Шығыс Қазақстан облысының топырақтары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысының топырақтары.

Орындаған: Садыкова Айжан

Топ: АГ-213

Тексерген: Сагандыков С. Н

Семей 2015

Жоспар:

Кіріспе

Топырақ туралы қысқаша түсінік

Негізгі бөлім

2. 1 Шығыс Қазақстан облысының топырақ ерекшеліктері

2. 1. 1. Далалы аймақ топырағы

2. 1. 2. Шөл - далалық аймақ топырағы

2. 1. 3. Шөлді аймақ топырағы

2. 1. 4. Табиғи тік аймақ топырағы

2. 2 Семей өңірінің топырақ түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Топырақ дегеніміз - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік) . Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты болады. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, құрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.

Шығыс Қазақстан облысы 10 миллион гектардай жерді алып жатыр. Өсімдігі мен топырағының орналасуы Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтай жоталарының таулы рельфінің қиын жағдайын байланысты тік аймақтық заңдылыққа бағынады.

Облыс территориясы 3 географиялық аймаққа: далалық, шөл - далалық және шөлді аймаққа бөлінеді. Осының нәтижесінде таулы және тау етегіндегі аудандар белдікке бөлініп олардан: биік таулы шалғынды, таулы- далалы және тау етегіндегі шөл - далалы тік аймақтар пайда болады.

1. Далалы аймақ қызғылт қара қоңыр топырақты қуаң дала. Ол солтүстіктегі жазық далалы аудандарды (Бородулиха, Бесқарағай, Жаңасемейдің оң жақ жағалауы) қамтып, Обь жағалауындағы үстірт пен Ертіс жағалауындағы ойпауытты жерлерді қамтиды. Топырақ жынысы жеңіл және борпылдақ орташа сазды топырақ.

Облыстың жер қоры негізінен қызғылт қарақоңыр топырақта құралған.

Қызғылт қарақоңыр топырақ ішіндегі кең тарағаны - құрамы жеңіл сазды және құмдақты топырақтар. Негізінен Ертіс жағалауындағы жазықтық құм және құмдақ топырағынан тұрады. Бұл топырақтардың гумус горизонтының қуаты орташа (А+В=60-80 см горизонт қуаты А = 15 - 20 см. Көмір қышқылды карбон 60 - 100 см тереңдіктен ұшырасады. Жеңіл еритін тұзы жоқ, топырағы тұзды емес.

Топырақ құрамындағы гумус 1 деп 2 процентке, үлес салмағы 2, 6 - 2, 7 г/см жетеді. Бұл топырақтар су өткізгіштік қасиеті жоғары (195 - 266 мм/сағ), су ұстауы төмен (8 - 12 %), ылғал пайдалануы аз (5 - 9%) . Топырақ құрамындағы эрозиялық фракциялар 70 - 80%-ке жетеді, соның нәтижесінде бұл топырақ едәуір дәрежеде жел эрозиясына ұшырайды.

Қызғылт қара қоңыр кәдімгі саздақ топырақ облыстың негізгі жыртатын жері. Гумусты горизонт қуаты орташа 40 - 60см, оның ішінде А горизонты 16 - 20 сантиметрге тең. Топырақ құрамындағы гумус 2, 5 - 3 %-ке жетеді. Бұл топырақтардың үлес салмағы 2, 6 аумақтық салмағы 1, 1 - 1, 3г/см, су өткізгіштігі орташа (120 - 129мм/сағ), даладағы су ұстағыштығы 21 - 32 %. Топырақ құрылымы кесекті, эрозиялық қиыршықтар 37 - 54%, суға берікті қасиеті төмен. Мұның бәрі бұл топырақтардың жел эрозиясына жеңіл ұшырайтынын, оны болдырмау үшін комплексті шаралар қолдануды қажет етеді.

Қызғылт қара қоңыр түсті кебір топырақтар көбінесе Коростеле даласына және оған шектес аудандарға тараған. Бұл топырақтардың айрықша белгісі сіңіру комплексінде натрийді сіңіруге қатынасады, сөйтіп физикалық қасиеті өте нашар және жаңғақты түйіртпекті әрі балшықты кебір горизонтта шағын тереңдікте иллювиалды коллоидтар құрайды. Әрқашан құрғақ күйінде кебір горизонттарда тік жарықшалар пайда болады.

2. Шөл - далалық аймақ ашық қызғылт қара қоңыр топырақты дала. Бұл Ертістің сол жақ жағалауындағы жазық пен Қазақтың ұсақ адырларының батыс бөлігін қамтып, Абай, Ақсуат, Жаңасемей, Жарма, Шұбартау, Аякөз және Көкпекті аудандарымен шектеседі. Бұл аймақтың жері ашық қызғылт топырақты, бірқалыпты, төменгі қабаты қоңырлана бастаған, гумус горизонтының қуаты шағын, құрылымы кесекті, карбонаттар жоғарыда жатады. Олардың ішінен тереңде қайнайтын (механикалық құрамы жеңіл), кәдімгі карбонатты, кебірлі және топырақтың нашар дамыған түрлері кездеседі. Ашық қызғылт қара қоңыр (кәдімгі) және нашар дамыған қиыршық тасты саздақ топырақ кең тараған. Алғашқысы адырлардың етектерінде, адыр аралығында және тау етектеріндегі аңғарларда құралады. Олардың гумус горизонтының қалыңдығы 30 - 45 см топырақ құрылымы шаң кесекті, карбонатты - иллювиальды қалың горизонты бар. 120 - 150 см тереңдікке дейін жеңіл еритін тұздар кездеспейді. құрамында 1, 5 -2 % гумус болады.

Бұл аймақ топырағының ерекшелігі - барлық жерде де сортаң топырақпен бірге нашар дамыған және кебір топырақтар ұшырасады. Кебір топырақтың беткі горизонты кесекті - ұлпа әрі тығыз болып келеді және су өткізгіштігі нашарлайды, сөйтіп тұнба көп жиналып, топырақтың тез қабыршақтануына себепші болады.

3. Шөлді аймақ облыс территориясының бестен бірін алады, жусан және жусан - сораңды өсімдікті Зайсан мен Балқаш - Алакөл ойпаттарын қамтиды, топырағы ашық қоңыр түсті. Мұнда Ақсуат, Шұбартау, Аякөз, Үржар және Мақаншы аудандары орналасқан . Жалпы, бұл аудандырда ашық қоңыр топырақ облыстың оңтүстік шекарасына қарай тараған. Оның ішінде кәдімгі ашық қоңыр топырақ (тұзды емес), гипсті топырақ, кебір, нашар дамыған және тақырлы топырақтар кездеседі. Олардың горизонтының қалыңдығы 40 - 45 см, топырақтың үстіңгі қабаты тілімденген, төменгі қабаты тығыз кесекті - қатты горизонтты болып келеді.

Бұл аймақтың қай ендігінде болмасын жер бедері ылди болса шалғындық ашық қызғылт қоңыр және ашық қызғылт қара қоңыр не шалғындық қоңыр топырақты болып келеді. Бұл жерлердің ылғалы мен құнарлығы да біршама жоғары болып келеді.

4. Табиғи тік аймақ таулы жерге тараған, олар: Батыс Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау, Барлық және Алтай сілемдері. Облыс жерінің топырағы табиғи бес белдікке бөлінеді: Биік таулы шалғындық белдік - Батыс Тарбағатайдың ең биік бөлігі - көбіне су тарайтын дөңестеу және жайпақ тау жазығы, сирек болса тік қабатты тау беткейлері. Бұл жердің тау жынысты шалғынды топырағы аллювиалды - делювиалды шөгінділерден қалыптасып бетін аласа шөпті субальпілік шалғын басқан. Топырағы қара - қоңыр, қиыршық тас мөлшері әр түрлі, гумус горизонтының (А+В) қалыңдығы 60см, А горизонтының қалыңдығы 20 - 30 см, күшті шымдалған.

Шалғын далалы белдік - Батыс Тарбағатай мен Қалба жотасының солтүстік беткейлері, сондай - ақ тау етегіндегі соқпа жазықтар. Мұнда көбіне тау жынысты сілтісіз қара топырақ, тау жынысты далалық ксеморфты және қара топырақты сілтісіз топырақ, қалың тау жынысы төселген аллювиалды - делювиальды қиыршық тасты саздақ топырақ.

Таудың қара топырағы күңгірт сұр, беткі горизонты қара түсті дерлік, сілтісіз, гумусты горизонтының қалыңдығы едәуір (А+В 75 - 90 см), карбонаттардан тазарған, құрамы саздақты және қиыршық тасты, бұл тереңдеген сайын көбейе береді. Бұл топырақта гумус көп(13 - 14%), ол топырақ ерітіндісімен қышқыл реакция құрайды.

Сілтісіз қара топырақ Тарбағатай етегіндегі жазықтың оңтүстігіндегі дөңестің беткі қабатымен, Қалба тауы сілемдері арасындағы алқапта тараған. Бұл топырақтар өзінің қасиеті жағынан сілтісіз тау қара топырағына ұқсас. Онан айырмашылығы: гумусы аз (7 - 8%) және қиыршық тастар кездеспейді. Тау жынысты далалық ксеморфты сілтісіз топырақ Тарбағатай мен Қалба тауларына тараған. Олар қалың тау жыныстарына таяу төселген элювиальды - делювиальды қиыршық тасты шөгінділерден құралған. Беткейдің оңтүстігіндегі бұл топырақтар жылдың жылы маусымында тез әрі күшті кебеді, ал суық маусымда - қарының жиі еритіні байқалады, сөйтіп көмір қышқылды тұздары шайылып кетеді. Гумусты горизонттың қалыңдығы 50 - 60см, тұз қышқылынан тереңде қайнап ашық қоңыр түске енген, А горизонтының құрылымы жылтыр кесекті, барлық топырақ пішінін ұсақ тасты деуге болады. Мұнда гумус 6 - 8 % мөлшерінде.

Ылғалы орташа далалық белдік - таулы аймақтың қара топырақты ылғалы мол төменгі бөлігіне және тау етегіндегі қыратты жазықтарыд алып жатыр. Жер көлемі жағынан бұл белдік Қалба мен Тарбағатай беткейлері, Алтай, Тарбағатай мен Қалба таулары етегіндегі жазықтарды қамтиды. Мұнда оңтүстіктің таулы және тау етегіндегі қара топырағы басым. Оңтүстіктің таулы жерінің қара топырағы - әр түрлі боз шөпті қуаты аз саздақ топырақты элювиальды - делювиальды шөгінділерден солтүстіктің тік және көлбеу беткейлерінде қалыптасқан. Бұл топыраққа тән ерекшелік - гумусты горизонтының түсі қара қоңыр, төменгі қабаттары сұр түске айналады, қуаты аз (А+Б 36 -60см), құркесекті, түйіртпекті жылтыр кесектісі сирек кездеседі. Гумус мөлшері 6 - 7%.

Қара топырақтың ішінде ең көп тарағаны оңтүстіктің тау етектерінің қара топырағы. Бұл топыраққа тән ерекшелік гумусты қабатының (А+В=55-60см) едәуір қалыңдығы, гумусының аздығы (3 - 6%), суға еритін заттар мөлшері өте аз, гумус қабатының төменгі бөлігі карбонатты. Бұл топырақтар өзінің суға төзімді құрылымымен, салыстырмалы салмағының онша жоғары еместігімен, орташа су өткізгіштігімен, су сіңіруінің өте аздығымен(25-30%) және активті ылғалының көптігімен көзге түседі.

Тарбағатайдың тау етегіндегі оңтүстік қара топырағы үшін әр түрлі бағыттағы беткейлерде гумусты горизонт 40-тан 65 см дейін өзгеріп отырады, құрылымы суға онша төзімді емес, аумағы бойынша салмағы біршама жоғары, су өткізгіштігі жоғары, далалық су сіңірімділігі төмен. Топырағы суға шөлірекейді. Новошульба ауданындағы қара топырақ терең қатып және қардың аз түсуіне байланысты қар суы тек жоғары бір метрге дейінгі қабатқа жетеді.

Қуаң далалық белдік - қызғылт қара қоңыр топырақты тау және тау етектерінен басылып Тарбағатайдың, Қалба мен Шыңғыстаудың аласа және ұсақ адырлы Саырарқаның таулары мен тауетектерімен шектеседі. Тау топырағы - тығыз жыныстардан құралған, олар жер бедеріне қарай тік және түйетайлы болып келеді. Олардың гумусты горизонтының қалыңдығы (40 - 50см) орташа, түсі қоңыр, құрылымы құрткесекті, тереңдеген сайын ұсақ тасты, гумусы көп (4 процентке) жетеді, топырақтың механикалық құрамы көбіне саздақты болып келеді. Жер бедеріне қарай жыртуға жарамсыз, жайылымға жарамды деп есептеледі.

Тау етегіндегі қызғылт қара қоңыр топырақ Қалба, Тарбағатай және сирек те болса Шыңғыстаудың тау аңғарлары мен етегіндегі қыратты жазықтарға тараған. Гумус пен жалпы азот мөлшері жоғары: 3 - 4 және 0, 18 - 0, 26%. Жылтыр кесекті қызғылт қара қоңыр топырақтың агрегаттық құрамының құрылымы жоғары (60-75%), оның едәуір бөлігі суға төзімді (топырақ салмағының 20 - 40% - ке дейін) .

Шөлдік - далалы белдік ашық қызғылтқоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр, ол Тарбағатайдың етегінде оңтүстік беткейлерінің қыратты жазықтарының өнбойын қуалайды. Топырақ құрайтын негізгі жыныстар - көбінесе лессті топырақ және сирек те болса ұсақ тасы аз делювиальдысаздақ топырақ. Бұл топырақтар өзінің құнарлы және биологиялық активтілігінің күштілігімен ерекше көзге түседі.

Семей облысы. 18, 3 млн гектар территориямен орналасып және топырақтық - өсімдік үш ендіктің шегінде; далалық, шөлді және далалық аймақта жатыр. Қалба тауының оңтүстік батыс беткейінде және батыс Тарбағатайда жоғары таулы шалғынды, таулы - далалық және тау етегіндегі шөл - далалық аймақтар байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Қазақстанның қуаң дала және шөлейт аймағының қара- қоңыр топырақтары
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Тау топырақтары
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Топырақтану және топырақ географиясы
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Сорланған топырақты жіктеу
Зоналық топырақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz