Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу


ҚАЗАҚСТАН МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Жеміс-көкөніс шаруашылығы және экология
Семестрлік жұмыс
Тақырыбы:Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Орындаған АГ-304-топ студенті
Әділет Ә.
Қабылдаған Абдраманова Г.
Алматы 2016ж
Жоспары
I. Кіріспе . . . 3
II. Негізгі бөлім
2. 1. Алматы облысы, Көксу ауданының табиғи климаттық жағдайына сипаттама . . . 4
2. 2. Шекілдеуікті жемістердің биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өнуі . . . 6
2. 3. Сүйекті жемістердің биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өнуі . . . 9
2. 4. Бүлдірген мен таңқурайдың биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өнуі . . . 11
2. 5. Қарақат пен тұшаланың биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өнуі . . . 12
2. 6. Шеткі жолақ пен жел қаққыш қатарға отырғызылатын ағаштарға сипаттама . . . 13
2. 7. Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру . . . 16
III. Қорытынды . . . 25
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26
Кіріспе
Жеміс шаруашылыңы адам өмірінде де, әлемдік дамуда да пайдасы өте зор. Жеміс жіне жидек құрамындағы құрамындағы қанттардың басым көпшілігі моноқанттардан тұрады. Жеміс қанты адам организмінде энергиялық процестерді тездетуге қатысса, яғни атеросклерозға шалдықтырмай, қан қысымының көтерілуін тежейді. Демек адамдар үшін жемісті көп мөлшерде пайдалану тиімді. Жемістер құрамында макро және микроэлементтер (Fe, P, Mg, I, Mn, K, т. б. )
Жеміс шаруашылығы әлемдік дамуда көптеген шарушылықтарда түрлі жұмыстар мен шаралар жасауда . Сонымен қатар жеміс шаруашылығы сауда-саттық саласында, көгалдандыру жүйесінде, түрлі емдік дәрі-дәрмек-тер, косметикалық сұйық бұйымдар шығаруда қар-қынды дамуда. Көгал-дандыру жүйесінде жеміс бақтары елді мекендерге сән беріп, адамдардың сезіміне әсер етеді.
Жеміс-жидектің маңызы, оның пайдалылығы, әсіресе, азық-түліктік, емдік, диеталық қасиеттері адамға өте ерте заманнан белгілі болған. Жеміс шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс шаруашылығына: жеміс шаруашылығының өзі (шекілдеуіктілерді, сүйектілерді, жаңғақтылар-ды өсіру), жидек шаруашылығы, көшет шаруашылығы, субтропикалық жеміс шаруашы-лығы және цитрус шаруашылығы жатады. Жемістер, жидектер және жаңғақтар - құнды қоректік өнімдер. Олардың құрамында қанттар (фруктоза, глюкоза, сахароза) мөлшері өте көп. Жеміс шаруашылығы өнімдерінің көптеген қасиеттері диетикалық және емдік қоректенуде оның маңызын одан әрі арттырады. Алма мен алмұрттың қыстық сорттарының жемістері, жаңғақтар, сүйектілердің және жидектідақылдардың мұздатылған жемістері ұзақ сақтауға және алысқа тасымалдауға жарамды болып келеді.
Жеміс-жидектер және жаңғақтылардан, сонымен қатар тосаптар, компоттар, повидло, пастила, мармелад, джем, конфет тер, шырындар, шараптар, спирттер және кептірілген жемістер дайындайды. Сондықтан да жеміс шаруашылығы өнімдерін жыл бойына пайдалануға болады.
Көптеген жеміс өсімдіктері сәндік ретінде қалаларды, басқа да тұрғылықты жерлерді көгалдандыруға қолданылады. Жеміс-жидек өсімдіктерінің барлығын балды өсімдіктерге жатқызуға болады
Алматы облысы, Көксу ауданының табиғи климаттық жағдайы
Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км 2 . Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631, 7 мың адам (1998) . Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көліарқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
![]()
Геологиясы. Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т. б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер - соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тасжәне қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.
Климаты. Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солт. жазық бөлігінде - 10-16°С, оңтүстікте - 4-9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25°С, оңтүстігінде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23°С, тау аңғарларында 19-22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Топырағы мен өсімдіктер дүниесі. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Көксу ауданы - Алматы облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 6, 9 мың км². Тұрғыны 40 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5, 7 адамнан келеді (2009) . Аудандағы 39 елді мекен 9 ауылдық және 1 кенттік әкімш. округке біріктірілген. Аудан орталығы - Балпық би кенті. Көксу ауданың шығыс, оңтүстік-шығыс бөлігі таулы-қыратты. Оңтүстік-шығысында Шаған тауы, шығысында Албасу (Лабасы), Қызылауыз, Сарыбастау, Жуантөбе, оңтүстігінде Ашудасты, Достар, Ақшоқы таулары, батыс бөлігінде Көкешиелі жотасы орналасқан. Батысын Мойынқұм, Аралқұм, Жетіжал құмдары алып жатыр. Ауданның ең биік жері Шаған тауларында (2551 м) . Кен байлықтарынан Желдіқара кен орнында алтын және күміс кендерінің қоры барланған, сондай-ақ құрылыс материалдарының қоры бар. Көксу ауданының климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -9 - 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы -35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 - 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 - 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 - 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т. б. өседі.
Аудандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорны - «Көксу-Шекер» АҚ қант зауыты. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің жалпы аумағы 638, 2 мың га (2008), оның ішінде жыртылған жері 29, 8 мың га, шабындығы 9, 3 мың га, жайылымдары 600 мың га. Өсімдік шаруашылығында астық дақылдары басым (13, 3 мың га) .
Шекілдеуікті жемістердің биологиялық ерекшеліктері мен өсіп-өнуі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz