Тыныштық – шынайы бақыт


Тыныштық - шынайы бақыт
,
Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.
Әл-Фараби
Құт - қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы қасиетті ұғым.
Құт сөзі ертедегі Орхон жазба ескерткіштерінде кездеседі (“Тәңірі жарылқауымен құтты қаған болдым”, Күлтегін жазуы) . Көне түркі заманында Құт сөзі төмендегідей мағыналарды білдірді: 1) жан, өмірлік қуат, рух; 2) бақыт, жақсылық; 3) сәттілік, табыс, сыбаға; 4) ұлылық, дәреже; 5) ақиқатқа жету, нұрлану, шынайы бақыт пен шаттыққа кенелу. Осыған сәйкес адам мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің жаралу, өсіп-өну заңдары ұқсастық негізінде, екінші жағынан, күллі жаратылыс тылсым рухтарға тәуелді, тағдырдың бастауы оның көзге көрінбейтін жанында, ал оның иесі, тірі жандарға қуат беретін тәңірлер, құдайлар, күллі мақұлық Құтқа мұқтаж, ол Көк тәңірденкеледі, әсіресе, ел билеушілер Құт қонған адамдар болуы тиіс деген түсінік орын алды. Өйткені ел билеушілер арқылы бұл қасиет басқа қарапайым пенделерге тарайды деген сенім болды. Тәңіршілдікте күнәһарлық туралы ұғым терең дамымағандығына қарамастан, ерте замандардың өзінде түркілерде құттылық пен құтсыздық ұғымы жеке адамның этикалық заңдарды қатаң ұстануымен байланыстырылды. Әйтсе де, көне түркі кезеңінде, сол сияқты кейінгі, исламнан тыс қалған шамандық түсініктегі Алтаймен Сібірдегі түркі тілдес халықтарда Құт туралы түсініктер тұрпайы, ескі натурализм деңгейінде, анимализм (жануарлық), табиғатқа табынушылықпен ұштасқан қалпында қалып қойғаны аңғарылады. Құт көбінесе адам мен жан-жануарлардың тууы, жыныстық өсіп-өнуі, табиғи күш-қуат, жігер, сол сияқты материалдық байлық-молшылық тұрғысынан қаралды. Құт туралы түсініктердің түп-төркіні бұлыңғыр ырымдардың жиынтығы болып қала берді; көп жағдайда мұнан тұрпайы ырымшылдық, дуа (магия), тіпті затқа табыну (фетишизм) тарап жатты. Көне түркілік діни-мифологиялық синкреттік дүниетаным аясында пайда болған Құт ұғымы кейін түркі даласында мұсылмандықсопылық ілімдердің ықпалымен дамып, руханилана түсті, табиғи-нәпсілік деңгеймен шектелмей, өркениеттік өлшемдерге көтерілді. Құттың түп-төркіні Алладан келетін киелі нұр; қуат көзі, күллі ізгілік, береке Алладан, ал оны тарататын пайғамбарлар мен әулиелер, тақуалар деген түсінік қалыптасты. Әулиелердің батасы, шын ықыласымен сыйлаған заттары арқылы (шапаны, асатаяғы, ыдысы, т. б. ) адамдарға құт-береке дариды, ал ол рухани сабақтастық бойынша пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірлерге көшіп, ұдайы жалғасып отырады деген сопылық дүниетаным етек алды. Сонымен қатар ислам дініндегі Құт, бақыт ұғымдары тек фәнитіршіліктегі бақ-дәулетті тілеумен емес, о дүниеде де мәңгілік бақытқа жетуді ойлау керек деп үйретті. Жүсіп Баласағұнның “Құдадғу Біліг” (“Құтты Білік”) поэмасы (11 ғ. ) түркілік Құт ұғымының мұсылмандық-сопылық ілімдер әсерімен өзгеріске ұшырағанының дәлелі. Мұнда Құт иманмен, ақыл-іліммен тығыз байланыста қаралды. Құттың күшін табиғи өсіп-өну, көбею, баю үшін ғана пайдалану емес, оның үлкен бір бөлігін - нәпсілік сипаттан таза рухани қуатқа айналдыру мақсаты алға тартылды. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы мен әдет-ғұрпында Құтқа байланысты көне мифологиялық, тәңіршілдік және діни-сопылық ұғымдар біте-қайнасып, іштей астасып жатыр. Халықтық әдет-ғұрыптарда Құттың ықпалы мен көріністері сан қырлы сипатта көрініс тапқан. Мысалы, отбасының, мал-жанның өсіп-өнуі, абырой-беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Яғни, Құт “адамның басына қонатын Бақыт Құсы” деп саналды. Сонымен қатар ол тек атақты әулиелер, патшалар, т. б. ғана емес қарапайым адамдар арқылы да келетіндігі (“қойшының таяғымен, келіннің аяғымен”), не болмаса Қыдыр арқылы келу мүмкіндігі де теріске шығарылған жоқ (“Қыдырып Қыдыр-Ілияс осы елде жүр, Байларды қарастырып ескі құттан”) . Әулеттің, шаңырақтың Құт-берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (әйелдер, аналар), бүкіл халықтың, тайпаның, т. б. Құтына айналған тұлғалар болады деген сенім де бекіді. Құтты адамнан бата алу, отырған жеріне ырым етіп балаларын аунатып алу, сарқытын ішу, алақанына тәу ету, т. б. ырымдар қазақ халқына кең таралды. Бір кезде ата-бабаларға қонған Құт ұрпақтарына көшеді деген сенімнен аруақты сыйлау, ата-баба заңын, өсиетін қатаң ұстану, осыған орай тұқым тектілігіне мән беру туындады. Арғы бабалары арқылы шаңыраққа ұялаған Құт-берекенің арқасында кейінгі ұрпақ қиналмай бақытты, дәулетті өмір сүреді. Алайда түрлі астамшылықтар, қиянат жасау, нәпсіні тыймау, қанағат-ынсапты ұмыту, арамнан мал жинау, ұрлық ету, Құдайды, тәубені ұмыту, ғайбат сөйлеп, өсек-өтірік айту, елдің қасиетті адамдарын, ата-ананы қадірлемеу, әйелдердің ерін сыйламауы, еркектердің әйелді қорлауы, байлардың кедейлер мен жарлыларды, жетім-жесірлерді жәбірлеуі, т. б. мінез-құлық, іс-әрекеттер салдарынан бақ тайып, аруақ үркіп Құт басқа адамға, әулетке, елге ауып кетуі ықтимал деген түсінік орын алды. Дәстүрлі дүниетанымда Құттың кетуі тіл-көз тиюден, дуа-қарғыстан делінсе, ислам ойшылдары бұл құбылыстың себебін тереңнен іздеді: иманды, адал адамға қарғыс тимейді, оны Алланың өзі қорғайды деп түсіндірді. Құт ұғымына қарама-қарсы түсініктер апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет, т. б. індет-аурулардың көбеюі, мал басының кеміп, жердің құнарсыздануы (“Құсы ұшып көлінен, құты кетіп жерінен”, Шәңгерей), өзен-көлдердің сарқылуы қай нәрсенің де құлдырауын, кері кетуін білдірді. Қазақ халқының басынан бағы тайып, берекесі кеткен зар заманда, тіпті діннің өзі де құтсызданып, нәрсізденіп, нұры, рухы өшіп, яғни адамдарды, қоғамды өзгертетін күш-қуатынан, қасиетінен айрылғанын, сөйтіп сыртқы пішіні ғана қалып, сопылар, ғалымдар қауымы азғандығын халық ойшылдары ашып айтты (“Қайыр кетіп қазаннан, қуат кетіп азаннан”, Мұрат) . 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” Құт заманды аңсау сарынымен қатар, тұтастай құт-сызданған қазақ қоғамы жан-жақты көрініс тапты
Бақыт геометриясы
“БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?”
Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,
Жомарттығы өзгелердің ырысынан жасалған.
Талайларға байлық жинау болса дағы бас арман,
Кейде Бақыт байларға да қолын бермей қасарған.
Әлде Бақыт сұлулық па, олай дейін десем мен,
Сұлулар жүр бай аяққа кілем болып төселген.
Әлде Бақыт билік пен екен қылыш мүдде ұстаған,
Тіпті қайсар қырандары рұқсатсыз ұшпаған,
Жағымпазы сырт көздерді шошындырып сұрқымен,
Бастығының көн етігін шөткелеген мұртымен.
Иә, биліктің қадамы тоқ, қамалы жоқ алмаған,
Кей қасқалар биліктен де бақыт таппай сорлаған.
“Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене
Көрсет маған, құшақтайын, көтерейін төбеме”
Деп едім мен, дәл сол сәтте ойы, бойы сымбатты
Әбден қажып шашы ағарған ШЫНДЫҚ келіп тіл қатты:
Бақыт дәйім санасы мен ұғымында әркімнің
Қанша ғасыр осыны елге ұқтыра алмай сарқылдым.
Қане менің соңымнан ер . . .
Мынау үйге қарашы
Нақ осы үйде жүріп жатыр Бақыт пен Сор таласы.
Үй иесі - жас жұбайлар тілек, ойы қосталған,
Билік, байлық қатар қонып, иықтымен дос болған.
Бірін-бірі сүйгенімен көңілдері тобасыз,
Тобасыздың есігінен кірген ырыс бағасыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz