ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат Инвестицяның мәні мен түрлері



1. 2013, 2014, 2015 жылдары Қазақстан Республикасындағы макроэкномикалық көрсеткіштер.
2. ҚР.ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары.
3. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
4. Инвестицяның мәні мен түрлері. ҚР.дағы инвестициялық саясат.
2013 жылы әлемдік экономиканың қалпына келу процесі баяу қарқынмен жүрді және тұрақсыздық байқалды. 2013 жылы Қазақстанда экономиканың өсу қарқынының жылдамдағаны байқалды. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда (алдын ала деректер бойынша) ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі Қазақстанда 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0%-ды, нақты көрсеткіш бойынша 12,5%-ды құрады. Айтарлықтай жоғары өсу қарқыны байланыс (2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 14,0%), сауда (12,7%), ауыл шаруашылығы (10,8%), көлік (7,5%) сияқты салаларда байқалды.
Экономиканың тұрақты өсуі 2013 жылы жиынтық сұраныстың орнықты өсуімен байланысты болды, ол банк секторын кредиттеудің кеңеюімен де, халықтың ақшалай кірісінің ұлғаюымен де нығайды. Мәселен, жан басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда номиналдық көрсеткіш бойынша 9,5%-ға және нақты көрсеткіш бойынша 3,5%-ға өсті. 2013 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімі 6459,4 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымындағы негізгі баптар салық түсімдері (барлық түсім көлемінің 70%) және ресми трансферттер (20% астам) болып табылады. 2013 жылы инфляциялық үдерістердің бәсеңдеу үрдісі байқалды. 2013 жылы жылдық инфляция 4,8% болып қалыптасты (2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда).
2014 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау кезінде мұнай бағасының бір баррель үшін 95 АҚШ доллары болатындығын көздейтін дамудың басты сценарийі негізге алынды, бұл ретте сауда балансы сальдосының нашарлауына байланысты ағымдағы шот тапшылығы аздап кеңейеді деп болжанады. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерін өсірудің жоғары қарқыны жағдайында тікелей және басқа инвестицияялар бойынша таза қарыз алудың төмендеуі байқалады. 2014 жылы инфляция аясының ағымдағы деңгейде сақталуы күтіледі. Шикізат пен азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы тұрақсыздық, баға белгілеу тетігінің тиімсіздігі, іскерлік белсенділіктің тұрақты өсуі, ішкі бәсекелестіктің жеткіліксіз даму деңгейі және тауарлар мен қызмет көрсетудің жекелеген нарықтарын монополизациялаудың жоғары дәрежесі, аймақтарда сауда инфрақұрылымының нашар дамуы сияқты факторлар инфляцияның негізгі тәуекелдері болып қала береді. 2014-2015 жылдары экономиканы қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін қаражат көлемінің ұлғаятындығын, сондай-ақ экономикада девальвациялық күтулердің болатындығын ескерсек, ақша ұсынысының серпінін бағалау айтарлықтай күрделі. Ақша агрегаттарын дамыту белгілі бір дәрежеде бөлінетін қаражатты игеру кестесі мен бағытына байланысты болады, бұл өтімділікті басқаруда тұрақты мониторингті және жедел шаралар қабылдауды қажет етеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастыратын болады.
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998. 154-155б
2. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002. 220 б
3. . Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002. 210 б

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тексерген: Габдуллина Л.Б

Орындаған : Архалаг.А

Топ: Е-415

Семей 2015

Жоспар:

1. 2013, 2014, 2015 жылдары Қазақстан Республикасындағы макроэкномикалық
көрсеткіштер.

2. ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары.

3. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы
саясат

4. Инвестицяның мәні мен түрлері. ҚР-дағы инвестициялық саясат.

2013, 2014, 2015 жылдары Қазақстан Республикасындағы макроэкномикалық
көрсеткіштер.

2013 жылы әлемдік экономиканың қалпына келу процесі баяу қарқынмен жүрді
және тұрақсыздық байқалды. 2013 жылы Қазақстанда экономиканың өсу
қарқынының жылдамдағаны байқалды. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда (алдын ала
деректер бойынша) ішкі жалпы өнімнің нақты өсуі Қазақстанда 2012 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,0%-ды, нақты көрсеткіш бойынша 12,5%-ды
құрады. Айтарлықтай жоғары өсу қарқыны байланыс (2012 жылғы қаңтар-
желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 14,0%), сауда
(12,7%), ауыл шаруашылығы (10,8%), көлік (7,5%) сияқты салаларда байқалды.

Экономиканың тұрақты өсуі 2013 жылы жиынтық сұраныстың орнықты өсуімен
байланысты болды, ол банк секторын кредиттеудің кеңеюімен де, халықтың
ақшалай кірісінің ұлғаюымен де нығайды. Мәселен, жан басына шаққандағы
орташа ақшалай кіріс 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2012 жылғы тиісті
кезеңмен салыстырғанда номиналдық көрсеткіш бойынша 9,5%-ға және нақты
көрсеткіш бойынша 3,5%-ға өсті. 2013 жылы мемлекеттік бюджеттің түсімі
6459,4 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымындағы
негізгі баптар салық түсімдері (барлық түсім көлемінің 70%) және ресми
трансферттер (20% астам) болып табылады. 2013 жылы инфляциялық үдерістердің
бәсеңдеу үрдісі байқалды. 2013 жылы жылдық инфляция 4,8% болып қалыптасты
(2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2013 жылғы желтоқсанда).

2014 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау кезінде мұнай бағасының
бір баррель үшін 95 АҚШ доллары болатындығын көздейтін дамудың басты
сценарийі негізге алынды, бұл ретте сауда балансы сальдосының нашарлауына
байланысты ағымдағы шот тапшылығы аздап кеңейеді деп болжанады. 2014 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерін өсірудің жоғары
қарқыны жағдайында тікелей және басқа инвестицияялар бойынша таза қарыз
алудың төмендеуі байқалады. 2014 жылы инфляция аясының ағымдағы деңгейде
сақталуы күтіледі. Шикізат пен азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы
тұрақсыздық, баға белгілеу тетігінің тиімсіздігі, іскерлік белсенділіктің
тұрақты өсуі, ішкі бәсекелестіктің жеткіліксіз даму деңгейі және тауарлар
мен қызмет көрсетудің жекелеген нарықтарын монополизациялаудың жоғары
дәрежесі, аймақтарда сауда инфрақұрылымының нашар дамуы сияқты факторлар
инфляцияның негізгі тәуекелдері болып қала береді. 2014-2015 жылдары
экономиканы қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін
қаражат көлемінің ұлғаятындығын, сондай-ақ экономикада девальвациялық
күтулердің болатындығын ескерсек, ақша ұсынысының серпінін бағалау
айтарлықтай күрделі. Ақша агрегаттарын дамыту белгілі бір дәрежеде
бөлінетін қаражатты игеру кестесі мен бағытына байланысты болады, бұл
өтімділікті басқаруда тұрақты мониторингті және жедел шаралар қабылдауды
қажет етеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі   негізгі
мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын ақша-кредит
саясатын жүргізуді жалғастыратын болады. 2014 жылы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық
тетігін одан әрі ендіру бойынша шараларды іске асыруды жалғастырады.
Негізгі мақсаты банк жүйесіне қысқамерзімді өтімділікті беру болып
табылатын бағалы қағаздарды кері сату талабымен сатып алу бойынша
аукциондар (кредиттік аукциондар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
таргеттелетін мөлшерлемеге әсер ететін негізгі операциялар болып табылады.

ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары.

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы
ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған
құбылыс болып отыр. Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін
қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік
экономикалық мәселелерді шешуге бағыталады. Сондықтан экономикалық теория
экономикалық өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше
мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл
жыл сайынғы, қоғамдық өнімінің сандық әрі сапалық артуы және лоар екі
топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы
қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типті
негізінде дамиды. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім
шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі
есе ұлғаюы қажет. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай
нәтижеге жұмыс қүшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол
жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі
арақатынаста немесе бірін – бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз.
Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының
негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы
қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі,
ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге
асады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады,
осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық
механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз. Әдетте,
бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қомайлы
емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды
қымбаттатады. Өнделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі
өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде
экономикадағы пропорционалдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны
төмендей бастайды. Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі
мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірақтар
факторларға байланысты:

- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсак, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық
шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын
өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды
интенсивті өсу мүмкіндіктерін карастыруға итермелейді. Демек техникалық
процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға – метериалды
сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам
масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің
ұлғаюымен байкалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші:
жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) неиесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс
(ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде
(алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды
ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да – 200 млн. теңге болған, онда
абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда – 5%
құрайды. Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен
анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ
мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы
алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰО) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы
көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық
дамудың бағытын анықтауға болады. Неге экономикалық өсу қажетті
экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы
өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап
басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. өсіп келе жатқан экономика
жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық
ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектеулінің ахуалын шешуді
жеңілдетеді. Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және
оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы
критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық
прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. өндіріс пен тұтыныс арасындағы
қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Экономиканың
өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты
фактордан тәуелді. Олар:

1. Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.
2. Еңбек ресурстарының сапасы мен саны.
3. Негізгі капитал қорының көлемі.
4. Технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп
айтуға болады. Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы
ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді
ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ,
олар:

1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы.
Өндіріс әулетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер
кезінде сату да маңызды. Экономикада нақты пайданың өсуі экономикалық өсу
деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі
болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру
немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы
көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

∆Y=Yt - Yt-1 немесе Yt = ∆YYt-1,

t – уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасаланса және
қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады.
Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторының жетілген түрімен
байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес,
олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде ұлғайту емес, олардың
қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.

Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат.

Инфляция – бұл ақшаның алтынмен байланысты үзгеннен кейінгі қағаз ақша
айналымының ауруы. Мұндай жағдайда айналымда жүрген қағаз ақшаның көлемі
ерекше маңызды болады: егерде ол тауар айналымы қажеттілігенен асып кетсе
онда инфляция артық ақша шығарудың нәтижесі ретінде шығады. Шынында,
инфляция – нарықтық экономиканың өзіндік ерекшелігі бар қағаз ақшаның
ісігі.
Нарықтық экономика үшін инфляция өте қауіпті. Барлық деңгейдегі бағалардың
жалпы көтерілумен көрінетін инфляцияның мына төмендегідей кемшіліктерге
әкеліп тайстайтыны бар.

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі
және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция -қоғамдық
ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық
формацияға тән кұбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасында, коммерциялык құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді. Инфляцияның
түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен,
оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.

Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың
тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасынын көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютанын курсын
бірқалыпта ұстау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде. ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Макроэкономикалық көрсеткіштерге статистика мәліметтері. Инфляция,салдары,қарсы саясат. Инвестиция түсінігі,маңызы.ҚР-ғы инвестициялық қызмет сипаты
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляция мәні
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары. Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Инфляция және онымен күрес
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның экономикалық әлеуметтік салдары
Инфляцияның экономикалық әулеметтік салдары
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Пәндер