Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы. Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климаттық жағдайы
2.2 Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы
2.3 Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама
2.4 Ауру қоздырғыштың биологиялық даму кезеңі
2.5 Сүйекті жемістілердің негізгі ауруына қарсы күресу шарасының жүйесі
2.6 Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында сүйекті жемістілерді аурулардан қорғау шарасының жүйесі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өсімдік ауруларын фитопатология ғылымы зерттейді. Ол өсімдік пен ауру туғызатын қоздырғыштарды, олардың дамуына қолайлы сыртқы ортаны, ауру өсімдіктегі физиологиялық, биологиялық өзгерістерді, қоздырғыш пен өсімдік арасындағы байланысты зерттеп, кеселдің алдын алу немесе күресу арқылы оның зардабын төмендету шараларын белгілейді.Ауру деп абиотикалық және биотикалық жағдайлардан өсімдік физиологиясы, биохимиясы, және құрылысының қалыптан ауытқып, оның өніміне әсерін тигізетін құбылысты айтады.Даму ұзақтығына байланысты ауру қарқынды және созылмалы болып бөлінеді. Қарқынды дамитын аурулар (тат, фитофтороз, т.б.) тез дамып, бір вегетациялық кезеңде бітеді, ал созылмалы түрлері (сүйекті жемістілердің цитоспорозы, рак, т.б.) бірнеше жылдарға жалғасады.
Қазіргі кезде Қазақстан үкіметінің халықтың әл-ауқатын жақсартудағы негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндетті іске асыруға өсімдік шаруашылығының барлық салалары атсалысуы тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жақсы ұйымдастырылған өсімдік қорғау шаралары қажет екендігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.Зиянкестер мен аурулардың келтіретін шығындары біздің елде де аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25-30%-ын жоюда. Сонымен қатар, жиналып алынған өнімді қоймада сақтау кезінде зиянды организмдердің оған келтіретін шығын мөлшері кей кездері 60-70%-ға жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында сүйекті жемістілер негізінде саңырауқұлақтардың әсерінен туатын ауруларға шалдығып, ал бактериялы және вирусты кеселдер сирек кездеседі.
Барлық сүйекті жемістілердің қатерлі аурулары клястероспориоз және цитоспороз болып табылады. Коккомикоз ауруы шиеге, полистигмоз немесе қызыл дақ алхорыға, жапырақтың бұйралануы және ақ ұнтақ аурулары шабдалыға едәуір зиян келтіреді.
1. Н.Ашықбаев, Б. Дүйсембеков, А.Ағыбаев, Р.Карбозова «Өсімдік қорғау» Астана-2011. 353-361 бет
2. Карбозова Р.Д. «Фитопатология» Алматы-2002. 43-46 бет
3. Интернет көздері - «Ауру қоздырғыштарының суреттері»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климаттық жағдайы
2.2 Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы
2.3 Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама
2.4 Ауру қоздырғыштың биологиялық даму кезеңі
2.5 Сүйекті жемістілердің негізгі ауруына қарсы күресу шарасының жүйесі
2.6 Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында сүйекті жемістілерді аурулардан қорғау шарасының жүйесі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Өсімдік ауруларын фитопатология ғылымы зерттейді. Ол өсімдік пен ауру туғызатын қоздырғыштарды, олардың дамуына қолайлы сыртқы ортаны, ауру өсімдіктегі физиологиялық, биологиялық өзгерістерді, қоздырғыш пен өсімдік арасындағы байланысты зерттеп, кеселдің алдын алу немесе күресу арқылы оның зардабын төмендету шараларын белгілейді.Ауру деп абиотикалық және биотикалық жағдайлардан өсімдік физиологиясы, биохимиясы, және құрылысының қалыптан ауытқып, оның өніміне әсерін тигізетін құбылысты айтады.Даму ұзақтығына байланысты ауру қарқынды және созылмалы болып бөлінеді. Қарқынды дамитын аурулар (тат, фитофтороз, т.б.) тез дамып, бір вегетациялық кезеңде бітеді, ал созылмалы түрлері (сүйекті жемістілердің цитоспорозы, рак, т.б.) бірнеше жылдарға жалғасады.
Қазіргі кезде Қазақстан үкіметінің халықтың әл-ауқатын жақсартудағы негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндетті іске асыруға өсімдік шаруашылығының барлық салалары атсалысуы тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін жақсы ұйымдастырылған өсімдік қорғау шаралары қажет екендігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр.Зиянкестер мен аурулардың келтіретін шығындары біздің елде де аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25-30%-ын жоюда. Сонымен қатар, жиналып алынған өнімді қоймада сақтау кезінде зиянды организмдердің оған келтіретін шығын мөлшері кей кездері 60-70%-ға жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында сүйекті жемістілер негізінде саңырауқұлақтардың әсерінен туатын ауруларға шалдығып, ал бактериялы және вирусты кеселдер сирек кездеседі.
Барлық сүйекті жемістілердің қатерлі аурулары клястероспориоз және цитоспороз болып табылады. Коккомикоз ауруы шиеге, полистигмоз немесе қызыл дақ алхорыға, жапырақтың бұйралануы және ақ ұнтақ аурулары шабдалыға едәуір зиян келтіреді.

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи климаттық жағдайы

Төл би ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км² (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы. (1945).
Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек кұртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеншар болған. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан - бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар.
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7%) маманданған. Мақсары (13,3%), арпа (3,1%), көкөніс (2,3%), картоп (1,9%) өсіріледі. Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 30,0%-ын ет өндірісі, 17,5%-ын дәнді дақыл, 15,0%-ын сүт, 9,6%-ын көкөніс құрайды. Фудмастер-Шымкент компаниясы - сүт өнімдерін, Ақмаржан акционерлік қоғамы - ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, Оңтүстік мұнай-газ ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.

2.2 Сүйекті жемістілерді өсіру технологиясы

Жеміс-жидек шаруашылығы-жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн. Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді - шиені, алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді - бақшаның оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа жақын отырғызу керек. Жерді жырту алдында органикалық және минералды тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені екі-үш рет тереңдігі 18-20 см етіп қайта өңдеп немесе күрекпен қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. Көкөніс дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.Жеміс-көкөніс өнімдерінің ішіндегі тағы бір танымал түрі - алма.Алма көшеттерін отырғызатын шұңқырларды ертерек әзірлеу керек, топырақтың отыруына
уақыт қалдыру үшін оларды кем дегенде көшет отырғызардан бір ай бұрын дайындаған дұрыс. Шұңқырларды тереңдігі 60 см-ге дейін, диаметрін 1-1,2 м-ге дейін, көшет отырғызылатын орынннан алынған топырақтарды органикалық тыңайтқыштармен араластырып қазады.Алмалардың піскенін екі белгісі бойынша анықтайды: ең алдымен бұл жемістердің сорттарына байланысты түсі мен дәмінің сипатына қарай; екіншіден - сау алмалардың үзіле бастауына қарай. Сақтау үшін алмалардың барлық сорттары жарай бермейтінін ескеру керек. Тек күзгі және қысқы сорттар ғана жақсы сақталады. Олардың толық пісуі өнімді жинап алғаннан соң белгілі бір уақыттан кейін келеді: сортына байланысты - күзгі сорттары 15-30 күннен кейін, ал қысқылары - 2-6 айдан кейін тұтынуға әбден лайық болады. Алма желдетілетін, ауа температурасы 3°С, ауа ылғалдылығы шамамен 85-95% орындарда жақсы сақталады. Бұндай жағдайлар жертөле немесе үй астындағы қоймаларда жасалуы мүмкін.Жер учаскесін игере бастағанда еңбек құралдарын да ойластыру керек. Топырақты өңдеу үшін еңбектің дәстүрлі құралдары күрек, тырма, түрлі құрылымдағы қопсытқыштар мен отауыштар және т.б. пайдаланылады.Технологияның барлық элементтерін тиімді пайдаланбай, жоғары өнімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсіл табу мүмкін емес. Бірақ кез келген көкөністі өңдеу технологиясына тән бірқатар заңдылықтар бар.Жеміс-көкөніс дақылдарының көпшілігіне ортақ талап - олардың мөлшерлеріне қарай ұрықтарын жұқа етіп жабу болып табылады (ұрықтарды бастырудың тереңдігі әдетте ұрық диаметрінен 3-4 есе үлкен болады. Бұл егістік топырағының қатпарын (2-4 см) өте тиянақты әзірлеуге ғана қатысты емес, ұзақ мерзім бойы ылғалдылықтың сақталу әдістерін қолдануға да байланысты (ұрық әдетте 2-3 аптадан соң өсіп шығады), еккеннен кейінгі суару қажеттілігі де осыдан туындайды. Көктемде тез қызатын, мейлінше жеңіл (құмдауыт немесе сазды) топырақ пайдалырақ, ал екінші жағынан көкөніс дақылдарының көпшілігі ылғалды жақсы көреді және тұқым өне бастағаннан өнімнің қалыптасуы үшін ылғалдылық аса қажет.Топырақтың ылғалдылығы басым, жылу жетіспейтін аймақтарда жерді күзде емес көктемде аударған дұрыс (жерді күзде аудару оңтүстіктегі қуаң жерлер үшін пайдалы). Жылу мөлшері өте көп, ылғалдылық жетіспейтін қуаң өңірлерде топырақты күзде өңдеген дұрыс, өйткені жер күзгі-қысқы жауын-шашыннан ылғалды мол сіңіріп, көктемге жеткілікті түрде нығыздалуы керек. Бұлай жасаған уақытта көктемде ылғал аз буланып, топырақ температурасы да тез көтерілмейтін болады.

1-сурет.Сүйекті жемістілер
2.3 Сүйекті жемістілердің негізгі ауруларына сипаттама

2- сурет. Сүйекті жеміс аурулары

Клястероспориоз (тесікті дақ)
Ауру кең таралған, әсіресе республиканың оңтүстігінде жиі кездеседі.Ағаштың жапырағы, жемісі, өркені, бұтағы, өсу және гүл бүршіктері залалданады.
Жапырақ бетінде алғаш қызғылт дақтар түзіліп, кейін сары-қоңыр түске айналып ортасы ақшыл, шеті қызыл-қоңыр жиекпен шектеледі. Дақтардың көлемі мен пішіні әртүрлі болады. Дақ кейін үгітіліп, түсіп, жапырақ тесіледі, сондықтан бұл ауруды тесікті дақ деп атайды. Кесел қатты дамығанда жапырақтар түгел түседі.
Өркенде бүршік негізінен бастап алғаш нүктедей, кейін көлемі 2-5 мм-ге дейін ұлғаятын дөңгелек сары-қызыл немесе күлгін-қызыл жиекті, ортасы ашық түсті дақтар пайда болады. Ұлғая келе дақтар ұзарып, жарылып, ойық жара түзіледі де, одан қою, дәмі тәтті шырыш бөлінеді. Жара айналасындағы ұлпалар көбейіп дөңестеніп оның бетінде саңырауқұлақтың конидиялы спора тасушылары қоңыр өңез түрінде байқалады.
Жеміс бетінде майда, қызғылт немесе қоңыр дақтар пайда болады да, олар ұлғайып залалданған ұлпа астынан жаңалары түзіліп, сәл дөңестеу қабыршақ құрады. Қабыршақ түсіп, орны ойылып қалады. Шие және қызыл шие жемістерінің залалданған бөлігінде ұлпа өспей кеуіп, сүйегі көрінеді.
Гүл бүршігі ашылғанға дейін инфекция тостаған жапырақшаларда жинақталып, гүлдеуден кейін аталығы мен аналығы залалданып, түйіндер түзілмей түсіп қалады.
Залалданған бүршіктер қурап жойылады. Ауру бүршіктерден бөлінген шырыш кеуіп, жылтырап, түсі қараяды. Саңырауқұлақтың жіпшумағы мен конидиялары бүршік қабыршақтарының арасында, әсіресе негізінде сақталады.
Ауру қоздырғышы - Clasterosporium carpophilum Aderh. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың тек конидиялы кезеңі болады. Конидия тасушылары бір клеткалы, қысқа. Конидиялары ұзынша, ұштары доғалданған, кейде шоқпар тәрізді, түсі сары-қоңырдан қара-қоңырға дейін, 3-4 (кейде 7) перделі, көлемі 23-62 х 12-18 мкм.
Саңырауқұлақ жіпшумағы ағаштың қабығы мен діңінде, ал конидиялары залалданған қабық бөлігінде, бүршіктерде және шырышта қыстайды. Конидиялар жел, жаңбыр және насекомдармен таралады. Жас жапырақтар жиі залалданады. Қоздырғыштың инкубациялық кезеңі - 2-3, кейде 5-7 күн. Саңырауқұлақ көктемде, жаз бойы және күз бен қыстың жылы кездерінде таралып, өркен мен бүршікті залалдайды.
Ауру аса зиянды. Кеселден әлсіреген өсімдік өнімінің саны мен сапасы төмендеп, жемістің тауарлық кейпі кемиді.

3-сурет. Клястероспориоз

3.2-суретте - Клястероспориоз
Алхорының қызыл дағы (полистигмоз)

Кесел республиканың солтүстігі мен Алматы облысының жеміс ағаштары өсірілетін аймақтарында таралған.
Жапырақтың екі бетінен де айқын білінетін сарғыш немесе ашық қызыл түсті дақтар пайда болады. Соңыра дақтар қалыңдап, қызыл түске айналып, жалтырап, жапырақ түскеннен кейін олар қоңырланады. Дақ үстінде пикнидалардың саңылаулары көрінеді.
Ауру қоздырғышы - Polystigma rubrum DC. саңырауқұлағы. Қоздырғыш барлық сүйекті жемістілерді залалдайды. Ине тәрізді сәл иілген конидиялар пикнидадан ақ таспа сияқты иректеліп шығады. Олар өсімдікті залалдамайды, тек жыныстық процесте қатынасып, саңырауқұлақтың қалталы кезеңі дамиды.
Саңырауқұлақ перитеций түрінде түскен жапырақтарда қыстайды. Перитецийлер шар тәрізді, стромаға батып орналасады. Қалталарының пішіні шоқпар сияқты, бір клеткалы 8 сопақша споралары бар. Олар қыс бойы жетіліп, көктемде жас жапырақтарды залалдайды.
Көктемгі мол жаңбыр аурудың дамуына жағдай туғызады. Кесел қарқынды дамығанда жапырақтар жаппай қурап, әлсіреген ағаштардың гүлдері мен түйіндері түсіп, суыққа төзімсіз келеді.

4-суретте- Алхорының қызыл дағы (полистигмоз)

Алхорының қалташығы
Кесел республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі.Ауруға ағаштың бұтағы мен жемісі шалдығады. Жемістер пішінін өзгертіп, ұзарып кейде иіліп, етті бөлігі шырынсыз болады. Залалданған жеміс сүйегінің орнында қуыс түзіледі.
Өсімдіктің гүлдері залалданып, олардан ауру жеміс түзіледі. Жемістер алғаш жасыл түсті, кейін сарғайып, қоңырланады да беті саңырауқұлақтың қалта мен қалтаспораларынан тұратын ақ-сұр өңезбен жабылады.
Ауру қоздырғышы - Taphrina pruni Tul. саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы жеміс кутикуласының астында дамиды. Қалталары цилиндр, ал қалтаспоралары сопақша пішінді. Бір қалтада 8, кейде одан да көп спора болады.
Ауруға шалдыққан бұтақтар жуандап, бұралып өседі. Қоздырғыш бұтақтардың сыртқы қабатында қыстап, көктемде гүл сағағымен гүлге көшіп, соңыра түйіндерді залалдайды. кеш гүлдейтін және гүлдеу кезеңі ұзаққа созылатын сорттар, гүлдеуі қысқа мерзімде өтіп, ерте гүлдейтіндеріне қарағанда қатты залалданады. Гүлдеу кезеңіндегі жоғары ылғалдылық пен жылылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Кесел өте зиянды. Залалданған жемістер қатайып, қалташыққа айналып, жеуге жарамсыз болады.

Шабдалы жапырағының бұйралануы

Ауру барлық жерлерде кездеседі, әсіресе Алматы облысында аса зиянды.Кеселдің белгісі ерте көктемде жапырақтар түзілгенде білінеді. Залалданған жас жапырақтар қалыңдап, серпімділігі төмендеп, сынғыш келіп, қисайып, бұйраланады. Ауруға шалдыққан бөліктер қызғылт-сары немесе ашық жасыл түске айналады. Мұндай жапырақтар көп ұзамай қурап, түсіп, кесел қарқынды дамығанда ағаш жалаңаштанады да, соңынан түйіндері түсіп, қалғандары жетілмейді.
Жапырақпен қатар ағаштың өркені және жемісі залалданады. Жеміс беті бұдырланып, кейде шытынайды, ал залалданған өркендер жуандап, қисаяды. Кеселге шалдыққан ағаштардың өсіп-өркендеуі саябырлап, қысқы суыққа төзімсіз келеді.
Ауру қоздырғышы - Taphrina deformans Tul. саңырауқұлағы. Залалданған жапырақтың астыңғы бетінде қалта мен қалтаспоралардан тұратын ақшыл немесе сұрғылт, тығыз өңез пайда болады. Қалталар шоқпар немесе цилиндр тәрізді, әрқайсысында 4-8 шар тәрізді қалтаспорадан түзіледі.

5-сурет. Шабдалы жапырағының бұйралануы

Саңырауқұлақ аскоспоралар мен жіпшумақ түрінде бүршік қабыршақтарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Сұр шірік
Дәнді дақылдардың аурулары
Жеміс шаруашылығының маңызы
Жемісті өсімдіктердің өсуі және жеміс салудың заңдылықтары
Жеміс ағаштары
Гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локуласкомицеттер (қуыс қалталылар) класс тарағы туғызатын ауру түрлері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Томатты көкөністер
Бассейіндік балық өсіру технологиясы
Пәндер