Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҮЙРЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 5В010300-ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушыларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету мәселелері . . .

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері . . .

2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҮЙРЕТУ ТӘЖІРИБЕЛІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ

2. 1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қорытындылау . . .

2. 2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қорытындылау, салыстыру . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты білім берудің мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдарына жаңаша көзқарас қалыптасып, оқыту процесінде шығармашылыққа, жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту процесін ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі бүлдіршіндер десек, оларды жан-жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, шығармашылық қабілеті жоғары, интеллектуалды азамат етіп шығарудағы тәрбиешілер алдындағы зор міндеттер айтпаса да түсінікті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой - өрісін байыту» делінген [1] .

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында - мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті-баланың жеке тұлғасын алғашқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту деп атап көрсетеді.

Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектепке дейінгі мекемелердің алар орны ерекше. Осыған орай балаларға белгілі бір көлемдегі білім, дағдыларды меңгертумен бірге, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.

Егер де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда кейін олардың шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Сондықтан да баланың табиғи ашылмаған мүмкіндіктері неғұрлым үйлесімді, толығырақ дамып, шығармашылығы қалыптасса, ол есейген кезде қызметті соғұрлым мазмұнды, жан-жақты табысты атқарады.

Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен - өзі жойылуға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру-білімнің басты мақсаты.

Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын жеке тұлға тәрбиеленіп шығады.

Шығармашылық мәселесі ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Ж. Баласағұн, Әл-Фараби және ұлы Абайды да ерекше толғандырған мәселе. Сондықтан ұлы ойшылдар - өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко бала шығармашылығына бағыт, бағдар беруді, ең алдымен, оқытудың мазмұнына енгізген. Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Ананьев, В. Давыдов, Л. Занков, В. Куртецкий, М. Мұқанов, Ж. Әбілдин, Қ. Жарықбаев, Т. Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз [2, 8] .

Қазіргі педагогика ғылымында баланың шығармашылығына бағыт-бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде. Алайда ол дарынды, талантты балалардың қабілеттерін дамытуды жүзеге асыру деген қорытындыдан әрі аса алмауда. Бұл мәселенің алатын орнын, мақсатын, мазмұнын алғаш анықтаған М. Жұмабаев болды. М. Жұмабаевтан кейін өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова, Ш. Карибаев, Қ. Әбдібекқызы еңбектерінде сөз етілген. Ал қазіргі кезде шығармашылық қабілеттер жөнінде баспасөз беттерінде көптеген материалдар жарияланып жүр. Бірақ та шығармашылық жұмыстарды қалай орындату қажет, шығармашыл тұлғаны қалай қалыптастыруға болатындығы жөнінде материалдар жеткілікті дәрежеде берілмей жүр.

Психологтардың зерттеулері бойынша әрбір шығармашылыққа баулуға өзек болар өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен, сондықтан баланы балабақша жасындағы кезеңнен бастап, мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі, сатылы түрде шығармашылыққа баулып, қиял-фантазиясын, ақыл-ойын, икемділігін дамытып отыру керек.

Міне, осы тұрғыдан келіп зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі шығады.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдерін теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік сынақтан өткізу.

Зерттеудің міндеттері:

- зерттеу тақырыбы жайында жазылған педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, талдау жасау;

- зерттеу тақырыбына қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдеріне бағытталған педагогикалық эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау;

- қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау,

қорытындылау, салыстыру.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: таным теориясы, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық - психологиялық зерттеулер, іс-әрекет және қабілеттілік туралы тұжырымдар.

Зерттеу нысаны : Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісі

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдері

Зерттеу болжамы :

егер бастауыш сынып оқушыларына оқу тапсырмалардыүйрету тәсілдері жүйелі, мақсатты жүргізіліп отырса, онда бастауыш сынып оқушыларышығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; озат тәжірибелерді меңгеру, эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру, сараптап қорытындылау.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдерінің теориялық негіздері айқындалды;

- бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдерінақтыланды;

-бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету тәсілдерітәжірибе жүзінде тексерілді.

Зерттеу базасы : № 30 орта мектебі

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, жұмыстың ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, практикалық базасы қарастырылды.

Бірінші тарауда бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретудің дидактикалық негіздері қарастырылды.

Екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретутәсілдеріне бағытталған тәжірибелік- педагогикалық эксперимент материалдары берілді. Анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері салыстырылды. Ғылыми болжамның дұрыстығы дәлелденді.

Қорытынды бөлімде ғылыми ой-пікірлердің түйіні мен әдістемелік ұсыныстар берілді.

Пайдаланылған деректер тізімінде дипломдық жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі жазылды.

І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушыларды шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету мәселелері

Әрбір қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

«Қазақстан -2050» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан-2050» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [4, 69] . Бүгінгі таңда өзіміз тәлім-тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Осы орайда жаңа білім беру стандартындағы білім компоненттерінің базалық, тұлғалық болып жетілуі тұлғаға бағытталған білім парадигмасындағы үлкен қадам.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында балаларға бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі жаңа қоғамның білім саласындағы негізгі мәселенің бірі болып табылады [5, 10] . Кез-келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды баламен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру тәрбиешінің қызметіндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде тәрбиеші балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, топта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыру заман талабы.

Жаңа заман талабына сай балалардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында қабілетті балаларға білім беруде, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Осыған сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі білім берудегі мақсаты - балада өз жеке білім траекториясын таңдау қабілеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау, яғни педагогикалық әрекет балалардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Қазіргі таңда білім саласының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеті мен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Шығармашылық дегеніміз не? «Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды [6, 69] . Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу дегент сөз. Философиялық сөздікте «шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», -деп түсіндіріледі [7, 64] .

Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған [8, 18] . Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді [9, 29] . Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н. Роджерстің ойынша әр адам бала кезінен бастап «сен мынаны дұрыс жасамадың», «бұл қате», «олай емес»- деген сынау сөздерді көп естиді. Кейде тіпті жазада қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы шығармашылыққа қорқа қарау, «олай менің ісім емес»- деген сенімсіздік осыдан басталады екен.

Зерттей келе шығармашылыққа берілген анықтамаларда өзгере бастады. Соңғы жылдары «Шығармашылық» сөзімен «Жаңалықпен» қатар «Бастамалық», «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Сонымен бірге шығармашылыққа мынадай анықтама береді.

Шығармашылық - бұл өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән деп көрсетіледі. Бірақ біз осы айтылғанның: шығармашылық барлық адамға бірдей тән бе? Шығармашылық кез-келген адамның бойында кездесе ме? деген сұрақтар туындайтынын аңғарамыз. Ия, біз ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді - деп қарастырып келдік.

Дж. Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі, - деп қарастырады. Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген:

1. Проблеманы көре білуі қабілеті;

2. Идеяны талдай білуі қабілеті;

3. Идеядан негізгі өнімді ала білу қабілеті;

4. Оригиналдылық:

5. Идеяны жетілдіре білу қабілеті;

6. Талдай және жинақтай білу қабілеті.

Е. П. Торранс шығармашылық деп қабылдаудағы кемшіліктерді көру қабілеті, - деп түсіндіре отырып, құрамын төмендегідей сипаттайды:

1. Проблеманы шешуге жауапкершіліктің пайда болу процесі;

2. Проблеманы шешу жолдарын қарастырып, болжам жасау;

3. Тексеру, болжам дұрыстығын тексеру;

4. Орындалған тапсырманың нәтижесін тауып, хабарлауы.

Бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, балада шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе болып саналады. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.

Психологтардың зерттеулері бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулаға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады екен. Сондықтан бала-бақшадан бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей әрі жүйелі, әрі сатылы түрде шығармашылыққа баулып, ақыл-ойын, икемдігін дамытып отыруы қажет дейді.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез-келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатындығы жайлы көп айтылуда. Шығармашылыққа деген қажеттілік - күрделі рухани қажеттілік. Әзірге ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап етіп отыр.

Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда тіршіліктің көзі. Қоғам құбылыстарына жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды. Ішкі шығармашылық процестерін табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой-санасына, айналысатын ісіне байланысты.

Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады.

В. В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылыққа бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты», - деп есептеген [10, 35] .

Д. Б. Эльконин: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің даралығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады», - дейді [11, 18] .

Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, ондағы тұлғаның, азаматтың қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.

Шығармашылық - адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғарғы формасы. Шығармашылық актіні сипаттаушы маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және интуициялық сезімнің, асқақ ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы болып табылады. Бұл туралы неміс мұғалімдерінің мұғалімі атанған А. Дистервег: «оқыту барысында оқушының, ізденімпаздығы мен шығармашылығын дамыту - оның ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың аса маңызды құралдарының бірі», - деп көрсеткен болатын.

Балалардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде кеңірек қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды, бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Себебі шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Жалпы білім беретін мектептерде баланың шығармашылық қабілеттіліктері ойын, оқу әрекеттерінде көрінеді, даму өнімі - «оқуға құштарлық, ынталылық». Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субьектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашыл тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Баланың шығармашылық тұлға болып қалыптасуын В. В. Давыдов өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте автор тұлғаны «еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі, ал адамның дамуының өзі - оның еркіндікке деген қозғалысы» деп есептейді. Бұл жағдайда оқушының әрекет үстінде жеке тұлға болып қалыптасуы, оның шығармашылықты, жасампаздықты қажет етуіне байланысты екендігі түсінікті.

Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін В. И. Андреев: « . . . белсенді шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі - батылдығы; проблеманы қоя және және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі иен жолы, бай қиялы» -деп сипаттайды [12, 27] .

А. Н. Лук шығармашыл тұлға: «импульсивті, еркін ой иесі, әзілге бейім, қарапайым, сын көзбен қарайтын, қиялы, ойы бай адам», -деп сипаттайды [13, 38] .

Кеңестік психологтар мен ғалымдар: Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Қ. Б. Жарықбаев еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы мен практикасының алтын қоры деп білеміз. Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков еңбектерінде қарастырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану жолдары
Бастауыш сыныптарда еңбекке үйрету сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің өзіндік ерекшеліктері
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Еңбекке баулу әрекеті арқылы эстетикалық тәрбие беру
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz