Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайында



Жоспар


Кіріспе
Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық — соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі – оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.А.Б. Темірбеков «экономикалық теория негіздері» Алматы 2014 (53-58беттер)

2. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы – Алматы, «Санат», 1998ж – 479 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары

Орындаған: Әскербек Г
Топ:Вс-403
Тексерген: Қуантқан Биболат

2015 ж.
Жоспар

* Кіріспе
* Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Осы уақытқа дейін біздің елімізде жетілген еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйенің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді.
Жұмыссыздық -- соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары екі қолға - бір жұмыс деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі - экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Экономикалық әдебиеттерден адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы , яғни, талаптануы тек нарық, соның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығымыз жақсы білеміз. Себебі, нарықтың басқа түрлеріне қарағанда еңбек нарығының басты ерекшелігі - оның негізін құрушы тірі адамдар екендігі. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарықтық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы отыз жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеудің механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Мұндай жағдайда мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдемақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет.

Көптеген экономикалық әдебиеттерде жұмыссыздықты мына негізгі типтерге бөледі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық, циклдық және технологиялық.
Фрикциондық жұмыссыздық. Еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардаың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорыннан басқаға жылжуымен байланысты белгілі бір дәрежесі болады. Жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылары белгілі квалафикациясы бар жұмысшы күшін табу үшін уақыт керек. Осы жұмыс іздейтін уақыт фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық мына жағдаймен байланысты: бар вакансия туралы информация болмағанда немесе осы информация тым қымбат болғанда жұмыскерлер мен бос жұмыс орындарының арасында қашан болмасын сәйкессіздік болады. Осы жұмыссыздық дәрежесі жаңа жұмыс істеуге кеткен уақыттың жалпы шығындарымен белгіленеді (1-3 айға дейін).
Құрылымдық жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы профессионалдық-квалификациялық және территориялық сәйкессіздік - құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Экономиканың дамуы құрылымдық өзгерістер тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәтижесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымында өзгерістер туындап, жұмысшы күшінің тұрақты түрде территориялық және салалық қайта бөлінуін талап етеді. Экономиканың бір секторларынан құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде жұмыстан айырылған жұмыскерлер басқа салалардағы бар бос жұмыс орындарына орналаса алмаған жағдайда құрылымдық жұмыссыздық орын алады. Фрикциондықпен салыстырғанда құрылымдық жұмыссыздықтың мерзімі ұзақ болады (әдетте қатарынан алты айдан артық). Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте төмен квалификациялы немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.
Құрылымдық жұмыссыздықтың бір формасына технология және жаңа жабдықтар енгізуімен байланысты технологиялық жұмыссыздық пайда болып, ол адамдарды машинамен алмастырған кезде, яғни адам күші қажеттіліктен айырылғанда туындайды.
Маусымдық жұмыссыздық өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларды жыл бойында еңбекк сұраныс елеулі өзгеріп тұрады.
Циклдық жұмыссыздық. Бұның нгізін экономикалық құлыдраумен және сұраныстың жетімсіздігімен байланысты, өнімнің шығырылуымен және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды. Циклдық жұмыссыздық жұмыссыздар санының көбеюіне әкелетін нақты ЖҰӨ-нің азаюымен және жұмысшы күшінің бір бөлшегінің жұмыстан босауымен байланысты болады.
Осымен қатар, нақты және жалған жұмыссыздық болады. Бірінші жағдайда, адамның еңбекке қабілеті мен ықыласы болады, бірақ еңбек нарығында түрлі жағдайларға байланысты ол жұмыс таба алмайды. Екінші - әртүрлі себептермен еңбекпен айналысқысы келмейтін адамдарды сипаттайды.
Жұсыссыздық ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді циклдық және құрылымдық, ал қысқа мерзімдікке - маусымдық және фрикциондық жұмыссыздық жатады.
Көріну сипаты жағынан жасырын және ашық жұмыссыздық түрлерін ажыратады. Жасырын жұмыссыздыққа - берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар жатады. Алайда, егер де ұсынылған жұмыс олар үшін қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр. Ашық жұмыссыздыққа - жұмыс істмейтін, бірақ еңбек қатынасы кәсіпорынмен ресми түрде үзілмеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжиребеде бұл жәйтті толық жұмыс істеушілік деп атайды. Тағы да бұған қоса конверсиялық, экономикалық, тоқырау, жоспар арасындағы жұмыссыздық түрлері болады. Конверсиялық армияның әскери өндіріске кешен салаларындағы қысқартуға байланысты болады. Экономикалық - нарық коньюнктурасының ауытқуына тауар өндірушілердің бәсекелестік күресте жеңілуіне байланысты болады және бұл жұмыссыздықтың түрі тұрақты сипатта болады. Жоспар арасындағы жұмыссыздық мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық, оның себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және оның себептері мен формалары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық түсінігі, себептері мен формалары
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы мәлімет
ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Пәндер