Сәкен Жүнісов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сәкен Жүнісов

http://adebiportal.kz/upload/resize_cache/iblock/442/182_221_1/44294a326ed40f1844e5075ef5cabae6.jpg

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін, еңбек жолын "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қорында Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.

Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан. Жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. "Ақан сері" дилогиясы, "Жапандағы жалғыз үй", "Заманай мен Аманай" романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар" тағы басқа пьесалары Республика театрларында қойылды. "Өліара" пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Балаларға арналған "Сонарда" деп аталатын алғашқы кітапшасы 1959 жылы шықты. Бұдан соң, 1961 жылы жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер", 1962 жылы "Кімнің мекені жақсы?", 1983 жылы "Сақау бәтеңке" сияқты т. б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін, 1965 жылы "Жапандағы жалғыз үй"романын жазып, орыс тіліне 1968 жылы аударылған. "Ақан сері" дилогиясының бірінші кітабы 1971 жылы жарық көрсе, 1977 жылы екінші кітабы оқырмандарына жол тартты, ал 1979 жылы орыс тіліне аударылды. 1987 жылы "Заманай мен Аманай" повесін жазды.

Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Л. Н. Толстойдың, С. Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О. Т. Гончардың "Перекоп", "Көкадыр" романдарын қазақ тіліне аударған.

Сәкен Жүнісов прозаик, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері ретінде туған әдебиетінің өте маңызды кезеңдерін бейнелеген сүбелі шығармалар берген, халық өмірінің көркем шежіресі секілді сыр шертеді. Ол - ел-жұртына кеңінен танылған, халықтың сері азаматы, қадірменді ұлы, шын мәніндегі халық жазушысы. Оның қаламынан шыққан әрбір еңбегі үнемі халықтың жүрегіне жол тауып, рухани асыл қазынасына айналып отыр. Ол әдебиет пен өнер шеберлерінің ішіндегі аса дарындыларының бірі екені сөзсіз.

Кезінде белгілі жазушы Рамазан Тоқтаров Сәкен серінің 60-жылдық тойында шымыр да ширақ, олпы-солпысыз жинақы, ең бастысы ірі қаламгер қақында қапысыз қамтылған шүбәсіз шынайы адал сөзін арнай келе, Сәкен Жүнісов туралы ойын былай қорытындылаған екен: «Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал, жазу столында отырып өзімен-өзі жапа-жалғыз қалғанда, дүние - оның алақанында» .

Қытайға ауған қаймана қазақ жұртының жетім жыртыстай жыртылып кеткен қаралы тобының тағдыр-талайын көшке ілесіп кеткен қаламгерлердің жазғанын жақсы білеміз. Ал ата-жұртта отырып, осы тақырыпқа арналған "Заманай мен Аманай" тәрізді классикалық туындыны берген қаламгерді көрген де, естіген де емеспіз. Бұл да Сәкен Жүнісовтің ғана қолынан келген сүйсіндірер сәттілік болды.

Біз бүгін жазушының "Заманай мен Аманай" повесіне тоқталамыз. Алдымен әңгімеден үзінді келтірейік.

. . . Бұлардың елден алып шыққан азықтары кеше біткен. Қанша үнемдеп, қысып ұстағанмен, қоржын түбінде қалған бір уыс малтадан басқа тіске басар түгел таусылған. Бір мезгіл ауыздарына салып сорып, шаймен алдарқатқан малта да азайып, енді талғажау етер құрттың өзін соңғы талшық санап, үнемдей бастаған.

Екеуі тағы да біразға дейін үнсіз жатты, күндізгі ұзақ жүрістен талып, өлердей шаршаса да, жаланған аштық ішті бүріп, бұрап, көзге тірелген ұйқы ашылып кетті. Аманай қанша шыдап, бағайын десе де болмады. Орнынан тұрып, қараңғыда сипап іздеп, бас жақтарында жатқан қоржын ішінен екі малта алып, орнына қайта жайғасты да, біреуін аузына салып, екіншісін әжесінің қолына апарды.

- Мә, әже, сенің де қарның ашты ғой.
- Жоқ, жемеймін. Шөл келтіреді, денемде қызу бар, өзің же, балам.
Үңгірге кіргенде тұла бойы құрысып, тоңып, басы зеңіп, қатты ауырлап қалған Балзияның денесі түнге қарай ысып, күйіп, барған сайын қызуы күшейе түсті. Өзінің әбден зорығып титықтаған әлсіздігін сезіп, енді ауырса, қайтып тұра алмасына көзі жеткен әже тілі сөзге келіп тұрғанда немересіне соңғы аманатын айтуға бекінді.
- Аманай, жалғызым - деді Балзия даусы жарықшақтанып.
- О, не әже? - деді солпылдатып малта сорғанын қоя қойып. Аманай әже сөзіне құлақ түрді.
- Бұдан әрі жүруге енді шамам жоқ . . . Әл бітті. Осы жерде қалатын шығармын . . . Егер олай - бұлай боп кетсем, мені қойшы, дәмім таусылған адаммын, осы жерде біреу-міреу тауып алар . . .
- Неге, әже? Неге қаласың? - Тұла бойы әлде бір қорқыныштан тітіркеніп кеткен Аманайдың аузына басқа сөз түспеді.
- Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді бөлме. Менің сөзімді түгел тыңда ұғып ал.
- Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты. - Біз соңғы асуға келдік. Бұл асудың арғы жағында, өзіңе талай айтқан Жетісу жері - жалпақ ел бар. Ол - сенің ата мекенің. Алтын бесігің. Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар. Ендігі тіршілігің сол жерге байланысты. Ол жерде Атымтай атаңның, бүкіл ел - бабаңның зираты, белгісі жатыр. Оған жететін бұдан әрі екі жол бар. Қолайлысы - төте жол. Ол бағана өзіңе көрсеткен биік шыңның бауырындағы Қылкөпір дейтін жалғыз аяқ қия соқпақ. Осы арадан күндіз көрсең көрінеді. Соны бетке алып жүре бер. Қия жолдан ассаң ар жағы ылғи еңіс . . . Ол жақ бөктерінде малшылар да, аңшылар да кездесіп қалуы мүмкін. Олардан енді қорықпа. Кездесе қалсаң, жайыңды айт. Еліме келе жатырмын де. Әкем аты - Заманай, атам аты - Атымтай дерсің. Қайда барсаң да осы атаңның аты арқылы сенің кім екеніңді ел түсінеді . . . Енді бір-ақ күн жүрсең, жетіп те қаларсың. Ит - құстан сақ бол . . . Не көрсең де енді еліңмен бірге көр. Ертең ер жеткенде бәрін ұғасың. Әзірше . . . жолың болсын . . . Енді дорбаңдағы малтаны екі қалтаңа бөліп салып ал.
- Аманай әже сөзін түгел ұқпаса да, алыстан мұнартқан сағымдай, әлде бір жұмбақ тіршілікті сезетін сияқты. Бірақ жалғыз кету, әжені тастап кету дегенді мүлдем түсінбейді. Бұлай болар деп тіпті осы жарты ай бойғы жол үстінде әсте ойлап көрген емес. Ойласа да түсінбес еді.
- Әже мен сенсіз ешқайда бармаймын, - деді әлден уақытта Аманай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері
Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті
С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы
Қызым саған айтам пьесасының өмірмен байланыстылығы
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Драмалық шығармадағы тарихи тұлға, қазіргі қазақ комедиясы
СӘКЕН ЖҮНІСОВТІҢ ЖАПАНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТЕҢЕУДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz