Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТИРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өсімдік қоғау және карантин» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
Орындаған: Абдрасилов Д
Тобы: ЗР- 312
Қабылдаған: Искендирова Р
Алматы, 2016 ж
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
- Жамбыл облысы облысының топырақ - климаттық жағдайы . . . 4
- Дәнді дақылдарды өсіру технологиясы . . . 4-7
Негізгі бөлім . . . 8
2. 1 Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері . . . 8-14
2. 2 Күресу шаралары . . . 14
Қорытынды . . . 15-16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 17
Кіріспе
Зиянкестер -адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т. б. ) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады.
Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы өндірісіне нұқсан келтіретін көптеген зиянды организмдер таралған. Әртүрлі аймақтарда ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянкестердің 50-ге жуық көп қоректі түрлері мен 100-ден астам маманданған түрлері зиян келтіреді. Республикада шегіртке, астық сұр көбелегі, бақашық-қандала сияқты қауіпті зиянкестердің ірі ошақтары бар, мезгіл-мезгіл шалғындық көбелектің, колорадо қоңызының жаппай таралуы байқалуда.
Соңғы жылдары егістік алаңдары құрылымының барлық жерде өзгеруі және оңтайландырылуы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларының сақталмауы, бос қалған жерлер көлемінің артуы, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау іс-шараларының бүкіл кешенінің орындалмауы, ауа-райы климаттық жағдайларының зиянды организмдердің дамуы мен таралуы үшін қолайлы болуы қабаттасып, нәтижесінде республиканың аумағында өте күрделі фитосанитариялық жағдай қалыптасты.
Дәнді дақылдардың астық сұр көбелегі, бақашық-қандала, гессен шыбыны, бидай трипсі сияқты және басқа зиянкестердің таралуы мен зиянкестігі артып отыр. Жаппай көбейген жылдары гессен шыбыны бір гектардың 3, 5 центнерге дейін егінін құртады. Бақашық-қандала көп таралған алқаптарда да егін өнімдігі төмендейді, сонымен қатар бір мезгілде астықтың, әсіресе, бидайдың қатты және күшті сорттарының технологиялық және нан пісіру сапасы нашарлайды.
1 . 1 Жамбыл облысының топырақ - климаттық жағдайы
Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты - едәуір құрғақ және континентальды.
Табиғаты. Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары) . Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13, 9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27, 8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» - 17, 5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан - арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
Жалпы алаңы 3, 07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, жайрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
1. 2Дәнді дақылдарды өсіру технологиясы
Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты.
Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4, 0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық -түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды.
Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн. га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25, 4ц/га.
Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.
Биологиялық ерекшеліктер . Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұқымның өнуі - бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады.
Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж. б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18, 6°С және 12, 8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.
Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.
Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі.
Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады.
Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С.
Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады.
Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.
Өсіруге рұқсат етілген сорттар . Мироновская 808-Украинаның В. Н. Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз, орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын-гектарынан8, 0-9, 0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты.
Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж. б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы.
Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді. Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді.
Өнімді жинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.
Негізгі бөлім
2. 1 Дәнді дақылдардың кеміргіш зиянкестері
Сұр астық көбелегі - Apamea anceps Schift . Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының қоңыр көбелектер немесе түн көбелектер (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Ол көбіне Қазақстанның солтүстік батыс, шығыс облыстарында жаздық бидайға зияның тигізеді. Көбелектің ұзындығы 15-18 мм. Алдыңғы қанатының түсі қоңыр реңді аралас сұр немесе күңгірт сұр, ал артыңғы жағынан бойлай жолақтар орналасқан, қанаттарының өрісі 38 мм-ге жетеді. Аналық көбелектің жұмыртқа салғыш қынабы қызыл-қоңыр түсті.
Жұмыртқалары өте ұсақ, шар тәрізді, көп қырлы болып келеді. Алғашында жұмыртқа мөлдір ақ түсті, кейіннен ұрықтың даму барысында қызғылт, ал жұлдызқұрт шығар алдында қоңыр түске айналады.
1-сурет. Астықтың сұр көбелегі: 1- ересек жұлдызқұрт; 2 - 3 - көбелек; 4 - зақымданған дән
Бірінші және екінші жастағы жұлдызқұрттар өте ұсақ, бозғылтнемесе жасылдау болады. Басы мен көкірек аяқтары қара-қоңыр. Үшінші, төртінші жастағы жұлдызқұрттардың түсі жасылдау-сұр немесе жирен түсті. Жоғарғы жастағы жастағы жұлдызқұрттар қоңырқай сұр түстес болады.
Қуыршағы қызыл-қоңыр, дене тұрқы 15-18 мм шамасында, құрсақ бөлімінің ұшында 4 қылшық және 2 үшкір тікенек болады.
Жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар 5-15 см тереңдікте топырақ астында немесе жиналмай қалған десте мен сабанның астында қыстайды. Жаппай қуыршақтану мамыр мен маусым айында байқалады. Қуыршақтың даму мерзімі топырақтың температурасына байланысты 25-35 күн.
Көбелектің қуыршақтан ұшып шығуы маусым айынан басталады, ал жаппай ұшуы маусымның аяғы мен шілденің бірінші жартысынан байқалады. Ұшу ұзақтығы 30 күн шамасында, ал жаппай ұшуы тек 10-12 күн. Негізінен кешке және түнде ұшады. Күндіз топырақтың астында және өсімдіктердің төменгі жапырақтарында жатады.
Дәннің сұр көбелектірінің өсімталдығы оның имаго фазаларының даму жағдайлары мен көбелектердің қоректенуіне байланысты 100 жұмыртқадан 2500 жұмыртқаға дейін өзгеріп тұрады. Жұмыртқаларын топтап, масаққа немесе жатынға салады. Жаңа ұрпақтың жұлдызқұрттары шілденің ІІ-онкүндігінде шыға бастайды. VIII-жасқа шейін дамып, 7 рет түлейді. Жұмыртқадан шыққан жұлдызқұрттар масақ гүлінің ішінде қоректеніп, ІІІ-жастан бастап бір жатыннан келесі жатынға көшіп миграциялайды. IV-жастан бастап дәннің сыртын кеміріп жей бастайды, V-жастан бастап жұлдызқұрттар түнде ғана қоректенеді.
Олар өскен сайын қомағай болып келеді. Әр құрт 2 грамдай дән жейтіні анықталды. Негізінен бидайдың, қара бидайдың, арпаның дәндерін және еркекшөп, қылтықсыз арпабастың, бидайық тұқымдарын, сонымен қатар жүгерінің гүл жапырағын, собығын және гүл шашағын кеміріп зақымдайды.
Зиян мөлшері жұлдыз құрттардың санына, қоректену ұзақтығына және ауа райына байланысты болады. Жұлдызқұрттардың сан мөлшері ерте себілген егінде жоғары болады. Олар ылғалдылығы 20% асатын дәндермен ғана қоректене алады. Ауа-райы салқын болғанда жұлдызқұрттардың ұзағырақ қоректенуіне мүмкіндік туады да, өнімнің шығыны арта түседі.
Күресу шаралары: Күзгі және көктемгі зерттеу көрсеткіші бойынша қажетті шешімдер қабылданады. Жұлдызқұрттың қыстап шыққан санын 8-16 үлгілі алаңдарда (әр түлгі 0, 25 м²) топырақ тереңдігі 15 см қазып, топырақты өңдеу қажет. Культиватормен 6-8 см тереңдікте өңдейді. Жаздық бидайды оңтайлы уақытта сепсе, өсімдіктің масақтануына көбелектердің жаппай ұшуы бұзылады. Жұлдызқұрттың І-ІІ жас кезінде 10 жерінен 20-25 масақтан алып қапшыққа салады, оны 1-2 тәулік кептіреді. Жұлдызқұрттарды есептеу қапшықтағы масақтарды талдау арқылы жүзеге асырылады.
Э. З. Ш тауарлық бидай егісіне 200 масаққа 15 жұлдызқұрт. Құрғақшылық жылдары тұқымдық егісте Э. З. Ш - шегінің саны 100 масаққа 7 жұлдызқұрттан көп болса, инсектицидтермен өңдейді. Астықтың сұр көбелегінің жұлдызқұртына қарсы Агроцип 10% к. э. 0, 2-0, 3 л/га; Болид в. д. г. 0, 03 л/га; Борей с. к. 0, 1-0, 12 л/га; Брейк м. э. 0, 075 л/га; Геркулес с. к. 48% 0, 015-0, 02 л/га; Варрант в. к 0, 05-0, 7 л/га; Герольд в. с. к. 0, 04 л/га; Гюхарад 5% 0, 15 л/га бүрку жүргізу керек.
Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt . (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) .
Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм -дей, сопақша келген деңесі дөңестеу, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар, артқы аяғы секіргіш. Жұмыртқасы ақшыл-сары, ұзындығы 0, 5 мм. Дернәсілдері ақшыл сүр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы-3, 5мм. Қуыршағы дернәсіліне қарағанда күңгірттеу болып келеді.
2-сурет. Астықтың жолақ бүргесі
Қазақстанда кең тараған. Әсіресе, солтүстік Қазақстанның дала және орманды-далалық аудандарда көп кездеседі.
Бұл қоңыздар бір генерация беріп дамиды. Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелерінде, сайларда қыстайды. Күздік дақылдар және жабайы астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.
Жұмыртқаларын топырақтың үстіңгі қабаттарына салады. Дернәсілдері әр түрлі ұсақ тамырлар мен өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Қоректену мерзімі аяқталған соң, топырақ арасында қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы екі аптаға созылады. Жаңа ұрпақтың жас қоңыздары жаздың екінші жартысында вегетациясы аяқтала қоймаған астық тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарында қоректеніп, қысқы ұйқыға кетеді.
Өсімдіктерді негізінен қыстап шыққан қоңыздар зақымдайды. Олар жапырақтың үстіңгі бетінің паренхимасын кеміріп қоректенеді. Нәтижесінде зақымдалған жапырақ бетінде ұзынша үлкен тесіктер пайда болады. Көбіне ондай тесіктердің астыңғы жақтарын жұқа үлпек жауып тұрады.
Бүргелер қатты зақымдаған егін сиреп, оның көктерінің өсуі кешеуілдейді және нашар түптенеді.
Астықтың жолақ бүргесі зақымдауы өсімдіктің көктеуінен бастап, оның үшінші жапырағы шыққанға дейінгі кезеңде өте қауіпті. Сондықтан олардың зияндылық дәрежесі астықты себу мерзіміне тікелей байланысты. Солтүстік облыстарда ерте себілген егіндер көбірек зақымдалады. Ал кеш себілген егіндерде олардың көктері шыққанша қоңыздар қоректенуін тоқтатып, жұмыртқалауға кіріседі. Көктемде ауа-райы неғұрлым ыстық және құрғақшылық болса, бүргелердің зиянкестік әрекеттері соғұрлым жоғары болады. Олар дәнді дақылдардың ішінде жаздық бидайды қатты зақымдайды. Кейде олар қызылша, қыша, бұршақ тұқымдастары мен көкөніс дақылдарын да зақымдайды.
Күресу шаралары.
Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0, 25м) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25 процент көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады
.
Астық сабағының үлкен және кіші бүргелері - Chaetocnema aridula Gyll., hortensis Geofr. (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) . Қазақстанда тегіс таралған, бірақ республиканың солтүстік бөлігінің далалы, орманды-далалық алқаптарында, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде тау етектеріне орналасқан аудандарда зиян келтіреді.
Қоңыздар қола түстес немесе жасыл реңді жылтыр қара болады. Денесінің үстіңгі жағы дөңестеу, сандары жуан, жақсы секіреді. Үлкен бүргенің ұзындығы 2, 5-3 мм, ал кішісінікі - 2, 6-2, 3 мм. Дернісілдері цилиндр тәрізді, бозғылт түсті, денелерінің ұзындығы 5 мм-ге жетеді. Бас, кеуде аяқтары және артқы бөлігі хитинді келеді.
Қоңыздар егіс танаптарында өсімдің қалдықтарының астын, тың жерлерде шым арасын, орманды алқапта жерге түскен жапырақтардың астын және бұталардың түптерін паналап қыстайды. Қоректенуге көктемнің алғашқы жылы күндерінен бастайды. Алғаш олар әр түрлі жабайы астық тұқымдас өсімдіктер өсітін учаскелерді және күздік егістерді мекендеп, жаздық егістерге көшеді. Қоңыздар негізінен өсімдік сола бастаған төменгі жапырақтарының паренхимасын кеміріп жейді. Ауыл шаруашылық дақылдар үшін аса қауіпті емес. Негізінен дернәсіл фазасында зиян келтіреді.
Көктемгі қоректенуден соң жұмыртқалауға кіріседі. Үлкен астық бүргесі жұмыртқаларын тамыр мойнына таяу орналасып қурай бастаған жапырақ тканіне, ал кіші астық бүргесі өсімдік түбіне таяу топырақтың үстіңгі қабатына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан дернәсіл сабақты тесіп ішіне енеді де, ондағы дамып келе жатқан бастапқы жапырақпен қоректенеді. Әдетте, дернәсілдің өсіп-жетілуі бір сабақтың ішінде өтеді, алайда, кейде олар бір сабақтан екінші сабаққа көшіп отыруы да мүмкін. Дернәсілдің дамуы 14 күннен 20 күнге дейін созылады, одан соң сабақты тесіп шығады да, топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. Жаңа ұрпақтың қоңыздары шілде-тамыз айларында шығады да, одан соң қысқы ұйқыға кетеді.
Сабақ бүргелерінің дернәсілдері түптену кезінде зақымдалған өсімдіктің орталық жапырағы сарғайып солады да, қурап қалады. Мұндай зақымдаудың сыртқы белгісі шведтік шыбынның зақымдауына өте ұқсас. Сондықтанбүргелердің зақымдалғанын олардың дамуы аяқталған дернәсілдері шығу үшін жасаған тесігі арқылы ажыратып білуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz