Қиянат жасамау ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ӨЗЕКТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды.
Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.
1. Мен – Адаммын , жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал, Игенбаева. Б. Қ. Алматы - 2000
2. «Өзін – өзі тану» мен басқа пәндердің ықпалдасуының мазмұны мен тәсілдері , мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал, Мұқажанова Р. А. , Омарова Г. А. , Алматы – 2013
3. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013 – 2014 жж.
4. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қаласы: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж
5. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар, Амонашвили Ш. А. ,Москва - 1996 6.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- -----------------3
МАҚСАТЫ---------------------------- ----------------------------------- -------------4
ӨЗЕКТІЛІГІ------------------------- ----------------------------------- ---------------4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ------------------------------ ----------------------------------- ----5
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ---------11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- ------12

Кіріспе

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. Құндылық термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.
Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы - адам деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі заманына қарай адамы деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол - ұстаз. Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын Өзін- өзі тану жобасының авторы С. А. Назарбаева Өмір әдебі деген кітабында: Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет - жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу! деп адамшылықты бірінші орынға қояды.
Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл- ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін Өзін - өзі тану пәнінің алатын орны ерекше. Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Мақсаты:
Оқушының өмірлік айқындамасын анықтауы; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуі; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге қиянат жасамау.;

Міндеті:
өзін танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде қиянат жасамай белсенділік таныту.

Тақырыптың өзектілігі:

Қиянат жасамауұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы;

Негізгі бөлім

Өзін-өзі тану пәні күні бүгінде өмірдің өз сұранысы, қоғам қажеттілігімен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрінісі болып отыр. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Мыс.:Өзін-өзі тану - барлық даналықтың бастауы. Даналық ол адамдардың бойындағы құндылықтардан туынайды.Ал, адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Ол үшін жас ұрпаққа құндылық деген ұғымның мәнін терең түсіндіре білуіміз керек. Ал құндылықтар туралы мәселені ең алғаш Сократ көтеріп, Өзгені тану үшін алдымен өзіңді-өзің таны деген болатын. Ал құндылықтарды зерттеп, оны ғылымға енгізген Т.И.Петракова. Ол құндылықтарды жүйелеп түрге бөлді:
Табиғи құндылықтар - бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар - бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.Жалпыадамзаттық құндылықтарға Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау, сүйіспеншілік жатады.
Осы құндылықтардың ішінде менің тоқталатын құндылығым ішкі тыныштық . Ішкі тыныштық деген не? сұрағына жауап іздер болсақ, адамдар жан тыныштығын үнемі тыныш жерде болумен шатастырады. Өмірде сәл қиындық көре қалса, адамдар тып-тыныш жаққа кетіп қалғысы кеп тұрады. Бірақ мына мәліметпен танысқан соң, бұл ойларынан айнитын болады.
АҚШ та Орфилд зертханасында әлемдегі ең тыныш жер орналасқан. Бірақ тыныш жер іздейтін адам онда тек 45 минут қана шыдай алады екен. Бұл бөлме 99,99%-ға дыбыс жұтқыш болғандықтан,әлемдегі ең тыныш орын болып есептеледі. Онда аз уақытқа қалған адамның өзінде галлюцинация пайда бола бастайды. Бөлменің қабырғалары 10 метрлік акустикалық қабатпен қапталған. Екі қабатты болат шымылдықпен қоршалып, бір метрлік бетон төселген. Бұл жер әлемдегі ең тыныш орын деген атпен Гиннестің Рекордтар кітабына енген.
Ішкі тыныштық дегеніміз - ол адамның рухани жан дүниесінің тыныштығы. Ал жан дүниенің тыныш болуы ол тікелей ақиқатқа, сүйіспеншілікке, дұрыс әрекетке және адамның ар-ұяты мен сеніміне байланысты. Мысалы өмірде адамдардың көпшілігінің бойында тыныштық жоқ. Себебі олар ақиқатқа жүгінбей өтірік айтуы, дұрыс әрекет жасаудың орнына өзіне және өзгелерге қиянат жасауы мүмкін, яғни ондай жағдайда адамға ар-ұяты маза бермейді. Жастарымыздың бойында жалған намыс сезімініңде көбеюі осының салдарынан деп ойлаймын. Қазіргі таңда адамдар болымсыз, түкке тұрғысыз дүниелермен материалдық дүниеге бола көп ойланып, бас қатырып жатады. Кейде осындай материалдық жағдайларға бола шаңырақтың да төбесі ортасына түсіп шайқалатында көреміз. Оның өзі де адам бойындағы тыныштықтың орнамауына себеп болады. Ал қандай адамның бойында ішкі тыныштық бар? деген сауға келсек, оған менің берер жауабым рухы биік, рухани бай және өзіне және өзгеге деген сенімі жоғары адамдардың бойында тыныштық болады деп айтар едім. Мысалы жаңадан дүние есігін ашқан сәбидің жан дүниесі тыныш. Себебі, дүние есігін ашқан сәби ол-таза, бетіне сызат түспеген ақ қағаз тәріздес. Оны қалай анықтай аламыз. Кішкентай ғана сәбиді қолымызға ұстап, жоғары көтеріп,лақсырса бала жылаудың орнына күледі қуанады. Не үшін? Өйткені бала оны жерге түсірмей, ұстайтын адамның бар екеніне сенеді және нәрестенің бойында жамандық туралы мүлдем ой болмайды, ол зұлымдық ойламайды, айналадан жамандықты көрмейді, бәрінен тек жақсыны көріп, сұлулыққа тамсанады. Ал оның тыныштығының бұзылуы немесе дәл сол қалпында қалуы ол тікелей оның айналасына байланысты. Абай атамыз Бала мінезі үш алуан адамнан жұғады: біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстаздан; үшіншісі - құрбысынан дейді. Ендеше, мына біздер сол тыныштықтың бұзылуына жол бермей, оның сақталуын, баланың жан дүниесінің тыныш болуын қадағалауымыз керек. Ол үшін біздің бойымызда да тыныштық болуы қажет.
Аксиология (грек, axios -- құңды, logos -- ілім) -- құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі -- Игілік деген не? деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажеттіліктерде тоқталып өттік
Балаға арна өзіңді
Сүйіспеншілік түсінігі
Сүйіспеншілік құндылығы
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Суреттерде балалардың балабақшадағы достары
Қазақ тіліндегі аманат концептісі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Осыдан былай қарай, имандылық тәрбиесі жөнінде
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Пәндер