Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
1.1. Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ...5
1.2. Оқытудағы жаңа тәсілдердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ДИАЛОГТІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1. Диалогтік оқытудың педагогикалық.психологиялық негіздері ... ... ... .19
2.2. Диалогтік оқыту арқылы оқушының танымын дамыту ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3. «Мәдениет диалогын» қазақ тілі сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», - деп ерекше бөліп көрсетті [1].
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды ізгілікті, компетентті, толерантты, тұлғалық-бағдарлық бағытқа бейімдеу талабы тұр.
Қазіргі техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үдерістерін ізгілендіру-өзін-өзі дамытып отыратын бәсекеге қабілетті, жоғары сауатты шығармашыл тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүние жүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беру жүйесіне көшу, құзыреттілікке негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальдандыруы; іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық әдістер. Осы инновациялық әдістерді қазіргі таңда орта мектеп оқу үдерістерінде қолдану жаңа сипатқа ие болды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заман талабына сай білім берудегі жаңа оқыту технологияларын енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында бала белсенділігі мен дүниетанымын оқытуға негізделген тәсілді енгізу. Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі — диалог сөз. Пайдаланылатын тілдік үлгілердің саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ өзге де бірқатар себептерге байланысты және ауызекі сөйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе, диалог сөздің монолог сөзден күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты бәрібір диалог сөзге беру қажет. Өйткені, кейіннен монолог сөзде пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог арқылы меңгеріліп, есте сақталады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда жаңа иновациялық әдістерді қалай пайдалану керектігі жөнінде зерттеулер жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты. Сабақта диалогтік әңгімені пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын, идеяларын дәлелдеуіне көмектесу
- Сабақта диалогтық оқытуды оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;
- Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілерін қарастыру;
- Диалогтік әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме – дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау;
- Сабақта диалогті қолдана отырып, оқушылардың танымын дамыту.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. // Егемен Қазақстан, 19.01.2006, №16
2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
3. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004
4. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.
5. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
6. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007
7. Мұғалімге арналған нұсқаулық
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы: Білім. 1997. -176.
9. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы
10. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Құрастырған Айтмамбетова Б.Р., Бозжанова К., Ильясова А. Т.б. -Алматы: РБК., 1995.
11. Дидактика средней школы / Под ред. М. А. Данилова, М. Н. Скаткина. М., 1975.
12. Бахтин М.М. Эстетика в словесном творчестве. —Москва: Искусство, 1979. -с.423.
13. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы, 2003ж
14. Саломатов К.И. Практикум по методике преполвания иностранных языков// Иностранный язык в школе. - 1987. - 3. - с.92-93
15. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
16. Қоянбаев Ж. Педагогика: оқу құралы. - Алматы : Рауан, 1992. - 240 б
17. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларға идеялық-адамгершілік тәрбие беру. -Алматы, 1970. -157б
18. Зимняя И. А. Педагогическая психология: учеб, пособие. —Ростов на Дону: Издательс. «Феникс», 1997. - 480с.
19. Жарықбаев Қ. Психология. -Алматы: Білім, 1993. -2426.
20. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. - Алматы: Мектеп, 1978. -110б.
21. Жадрина М.Ж. Дидактические основы построения содержание вариативного образования. Автореф. дисс. ... д.п.н. - Алматы, 2000. -48 с.
22. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. -Москва: Педагогика, 1977. -304с.
23. Гальперин П.Я. Психология мышление и учение о поэтапном формировании умственных действий (Исследование мышления в советской психологии). -Москва: Наука, 1966. - 277с.
24. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы: Ана тілі, 1992. -270б.
25. Шаталов В. Ф. Эксперимент продолжается. — М.: «Педагогика», 1989. — С. 334.
26. Матюшкин А.М. Основы проблемного обучения. -Москва, 1968.
27. Якубинский Л.П. О диалогической речи. -Москва: Наука, 1986. - 25-32С.
28. Кошербаева Г.Н. Развитие межкультурного диалога в педагогическом процессе высшей школы. Автореф. дисс. ... к.п.н. -Тараз, 2003.-30с.
29. Библер В.С. Нравственность. Культура. Современость:
философские размышления о жизненных проблемах. -Москва: Б.и,., 1988. - 57с.
30. Курганов С.Ю. Ребенок и взрослый в учебном диалоге // Народное образование. -Москва, 1989. -№ 2,4,5.
31. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении: Логико-психологические проблемы построения учебных предметов М.: Педагогическое общество России, 2000. — 480 с.
32. Парыгин Б.Д. Основы социальной психологии. -Л,. 1971. -с.244.
33. Станкин М.Н. Психология общения: Курс лекций, -Москва, 2000.-с.З.
34. Хан Н.Н. Теоретические основы сотрудничества в педагогического процессе общеобразовательной школы. Дисс. ... д.п.н. - Алматы: АГУ. 1998.
35. Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий: Пособие для преподавателей. [Мұғалімдерге арналған құрал: педагогикалық технологиялар энциклопедиясы] — СПб.: КАРО, 2002.— 368 с.
36. Библер В.С. От наукоучения – к логике культуры: Два философских введения в XXI век. М., 1991. 413 с.; Его же. Культура. Диалог культур (Опыт определения) // Вопр. философии. 1989. № 6. С. 31–42.; Его же. Нравственность. Культура. Современность. М., 1990. Его же. К философии культуры // Замыслы. М. 2002.
37. К философии культуры // Библер В.С. Замыслы. М., 2002.
38. Библер В.С. «Ах, какой воспитанный, образованный, просвещенный, культурный человек!..» (Об историческом, личностном и педагогическом споре этих определений) // Замыслы. М., 2002.
39. Библер В.С. Школа диалога культур. Кемерово, 1992. С. 5-6.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
1.1. Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ...5
1.2. Оқытудағы жаңа тәсілдердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ДИАЛОГТІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2.1. Диалогтік оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері ... ... ... .19
2.2. Диалогтік оқыту арқылы оқушының танымын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . 30
2.3. Мәдениет диалогын қазақ тілі сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... 47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..58
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі, - деп ерекше бөліп көрсетті [1].
Осыған орай дүниежүзілік жаһандану жағдайларына байланысты біздің Республикамыздың жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушыларды бәсекеге қабілеттендірумен қатар, оларды ізгілікті, компетентті, толерантты, тұлғалық-бағдарлық бағытқа бейімдеу талабы тұр.
Қазіргі техниканың қарқынды даму кезінде оқу-тәрбие үдерістерін ізгілендіру-өзін-өзі дамытып отыратын бәсекеге қабілетті, жоғары сауатты шығармашыл тұлғаның құндылықтарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық ұстаным ретінде басшылыққа алынуы тиіс. Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүние жүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беру жүйесіне көшу, құзыреттілікке негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальдандыруы; іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық әдістер. Осы инновациялық әдістерді қазіргі таңда орта мектеп оқу үдерістерінде қолдану жаңа сипатқа ие болды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заман талабына сай білім берудегі жаңа оқыту технологияларын енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында бала белсенділігі мен дүниетанымын оқытуға негізделген тәсілді енгізу. Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі -- диалог сөз. Пайдаланылатын тілдік үлгілердің саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ өзге де бірқатар себептерге байланысты және ауызекі сөйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе, диалог сөздің монолог сөзден күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты бәрібір диалог сөзге беру қажет. Өйткені, кейіннен монолог сөзде пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог арқылы меңгеріліп, есте сақталады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда жаңа иновациялық әдістерді қалай пайдалану керектігі жөнінде зерттеулер жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты. Сабақта диалогтік әңгімені пайдалана отырып, оқушылардың өз ойларын, идеяларын дәлелдеуіне көмектесу
- Сабақта диалогтық оқытуды оқушылардың когнитивті дамуына әсерінің мәнін, мазмұнын ашып көрсету;
- Қазақ тілі сабағында диалогтік оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілерін қарастыру;
- Диалогтік әңгімелесудің зерттеушілік, топтық, әңгіме - дебат түрлерін қолданудағы мұғалімге қойылатын талаптарды айқындау;
- Сабақта диалогті қолдана отырып, оқушылардың танымын дамыту.
Зерттеу нысаны. Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмысты жазуда әдіскер ғалымдар Г.Н.Көшербаевтың, Л.П.Якубинский, К.А.Абдуреимованың еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста салыстырмалы-тарихи, мәтіндік талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жоба кіріспеден, негізгі бөлім 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
0.1 Оқытудың инновациялық тәсілдерді пайдалану ерекшеліктері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз, - дейді[2, 3].
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді". Р. Масырова, Т.Линчевская - "Жаңару" дегенімізді былай деп түсіндіреді: "Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3].
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат" үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала - субъект, бала-объект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады [4].
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Мазмұндық өлшемдеріне оқушының жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.
Бейімділік өлшемдерін оқушының барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.
Танымдық өлшемдері оқушының әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған оқушының әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.
Іс-әрекеттік өлшемдері оқушының өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған оқушының өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.
Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті оқушының шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми - зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп - мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік - оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
ХXI ғасырды оқытудағы инновациялық технология кезеңі деуге болады. Ғалымдар білім берудің сапасын арттырудың ұтымды жолдарын іздестірудің нәтижесінде оқытудың жаңа технологияларын іске қосып жатқаны белгілі. Оқыту жүйесіне қосылған жаңалықтар инновация деп аталады. Инновация туралы Н.В.Бордовская мен А.А.Реан былай дейді: Инновация (в лат.in-в, novus-новый) означает нововедение, начало в развитии школы и ВУЗА по сравнению со сложившимися традициями и массовой практикой.
Инновация ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді.
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту мақсатымен аттауымыз- үлкен үмітттің басты нышаны.
Есімі баршамызға белгілі энциклопедист, аққан жұлдыз атанған Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов: Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет деген болатын ды.
Егемен ел болып, өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім берудің бағыт - бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан- 2030 стратегиялық бағдарламасында Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда негізделген.
Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүние жүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: үздіксіз білім беру жүйесіне көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, білім берудің ашықтығы, актуальдандыруы; іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық әдістер.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы мамыр айының 26 жұлдызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына атты лекциясында былай деп айтқан еді: Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің дара - лық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан жоғары мектеп реформасының негізін құрайды.
Еліміздің жоғары мектеп жүйесі Боллон процесінің идеяларын толық қабылдап, өзінің мазмұнын осы үрдіспен байланыстыруы жоғары оқу орындарының жұмысына елеулі өзгерістер енгізуді талап етеді. Болонья процесінің басты идеясы - оқу нәтижелерін жоспарлау, яғни мұнда оқу нәтижелері жоғары мектептің негізгі қызметі (функциясы) болып танылады
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылдың 1-қыркүйегінде Білім күнін интербелсенді сабақ түрінде өткізуі Елбасының интербелсенді әдістеменің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендігі деп түсіну керек.
Педагогикада білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді.Білім беру мазмұны дегеніміз - жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс - әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл - ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарастарын қалыптастыру. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу - танымдық іс - әрекет, екінші жағынан, іс - әрекетті игерудің құралы болып табылады. Оқу - тәрбие үдерісін оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай ұйымдастырудың негіздеріне жасалған талдау оның инновациялық қызметтен тұратындығын айқындады.
Инновациялық қызмет-дәстүрлі нормаларға сәйкес емес кешенді проблемаларды шешуге бағытталған біртұтас үрдіс. Ол идеялар кеңістігінде ғана емес, инновациялық тәжірибелердің барысында жүзеге асырып жатады.
Инновациялық қызмет нәтижесінде жаңалықтардың пайда болуын қамтамасыз ететін өзара байланысты жұмыстардың жүйесін көрсетеді. Мысалы:
- жаңа білімге бағдарланған ғылыми - зерттеу қызметі жаңалық ашуды;
- құрал- технологиялық білімге бағдарланған жобалау қызметі жаңа жоба құруды;
- тұлғаға бағдарланған білім беру қызметі инновациялық жобаны іске асыруды қамтамасыз етуді көздейді.
Инновациялық қызметтің түсінік аппаратындағы айырмашылығын былыйша құруға болады:
- инновация көздері (ғылым,саясат,өндіріс, экономика т.б.);
- жаңалықты іске асыру қызметі (оқыту,енгізу,жеткізу т.б.);
- инновациялық үдеріс (жаңалықтың практикадаңы формалары мен тәсілдері);
- қоғамдық тәжірибенің жаңа түрі [5, 5].
Инновациялық өзгерістің білім беру жүйесіндегі толық циклын төмендегіше топтадық:
- инновация көзі - білім беру жүйесіндегі педагогикалық және жас ерекшелік психологиясының даму деңгейінде;
- инновациялық ұсыныс - білім алушылардың теориялық ойлауы негізіндегі қалыптасатын мүмкіндіктерін ғалымдар - Элконин мен Давыдовтардың ғылыми ұжымы дәлелдеген идеяда;
- жүзеге асыру технологиясы - негізгі пәндер бойынша жасалып жатқан жаңа оқу бағдарламаларының ұстанымдарында;
- инновациялық үдеріс - оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыруда түрлі аймақтағы зертханалар мен эксперементальдық алағдардың ашылуы.
Білім беру саласындағы жаңа инновациялық технологияларға негізделген өндірістер, жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін, ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру,даралап, саралап оқыту профессор-оқытушы құрамының басты міндеттеріне айналуда.
Оқу- тәрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту: шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы. Олардың негізгі бағыттары төмендегідей сипатталады:
№
Бағыттары
Түрлері
1.
Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыттау негізіндегі педагогикалық технология
1.Педагогикалық ынтымақтастық технологиясы.
2.Ы.Алтынсариннің тұлғалық технологиясы.
3.Ш.Амонашвилидің тұлғалылық ізгілік технологиясы.
4.И.Ильин жүйесі.
2.
Білім алушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технологиялар
1.Ойындар түріндегі технология.
2.Проблемалық оқыту технологиясы.
3.Басқа тілдегі мәдениетке коммуникативтік (жан-жақты) оқыту технологиясы (Пассов).
4.Оқыту материалын тірек сызбалар, тірек конспектісі және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы (В.Шаталов)
3.
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқа да негіздегі педагогикалық технология
1.Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы
2.С.Лысенкованың түсіндірмелі басқаруда тірек схемаларын пайдалана отырып, перспективті жеделдете оқыту технологиясы
3.Ж.Қараевтың ОҮӨӘЖПТ
4.ДСОТ(Гузик)
5.Міндетті нәтиже негізіндегі СДОТ (Фирсов)
6.Бала қызығушылығы арқылы саралап оқытудың тәрбиелік технологиясы(Закатов)
7.ДОТ (Инге Унт)
8.Бағдарламалық оқыту технологиясы
9.Ұжымдық оқыту технологиясы(Ривин,Дьяченко)
10.Топтық оқыту технологиясы
11.Компьютерлік оқыту технологиясы
4.
Дидактикалық білім көтеру және материалды реконструкциялау негізінде педогогикалық технологиясы
1.Экология және диалектика (Тарасов)
2. Мәдениет диалогы (Библер)
3. Дидактикалық бірліктерлі ірлендіру (Эрдниев)
4.Ақыл-ой іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы (Волочив)
5.
Альтернативті (балама) педагогикалық технологиялар
1.Вольдорф педагогикасы (Штайнер)
2. Еркін еңбек технологиясы (Верт)
3. Ықтималды білім технологиясы
4. Шеберханалар технологиясы
6.
Жеке пәндік педагогикалық технологиялар
1.Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологиясы (Н.Зайцев)
2. Н.Оразақынованың сатылай талдап оқыту технологиясы
3. Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы
4. Қ. Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
5. М.Жанпеисованың және Қ.Жақсылыкованың модульдік технологиямен оқыту
7.
Табиғи бейіндік (байқағыштық) технологиясы
1.Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу (Кушнер)
2. Өзіндік дамыту технологиясы (М.Монтессори)
8.
Дамыта оқыту технологиясы
1.Дамыта оқыту жүйесі (Занков)
2. Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту технологиясы (Якиманская) 3. Эльконин, Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы
4. Өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г.Селевко)
9.
Авторлық мектептер, педагогикалық бейімделу мектептері
1.Педагогикалық бейімделу мектебі (Ямбург, Бройде)
Аталған оқыту технологияларын зерделеу педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесіне инновациялық қызметті енгізуге негіз болды. Өйткені инновациялық қызметтің өзі осы технологиялардың жиынтығынан тұрады. Ондағы басты ұстанымдар инновациялық қызметтің өзегі болып табылады.
Интерактив технологиясы қазір қолданыстан кең орын алып, көп тараған, ғылыми негізі қаланған технология деп санауға болады. Бұрын оқытудың белсенді әдісі деген термин қолданылса, қазір интерактив термині қолданысқа кең тарады. Интерактивті оқыту технологиясына Г.К.Селевко мынадай анықтама берген: В последнее время получил распространение еще один термин- интерактивное обучение. Термин interactive learning (англ.) обозначает обучение, основанное на активном взаимодействии с субъектом обучения (ведущим, учителем, тренером, руководителем). По существу, оно представляет один из вариантов (моделей) коммуникативных технологий: их классификационные параметры совпадают. Иначе говоря, интерактивное обучение- это обучение с хорошо организованной обратной связью субъектов и объектов обучения, с двухсторонним обменом информацией между ними [6, 7].
Олай болса, интерактив технологиясы - оқытушы мен білім алушының арасындағы белсенді қарым-қатынас, яғни білім алушының оқу үдерісіне тыңдаушы ретінде емес, оқытушымен бірдей дәрежеде белсенді қатысуын талап етеді. Бұл үшін білім алушының ойлау стилін өзгерту керек. Оқушының ойын ашық айтуға үйрету, пікірлерді талдай біліп, дұрыс шешім қабылдауға үйрету, щещімнің басқа варианты болуын ескеруге дағдыландыру керек.
Жеке тұлғаны сыни ойлауға үйрету, жауапкершілікке баулу, әділдікке, қатысымдық әрекетке, өз таңдауына, оның нәтижеміне жетуге дағдыландыру жеке тұлғаның негізгі қасиеттерін қалыптастыру болып саналады.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
1.2. Оқытудағы жаңа тәсілдердің зерттелуі
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқуға негізделген тәсіл кең таралған (7, Hattie, 2009). Өнеркәсіптік революция аяқталғаннан кейін білім алу әр адамның құқығы болып танылды. Алайда, ХХ ғасырдың басында Дьюи (1990) революция нәтижесінде қоғамның өзгергеніне қарамастан мектептер сол қалпында қалғанын айтты. Осы мәселені жою үшін ол мектептерге мынаны ұсынды...
"Белсенді сабақтарды жүргізу, табиғатты, жаратылыстану ғылымы пәндерін, өнерді, тарихты оқу, қарапайым бейнелеме және ауызша сабақтардан арылу және оларды екінші жоспарға ауыстыру; мектептегі рухани атмосфераны өзгерту, оқушылар мен мұғалімдерге келетін болсақ - тәртіпті өзгерту; өте белсенді факторларды, дәлдікті және өзін - өзі басқаруды енгізу - бұның барлығы кездейсоқ емес, өте ауқымды революция үшін қажетті нәрселер болып табылады. (1990)
Бұл шамамен бір ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан, Дьюидің көптеген көзқарастары әлі де өзекті. Оқушымұғалім өзара қарым - қатынасының маңыздылығы, мектептегі рухани атмосфераны өзгерту әрекеті және өзін - өзі басқаруды қолдау сыныпта демократиялық оқытуды құру үшін қазіргі таңда да маңызды. Білім беру идеясына Дьюи ықпалын білім беру саласындағы Карл Роджерс және Джер Брунер сияқты американдық психологтардың, сондай - ақ білім беру саласындағы британдық теоретик Лауренс Стенхауз зерттеулерінен көруге болады.
Диалогтік оқыту мәселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи Фриери, әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірлеген. Фриери, мұғалімнің міндеті-оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу, деп санайды. Фриери Выготский мен Дьюидің теорияларын анықтап, зерттеп, дамыта келе назарын ондағы үрдісі мен ол үрдістегі мұғалімге бағыттамай, негізінен оқушыларға бағыттады. Дьюи тәжірибе бір қалыпта тұрақты болмауға тиіс дейді; ол үнемі өзгеріп, бұрын болғанға сүйене отырып, ары қарай өсу үшін нақты әлеуеті болуға тиіс. Ол мұғалімнің қызметі басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді деп айтқан.
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында аталмыш диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтік оқытудың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Арнайы зерттеушілер диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерін өсіруге үлес қосатынын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың нәтижесі балалардың оқуына және коллективті дамуына әсер ететінін көрсетеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Америкалық психолог Карл Роджерс 1960 жылы жарияланған өз зерттеулерін жеке тұлғаға бағдарланған терапияда қолданды және Дьюи оқыту кезінде қатысушы ретінде тәжірибе алу маңыздылығын мойындағандығымен тығыз байланыста болатын бірқатар қағидаттарды әзірлеумен айналысты. Оқушылардың білім алу қажеттіліктері туралы Роджерстің тұжырымдамалары бүгінгі таңда оқушыға бағдарланған оқыту және тәжірибелі оқыту ретінде әйгілі болған тұжырыммен, білім беру саласындағы үдемелі қозғалысқа күшті ықпал еткен тұжырымдамалармен мәндес болды. Жеке қағидаттарына адал болған ол өз қорытындыларын бірқатар мәселелер бойынша оқушылармен орнатқан тікелей кері байланысқа негіздеді. Оның теорияларында сыныпта аса белсенді және жағымды жағдайды жасағысы келетін мұғалімдерге арналған мәселелер толық жазылады. Келесі ақпарат Роджерс (1994) оқушылар тарапынан айтылған басты тілек ретінде нені анықтағандығына жалпы шолу жасаудан тұрады:
Өзінің еңбектерін 1960 жылдары жарыққа шығарған, оқыту саласындағы когнитивтік психолог және теоретик Джером Брунер бұл іске экспериментальды оқыту немесе жаңалық ашу жолымен оқыту идеясын әкелді. Ол Дьюидің оқушының тәжірибесі сыныпта қолданылуға тиіс екендігі туралы түсінігіне жаңа маңызды ой қосты. Брунер оқу үдерісі мен оқу пәнін бөлуге болмайтындығын атап өтті (1962). 20 ғасыр тәжірибесінде Брунер оқушының жеке мүддесінің шеңберіне қамтылған, оқытудың идеалистік, оның пікірінше, аса мейірбан қағидаттарын сынайды және де білім беру оқушылардың қызығушылығымен шектелуге тиіс деу аз, қызығушылықтардың өздері де құрылуға және ынталануға тиіс деп айтқан Мұғалім осындай белсенділікті қолдау үшін өте маңызды рөл атқарады және бұл мәселеде Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынады.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін
мойындатты.
Оқытудың тәсілдері бірнеше бағытта қарастырылп келді.
-философиялық бағытта: М.М.Бахтин, В.С.Библер, С.Ю.Курганов, Ә.Нысанбаев т.б.
-Психологиялық бағытта: Л.П.Якубинский, М.Н.Станкин, Б.Д.Парыгин
-Педагогикалық бағытта: А.В.Мудрик, В.ВСериков, С.В.Белова, А.М.Матюшкин, Н.Н.Хан, Ғ.Н.Көшербаева, К.А.Абдуреимова және т.б.
Аталған ғалымдар диалогтік оқытуды талқыланып отырған мәселеге әр түрлі көзқарас болған жағдайда және субьект пен субьектінің өзара байланысының формасы болғанықтан әр түрлі сөйлеушілер арасындаөрбиді, бұл - сыртқы диалог немесе бір адамның өзімен іштей сөйлесуі болса, онда бұл - ішкі диалог деп көрсетеді.

2.1. Диалогтік оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында: Диалогтың ыктимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс қарым-қатынасты күшейту арқылы біз біртіндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетімізді ұлғайтамыз, - деп, айқын етіп атап көрсетті [8,12]. Шын мәнінде, Президенттің бұл сөзінен бүгінгі күнге қажетті ойлау үлгісі мен әлемдік тәртіптің қалыптасуының ұштасуы кезіндегі диалогтік өзара қарым-қатынастың дамуына, адамның тұлғааралық, жалпы қоғамдық қарым-қатынастарының барлығы қарым-қатынас арқылы іске асатындығына нақты да анық мән бергенін байқаймыз.
Сондықтан, бүгінгі заман талабына жалпы білім беретін мектептің алдына жаңаша міндеттер қойылып отыр. Өйткені, қарым-қатынас - бүгінгі педагогикада жеке түлганы қалыптастыру мен дамытудың тиімді шарттары болып табылатын білім-білік, ақыл-ой, дағды, тәжірибе, мәлімет алмасуларды қажет ететін субъектілердің өзара іс-әрекеті. Ол адамды құрал емес, тұлға ретінде танып білуді, тұлғаның қалыптасуына педагогикалық жағдай туғызуын, әлеуметтік шынайылығы мен өзін-өзі дамытуын талап етеді.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген жаңа идеяларға негізделеді. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру жағдайында жүзеге асады. Қазіргі кезде соның бір идеясы бүгінгі мектепте оқыту процесін ізгілендіру болып табылады.
Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу - мектеп жүмысының негізгі мақсаты ғана емес, оқыту процесінің барысында балалардың ізгілік қасиетін тәрбиелейтін өзекті мәселе болуында. Ал бұл мәселелер педагогикалык дидактика саласында жан-жақты ашып көрсетіледі.
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaktikalos - мүғалім деген үғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Мұнда білім беру мен оқытудың мазмүны, оқыту принциптері, оқытуды ұйымдастыру әдістері және формалары қарастырылады.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). "Ұлы дидактика" кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі туралы сол кезде-ақ баяндаған [8].
Қазақстанның педагогика ғылымының дидактика саласында үлкен үлес қосқан белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері, ХІХ-ХХ ғасыр зиялылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжановтар еді. Өз уақыттарында олар шығармашылықпен еңбектеніп, дидактика саласына бірсыпыра үлестерін қосты.
Қазіргі кездегі мұғалім-әдіскерлердің ең бірінші мақсаты - сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. Соны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп корсету. Сондықтан да жоғары сынып оқушыларының диалог арқылы ізгілік қасиетін қалыптастыру үшін оқушылардың теориялық білімі тереңдетіліп, біліктілік пен дағдылар қалыптастырылуы керек.
Қай кезде болмасын мектеп оқушыларына білім беруде дидактикалық ұстанымдардың маңызды орын алып келгені белгілі. Мүғалімдердің мұндай дайындығында ең басты орынды дидактика алады. XX ғасырдың 70-90 жылдарында көрнекті дидактик-ғальшдар, психологтар И.Я.Лернер, М.И.Скаткин, В.В.Давыдов, Б.П.Эльконин білім беру және оқыту ісімен тікелей айналысып, оқуды жақсартуға бағытталған дидактикалық мәселелерді талдаған, олардың шешу жолдарын іздестірген.
Бұл ғалымдар педагогикада типтік оқу жоспары негізінде оқушыларға эр пәндерден оқытуда икемділік пен дағдыны қалыптастыруға байланысты білім берудің мазмүнын анықтаған. Ол жөнінде И.Я.Лернер оқыту мазмүнына: 1) табиғат, қоғам, іс-әрекет амалдары және адам жайында білім жүйелерін; 2) игерілген білімдерді іс жүзіне асыру, тэжірибеде пайдалану; 3) шығармашылық іс-эрекет тэжірибесін; 4) іс-әрекетке эмоциональды қатынас тәжірибесін жатқызады.
Дидактиканың негізгі категорияларына: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмүны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижелері кіреді. Енді осыларды жеке-жеке қарастырайық.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында; Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени дамуының
жоғары деңгейі жэне кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі,-деп көрсетілген [9].
Білім - адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Осы нәтиженің адам санасында нақты бейнеленуі. Олар локальды бейнеленуі бойынша жекелей және қоғамдық болып бөлінеді; бейнелеу қалпы бойынша: теориялық (ауызша) білім; бейнелі, сезім органдары арқылы ұғынылатын білім; процедуралық білім; аймақтық және пәндік танымдар бойынша берілетін білімдер; психологиялық деңгейлер бойынша: білім - білу - елестету - түсіну - пайдалану - әрекет - қарым-қатынас - қажеттілік; жинақталу дәрежесіне байланысты: дерек-құбылыс, түсінік-терминдер, байланыстар-заңдылық,
болжам-теория, әдіснамалық білім - бағалау білімі болып бөлінеді.
Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: Білім - философияда бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінін, рухани қазынасының жиынтығы. Айналадағы дүниені жан-жақты зерттеп, заңдылықтарын ашып игерудің нәтижесінде қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай, адамдардың іс-әрекеті мен практикасында айқындалып, дәлелденген белгілі жүйедегі ұғымдар дүниесі,- деп көрсетілген [10, 90].
Дидактикалық ұстанымдар - оқытудың мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмүнын, оқыту процесінің үйымдастыру формалары, әдістерімен бірге тығыз байланыстыра келе, оқушылардың тұтас диалектикалық дүниетанымын қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
Дидактикалық өзара мәселелер мен диалогтік өзара байланыстылық қарым-қатынасы көпжақты және көпөлшемді педагогикалық құбылыс, Өйткені диалогтік процесте оқушылар мен оқытушылар арасындағы ерекше қызығушылық мынандай: оқыту мен тіл оқу пәні ретінде (дидактика мәселелері, диалогті оқыту), оқыту тілдік (әдебиеттік) және көркем шығармашылықты беру құралы (дидактикалық эдебиетті оқыту мәселесі), тіл - оқу қарым-қатынасының құралы (диалогтік сөйлеуді оқыту мәселесі) деген диалогтік қарым-қатынастарға апарады. Оқыту мен тіл диалогтік процеске апару құралы.
Осы орайда зерттеу мәселесін жүзеге асыруда сабақта белгілі бір ұстаным болуы керек. Көрнекті ғалым М.Н.Скаткиннің "Дидактиканың даму тарихы білімнің мазмүнында, сипатында, дүниетанымдық қызметінде, ойлау ерекшеліктерінде де көрініс табады," - деп айтқанындай, сабақ үстіндегі оқушылардың ой-өрісін, ізгілік дүниетанымын, білім мазмүнын сүрыптау өз кезегінде жаңа оқу принципін керексінеді, Ол дидактикада қалыптасқан ғылыми, саналылық, өмірмен байланыстылылық, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, дүниетанымдық сипаттағы оқыту принциптері сияқты жоғары сынып оқушыларында диалог арқылы ізгілік қасиетін қалыптастыра оқытуды арнайы принцип ретінде тануды қажет етеді [11, 61].
Бұл міндеттерді шешу үшін біз зерттеуімізге М.М.Бахтиннің Адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де адам мен адамның бір-бірімен араласуында, өзара қарым-қатынасында ғана ашылады, - деген сөзін басшылыққа аламыз [12, 43].
Оның пікірінше адамды адам ету, басқа адамдармен тұлғалық қарым- қатынасқа түсу үшін адамның рухани құндылығын түсіндіруде диалогтың орны ерекше. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастар ғана калай алады, тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі үнемі дамытып отыруға үмтылуы өзгелерден белек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Мұнда бір ескеретін нәрсе, мектептерде кейбір мұғалімдер сабақ үстінде жүргізілген диалогті жай әңгімелесумен жиі шатастырады. Ал керісінше, диалог яғни диалогтік қатынас жай ғана әңгімелесу емес. Оған психологиялық-педагогикалық ерекше мән беру керек.
Сол себепті болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің ізгілік бағытын алуы, атап айтқанда оқушыларды диалог арқылы ізгілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту процесінде ұтымды пайдалану қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты біз арнайы психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, диалог ұғымының мәнін айқындададық.
Қазақ ұлттық энциклопедиясында Диалог (гректің dialogos - сөйлесу, әңгімелесу), сұхбат - ауызекі әңгімелесу пішіні, екі не одан да көп адамдардың пікір алысуы деген анықтама беріледі [13].
Ғалым К.И.Саломатов: Диалог тілі сөйлеудің ең кең тараған, адамдардың бірін-бірі түсіну негізі, олардың арасындағы қарым-қатынас шарты, адам тілінің қажетті қүралы. Тілдің монолог түрі диалогқа қарағанда аздау орын алады, монологқа диалог жол салады. Диалог дегеніміз екі немесе одан да көп адамның сөйлескен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz