Қазақ әңгімелерінің дамуы мен психологизмі. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі жанрлық-көркемдік ізденістер


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ПСИХОЛОГИЗМІ
- Қазақ әңгіме жанрының қалыптасуы . . . 5
- Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі психологизм . . . 19
ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЖАНРЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР
2. 1. Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі көркем уақыт пен кеңістіктің берілу сипаты . . . 37
2. 2. Қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық және көркемдік ерекшеліктері . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі қазақ әдебиеті өз кезегінде дамып келеді. Әр дәуірдің өнер туындыларын, оның ішінде көркем шығарма әңгіме жанрын, уақыт пен кеңістіктегі өту сипатына қарай, таным болмысымен зерттеу-зерделеу тоқтамақ емес. Қоғамды қарапйым адам баласы барды-бар, жоқты-жоқ деп қараумен ғана шектелуі мүмкін. Ортаның тыныс-тіршілігін туа бітті дарын иесі жазушы ғана тылсым дүниенің бет-пердесін көре алады. Жазушының тақырыбы қоғам айнасы бола біледі. Прозаның шағын жанрын дамыту кезінде осы мүмкіндікке қол жеткізе аламыз. Өйткені, жазушының шығармашылығы өмір сүрген ортамен байланысты жоққа шығармайды. Жазушы-автор-баяндаушы-шығарма кейіпкері оқырманмен бірге ой бөлісіп, оқырман өзін сол шығармадан да табуы ғажап емес. Жазушы айналасынан байқаған нәрсесіне «жан» береді, қайтадан бейнелеу арқылы екінші өмір сыйлайды. Сан қилы тағдыр болатыны сияқты тақырып та сансыз. Сөз өнерін бағалай алатын жазушы, тақырып көздегенде айтылар көркем ой мен көркем суретті арнайылап таңдайды. Себебі, адам өмірінің түпсіз сыры өзіне беймәлім болғанымен, бақылаушы ретінде жазушы жүрегіне жақын келеді. Жазушы әңгімелерінің тақырыбы осылай шығармашылықпен ойлаудан туындайды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Прозаның дамуы қоғамдық ой-сананың дамуынан тысқары қала алмайды. Тiптi, әңгімелерде тану, түсiну, түйсiну, қабылдаудың да қоғамдық жағдайға, идеологиялық ықпалға қатысты болатынын ұмытпауымыз керек. Дипломдық жұмыстың өзектілігін уақыт өтуіне орай қоғам өзгерісін сипаттайтын қазіргі қазақ әңгімелерін жан-жақты талдап, жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін, жаңа әдеби бағыттың қарастыруымен көрсетуге болады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеті ғылымында әңгіме жанрын көркемдік деңгейі мен жанрлық тұтастығы мәселесі әдебиет зерттеушілерінің зерттеу нысанына айналып келгелі қашан. А. Байтұрсынов [1], Қ. Жұмалиев [2], Е. Ысмайылов [3], Б. Кежебаев [4], З. Ахметов [5], З. Қабдолов, С. Қирабаев [6], С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, Н. Келімбетов [7], Р. Нұрғали, Б. Майтанов [8], А. Ісмақова [9] жанрлық теорияның бірнеше ерекше тәселдерін түзуге мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты .
- қазақ әңгіме жанрының қалыптасуын қарастыру;
- қазіргі қазақ әңгімелерінің көркемдік жүйесін поэтикалық мәтін арқылы талдау негізінде тілдік заңдылықтарға сүйене отырып, әрбір сөз бөлшектерінің қуаты, кескіндемелік өрнегін анықтау;
- қазіргі қазақ әңгімелеріндегі психологизм мәселелерін анализдеу;
- қазіргі қазақ жазушыларының шығармалары, оның ішінде жас прозаиктер А. Мантай, Бейбіт Сарыбай, Қ. Әбілқайырдың әңгімелерінің уақыт пен кеңістіктегі өту сипатына қарай авторлық ұстанымдарын, көркемдік ізденістерін қарастыру;
- Ж. Шаштайұлының әңгімелеріндегі психологизм мен поэтикасын талдау;
Зерттеу нысаны. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып Жұмабай Шаштайұлы, Аягүл Мантай, Бейбіт Сарыбай, Қанат Әбілқайырдың шағын жанрлы шығармалары алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмысты жазуда қазақ әдебиеттану ғылымының белді өкілдері А. Байтұрсынов, З. Ахметов, Б. Кенжебаев, Б. Майтанов, А. Ісмақова, Г. Пірәлиева, Ш. Елеукеновтердің еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста салыстырмалы-тарихи, мәтіндік талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ПСИХОЛОГИЗМІ
- Қазақ әңгіме жанрының қалыптасуы.
Әңгіме жанры - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды [10] . Проза жанрының қалыптасуынан бастап әңгімелердің тақырыптарының ізімен қарастырсақ, шынайы өмір деңгейлес көріністі анықтай аламыз. Х. Н. Садықовтың пікірімен нақтылай түссек: « . . . шығарма тақырыбы - бұл, шартты түрде айтқанда, өмірдің өзі, шынайы әрекеті, жазушыны қоршаған әлем және оның шығармасының негізгі өмірлік діңгегі». Мәселен, қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы, теңсіздігі, қоғам арасындағы тартыс, отаршылдық, ағарту т. б. тақырыптары дер кезінде көтерілді. Мұнымен қатар адам жан-дүниесіне үңілген терең де мазмұнды психологиялық мәселелерді қамтитын тақырыптар кең құлаш жайды. «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат», «Шолпанның күнәсі», «Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткен» классикалық шығармаларға айналды. Қазақ қоғамының ғасыр басында және одан кейінгі кешкен түрлі жағдайы мен оқиғалары «Бәти», «Елес», «Күлпаш», «Қара бақсы» әңгімелерінің тақырыптарына өзек болды. Мұнымен қоса «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» сатира бағытындағы сол заманғы қоғамды әшкерелейтін әңгімелер бір төбе. 1923 жылы І. Жансүгіровтің «Мерген Бөкен» әңгімесі да әдебиетке қосылған үлес болды.
М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінде өмір шындығының контрасты күйінде Ғазиза трагедиясы мен Ақандардың «өмір сүру мақсаты» деңгейінде суреттелуі - әлеуметтік теңсіздікті аңғартқан. Аяусыздыққа қарсы ұмтылдыруы - ұлтты оятып «Оян, қазақ» деп ұрандаумен бірдей дәрежеде. Сондықтан, қазақ әңгімелерінің тақырыптары табиғаттың, кейіпкердің алай-түлей сан қырлы жан дүниесі арқылы өрнектелген. «Қорғансыздың күні» Б. Майтановтың тұжырымдауынша қазақ әңгімесіндегі модернистік бағытты көрсетеді. Жақып қыстауын - мекеншағын (хронотоп) атай келе, М. Әуезов кейіпкеріне тығырықтан шығудың жолын іздетпейді, себебі таусылмас өмір қайшылығына қарсы тұрмай-ақ жеңімпаз еткен деп дәлелдейді.
«Қорғансыздың күніндей» ғасырдың ұлы оқиғалары қаншама болса, әңгіме жанрының тақырыптары да соншама дейтіндей. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері «Ер ана», «Ақлима», «Ашынған ана», «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана» ел басына ауыр күн түскен жылдардағы ана қаһармандығы десек, «Айгүл қойшының бір күні», «Автобиографиялық әңгіме» әңгімелері жаңа заман келбетінен хабар береді. 1960 жылдан кейін «Өмір жорығы», «Қыран жыры» әңгімелері жазылды. Шығарма тақырыбы адам бойындағы жамандықтан арылып, жақсылыққа ұмтылдыратын, сан сауалға жауап іздегенімен құнды болды. Бұл әңгімелерде халық мүддесі, қиянат пен парықсыздыққа қарсылық және әділет жолында күресуші қаһармандары, күрес жолындағы адамдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық т. б. баяндалады. Жазушы Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерінде дені түгелдей заман ағымы қамтылды. Жоғарыда айтылған тақырыптарға енген тың жаңа өзгерістер - қазақ қоғамының тіршілік-тынысын, болашақты болжай білуін байқатады.
«Өмір жорығы » әңгімесі Ғ. Мүсіреповтің адамтану мен тағдыр құпиясын білмекке ұмтылдыратын көркем ойы. Таланты ерекше суреткерлердің кейіпкерлері аң ба, балық па, қыран ба, тағы басқа болсын адам бейнесін келістіре көркем суреттеу шеберлігі шыңдалмаса, төмендемеген. Қазақ жаны ертегіге сусындап өскен және бәрінің де киесі бар деп ұққан тәлім орны өзінше бөлек. Ендеше, қазақ жазушысының Көкқасқа балығы сөйлеуден бұрын ойлай алатынына, ойлаудан туған ақылды іс-әрекетіне таң қалмайсыз. Таң қалатын жайыңыз - тіршілік жағынан келгенде өмір сүру арпалысы адам деп те, құс деп те, балық деп те бөлінбейтіні. Осылай әр туындыдан жазушы еңбегінің нәтижесінде көз жеткізгенде ғана дана қазақтың кие деген ұғымы шын мәнінде қабылданады.
Әңгіме барды базарлай алмайтын ұрпаққа, әсіресе кеңес заманында дүбәра күйде жалтақтап өскен қазіргі кейбір үлкендерімізге (немересіне бесік жырын айта алмайтын әжеге, ертегі түгіл ақылы өзіне жетпей жататын тоқығаны аз аталарды ескердік) арнап жазылғандай. Ұрпақ тәрбиесі, ұлт келешегі қандай болу керек десең - «Өмір жорығы» шамшырағың болмақ. « . . . Күн көрістің бақай қимыл, баяу қозғалыстарын, қапы қалтарысын аңдитын дағдылы бой тасаларын біржола ұмытқандай, оқшау орғып әдейі көзге түседі», - деген бейнелілік қашан да болсын заман күн тәртібінен түскен емес. « . . . Теңіз қарнын семсердей тілгілеп жүрген жалғыз өзі ғана емес екенін Көкқасқа енді абайлады. Өзімен ата-тегі бір Азат-мая нәсілінің естияр еркектері түгел түгел құтырынып, теңіз астын олар да дүрліктіріп жүр екен . . . Үлкен жорыққа жолдан қосыла кетпек болып, жол тосып жүрген жалқау-жампоз қырт еркектер де бар екен . . . Ойлағандары өз қамы, өз құлқыны. . . . Ата-тегі басқа, аран ауыз - кер азулар да көш-қон қарбаласын аңдып, жем іздеп, жол тосып жүр. Бұл олардың қашанғы әдеттері, өңкей кер азу жем басарлар осындай қарбалас кезінде қарындарын оңай толтырып, қабырғаларын жауып қалады. Ең қатерлі жаулар да осылар. Аузына іліксең, тірідей қылғып жібереді, қабағын да шытпайды . Көкқасқа бұлардан ығысқан жоқ . Қанды ауыздар тобын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті . Құлқын тырбаңмен жүргендер найзағайды қалай ұстап алсын , ауыздарын ашқан бойы қала берді. Аты балық атанғанымен сүліктей жіңішке, қылыштай ұзын Миного дейтін залымдар да тосқауылда жүр екен», - деуі қазақ халқының шиырлы тағдырын, тосқауылдарын, жеңістерін, жеңілістерін паш етеді.
Сәбит Мұқановқа жазған хатында Ғ. Мүсірепов: « . . . ұнатпайтыным: алған теманың өзінен басқа, ешқайда бұрылмайтын әдет», - деп ағынан жарыла отырып айтқан дәлелді түйіні әдебиеттегі ұстаздығына еріксіз назар аудартады. Әңгіме жанрының қыр-сырын кеңінен зерттеп жүрген С. Шарабасов мұны былай бағалайды: « . . . Сырты қарапайым көрінгенімен Ғ. Мүсірепов - ішті, көп қырлы, жұмбақ қаламгер . . . Әдебиетке ғашық, саясатқа сақ. Әр сөзін жүз толғанып, мың ойланып, айтқанынан айтпағанын көп, сөйлегенінен мегзегені мен астары мол ой-толғаныстар болып шығады». Сол сияқты: « . . . Алған тақырыбыңды, оқиғаңды неден бастау, қалай жаю, қалай қиыстыру, қалай түюдің жолдары бар. Құр құрастыра берген, үйлестіре берген сөз өлең де болмайды, әңгіме де болмайды. Бальзак, Толстой, Горькийлер суретшілігінің үстіне үлкен шебер: әңгімені тоқсан құбылтып, өзгертіп, жайып, араластырып, аяғында бар мәселені ұсақ бөлшектеріне дейін бір жерге әкеліп түйіп тастағанда барлық оқиға-кесек болып шыға келеді . . . Үйренетін нәрселеріңіздің ұшы-қиыры жоқ», - деп өз пікірін ұсынады. Қараңыз: « . . . Кірпияз Жапония, алыс Африкадағы Алжир, Гвинея, Сенегал, Нигерия, ұлы паң Рим, көптілді Дели, жұмбақ Индонезия сияқты тағы көп шет елдерде Ғабит Мүсіреповтің «Ана» циклі, «Жапон балладасы» триптихі, «Қазақ қалпында» психологиялық ұштағаны, «Сөз жоқ, соның іздері» саяси әңгімесі, «Этнографиялық», «Автобиографиялық» диалогия әңгімелері, «Өмір жорығы», «Қыран жыры» анималистік хикаялары, «Жеңілген Есрафил», «Ер Қаптағай», «Ана жыры» мифологиялық үштік әңгімелері әлі ықыласпен оқылуда», - деген С. Шарабасовтың тұжырымды ойы әлемдік көркем әңгімелердің қатарын толықтыратын межені, әрі қазақ жазушысын биіктетуден қазақ әңгімелерінің мәртебесін және сол арқылы қазақ әдебиетінің жетістігін белгілетеді.
Қазақтық болмыс айтылған уақытта мінез, ұстаным назарда болуы тиіс. Әсіресе, қазақ халқының әділдігі көрінетін тұс - өткір әжуаны тәрбиелі бағытта қабылдауы, орындауы. Бұл қағида біздің әдебиетімізде қалыптасқан. Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерінің әдеби тәсілінде әжуалау шығарма мұратын әдемі өрнектеуге жетелейді. Сондықтан суреткердің «Жапон балладасы» циклындағы әңгімелерінің соғыс тақырыбы «күлдіре отырып» жылатады. «Арқаның әңгімесі» шындықты батыра отырып, келекелеу арқылы бос мақтан, өзгеден өзін артық санауды аямай түйреп өткен, «халық құдайдың екінші аты» қағидасын үйреткен тәлімді шығармасы. Қараңыз: « . . . Мен өзімше, бір-екі күн ессіз болған сияқтанамын. Бірақ, Америка институтының адамдары, әсіресе бір соғыс докторы маған екі ай бойы ұрысып жүріпті.
- Не деген қырсық адам, арқасының қалай күйгенін, бомба жарылған эпицентрден қанша жерде күйгенін неге тезірек айтпайды?! Соғыс ғылымы үшін оның қандай маңызы барлығын түсінбей ме екен ! Жоқ, ол жақсы түсінеді. Қасақана айтпайды. Намыстанған болады, қорланған болады!. . Елің жеңіліп, тізе бүгіп, бас иген шақта мұныкі қай қорлану екен? Елің бас иді, ақымақ жапон, императорың бас иді, күнің бас иді !. . ». Мұндай бейнелеу құралдарында психологиялық жағдай, дауыс ырғағы, ой мен сезім молынан кездеседі: «Қазақ прозашылары да бірінші жақтан әңгімелеудің бүкіл стильдік ерекшеліктерін егжей-тегжейлі танып дамытумен бірге оның түрлі әдеби тәсілдерін де өздерінің табиғи таланттарының рухымен, шеберлік даралықтарымен, шығармашылық ізденулерімен жетілдіре түсті. Бірінші жақтан әңгімелеудің жаңаша тәсілдері, дәлірегі, жаңаша белесі қазақ прозасы үшін тың құбылыс болғандықтан сол кездері әдеби өмірде, жазушылар мен сыншылар арасында айырықша қозғалыс, ірі пікір талас тудырғаны да белгілі», - деген болатын Г. Пірәлиева. Соғыс осындай санасыздардың «ойынынан басталатынын» ескерткен: « . . . Біздің екі қалаға американецтар атом бомбасын тастаған, - деп бір тоқтады. - Неге? - Шыдаммен тыңдаңыз демедім бе? Тәжірибе жасаған көрінеді. Алғашқысы - тәжірибе, екіншісі - тәжірибенің дұрыс екендігін біржола анықтау . . . Ә? Ол туралы екі жорамал бар. Жапония жеңіліп тізе бүксе де оның аржағында біржола бұқтырып тастау болса керек . . . Одан соң, одақтастарының өзін де ықтырып алу . . . Соғыс арты қашан да бірдемені бөлісу, соғыс атын әрірек апарып арқандаумен аяқталатын әдеті бар емес пе . . . Жұрт аузындағы жорамалдар осы».
Суреткер жазушы кейіпкеріне өмірдің жақсы-жаманын «арқалату» мақсатында емес, кейіпкердің жан-дүниесіндегі сапырылыспен қараған. Әңгіменің мәні - әрбір адам қиындықпен кездескенде жеңіп шығуды, құндылықтың сырын түсініп қана қоймай, сол үшін күресе білу насихаты. Кейіпкерінің ауыр жағдайын суреттеген юморлық тәсілін байқаңыз: « . . . Есім кіргеннен кейін ақ халат киген доктордан неге жатқанымды сұрадым.
- Арқаң Жапонияның географиялық картасындай, - деді ол. - Оң жақ жауырыныңа Хоккайдо аралын салыпты . . . Ұлы Хонсю түгелімен оң жақ жоныңда . . . Мықыныңда Симоносеки қылтасы . . . Саныңда Кюсю . . . құдайға шүкіршілік ет. Осының бәрі сол жағыңда болса, оянуың қиын болатын еді.
«Жапон балладасының» құрылымдық ұйымдастырылуы астарлы ойға сүйеніп, әңгіменің мұраттық мазмұнын тереңдете түскен, кіші прозаның жанрлық кеңдігін сапалы жаңартқан. Әрбір цикл сөйлетулері, сұмдық қатігез трагедияның түрлі шегін жалаңаштағанымен, бірін-бірі толықтырып, біртұтас суретке құралады, яғни біріге түскен. Адам басына тілемейтін азап, шектен тыс қайғы, өмір апаты - адамның қарсылықты әрекетін жинақтайды. Және оның жолына адамның қолымен жасалған қорғаныш керек», - деген Б. Жетпісбаева пікірі талдауды бекіте түседі және де «Көпқырлылық, мазмұндылық - жылжымалы қасиет, символ-әңгіме жанрының тініне тән , басқа икемді әдебиет пішіндерінен осындай айырмашылығы бар», - деген пікіріне де толық қосыламыз. Трагедияның өзін «күлдіре отырып кінәлау» тәсілімен бейнелеу кейінгі жазушыларға тиісті ықпалын бере алған. Мысалы, Ж. Молдағалиевте өмірдің кейбір сорақылығын, тіпті трагедиялық жағдаяттарға жеткен мәселелерді Мүсіреповтік «комизм» тәсілінің көмегімен тапқырлық таныта бейнелей алған әңгімелері бар. Күле білу шеберлігі қазақтың қанында бар болғандықтан қазақ жазушыларына жұғыстылығы таң қалдырмайды.
Ұлттық сипат десек, оған алдымен ұлттық мінез, ұлттық психология, ұлттық дәстүр, ұлт тілі құрамдас болып жинақталатынын ғылымда дәлелденгені жазушылардың бейнелеу құралдарындағы суреттілік стилін тану жұмысымызда көмегін тигізді. Қазақ әдебиетіне тән ерекшелік жазушылар шеберлігінен құралған. Жалпы халықтарды біріктіретін психология бар да, сол сияқты оларды бір-бірінен ажырататын ұлттық мінез бен ұлттық дәстүр бар. Ғалым-суреткер М. О. Әуезов «Манас жырының» поэтика-сөздік амалдары» зерттеуінде мұны былай түсіндіреді: « . . . Күлкілі ету, нақтылы тақырыпты жан-жақты ашу, жарықтандыру амалы, дінге қатысты бірнеше сәтте көрсетілгені кездеседі . . . комизмді мұсылмандар жылдам сезеді . . . ». Басқа әдебиеттен айырмашылық, тіпті шеберлік мектебі «майдан тартқан қылдай» жүйеленуі керек. Әлем әдебиетіндегі трагокомедия жанрының қалыптасуына осындай ұшқын әсері және әр ел әдебиетінің ұлттық болмысы толықтыра дамыта бастаған.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары М. Мағауин, Д. Исабеков, Ш. Мұртаза, Қ. Жұмадiлов, Б. Нұржекеұлы, Қ. Түменбай, Н. Ораз, Т. Ахметжан сынды қаламгерлер осынау шағын жанрдың көсегесiн көгертуге әжептәуiр үлес қосты. Соңғы жылдары әңгiме жанрына сирек болса да қалам тартып жүрген қалам қайраткерлерiнiң бiрi - Шерхан Мұртаза. Жазушының Алматыдағы “Атамұра” баспасынан 2003 жылы жарық көрген “Соғыстың соңғы жесiрi” атты кiтабына бұрындары жазылған шығармаларымен бiрге кейiнгi “Алапар мен Динго”, “Бұршақ”, “Тәуекел той” сықылды әңгiмелерi топтастырылған. Жаңа жазылған шығармаларда бұрынғылармен салыстырғанда еш өзгешелiк, ерекшелiк жоқ. Тақырып, мазмұн жағынан болмаса. Дәстүрлi, классикалық әңгiмелер. Жазу техникасына мiн тағу қиын. “Тәуекел той” атының өзi айтып тұрғанындай, той тақырыбы туралы. Той болғанда да қазiргi заманғы үйлену тойы. Кең қазақтың кең пейiлдiгiн паш ететiн бәсеке тойы. Бiрiнен-бiрi асып түсу үшiн қарызданып-қауғаланса да, ашылып-шашылатын, барын төгiп, жанын салатын той.
Керiмқұл баласы Нұркендi үйлендiрмекшi. Кiм баласының қызығынан аянады дейсiз, аянып қалар түрi жоқ. “Тойды қайда өткiзбексiң? Үйiңде ме?” деген аталас ағайыны Төкеңнiң сауалына:
“- Жоқ, - дедi Керiмқұл шоқ басып алғандай шошып кетiп, - үйге кiм сыяды? Мен бес жүз адам шақырамын”. Жазушы кейiпкерiнiң сөзiне ерекше мән берiп, кең мағына сыйғызады. Осынау бiр ауыз сөзден-ақ оның мiнез-құлқы ашылып сала бередi.
Керiмқұл уәдесiнде тұрады. Қаладағы ең үлкен мейрамханада бес жүз адамға дүрiлдетiп той жасайды. Әрине, атақ-абыройы жақсы. Бiрақ, мейрамхана иелерiмен және тойға шақырылған асаба, артистермен есеп айырысуға келгенде қатты сасады. Ес-ақылы шығып, жынданардай күй кешедi. Өйткенi, тойдан әжептәуiр кiрiм кiредi-ау деген үмiтi ақталмайды. Сенiм артқан бизнесмен жиен қарындасы Жеңiскүл омырауындағы бриллиант танасын жоғалтып алып, оны Керiмқұл нағашысынан көрiп, жиналған тойшыл қауымның көзiнше зiркiлдеп, тойдың шырқын бұзады: “Ресторанның дәлiзiне шыға бере:
- Нағашы, мен сiздi жұрт көзiнше ұялтпайын дедiм. Тойыңыздың шырқы бұзылмасын десеңiз, берiңiз! - деп қатқыл бұйыра сөйледi. Керiмқұлдың көзi шарасынан шыға жаздады.
- Ненi, байғұс-ау?
- Ненi, ненi? Бриллиант тананы.
- Шырағым, шалықтап тұрсың ба? Бiрләнт деген бәленi қашан берiп едiң маған?
- Жаңа мен машинадан түскенде менi неге құшырланып құшақтады десем, омырауымдағы тананы алып қойған екенсiң ғой. Бер, бере ғой ендi, мен ешкiмге айтпай-ақ қояйын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz