Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары



• «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында
• Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар
• Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым . қатынас
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж. Пиаженің еңбегінде ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн және басқада психиканың функциясын зерттеген Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская және басқада іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған. А. Н. Леоньтев, П. Я. Гальперин еңбектерінде жан - жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В. В. Давыдов, ал екіншісі Л. В. Занков басқарды.
Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамның дұрыстығын тексеру, нақтылау.
Көрнекі психолог Л. С. Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі «актуальды даму аймағына» көшуі тиісті тапсырмаларды өз еркімен орындайды.
Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар (А. А. Леонтьев) да жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты -оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретінде жан - жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.
Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды. Л. С. Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп - жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былайша сабақтайды; «Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір - бірімен өте күрделі қарым - қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында ғана жүрсе жемісті болмақ. «Міне, осылайша Л. С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы «Дамыта оқыту» деген атпен ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары пайда болды.
1. Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
2. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
3. Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
4. Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
5. Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
6. Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
7. Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
8. Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
9. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №5

Тақырыбы:

1. Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
2. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.

Магистрант: Ногайбаева М.
6М010300 Педагогика және психология

Семей 2015

Жоспар:
* Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында
* Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар
* Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас

Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж. Пиаженің еңбегінде ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн және басқада психиканың функциясын зерттеген Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская және басқада іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған. А. Н. Леоньтев, П. Я. Гальперин еңбектерінде жан - жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В. В. Давыдов, ал екіншісі Л. В. Занков басқарды.
Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамның дұрыстығын тексеру, нақтылау.
Көрнекі психолог Л. С. Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының ең таяу аймағын жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Ең таяу даму аймағы одан әрі актуальды даму аймағына көшуі тиісті тапсырмаларды өз еркімен орындайды.
Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар (А. А. Леонтьев) да жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты -оқушының тек қана ең таяу даму аймағына қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретінде жан - жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.
Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды. Л. С. Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп - жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былайша сабақтайды; Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір - бірімен өте күрделі қарым - қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында ғана жүрсе жемісті болмақ. Міне, осылайша Л. С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы Дамыта оқыту деген атпен ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары пайда болды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950 - 1960 жылдары қолға алған акадимик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағаны мен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмайды. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Л. С. Выготскийдің теореясын Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылды. Баланың өзін - өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс - тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу - іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы ретінде, шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптан барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту дегеніміз - бұл оқу үрдісінде оқушылардың ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқта қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлекция, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.
Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.
Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы - баланың жеке басын
дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
* Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап - тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
* Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
* Өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы және оны әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қарағаны дұрыс.
Оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп - салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру - сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл - ой қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.
Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын - ала программалап қойған іс - әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларды тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеялы, мұраты болып саналады.
Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің обьектісі ретінде қоюы, жекеліктен жалпыны тауып шығару, қалыптасуы тиіс, әрекеттің жалпы моделін құру, аналогтарды пайдалану, объектінің жаңа қызметін көру, т. б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс - әрекетке қосатын, оқушыны өз қарасының авторы, іс - әрекет біліктері мен дағдылардың шебері, белсенді ізденгіш ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бұдан, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада қарапайымнан күрделіліге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай деген прицип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: А әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама - қайшылықтың мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді деген қағида төңірегінде. Л. В. Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің меңгерілуінің керек екенін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезеңіндегі жас ерекшелігі оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасын кесте 1 көруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении. М.:Педагогика,1986.
2. Рубинштейн Л.С.Человек и мир. М.:Наука.1997
3. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. - А., 1995 - 64б.
4. Леонтьев А.А. Психология общения. 2-е изд., - М., 1997.
5. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. Под.ред. С.М. Джакупов. - Алматы, 2002. -162 б.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №6

1. Тақырыбы: Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы сананың жүйелі және мағыналық құрылымы.

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.

Магистрант: Ногайбаева М.
6М010300 Педагогика және психология

Семей 2015
Жоспар :
1. Л.С.Выготскидің тарихи-мәдени концепциясы
2. Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттауы

Лев Семенович Выготский (1896-1934) ең көрнекті психологтарының бірі. 1917ж ол Тюменьде мұғалім болады, ол Сеченов және Павлов іліміне бейімделген жаратылыс ғылымды психологиялық жақтаушысы болады.
1924ж ол Мәскеуге көшеді. Алдына марксизм философиялық негізңіндегі мәселесі қойылған психология институтының қызметкері болады.
Сознание как проблема поведения- Таным мінез құлық мәселесі ретінде деген мақаласында ол психологиялық функцияның зерттеу жоспарын құрады. Маркстік инстинкт және таным арасындағы айырмашылыққа сүйене отырып, Выготский еңбек арқасында Тәжірибенің екі еселенуін және адамның бірінші ойда, содан іске құра алатын қабілетін иемденіп алатынын дәлелдеді.

Бала дамуының параметрлері және оның әртүрлі ғылыми концепциялардағы түсінігі

психологи
Даму
барысы
Даму
жаѓдайы
Даму
көзі
Даму
формасы
Даму
спецификасы
Дамудыњ
қозѓаушы
күштері
С.Холл
К.Бюлер
В.Штерн
З.Фрейд
Э.Эриксон
Ж.Пиаже

Индивидуалдыќтан әлеуметтікке
дейін
Тұќым ќуалаушылыќ және орта
Индивид ішінде, оныњ табиѓатында
бейімделу
Рекапитуляция концепциясыныњ әр түрлі формалары
2 фактордыњ
преформизмі
концепциясы
Л.С.Выготский
А.Н.Леонтьев
Д.Б.Эльконин
Әлеуметтіктен индивидуалдыќќ дейін
Мидыњ же ќарым-ќатынастыњ морфо-физиологиялыќ ерекшеліктері

Индивидтен тыс ортада
иемдену
Даму биологиялыќ зањдылыќтар әрекетіне баѓынбай ќоѓамдыќ тарихи зањдылыќтың әркетіне баѓынады.
Үйрету және іс-әрекет

Сөзді іс әрекет ретінде түсініп Выготскийдің индивит және әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік делдалын қарастырады. Ол оның белгілі табиғатына ерекше мән береді, өйткені оның арқасында адамның ішкі сезім көңіл өмірінің құрылымы және оның психологиялық фунциялары элементарлық жоғары болып өзгереді.
Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарына қатысты өзінің теориялық қортындыларының бір вариантын, Выготский өзінің 1931 жылы жазған Жас психологиялық функциялардың дамуы жұмысында баяндаған. Бұл жұмыста белгілерді пайдалану процесінде адам психологиясының қалыптасуы сызба нұсқасы психологияның іс әрекетінің реттелу ретінде бірінші индивидтің басқа адаммен сыртқы байланыста, содан бұл процестің сыртынан ішке қарай ауысуы нәтижесінде субъект өзінің әрекетінен билеу қабілетін кемдеп алады. Бұл процесс интериоризация деп аталады.
Келесі жұмыстарында Выготский белгінің мағынасын зерттеуіне ерекше көңіл аударады. Осының арқасында ол өзінің оқушыларымен бірге балалық ақыл ой дамуының эксперементальді теориясын өңдеп оны басты еңбегінде Мышления и речи - Ойлау және сөйлеу 1934 жазған.
Бұл зерттеулерді ол оқыту мәселесімен және оның ақыл ой дамуына әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар арқасында ерекше мезгілділігін Зона ближайшего развития - Таяу даму заңы жайлы жағдай алып тұр, бұл бойынша тек Дамудың алдына шығатын, өзінің артынан тарататын, яғни педагог көмегімен бір мәселені шешудегі баланың ерекшеліктерін көрсететін оқыту ғана эффективті болып табылады.Выготский баланың дамуындағы дағдарыстарға, баланың бір жастан келесі жасқа өткен кездегі басанан өткізетін жай күйге маңызды мән берді.
Таяудағы даму заңы - ол баланың актуальді даму деңгейімен және даму мүмкіндігінің деңгейінің арасындағы арақашық. Актуальді даму деңгейі даму жетістігін сипаттайды, өткен күнгі арналған даму қортындылары , ал таяудағы даму, ол ертенгі күнгі дамуды сипаттайды . Таяу даму түсінігі балалық және педагогикалық психологияда маңызды теоретикалық мағынаны білдіреді және негізгі фундаментальді мәселелермен байланысты.
Таяудағы даму аймағы - біріккен іс - әрекет құрылуындағы жоғарғы психикалық функциялардың заңдық логикалық құрылымы, басқа адамдармен қарым - қатынаста бірте - бірте субьектінің ішкі психикалық процесс болып қалыптасады. Біріккен іс - әрекетте психикалық процесс құрылғанда,ол таяудағы даму аймағында болады, құрылғаннан кейін ол субьектінің актуальді дамуы болып қалыптасады. Л. С Выготский - Оқу даму алдында жүрген кезде ғана жақсы және Педагогика - ол бала дамуының бүгінгі күніне емес, ертенгі күніне бағдарлану керек деген.
Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді. Ол дағдарыстың тарихи мәні бар деп есептеген. Бұл мән Выготскийй бойынша психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді.
Психолог П.П Блонскийдің айтуынша психология педагогиканың негізі болу үшін өзінше дербес зерттеу жұмысын жүргізудің қажеті жоқ, бұл тек жалпы психологиялық жәйттерді мектептегі оқыту және тәрбие жұмыстарында қолдану керек делінген. Осы пікірге Выготский қарсы шығып, педогогикалық психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу жеткіліксіз, бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың ұғыну не тіл алғыш процестерін зерттеп, осы арқылы табылған мәліметтерге оны негіздеу қажет деген.
Л.С Выготский осындай дәлелді келтіргенде мынандай дерекке сүйенді: жалпы психология өзінше ғылымның бір түрі. Ал ғылым жетістіктеріне негізделе отырып, оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес.
Ж.Пиажие француз тілінде аударылған еңбегінде баланы оқытсақ та, оқытпасақ та психикасының дамуына ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылардың саны көбее бастады, солардың бірі Выготский. Ол Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқудың негізінде қалыптасады, осыған орай ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек деді. Выготскиидің айтуынша, оқыту баланың есейуін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңдер, оқыту тәсілдерін оны қолайлы жолмен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады деді.
Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психологиясының дамуынан аздап озып отыру керек деген қағидасына сүйенеді. Пихологиялық даму мен оқытудың өзаракөлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі олардың ішінен қажет екенін басшылыққа алу мүмкіндігі туады.
Егер бала дамудың ең алғашқы сатысында эгоцентрикалық сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен кісіге сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін үлкендерге өзі іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен жеткіздіреді. Балалар дамуындағы үлкен өзгерістер мына кезде басталады, егер сөйлеу жерментерілсе, егер мәселе шешу үшін экспериментарлы емес өз бетінше әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық категориядан функцияға айналады. Бала әлеуметтік тип бойынша өз мінез құлқын ұйымдастыра отырып бұрын басқаға қолданған мінез құлық әдісін енді өз өзіне қолданады. Ерте жас кезенінде адам санасында - қабылдау , мектепке дейінгі кезенде - ес, мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал қалған психикалық процесстер осы кезендердің барлығында дамиды.
Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол кешеді. Бұл процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің әлеметтенуінің тарихы және сол кезде оның символдық фунцияларының әлеуметтік шындығы болып табылады.
Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады.
Л. С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.
Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л. С Выготскийдің айтуынша, оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді.Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы - қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л. С Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л. С Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды.
Л. С. Выготский өз зерттеулерін психология шыңы ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын - беткі (жүріс-тұрыс теориясы) және түбкі (психоанализ). Ол есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс - тұрыс психологиялық концепцияларды - психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз.
Терең философиялық анализ негізінде Л. С. Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л. С. Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызда болды: қалайша адам өзінің дамуында өзінің жануарлық табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л. С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .
Л. С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының облысына тарихи принципті енгізді. Мәдени даму, мәдени жүріс - тұрыс формаларын тарихи азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи материалдың тарихи формаға айналуы әрқашанда даму типінің күрделі өзгеріс процессі деп саналады. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастағы келесі жас кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге, маңызды мән береді. Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі ол әр жас кезеніңе тән және сол жас кезеніне тән психикалық даму динамикасымен шарттасады. Соныңда өзіндік психологиялық жаңалықпен байланысады. Выготскийдің еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет пен ерекшеленеді. С.Л Рубинштейн Выготскийдің позициясын нақтылай отырып даму мен оқытудың бірлігін анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне сәйкес келуі керек. Бұл мүмкіншіліктерді оқыту барысында тарату жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Л.С Выготский сөзді іс - әрекет ретінде түсініп индивид пен әлем арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым - қатынасты қарастырды. Ол белгі табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің құрылымы мен оның психологиялық функциясының өзгерістеріне назар аударады. Л.С Выготский психикалық дамудағы оқытудың жетекші рөлі жағдайын жылжытты. Жоғары психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте ынтымақтастықта басқа адамдармен қарым - қатынаста қалыптасады және бірте - бірте ішкі жоспарға айналып баланың ішкі психикалық процесстерін құрады. Бұл Л.С Выготский бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика процесстерді білдіреді. Бұл процесстер қалыптасқанда оларға тесті тапсырмалардың көмегімен диагностика жүргізуге болады. Бұл міндеттерді баланың қаншалықты жетістікпен орындағанын тіркей отырып, біз актуальді даму деңгейін анықтаймыз.
Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Петровский А.В., Рубинштейн С.А. психологтардың айтуы бойынша азаматтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы
Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Пәндер