дейін шешілмеген жұмбақ. 1984 жылы осы жазудың кілтін тапқан профессор В. Томсен көне түркі руникалық алфавиті арамей әріптік жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынып еді. Түрколгтардың біразы осы пікірге қосылып еді. Ал енді бір ғалымдар бұл ешбір алфавиттің ықпалынсыз-ақ өздігінен жасалып, түркі таңбаларының негізінде туған төл жазу деп санайды.

Белгілі түріктанушы ғалым А. С. Аманжолов руникалық жазудың біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтың ортасынан біздің заманымыздың 1 мың жылдығының аяқ кезіне дейін түркі тілдес халықтардың қарым-қатынасына қызмет етіп, 1500 жыл бойы қолданыста болған төл жазуы екендігі бүгінде еш күмән туғызбайтындығын айтады.

Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуына белгілі бір дәрежеде әсер еткен үш түрлі жазу жүйесін ерекше атаған дұрыс. Олар: араб, латын және кирилица жазулары. Бұл жазулар қазір әлемде кең таралған. Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлымдәл беретін болса, графикалық жүйеде соғұрлым жетілген болып саналады. Әрбір әріп әрбір дыбысты толық таңбалайтындай мінсіз графика жоқ деп есептеледі.

XIX ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1962 жылы Қазанда басылып шыққан Н. И. Илминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды.

Қазақ әдеби тілінің өзіне тән айтылуы мен жазылуы бар. Күнделікті таң өмірде сөздің жазылуынан гөрі айтылуы көп қызмет атқаратынына кез келген адамның көзі анық жетеді. Бірақ әдеби тілдің қалыптасып, дамуына бүгінгі таңда жазбаша тіл үлкен әсер етіп отырғандығын білеміз. Кеңес үкіметінің қазақ даласына сауатсыздықтан арылту саясатын іске асырғаны. Қазақ елінің мәдениетін көтеру ма, болмаса, ұлттың ұлттығынан айырудың бастысы ана тілінен айырып, орыстандыру саясатынан келіп туындаған жағай ма, оның ак-қарасын тарих анықтай жатар, тілшілерге керек басты нәрсе қазақ әдеби тілінің жазбаша формасын дамытуда орыс графикасын қолдану мәдени жағынан ілгерлеумен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа мөлдір судай таза, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір бабалар тіліне қиянат жасағанына да көзіміз жетіп отыр.

Қазақ орфографиясының негізгі принциптері морфологиялық, тарихи-дәстүрлік, фонетикалық, фонематикалық принциптері де ескеріледі.

4 Пунктуация мәселелері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жазуы және орфографиясы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы жайлы
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция.Қазақ орфоэпиясының жай-күйі. Қазақ жазуы және орфографиясы. Пунктуация мәселелері
Ассимиляция құбылысы және диссимиляция; қазақ орфоэпиясы; қазақ жазуы және орфографиясы; пунктуация мәселелері
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Қазақ фонетикасының құрылымы
Дыбыстық өзгерістерінің теориялық сипаттамасы
Дыбыс өзгерістері әдістемесін жасау
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосқан ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz