Полимерлі материалдарды пайдалану



Полимерлерді пайдалану көптеген жағдайларда күрделі технологиялық процестерден қашып құтылуға мүмкіндік береді, атап айтатын болсақ, пісіріп қосу, балқыту, гальваникалық қаптамаларды жасау сияқты операциялардың қажеті болмайды. Полимерлік қаптамаларды тозған бұйымдар бетіне келесідей түрде жағады: беттерді таттардан тазартады, ацетонмен немесе спирттермен майсыздандырады, шаңдалмаған бөліктерді фольгамен, асбестпен, термотөзімді лактармен және басқа материалдармен жабады; бөлшектерді полимердің балқу температурасы нан 30 ....500С жоғары температураға дейін қыздырады (электропештерде, жоғары жиілікті токтарда немесе гызды қыздырғыштарда), ұнтақты беттерді камералық әдіспен (эпоксидті шайырды ұнтақ түрінде) немесе ағынды үрлеу әдісімен жағып шығамыз.
Тез тозатын бөлшектерді немесе олардың бөліктерін полимерлді материалдармен алмастыру сығымдау әдісімен бөлшекті дайындау немесе қалпына келтіруден тұрады, яғни: балқу нүктесінен 50...700С жоғары температураға дейін қыздырылған материал (поликапролактам, капрон, капролон және т.б.) қалыпқа құю машинасында немесе престе 4-5 МПа қысымда құяды. Алдын ала пресс қалыпты және қалпына келтірілуші бұйымды 80...1000С температураға дейін қыздырамыз. Жрықшақтарды бекіту, кетіктерді жамау және бөлшектерді жабыстыруды арнайы қатайтқыштар, яғни беріктік, эластикалылық, жоғары адгезия беретін, сонымен бірге жоғары химиялық төзімділік беретін арнайы үстемелерді қоса отырып эпоксидті шайырлармен (ацетон және фенолдан алынатын) жүзеге асырады.
Қатайтқыштарды қосқан кезде (полиэтиленполиамин, гексаметилендиамин және т.б.) эпоксидті шайырлар қамыртәрізді күйден қайтымсыз қатты күйге өтеді. Беріктігін жоғарылату және құрамның құнын төмендету мақсатында толықтырғыштарды – ұсақ майдаланған шойынды, болат ұнтақтарды, портладцементтер, шыны талшықтарын қосады. Жарықшақтарды безендіру кезінде олардың шеттерін бөлшектің

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Полимерлерді пайдалану көптеген жағдайларда күрделі технологиялық
процестерден қашып құтылуға мүмкіндік береді, атап айтатын болсақ, пісіріп
қосу, балқыту, гальваникалық қаптамаларды жасау сияқты операциялардың
қажеті болмайды. Полимерлік қаптамаларды тозған бұйымдар бетіне келесідей
түрде жағады: беттерді таттардан тазартады, ацетонмен немесе спирттермен
майсыздандырады, шаңдалмаған бөліктерді фольгамен, асбестпен, термотөзімді
лактармен және басқа материалдармен жабады; бөлшектерді полимердің балқу
температурасы нан 30 ... 500С жоғары температураға дейін қыздырады
(электропештерде, жоғары жиілікті токтарда немесе гызды қыздырғыштарда),
ұнтақты беттерді камералық әдіспен (эпоксидті шайырды ұнтақ түрінде) немесе
ағынды үрлеу әдісімен жағып шығамыз.
Тез тозатын бөлшектерді немесе олардың бөліктерін полимерлді
материалдармен алмастыру сығымдау әдісімен бөлшекті дайындау немесе қалпына
келтіруден тұрады, яғни: балқу нүктесінен 50...700С жоғары температураға
дейін қыздырылған материал (поликапролактам, капрон, капролон және т.б.)
қалыпқа құю машинасында немесе престе 4-5 МПа қысымда құяды. Алдын ала
пресс қалыпты және қалпына келтірілуші бұйымды 80...1000С температураға
дейін қыздырамыз. Жрықшақтарды бекіту, кетіктерді жамау және бөлшектерді
жабыстыруды арнайы қатайтқыштар, яғни беріктік, эластикалылық, жоғары
адгезия беретін, сонымен бірге жоғары химиялық төзімділік беретін арнайы
үстемелерді қоса отырып эпоксидті шайырлармен (ацетон және фенолдан
алынатын) жүзеге асырады.
Қатайтқыштарды қосқан кезде (полиэтиленполиамин, гексаметилендиамин
және т.б.) эпоксидті шайырлар қамыртәрізді күйден қайтымсыз қатты күйге
өтеді. Беріктігін жоғарылату және құрамның құнын төмендету мақсатында
толықтырғыштарды – ұсақ майдаланған шойынды, болат ұнтақтарды,
портладцементтер, шыны талшықтарын қосады. Жарықшақтарды безендіру кезінде
олардың шеттерін бөлшектің қалыңдығының 23 шамасын құрайтын тереңдікке
дейін бұрғылап тесеміз, мұнда тесу бұрышы 60 ... 700С құрайды, сонымен қатар
бөлшек бетін металдық жылтырлыққа дейін қырнап тазалап және ацетонмен
майсыздандырады. Қатайтқыштарды эпоксидті шайырға тікелей желімдеуден алдын
қосады. Желімдік құрамның жарамдылық мерзімі – 30 минутқа дейін жетеді.
Үлкен жарықшақтарды және тесіктерді безендіру кезінде тығыздау үшін бірнеше
қабатта төселетін шыны талшықты пайдаланады.
Слесарлық – механикалық жұмыстар. Негізгі слесарлық операцияларға
сораптарды жөндеу кезінде: түзету, бұрандаларды жөндеу, аралау, қырнау және
жазу жұмыстары операциялары жатады. Түзету дегеніміз деформацияланатн
бөлшектерді бастапқы пішіндерін қыздыру, сығымдау, желімдеу және рихталау
арқылы қалпына келтіру деп түсінеміз. Бұранданы жөндеу бұрандалы
қосылыстарды белгілеуші және плашкалар көмегімен елеусіз бұзылуларды
қалпына келтіруден және бұранда салудан тұрады (ұлғайтылған өлшемдегі).
Жарықшақтарды пісіру арқылы жөндеп және одан соң бетті тазалаудан өткізеді.
Бөлшектерді аралауды тискаларда аралар көмегімен жүргізеді. 0,5 тен 1 мм
дейінгі қосымшалар қалдыру арқылы бөлшектерді ірілік өңдеуді арнайы
қырғыштар көмегімен жүзеге асырады. Бөлшектерді өңдеуде тазалықты
қамтамасыз ету үшін (0,15 тен 0,3 мм дейінгі қосымшалар қалдыру арқылы
өңдеуде) кіші тісті араларды пайдаланады. Бөлшектер беттерін безендіруде
0,05 тен 0,1 мм дейінгі қосымшалар қалдыруда бархатты араларды пайдаланады.
Қырналауды шаберлер көмегімен орындайды. Олармен бөлшек бетінен 0,005
тен 0,05 мм дейінгі қабаттарды қырнап алып тастайды. Жазық беттерді бояудың
жұқа қабатымен жабылатын тексеру плитасымен кіргізеді. Сырғанау
подшипниктерінің вкладыштарын салуды бояу көмегімен орындайды. Бояу арқылы
білік мойыншасын жауып және оны подшипникке орнатады. Бұраудан кейін
подшипник шешіліп және боялған орындар жонылады. Маймен араластырырылған
абразивті ұнтақтарды пайдалана отырып бөлшеутерді жонуда қосылыстардың
тығыз байланысуы мүмкін болады. Тесіктерді қол немесе машиналық
бұрғылығыштармен теседі.
Бөлшектерді механикалық өңдеу. қондырғыларда жаңа бөлшектерді
дайындайды, тозған бөлшектерді жөнджеушлік өлшемдерге есептейді, тесіктер
ойып және шпонкалы паздарды кеседі. Механикалық өңдеулер үшін әмбебап
токарлы, бұрғылаушы, фрезерлеуші, тегістеуші және жонушы қондырғыларды
пайдаланады. Кескіш құрылғы ретінде қондырғыларда кескіштер және құралдық
және жылдам кесуші болаттардан жасалған фрезалар пайдаланылады. Тегістеуді
әртүрлі қаттлықтағы және әртүрлі бұдырлықтағы абразивті құралдармен
жүргізеді. Төменде өңдеудің әр түрінде алынатын беттердің тазалық
дәрежелері келтірілген.

Өңдеу түрі Дәлдік класы
Жону:
Қырнау арқылы 1 ... 3
Жартылай тазалықтағы 4...5
Тазалықтағы 6 ... .7
Жұқа (алмаздық) 8 ... .9
Бұрғылау:
15 мм дейінгі диаметрге дейі 4 ... .5
15 мм жоғары диаметрге дейін 3 ... 5
Тесіктерді ашу:
Жартылай тазалықтағы 4 ... 5
Тазалықтағы 6 ... .7
Жұқа етіп 8 ... ..9
Тегістеу:
Жартылай тазалықтағы 5 ... ..6
Тазалықтағы 7...8
Жұқа етіп 9 ... .10
Жөндеу жұмыстарының түрлері және оларды қаржыландыру

Құрылғалар және жабдықтарды жөндеу осы жабдықтарды бастапқы
эксплуатациялық сапаларын ұстап тұру және қалпына келтіру мақсатында
жүргізіледі. Станциялардағы жөндеу жұмыстары (апаттық жағдайлармен
туындаған жөндеулерді қоспағанда) жоспарланып және жоспарлы ескертуші
сипатқа ие болуы қажет, яғни олардың арналуы – техникалық апаттардың пайда
болуы ықтималдығының алдын алу болып табылады. Жоспарлы - ескертуші
жөндеулер ағымдағы және капиталды болып бөлінеді.
Ағымдағы жөндеу. Ағымдағы жөндеу эксплуатациялау процесінде
туындайтын және жабдықтар және құрылғыларды күту кезінде байқалған ақаулар
мен дұрыс еместіктерді уақытылы жоюдан тұрады. Ағымдағы жөндеу кезінде ең
қажетті жинау бірліктерін аздап шашып және жөндеуді, мұнда агрегатты немесе
механизмді тұтас шашу жүргізілмейді. Ағымдағы жөндеулердің мазмұны және
көлемі периодты тексерулер нәтижелері және жеке жинау бірліктерін және
бөлшектерін жартылай ревизиялау нәтижелері бойынша анықталады.
Капиталды жөндеулер. Капиталды жөнделер құрылғылар және жабдықтардың
бастапқы эксплуатациялық жұмысқа қабілеттлігін толықтай қалпына келтіруден
тұрады. Капиталды жөндеулердің мазмұны мен көлемін сораптық станцияның
техникалық жетекшіліктері тексерулер мен ревизялар, мұқият қадағалау немесе
арнайы комиссиялардың қорытындылары бойынша анықтайды. Капиталды жөндеулер
кешенді, яғни барлық бүкіл объектіні қамтитын және таңдамал, яғни белгілі
бір ірі жинау бірліктері, конструкциялар және бөлшектер жөнделетін болып
бөлінеді. Ғимараттар және құрылғылардың капиталды жөндеулеріне құрылғыларды
реконструкциялау және модернизациялау бойынша жұмыстар, канализациялар
трассалырн өзгерту сияқты жұмыстар кіруі мүмкін.
Капиталды және ағымдағы жөндеулер құрамында жабдықтар үшін
жүргізілетін жұмыстардың номенклатурасы 2 қосымшада келтірілген.
Ағымдағымдағым және капиталды жөндеулер үшін бөлінетін қаражаттардың
көлемі жинау бірліктерінің, агрегаттардың, объектінің баланстық құнынан
аударымдар нормасымен анықталады. Ағымдағы жөндеулер үшін жұмсалатын
қаражаттардың сметасын құрастыру үшін негіз болып шартты емес шығындарды
есепке алат отырып нормативтер боййынша құрастырылған ақаулардың бағалық
ведомосттары есептеледі. Ағымдағы жөндеулр үшін құрастырылған жылдық
жоспарларда көрінбейтін жөндеулер үшін 20 пайызға дейін қосымша қаражаттар
бөлінеді. Кіші капиталды жөндеулер үшін 10000 сомға дейін жұмсалған
қаражаттар ағымдағы жөндеулер сметасына қосылып кетеді. Объектілердің және
күрделі агрегаттардың капиталды жөндеулерінде жұмсалатын қаражаттар мөлшері
10 000 сомнан асып түсетін болса, онда сол жөндеу үшін жобалық – сметалық
құжаттамаларды құрастырады. Жөндеу жұмыстары үшін сметаны шартты шығындарды
есепке ала отырып бірлікті бағаламалар бойынша құрастырады. Сметалар
қорытындысы ретінде қайтармалы сомаларды көрсетеді. Шартты шығындарды
шаруашылық министрлігі орнатқан өлшемдерде шаруашылық әдістермен, делдал
ұйымдарда бекітілген өлшемдерде орындалған жұмыстар бойынша жұмсалған
тікелей шығындардың көлеміне пайыздық түрде анықтайды. Ағымдағы және
капиталды жөндеулер орындау үшін құрастырылған сметаны бекітілген тәртіпте
сораптық станцияның басқарма жетекшілері бекітеді.

11.4 Жабдықтарды жөндеуді жоспарлау
Жөндеу жұмыстарының периодтылығы және көлемі жабдықтардың жағдайына,
олардың жұмыс режимдеріне, алдын жүргізілген жөндеулер санына және сапасына
және т.б. байланысты болады. Екі капиталды жөндеу арасындағы жұмысшы
сағаттардың саны жөндеулік цикл деп аталады. Капиталды жөндеулер арасындағы
ағымдық жөндеулер саны жөндеулік цикл құрылымын анықтайды. Мысалы, екі
капиталды жөндеулер арасында үш ағымдағы жөндеуді орындаған кезде жөндеу
циклының құрылымын К-Т-Т-Т-К немесе К-3Т түрінде жазады, мұндағы К және Т-
сәйкесінше капиталды және ағымдағы жөндеулердің белгіленуі.
Жөндеулерді жоспарлау үшін келесі мәліметтерге ие болу қажет: жөндеу
циклының орташа ұзақтығы және құрылымы; кезекті суландыру науқаны үшін суды
берудің графигі. Бірінші мәліметті фактілі жөндеу циклы туралы және оның
жабдықтардың белгілі бір типін 5 ... 6 жыл эксплуатациялау құрылымы туралы
мәліметтер негізінде алады.
Жөндеу жұмыстарын жоспарлау әдістері Д6300-27 (32Д-19) сораптарымен
және синхронды электроқозғалтқышпен СД313-42-10 (кесте 11.1)
комплектіленетін агрегаттарға ие төртагрегатты сораптық станция мысалында
қарастырамыз. 1...3 дейінгі графалар құжаттамалық мәліметтер негізінде
толтырылады, 4 ... 6 графалары болса есептік мәліметтер бойынша, 7 және 8 –
жөндеудің фактілі циклы және жабдықтардың құрылымы, яғни станцияда
орнатылған жабдықтар құрылымы негізінде немесе басқа станциялардағы
біртиптегі жабдықтар мәліметтері негізінде толтырылады.
Қарап тексеру және жөндеулер келесідей тізбектілікте орындалады.
1. Есептік мәліметтер бойынша уақытты пайдаламну коэффициентін
анықтайды
β=Tф Тп =15 026 17 280 =0,83
мұндағы: Tф - WQ = 56 800 000 3780 = 15026 сағ – станцияның
практикалық жұмысы; W – 56,8 млн, м3 – суландыру периодында судың жоспарлы
берілуі; Q =3,78 мың м3сағ – бір сораптың берілісі; Тп =t1t2п = 180 * 24
* 4 = 17280 сағ – станцияның мүмкін болатын жұмыс істеу уақыты; t1= 180
тәулік – суландыру науқаны; t2 – 24 сағ тәулік көлеміндегі станцияның
мүмкін болатын жұмыс істеу уақыты; п – 4 сораптық агрегаттардың саны.

2. Уақытты пайдалану коэффициентін есепке ала отырып ағымдық жөндеулер
арасындағы жөндеу аралық периодта сағат түрінде анықтайды.

t=Tр.ц. mβ
Сорап үшін tи = 10 000 (4*0,83) = 3010 сағ; электроқозғалтқыш үшін tэ
= 12000 (5*0,83) = 3270 сағ.
3. Соңғы капиталды жөндеуден кейінгі өңделген машиналық уақытты есепке
ала отырып, жөндеу аралық уақытты t және жөндеу циклының құрылымын есепке
ала отырып ағымдық және капиталды жөндеулерді жоспарлайды.
4. Жөндеулерді суландыру науқаны алдында ортасында және оның аяқталуға
жақын кезінде, егер ағымдағы жөнделер мерзімі және қарап тексеру мерзімі
бір біріне жақын болатын болса, оона оларды біріктіріп жібереді.
Графикпен қарастырылған жабдықтарды тоқтату ережесі суберу графигімен
байланыстырылуы мүмкін. жылдық жоспар – графиктерді байыту жүйесінің
басқарма бастығы анықтайды. Негізгі жабдықтарды тексеріп қарауға 3 сағат
уақыт бөлінеді. Ағымдық және капиталды жөндеулердегі тоқтау уақыттары
жөндеу жұмыстарының күрделілігіне және жөндеулерді жүргізуге дайындалу
сапасына байланысты болады.
11.2 кестеде кейбір сораптық станциялардағы Нижне – Дондық байыту
жүйесінің (НДБЖ) Ростов облысындағы жөндеу кездеріндегі жабдықтардың тоқтап
тұруы туралы мәліметтер келтірілген.
Сораптық станциялардың құрылғыларчн капиталды жөндеудің шамаланған
периодтылығы Қосымша 3 келтірілген.
Кесте 11.2 Нижне – Дондық байыту жүйесі сораптық станцияларындағы
жөндеудегі жабдықтардың тоқтауы.
Жабдықтар Сораптық Жөндеулер кезіндегі тоқтау
станцияның уақыты
нөмірі
ағымдағы капиталды
Қуаты төмендегідей болып келетін
жоғарывольтты синхронды электро
қозғалтқыштар, кВт
600 және одан жоғары 43 9 20
500 ... 600 51 8 17
300 ... .500 52 7 15
Төмен вольтты қуаты 80 кВт болатын 47 8 17
асинхронды электроқозғалтқыштар
Ортадан тепкіш сораптар:
32Д-19 49 10 15
24НДн 52 10 15
22НДс 43 10 12
20НДн 46 8 10
16НДн 47 5 8

Электроқозғалтқыштарды жөндеу кезіндегі тоқтаулар уақыты кабельді
сымдарды жөндеу, реостаттарды, майлы ауыстырып қосқыштарды, шиналар,
трансформаторларды жөндеу уақыттарынан тұрады; сораптардың жөндеуге тоқтап
тұратын уақыты бекітпелер және олардық жетектерін жөндеуге жұмсалған уақыт
шығындарынан, кері клапандарды, станцияішілік сорушы және тегеурінді
коммуникациялардан тұрады. Сораптарды жөндеу үшін қор бөлшектерін келесі
шамаланған сорап бөлшектері қызметтерінің жалғасу уақыттары есептеулерінен
дайындайды: олар атап айтқатын болсақ, жұмысшы кавитация шарттарында жұмыс
істейтін дөңгелектер – 12 000 сағат; қалыпты шарттарда жұмыс істьейтін
жұмысшы дөңгелектер – 25 000; сораптар біліктері – 25 000; тығыздаушы
сақиналар – 10 000; қорғағыш төлкелер – 10 000.
ЭЦВ типтегі электробатырылатын артезиандық сораптардың жөндеулік циклы
Химмаш ҒЗИ мәліметтері бойынша 8000 ... 9000 сағат құрайды, ол он ағымдағы
және екі капиталды жөндеулер арасындағы бір орташа жөндеуден тұрады.

Жөндеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру
Сораптық станциялардағы жөндеу жұмыстары шаруашылықтық және делдалдық
әдістермен жүргізіледі. Жабдықтарды жөндеудің шаруашылықтық әдістерінде,
қағида бойынша, дербес әдіс пайдаланылады. Ол жөнделген бөлшектерді
орнатудан және жинау бірліктерін өздері шешіліп алынған машинаға жинап
орнатуды қарастырады. Дербес әдіс еңбекті ұйымдастырушылықтың бригадалық
түріне тән сипатты, мұнда жөндеу жұмыстарының барлық көлемін станцияның
қызмет көрсетуші персоналы орындайды.
Жабдықтарды жөндеудің делдалдық әдістерінде жұмыстардың барлығын
келісім шарттық негізде арнайы жөндеу үшін мамандандырылған кәсіпорындар
жүргізеді. Жабдықтардың өлшемдері және типтері және оны тас ымалдау
мүмкіндіктеріне қарай жөндеу жұмыстарын тұлғалық немесе дербес әдістермен
орындайды. Қажетті техникалық құралдармен және жоғары манадандырылған
кадрлармен жабдықталған арнайы кәсіпорындарда жүргізілетін тұлғалық әдіс
заманға сай технология бойынша ағымдық өндірісті қамтамасыз етеді, олар
арқылы жөндеу жұмыстарының жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Жөнделіп
шыққан бөлшектер және жинау түйіндері берілген типтегі кез – келген
машинаға орнатылуы мүмкін.
Ірі сораптарды жөндеу жұмыстарын қағида бойынша арнайы жөндеу
жұмыстары үшін мамандандырылған кәсіпорындардың жылжымалы бригадалары
станцияның қызмет көрсетуші персоналы көмегімен орындайды. Мұнда жөнделетін
машиналардың бөлшектерін қалпына келтірудің зауыттық тәсілдері кеңінен
қолданылады. Жұмыс көлемін және сапасын бақылауды, сонымен қатар сәйкес
актілермен безендірілетін ашу жұмыстарын аралық қабылдау делдалдардың
техникалық персоналы жүзеге асырады.
Ағымдық және күрделі капиталдық жөндеулер бойынша толық орындалған
жұмыстарды станцияның техникалық персоналы немесе станция топтары персоналы
қабылдап алады. Ірі және қымбат тұратын кпиталды жөндеуден өткізілген
объектілер ведомостволық нұсқаулармен сай құрылатын комиссиямен
қабылданады.
Комиссия жөндеуден шыққан объекті үшін орындалған жұмыстарды натуралды
және ақшалай бірлікте көрсете отырып, сонымен қатар жөндеулер сапасын,
агрегаттар және құрылғыларды жөндеуден кейінгі сынаулар нәтижелерін, жөндеу
жұмыстарын орындау мерзімдерін көрсете отырып акті толтырады. Бұл актіге
жұмыстарды ашу үшін толтырылған аралық актілер, сынаулар туралы
құжаттамалар, жөндеу жұмыстары кезінде енгізілген конструкциядағы
өзгерістерге қажетті схемалар мен сызбалар тіркеледі. Жете жөнделмеген
объектілер қабылдауға жол берілмейді. Жөндеулерден соң ақаулар байқалған
жағдайда жөнделіп шыққан жабдықтарды сол агрегаттарды аластату және
екіншілік тексеруден кейін ғана қабылдау жүргізіледі.
Ірі және орта сораптық станцияларды қабылдауды үш кезеңде жүргізеді:
жауапты түйіндерді жөндеу орындалғаннан бастап жүргізілетін түйіндік
қабылдау; агрегатты бос жүрістерде жүргізу; үздіксіз түрде 72 сағат
көлемінде жұмыс істегеннен кейінгі қабылдау.

11.6 Сораптық станциялардағы жөндеу - механикалық шеберханалар

Жөндеу механикалық шеберханалар әдетте ірі, кейде дәне орта сораптық
станцияларда болады. Станциялық жөндеу – механикалық шеберханаларда
қондырғылар және жөндеу жабдықтарының келесі қатарлары болуы қажет:
қондырғылар – токарлық-винткесуші, вертикальды бұрғылаушы, фрезерлік;
үздікті ток пісіру аппараттары,тұрақты токтың пісіру түрлендіргіші; жүк
көтергіш жабдықтар – көпірлі кран немесе кран – балка, бір – екі талилар
және т.б.; слесарлық верстактар; білікті иіу және жұмысшы дөңгелектерді
статикалық теңестіру үшін арналған роликті тіректер (сурет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жөндеу жұмыстарын дайындау
Поливинилпирролидон және бентонит сазы негізіндегі композициялық гельдерді синтездеу
Ауаны талдау әдістері және ерекшеліктері
Бетонполимер өндіру технологиясы
Әрлеу материалдары
Композитті материалдар. Композитті материалдардың жіктелуі
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
Акрилат мономерлері негізіндегі стимулсезімтал гидрогельдер
Аяқ киімнің дизайны
Полимерлі ерітінділерді қабатқа айдау
Пәндер