Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас қалыптасу ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 6

1. 1 Психикалық даму және жеке адам ретінде қалыптасуда қарым-қатынастың ролі 6

1. 2 Қарым-қатынас және топ мәселелерінің негіздері 18

2. БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН АНЫҚТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ 32

2. 1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу 32

2. 2 Бастауыш сыныптағы қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 41

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Қарым-қатынас проблемасы қазіргі кезеңде психологиялық даму процесінің ынтымақтың - гуманистік бағытына байланысты туындап отыр.

Сондықтан бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынас ерекшелігін анықтауға байланысты зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Қарым - қатынастың басқа іс-әрекет түрлеріне қарағанда, күрделігі іс-әрекет пен қарым-қатынас арақатынасы жөніндегі мәселені шешуде елеулі айырмашылық тудырады (Б. Г. Ананьевтің, М. С. Коганның, А. А. Леонтьевтің, Б. Ф. Ломовтың, Б. Д. Парыгиннің, А. В. Петровскийдің, Н. Д. Хмельдің еңбектері және т. б. ) . Жекелеген ғалымдар мен зерттеушілер де соны көрсетеді, талқылаулары мен пікір қарама-қайшылықтарына қарамастан олар қарым-қатынас табиғатын анықтауға ортақ пікірге келіп отыр. Олардың ойынша, қарым-қатынас мәні бұған субъект ретінде қатысатын адамдардың бірлескен іс-әрекетіне байланысты болды.

Жалпы түрде қарым-қатынас өмірмен іс-әрекет формасы ретінде көрінеді. Қарым-қатынастың әлеуметтік мәні мәдениет формасы мен қоғамдық тәжірибе алмасу құралы ретінде көрінуінен тұрады. Біздің әрқайсымыз негізгі бейнеге жекелік карым-қатынас тәжірибесі арқылы, жанұядағы, мектептегі және көшедегі үзіліссіз байланыс арқылы қол жеткіземіз.

Қарым-қатынас өздігінен адамдардың бір-біріне деген қатынасын, олардың рухани түсіністігін көрсетеді.

Бастауыш класс кезеңіндегі балалар қарым-қатынасының даму ерекшелігін білу балалардың өз-өзін адекватты бағалау дағдысын дамыту үшін адамдармен қарым-қатынас барысында сәйкес қылықты коррекциялау үшін қажет.

Қазіргі таңдағы мектептерге қойылған тапсырмалар бастауыш класс оқушыларының өзара қатынасын зерттеуді ерекше өзекті етеді. «Баланы бастан» демекші балалардың мектепке алғаш келгеннен бастап қарым қатынастарын жетілдіру көзделіп отыр. Бұл мәселе бойынша балардың қарым-қатынастағы қиындықтары әдебиеттерде аз жарияланатындықтан оны қараусыз қалдыруға болмайды. Бастауыш класс кезеңдегі балаларға өз мүмкіншіліктерін түсіну, қоршаған ортада өзін тұжырымдай түсіну, қоршаған ортада өзін тұжырымдай түсу, ересектер тарапынан өз құқығын мойындауын қажетсіну тән. Олардың алдынан жаңа қарым-қатынастармен байланысты және, соның ішінде, бұл жаста өмір жолын таңдау өзекті тапсырма болғандықтан жаңа мәселелер туындайды. Олар қиындықтармен қалай күресетіндігіне, қандай «қарым-қатынас мектебінен» өтетіндігін көбінесе балардың қиындықтары мен қарым-қатынастары дамуының ерекшеліктерінің психологиялық мәселесі өзекті болып табылады.

Зерттеушілер көресеткендей, қарым-қатынас - іс-әрекет түрі, аспектісі болуы мүмкін.

Көптеген ғалымдар пікірі бойынша, таным, қарым-қатынас, еңбек адам дамуының және жеке басын қалыптастыру негізгі болып табылады (Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев) .

Әрбір индивид өзімен өмір сүріп отырған замандастарымен бірге сол қоғамның ішкі дүниесіндегі интерлоризациялау жолы арқылы жасалады. Қоғамдық дамудың жақсы-жаманын сіңіреді және осы процеске қосылады. Бұл процесс таным іс-әрекеті арқылы жасалады.

Қарым-қатынас баланың алғашқы күндерінен бастап психикалық дамуының маңызды факторының бірі болып табылады.

Бастауыш класстағы баламен ересек адамның қарым-қатынасының төрт түрі жүйелі түрде бір-бірін алмастырады:

  1. Ситуациялы - жеке даралық;
  2. Ситуациялы - іскерлік;
  3. Танымды - ситуациядан тыс;
  4. Ситуациялы емес - жеке-даралық және үш түрлі құрдастарымен қарым-қатынас:
  5. Эмоционалды -практикалық;
  6. Ситуациялы - іскерлік;
  7. Ситуациялы емес - іскерлік (М. И. Лисина) .

Қарым-қатынастың мазмұны, мотиві, комуникативті іскерлігі мен дағдысы өзгереді, мектепте оқытуға психологиялық компоненттерінің бірі - коммуникативтік даярлығы қалыптасады. Бала ересек адамға таңдамалы түрде қарайды: оған деген қатынасын, өзінен не күтетінін, өзінің оларға деген ықыласы есепке алынады. Құрдасына деген қызығушылық ересек адамға қарағанда кейінірек пайда болады. Баланың құрдастарымен қарым-қатынасы әр түрлі бірлестіктерден құралады. Өзге балалармен контактіні дамытуға баланың іс-әрекетінің мазмұны және оны орындауға деген іскерлігі әсер етеді.

Жасы ұлғайған сайын балдырғандардың құрдастарына деген көзқарасы өзгере бастайды. Бала құрдастарын іскерлік қасиеттері үшін емес, сонымен бірге жеке-даралық, ең алдымен адамгершілік қасиеттері арқылы бағалай бастайды. Бұл балаларда моральдық норма туралы түсініктердің пайда бола бастауымен, адамгершілік қасиеттер мазмұнын тереңірек түсінуімен байланысты.

Бастауыш сыныптағы балалардың қарым-қатынас мәселесі, оның баланың жеке адам ретінде қалыптасуына әсері өте аз зерттелген. Сол себепті осы зерттеуді жүргізуге толық негізділік бар.

Зерттеудің мақсаты - Бастауыш класс оқушылары қарым қатынасының қалыптастыруының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу пәні - Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынасының қалыптасу ерекшеліктері.

Зерттеу болжамы - Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру, қазақтың ұлттық ойындарын, мәдени, әдептілік құндылықтарын

қамтитын арнайы құрастырылған тренингтік сабақтарды ұйымдастырумен байланысты болуы мүмкін.

Болжамға байланысты келесі міндеттер анықталады:

  1. Әр түрлі әрекет барысында баланың қарым-қатынас жүйесінің дамуын зерттеу.
  2. Баланың жеке-даралық талаптарын, ересек адамдармен қарым-қатынас арқылы зерттеу.
  3. Құрдастарымен қарым-қатынас барысында комуникативтік іскерліктердің қалыптасуын зерттеу.
  4. Психологиялық тренинг жұмыстарының қарым -қатынасты қалыптастырудағы ролін анықтау.

Зерттеу жұмысындағы жаңалық - қатынас-қатынас әрекетінде коммуникативтік іскерлік, әлеуметтік жағдайға бейімделуді зерттеу және талдау, бастауыш класстарға арналған қарым-қатынас әрекетінің жүйесінің жинақталуы және қарым- қатынасты дамытуда психологиялық тренингтердің тиімділігі.

Зерттеу нысаны - бастауыш класс оқушылары.

Жұмыс бастауыш класс оқушыларымен жүргізілді. Зерттеуге жеті жастағы 15 бала қатыстырылды.

Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш класс оқушыларының психикалық дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
  2. Бастауыш класс оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі қазақтың ұлттық ойындарының, мәдени және әдептілік құндылықтарының мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелері, эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеу базасы Ақтөбе қаласы, № қазақ орта мектебі

Курстық жұмыстың құрылымы төмендегідей:

  • Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу пәні, болжам, жұмыстың жаңалығы енді;
  • Бірінші бөлемде зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды;
  • Екінші бөлімде зерттеу тәжірибесінің эксперименттің мақсаты, міндеті, қорытындысы көрсетілді;
  • Жұмыстың қорытынды бөлімінде әдебиеттер және қосымша материалдар қамтылды.

1 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Қарым - қатынас туралы жалпы түсінік

Жалпы, жас ерекшеліік және әлеуметтік психологияны терең талдай келе отыра, тұлғалық қарым-қатынастың қаншалықты қажеттілігін және оның тұлға қалыптасуындағы негізгі шарт екенін көреміз.

Қарым - қатынас туралы айтқанда адамдардың бірлескен іс-әрекет барысында, олар бір-бірімен түрлі ойлармен, идеялармен, қызығушылықтармен, көңіл-күй, сезімдермен бөлісуін айтады.

Қарым-қатынас процесінде қатысушылар арасында өзара түсінушілік болуы керек. Өзара түсінушілік мұнда әртүрлі талқынауы мүмкін: не өзара әрекеттік бойынша серіктестің мақсаты, мотиві, құрылымдарын түсіну ретінде немесе тек түсіну тәрізді ғана емес, сонымен қатар осы мақсат, мотив, құрылымдарды қабылдау ретінде. Қарым-қатынастың бұл жақ мінездемесінің мазмұнды жоспарында ашудың алдында мұндағы қолданылатын терминдерді нақтылау керек. Аса жиі адамның адамды қабылдауы «әлеуметтік перцепция» ретінде белгіленеді. Бұл түсінік берілген жағдайда дәл қолданылмаған. «Әлеуметтік перцепция» термині 1947 жылы Дж. Брунермен қабылдауға жаңа көзқарас жасау барысында енгізілді. Әуелі әлеуметтік перцепция ретінде перцептивті процесстердің әлеуметтік детерминациясы түсінілді. Кейін зерттеушілер, әсіресе әлеуметтік психологияда түсінікке өзгешелеу мағына берілді. Әлеуметтік перцепция деп әлеуметтік объектілерінің (басқа адамдар, әлеуметтік топтар, үлкен әлеуметтік қауымдар) қабылдау процесін атаған. Дәл осы түсінікте термин әлеуметтік психологиялық әдебиеттерде бекітілді. Сондықтан, адамның адаммен қабылдануы, әрине, әлеуметтік перцепция саласына жатады. Егер, әлеуметтік перцепция процестерін толық көлемде елестетсең, онда өте күрделі және тармақталған схема пайда болады. Ол өзіне қабылдаудың тек объектісін ғана емес, сонымен қатар, субъектісін де қосады.

Қабылдау субъектісі ретінде индивид шыққан жағдайда (11), онда ол басқа индивидті қабылдай алады, «өз» тобына жататын (1) ; «өзге» топқа жататын басқа индивидті (2) ; өзінің жеке тобын (3) ; «өзге» топты (4) . Отандық әдебиеттерде аса кең тұрғыдан түсіну басқа адамды қабылдаудағы спецификалық ерекшеліктермен түсіндіріледі, оларға тек объектің физикалық мінездемесін ғана қабылдау емес, сонымен бірге ойларын, қабылдаудың эмоцияларын құрылымдарын қабылдау да жатады. Сонымен қатар, бұл түсініктің мазмұнда қабылдаудың обьектісі мен субьектісі байланыстарын қатынастар жатады. Соңғы кездері «әлеуметтік перцепция» термині немесе тар мағынада «жеке тұлға аралық перцепция», «басқа адамды қабылдау» ерікті түрде қолданылып жүр. Жалпы түрде басқа адамды қабылдау -оның сыртқы белгілерін қабылдауды білдіреді.

Адам қарым-қатынасқа жеке тұлға ретінде енетіндіктен басқа адаммен қарым-қатынас бойынша серіктестермен де жеке тұлға ретінде қабылданады. Қылықтың сыртқы жақ негізінде біз басқа адамды «оқимыз», оның сыртқы көрінісінің маңыздылығын қарастырамыз. Осы кезде алынатын әсер қарым-қатынас процесінің маңызды реттеуші рөлін ойнайды. Біріншіден, басқа адамды танып біле отыра, индивидтің өзі де қалыптасады. Екіншіден, басқа адамды оқу дәлділігінің мөлшеріне бірлескен әрекет табыстылығына байланысты. Басқа адамды танып білу барысында бір мезгілде бірнеше процестер жүзеге асып отырады. Бұл басқаның эмоционалды бағалау, қылықтар қатарын түсіну шаралары, қылығының өзгеру стратегиясының негізделуі, өзінің жеке қылық стратегиясын құру.

Бірақ, бұл процестерде екі адам қатыстырылады, олардың әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Сәйкесінше, өзін басқа адаммен қатар қою екі жақтан жүзеге асады, серіктестердің әрқайсысы өзін басқаға теңестіреді. Өзара әрекеттестік стратегиясын құруда әрқайсысына басқа адамның қызығушылықтарын ескеруге тура келеді. Бұның барлығы өзін танып білу анализі (басқа адам арқылы) өзіне екі жақты қосады. Идентификация және рефлексия. Бұл түсініктердің әрқайсысы арнайы талқылауды қажет етеді. «Идентификация» термині сөзбе-сөз мағынада өзін басқа адаммен теңеуді білдіретін, басқа адамды түсінудің ең қарапайым әдісінің бірі-өзін басқа адам орнына қою болып табылатын бекітілген эмперикалық фактіні бейнелейді. Бұл, әрине, жалғыз тәсіл емес, бірақ өзара әрекеттестің шынайы жағдайларында адамдар жиі келесі әдісті қолданады, мұнда серіктестердің ішкі күйі жөнінде тұжырым өзін басқа адам орнына қою негізінде құрылады. Бұл жерде идентификация басқа адамды түсіну мен танып білу механизмдерінің бірі ретінде алға шығады. Идентификация процесінің және қарым-қатынас процесіндегі оның ролін анықтаудың көптеген экспериментталды зерттеулері бар. Әсіресе, идентификация және мазмұны бойынша, жақын құбылыс-эмпатия мен арасындағы тығыз байланыс бекітілді. Жалпы түрде эмпатия басқа адамды түсінудің ерекше әдісі ретінде анықталады. Тек мұнда басқа адамның проблемаларын рационалды түсіну емес, оның проблемаларына эмоционалды жауап қайтаруға ұмтылыс жүзеге асады. Берілген жағдайда термин метафоралық түрде қолданылады: эмпатия бұл аффективті «түсіну». Оның эмоционалды табиғаты-басқа адам жағдайының проблемасы «ойландырылмайды» ол «сездіріледі». Эмпатия механизмі бірнеше мөлшерде идентификация механизмімен сәйкес келеді: екеуі де өзін басқа адам орнына қою қабілеттілігі бар.

Өзара түсінушілік қарастырылған механизмдері адамдардың бірін-бірі жалпы түрде танып білу процесінің анализіне келуге мүмкіндік береді. Бұл саладағы барлық зерттеулерді екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1. жеке тұлға аралық перцепция мазмұнын зерттеу (қабылдаудың субъектісі мен объектісінің, олардың негіздерінің және тағы басқа мінездемесі) .
  2. жеке тұлға аралық перцепция процесінің өзін зерттеу (механизмдерінің, қатарласушы эффектерінің анализі) .

Жеке тұлға аралық қабылдау мазмұны субъект пен объектінің қабылдау механизмдеріне тәуелді, себебі олар бірімен-бірі өзара әрекеттестікке қосылған. Олар екі жаққа ие: біріне-бірі және бір-бірінің мінездемелеренің өзгеруін бағалау. Бірінші, жағдайда өзара әрекеттестікті қатысушылардың әрбіреуі басқа адамды бағалай отырып оның қылығының интерпретациясымен түсіндіруге болады. Басқа адам қылығының интерпритациясы бұл қылық себептерін білуіне негізделуі мүмкін, содан кейін ғылыми психология мәселесі. Бірақ күнделікті өмірде адамдар басқа адам қылығының себептерін біле бермейді. Сонда мәліметтің жетіспеушілігі жағдайында қылық себептерін, жалпы мінездемелерді жатқызуға тырысады. Осылайша, мұндай жатқызулардың тұтас жүйесі пайда болады (атрибуциялар) . Каузальды атрибуция атағын алған әлеуметтік психологияның ерекше саласы дәл осы процестерді анализдейді. (Г. Келли, Э. Джонс, К. Дэвис, Д. Кенноуз, Р. Нисбет, Л. Стрикленд) . Каузальды атрибуция зерттеулері «қарапайым адамның» мүмкіндіктеріне бағытталған. Бұл жеке тұлға аралық қабылдаудың негізгі бөлігі болып табылатын өзінің және өзге адамның мінез-құлық интерпритациясын қосады. Басқа жұмыстарда атрибуция мінезі қабылдау субъектісінің бірнеше бір құбылыстың қатысушысы немесе оның бақылаушысы болатынына байланысты екенінен көрсетіледі. Бұл екі түрлі жағдайда атрибуцияның әртүрлі типі таңдалды. Г. Келли осындай типтердің үш түрін көрсетті. Жеке тұлғалық атрибуция (әрекет жасаушының жеке өзіне себеп жатқызылған жағдайда), объектті атрибуция (себеп әрекет бағытталған объектке жатқызылған жағдайда), және себеп-салды атрибуция (жасап жатырғанның себебі жағдайларға жатқызылса) . Сонымен қатар, әлеуметтік психологияда Ф. Хайдер идеясы да орын алды. Оның ойынша, «жаман адам жаман қасиеттерге ие». Сондықтан қылық себептері және мінездеме себептері осы модель бойынша жүзеге асады. «жаман» адамдарға әрқашанда жаман қылықтарды сәйкестірсе, «жақсыларға» - жақсы қылықтарды жатқызады. Жеке тұлғалық қабылдау табыстылығының болжамын құру барысында құбылыстың себептерін бекіту қажет. Мұндай жеке тұлғалық қабылдау кезінде пайда болатын түрлі «эффекттердің бөлінуімен байланысты зерттеудің екінші саласында аса осындай «эффекттердің» үш түрі зерттелген: ореол эффекттісі («галоэффект»), жаңалықпен алғашқылдық эффектісі, стереотипизация құбылысы немесе эффекттісі.

Қабылдаушы адамның спецификалық бекітулерді құруына негізделген, яғни оған белгілі бір сапаларды бағытты түрде жатқызу. Осындай адам жөнінде алынған мәлімет белгілі бір түрде категоризациялауды, яғни, алдын-ала құрылған бейнеге қайта салынады. Бұл бейне, бұрын-соңды болған, шынайы қасиеттерді және қабылдау объектісінің ерекшеліктерін көруге кедергі келтіретін «ореол» ролін атқарады. Бұнымен «жаңалылық» пен «алғашқылық» эффектілері тығыз байланысты. Адам туралы көзқарасты құру үшін белгілі-бір тәртіп бойынша мәлімет беруге бағытталған бұл эффектілер әлеуметтік психологияда кең өріс алды. Эксперимент кезінде студенттерден құралған төрт топқа бейтаныс адам ұсынылды. Ол жөнінде: 1-ші топқа - ол экстраверт; 2-ші топқа - ол интроверт; ал 3-ші топқа әуелі экстраверт, одан кейін ол интроверт екенін айтты, 4-ші топқа дәл осылайша, бірақ қарама-қарсы тәртіпте айтылды. Барлық төрт топқа бейтаныс адам туралы оның жеке тұлға ерекшелігін терминдермен түсіндіруге тапсырма берілді. Алғашқы екі топта мұндай суреттемемен ешқандай қиындық туған жоқ. Үшінші және төртінші топтарда бейтаныс адам жайындағы әсер мәлімет ұсынылуының тәртібіне сәйкес келді: бірінші ұсынылған қасиет әлдеқайда басым болады. Мұндай эффект «алғашқылық эффектісінің» атауын алды. Керісінше, таныс адамды қабылдау жағдайларында «жаңалық эффектісі» іске асады, яғни соңғы алынған мәлімет аса мәнді болып табылады.

Аса кең тұрғыда осы эффектілердің барлығын ерекше процестің айқындалуы ретінде қарастыруға болады. Бұл процесс адамды адаммен қабылдануды іске асырушы процесс - стереотипизация деп аталады. Алғаш рет «әлеуметтік стереотип» термині У. Липпманмен 1922 жылы енгізілген. Стереотипизация адамдардың бірін-бірі танып-білу процесінде екі түрлі жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жағынан басқа адамды танып-білу процесін қарапайымдау; бұл жағдайда стереотип өзінде бағалық кернеулікті ұстамайды. Сонымен қатар, этникалық стереотиптер аса жиі таралған, мұнда бірнеше бір этникалық топтар өкілдері туралы алынған мәлімет негізінде сол топ жөнінде бірнеше бір пікір туындайды.

Жеке тұлға аралық перцепция дәлдігі. Бұрынан бері әлеуметтік психологияда түрлі адамдардың перцептивті қабылдаудың даму тәсілдерін табу идеясы туындады. Олар әлеуметтік психологиялық тренингті қолданумен байланысты. Бұл жағдайда қолданылатын тренинг бағдарламалары әр алуан. Олардың ішіндегі ең қарапайымы - басқа адамдарды қабылдау дәлділігі аса маңызды болып табылатын адамдар зейінін тұрақты ету. А. А. Бодалев өзінің зерттеулерінде келесідей қызықты мәліметтер алды. 72 адамнан басқа адамды сыртқы көріністері бойынша қалай суреттейді деген сұраққа былай жауап қайтарған: 9 адам төртбұрышты иек - күшті ерік көрсеткіші, 17 адам үлкен маңдай - ақыл көрсеткіші, 3 адам қыл шашты адамдарды - мінезінің қаталдығымен, 16 адам толық - мейірімділікпен, 2 адам толық ерін - сексуалдылық көрсеткіші, 5 адам кішкентай бойлы адам - билік қүмар, бір адам үшін бір-біріне жақын орналасқан көздер - ашушаң, ал қалған бесеуі үшін әсемдік - ақымақтықтың көрсеткішін білдіреді. Ешқандай тренинг толық мөлшерде мұндай тұрмыстық жалпыламаларды шеше алмайды бірақ ойлануға себеп туғызады.

Адамдар бірін-бірі тек қабылдап қана қоймай, сонымен қатар бір-біріне қатысты белгілі-бір қатынастар қалыптастырылады. Жасаған бағалар негізінде әртүрлі сезімдер жинағы пайда болады - бірін-бірі адамды қабылданудан, симпатияға, кейде махаббатқа шейін. Қабылданушы адамға әртүрлі эмоционалды қатынастардың пайда болу механизмдерін шығарумен байланысты, зерттеулер саласы аттракцияны зерттеу атауын алады. Сөзбе-сөз аттракция әлеуметтік психологияда жаңа сала. Көптеген уақыт бойы достық, симпатия, махаббат тәрізді феномендерінің зерттеу сферасы ғылыми анализ саласы емес, әдебиет, өнер салалары ретінде қарастырылып жүр.

Аттракция басқа адамға әлеуметтік құрылымдағы ерекше түрі ретінде қарастыруға болады, мұнда эмоционалды компонент орын алады. Аттракцияның түрлі деңгейлері ерекшеленеді: симпатия, достық, махаббат.

Алынған берілгендер бойынша, теориялық интерпритациялар аттракцияның қанағаттанарлық теориясы жасалғандығы жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас анализі түрлі, әрі көпжақты процесс ретінде, оның нақты формаларының әртүрлі болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Қарым-қатынастың «таза» модельдерін, әрине тек қана лабараториялық эксперимент жағдайында жүзеге асады. Барлық дәстүрлі әлеуметтік психология дәл осы аспектке көңіл бөлген. Оның әдістік амалдар, анализдің техникалық тәсілдері осы міндетке тәуелді болды. Адамдар біріккен топтар түрлері және де қарым-қатынас процестері жүзеге асушы топтар түрлері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ осындай түрлі мінездемелер басқаша жағынан бірдей мағынаға ие

Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күштерін біріктіре келісуіне бағытталуын қарым-қатынас деп түсінеміз.

Гуманизм принциптеріне сәйкес қарым-қатынасқа түсуші әр адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар жоғары бағалы болып табылады.

Коммуникативтік компонентікті жоғарылату әлеуметтік-психологиялық оқыту арқылы жетілдіріледі. Әлеуметті-психологиялық оқыту арқылы қарым-қатынасты дамыту белгілі психологтар Петровский А. В., Коряк Н. М., Золотнякова А. С., Яценко Т. С., Емельянов Ю. Н., Ковалев Г. А., Миккин Х. К., Субханкулов М. Г., Лисина М. И., Спиваковская А. С. еңбектерінде көрсетілген.

Аса маңызды сұрақ мәселе болып, адамда қандай құнды бағыттар қалыптастыру арқылы гуманистік қарым-қатынасын құрайтынымыз табылады.

Өзара қатынастың теориялық және практикалық зерттелуін гуманистік бағыт ғалымдары М. Маслоу, М. Дорверг, К. Роджерс, С. Кратохвил енгізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылар қарым - қатынасының зерттелуінің жағдайы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамытудағы отбасы тәрбиесінің рөлінің мәні
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Оқушыларда біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру мәселелері
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz