Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда. Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар
1) Халықаралық еңбек бөлінісі
2) Халықаралық интеграция
3) Халықаралық сауда
4) Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар
5) Халықаралық жұмысшы күші миграциясы

Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте — екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді.XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген. Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың — еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,»арзан еңбектің» артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады. Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты. Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық » теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми- техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды. Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады. Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері — Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады. Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми — техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады,
1) Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б. Б. ж.б. - Алматы, 2000.
2) Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007
3) Қазақстанның экономикасын реформалау. — М.Б. Кенжеғозинның редакциялығымен Алматы, 1997.
4) 6. Айсағалиева С.С. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті талдау // Экономика және статистика, 2006, №1-2.
5) 1.Увалиев Т.О. Халықаралық ұйымдар. (Оқу құралы). А., 1999.
6) 3.Майдан-Әли-Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. А., 1998.
7) Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы / Ә.Әбдіманапов. 1- бас. Алматы. Евразия, 2005. — 230 б.
8) http://bigox.kz/xalykaralyk-sauda-teoriyalarynyn-damuy-zhane-eksportty-retteude-koldanu/
9) http://referatkaz.kz/жұмыс-күшінің-миграциясы/

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Кусманова Арина ПД-405
Тексерген: Габдуллина Лаззат Баглановна
Жоспар:
1) Халықаралық еңбек бөлінісі
2) Халықаралық интеграция
3) Халықаралық сауда
4) Халықаралық қаржылық валюталық ұйымдар
5) Халықаралық жұмысшы күші миграциясы
Халықаралық еңбек бөлінісі
Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіке аз шығын жұмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлінісінің жүзеге асуын қысқарған үрдісте -- екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек,бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық еңбек бөлінісіне көптеген факторлар әсер етеді.XIX-XX ғасырдың басында халықаралық еңбек бөлінісін дамытуда жаңа үрдіс пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістерді енгізуді талап етті.Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген. Көптеген елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың -- еңбек капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің әр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы,арзан еңбектің артық болуы еңбек көп жұмсалатын өнім (тоқыма, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы- капитал көп жұмсалатын өнім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлінісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады. Американ экономисі В.Леоньев 1953-ші жылы Э.Хекшер мен Б.Олин теориясына тағы бір фактор қосты . Онда елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлінісіне кәдімгідей әсер ететіндігін айтты. Қазіргі кезде американың экономист ғалымы,социолог Майкл Портнердің 1961-ші жылы ашқан технологиялық алшақтық теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми- техникалық әлеуетпен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды. Жаңа енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануына жаңа көздер ашады. Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі экономистер өнімнің өміршең циклы теориясына ерекще мән беріп, тәжірибеде қолдануда. Бұл теорияны дүниеге әкелген американың ғалым-экономистері -- Раймонд Вернон мен Эдвин Линевилл. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады. Өнімнің пайда болуын бірінші сатысы кезінде монополия ішкі нарық сұранымын қанағаттандырады. Екінші сатыда монополия басқа елдердегі өндірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі сатыдағы жағдайға қарағанда төмен болады. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми -- техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдайын туғызады, халықаралық сауда дами түседі. Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлінісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізатпен жанар - жағар май өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қалаға шоғырландырудың өсуін тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.
Халықаралық еңбек бөлінісін негізінен үш типке бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз-(бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлінісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өңдеу мен кен қазу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің аймақтық мамандануы қалыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт- елдердің индустриялдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді. Жеке халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз -- елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелуі тән. Ерекше халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауын айтамыз.Осы аталған технологиялық саты -- өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып келеді.Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері көбіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басым болу үрдісі анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері бөлшек және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың "Форд Моторс" концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шет ел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай "Рено" (Франция), "Фиат" (Италия), "Тойота мен Ниссан" (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады. Өндіргіш күштердің өсуі, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интеграциялауға алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интеграциялануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және өнімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 13 есе құраса, Батыс Европада шамамен 23, Жапонияда 45 шамасында. Кәсіпкерлер ұлттық нарық шеңбері ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда-10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда-20-25%-ы шығарылады екен. Өндіргіш күштерді интеграциялау бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіің жетістігін қолдана отырып, дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек . Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастардың қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады. Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі -- халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады
Халықаралық интеграция
Экономикалық интеграцияның әлеуметтік-экономикалық дамудағы әсерін, жаңа технологияның және халықтың орналасуы сынды географиялық өзгерістер негізінде талдау. Экономикалық интеграция дегеніміз - бүгінде өндіргіш күштердің интернациональдануының әлемдік процесінің өзіне тән көріну формасы. Ол елдердің шикізат, отын, еңбек ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалануына, аумақтық еңбек бөлінісін жақсартуына көмектеседі. Көбінесе саудаға негізделетін кәдімгі экономикалық ынтымақтастықтан өзгеше экономикалық интеграцияның ерекшелігі сонда, жекелеген елдердің жан-жақты қарымқатынастары одан әрі тереңдейді, өндірістік процестер тұтасып ұласады. Интеграциялық бірлестіктер соңғы жылдары дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастардың ажырағысыз бір бөлігі болып отыр. Бұл орайда елдердің белгілі бір топтарының дамуының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларына орай интеграциялық процестер әр қырынан көрінуде. Мысалы, нарықтық экономикасы бар елдердің экономикалық интеграциясын айсбергпен салыстыруға болады: оның су үстінде ұшығына, яғни баршаға мәлім мемлекеттік монополистік одақтар мен бірлестіктер ғана көрінеді. Ал айсбергтің көзге көрінетін бөлігінен басқа көрінбейтін бөлігі - мыңдаған халықаралық фирмалар аралық одақтар мен келісімдер бар. Мұндай интеграция монополиялардың өнім өткізу нарықтарын қаратып алу үшін қымқуат күресімен ерекшеленеді. Прогресті экономикалық құбылыс екеніне еш күмән болмаса да, ол кейде нарықтық бәсекенің ауытқулары салдарынан қатардағы еңбеккерлердің қалталарын ойсыратып кететіні болып тұрады. Дамыған елдердегі интеграциялық процестер дамушы елдердегі интеграциялық беталыстарды да жеделдетті. Олардың дамуы қалыңқы екенін, ұлттық нарықтарының сыйымдылығы төмен екенін ескергенде шаруашылық тұрғысынан ынтымақтасу олар үшін айрықша қажет. Алайда жас мемлекеттердің басым көпшілігінде әзірше өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында қарапайым кооперативтену жоспарлары ғана жасалып жатыр. Ал өнеркәсіптің өзекті салаларын айтсақ (ауыр өнеркәсіп, көлік, энергетика жүйелері) онда бұл болашақтың ісі. Қаржы жетіспейді, ал кейде интеграциялайтын да ештеңе болмайды. Қазіргі іс жүзінде интеграциялық одақтардың ішінде дүние жүзіне мәлім болып отырғандары Еуропалық Одақ (ЕО) және АҚШ-Канада одағы. Дамушы елдердің интеграциялық топтарының қатарында: Латын Америкасының экономикалық жүйесі, ал осы континенттің 20-дан астам елін біріктіреді, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассосиациясы (АСЕАН), оның құрамында Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филиппин және Бруней бар. Осы және басқа да көптеген интеграциялық бірлестіктердің бағыты мен қарекеті осы дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық прогреске, тұтас алғандағы халықаралық экономикалық және саяси жағдайға байланысты болмақ.
Экономикалық интеграция - күрделі де сан салалы процесс. Ол өзіне қатысушы елдердің шаруашылығының дамуына ғана емес, орналасуына да ықпал жасайды. Бұл орайда ауданаралық, экономикалық байланыстар, экономикалық аудандар мен жекелеген өнеркәсіп орталықтарының мамандануы өзгеріп отырады. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы адамзат қоғамының бүкіл даму жолын қамтитын процесс. Қазіргі дүние жүзінің саяси егеменді 200ден астам елдер мен мемлекеттер бар, солардың 170-і егеменді мемлекеттер. Елдерді топтастырудың қазірде ең көп тараған түрі - оларды территориясының көлемі мен халқының санына қарай топтау. Территориясының көлемі жағынан әрқайсысының ауданы 3 млн шаршы шақырымнан астам ең ірі жеті ел бар, олардың бәрін қосқанда барлық құрлық жерінің жартысынан астамы болып шығады. Халқының саны жағынан әрқайсысында 100 млн-нан астам тұрғындары бар ең ірі он ел көзге түседі, осы елдердің халық санын қосқанда жер шарындағы халықтың 35-іне тең болады екен. Өте ұсақ, әдетте микромемлекеттер деп аталатын елдер бар. Елдердегі географиялық орнына топтастыру әдістері жиі ұшырысады. Топтастырғанда олар теңіз жағалауларына, түбектерге, аралдарға, архипелагтарға орналасқан елдер болып бөлінеді. Халықтың орналасуы және тығыздығы: өте үлкен қарама-қайшылықтар. Халықтар мейлінше әркелкі орналасқан, барлық адамдардың 70 пайызы тіршілік етеді. Сонымен бірге адам мекендейтін құрлықтың жартысына жуығында халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 5 адамнан келеді. Адамдар мүлде игермеген жерлер құрлық территориясының 15 пайызын алып жатыр. Табиғат жағдайлары халықтың орналасуына өте үлкен ықпалын тигізеді. Адамдар игермеген немесе нашар игерген жерлер ең алдымен табиғат жағдайлары барынша қолайсыз жерлер. Жердегі тұрғындардың әрбір 100-інің 80-і құрлық жердің 28 пайызын ғана қамтитын теңіз деңгейінен 500 м-ге дейін биіктікте орналасқан ойпаттар мен жазықтарда тіршілік етеді. Таулы өлкелерде айтарлықтай азырақ қоныстанған. Суармалы жерлерде еңбекті көп қажет ететін күріш егісінің дамуы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда халықтың аса ірі шоғырларының қалыптасуына әкеп соқты. өнеркәсіпті аудандарда халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 1000-1500 адамға жетеді. Жердегі халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырым жерге 38 адам. Халықтың саны мен тығыздығы әрбір елдің дамуына қажетті алғы шарты. Еуропалық Одақ (ЕО) - Ортақ нарық Батыс Еуропалық 17 мемлекеттің интеграциялық бірлестігі. Оны құруды қолға алып, 1957 жылы алғаш кіргендер Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург болды. Кейін оларға Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Венгрия т.б қосылды. Оның құрылуы шаруашылық тіршілікті интернационалдандыруға деген объективті тарихи баталыстың, бұл елдердің өзара жақындасып, ынтымақтасуға табиғи ұмтылысының нәтижесі болды. Бұл интеграциялық одақтың дамуы ұлғайған үстіне ұлғайып, тереңдей түсіп, ісқимылдың жаңа салаларына таралып отыр. Еңбек бөлінісінің дәстүрлі формаларын кеңінен пайдалана отырып (өндірісті мамандандыру мен кооперативтендіру, сыртқы сауда, шетке капитал шығару, ғылыми-техникалық білімдер алмасу және т.б.). ЕО қатысушы елдер соңғы жылдары энергетикалық саясат, айналадағы ортаны қорғау, жұмыссыздық мәселелерін етене үйлестіре шешетін болды. Батысеуропалық интеграция өз мүшелері шаруашылықтарының дамуына ғана емес, олардың географиясына да көп ықпал жасап отыр. Өндіргіш күштердің шоғырлануының тарихи тұрғыдан қалыптасқан неғұрлым қуатты аймағы қатысушы елдердің Солтүстік-батысынан Бирмингем-Рейн-Милан бағытымен солтүстік-оңтүстік-шығысын алып жатыр. Батысеуропалық интеграцияның дамуының қуатын факторы трансұлттық кооперациялар (ТҰҚ) мен банктердің тез өсуі болды. Еуропалық Одақта тұтас алғанда ұлттық нарықтарды жақындастырудың, экономикалық саясатты үйлестірудің әлемнің басқа қай өлкесіндегіден болсын биік деңгейіне қол жеткізілген. Бірақ Еуропалық Одақта интеграция процесі біркелкі жүрген жоқ және қазір де солай. Еуровалюта-Батыс Еуропа елдерінің ұлттық валютасы; Батыс Еуропа банктерінің шоттарындағы кез-келген елдің айырбасталымды валютасы (Еуродоллар, еуроиена, еуромарка) мысалы, Швейцария банктерінің шоттарындағы Германия маркасы еуромарка, ал Германия, Франция банктеріндегі АҚШ доллары еуродоллар деп аталады. Е.банкнот нысанында болмайды жне айналысқа тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда түседі, есеп айырысу - несие операциялары үшін пайдаланылады.
Интеграция, бірігу (ағылшынның integration ; латынның integer- бүтін, тұтас) - экономикалық субъектілерді біріктіріп, өзара іс-қимылдарын тереңдете түсу, өзара байланыстарды дамыту.
Қорыта келгенде, экономикалық интеграция және мәдени тұрғыдан жақындасуының ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінде соғыс қаупін жоюдың да аса маңызды құралы болып табылады.
Халықаралық сауда
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді. Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді. Сыртқы сауданың түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы ретінде көрініс табады. Сыртқы сауда қазіргі экономикалық ғылымның даулы және ежелгілерінің біріне жатады. Саяси экономияның Адам Смит, Давид Рикардо және Джон Стюарт Мил сияқты классиктерінің тұжырымдары мен идеялары әлі күнге шейін өзекті болып табылады. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік экономикадағы қазіргі таңдағы тенденциялар, еркін тауар айналымы мен протекционизм саясаты кезіндегі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизмі жайындағы экономист ғалымдар арасындағы ескі теориялық дауларға жаңа серпін берді. Сыртқы саудадағы болған соңғы уақыттағы өзгерістерді зерделеуге деген ұмтылыстар негізі ретінде салыстырмалы артықшылықтар мен қатар, ұлғайып жатқан кіріс пен рыноктың құрылымы болып табылатын жаңа теориялардың пайда болуына әкелді. Бүгінде халықаралық сауда теориялары сыртқы сауданы дамытудан түскен пайданың негізіне және сыртқы сауда ағымдарының бағыты немен анықталады деген мәселелерге түсінік береді. Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар:
─ Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер - Олин тұжырымдамасымен толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.
─ Жаңа бағыт - ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.
Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының (14)-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады. Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді. Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы мәселелерге жауапты экономикалық ғылым бұрыннан іздей бастады және оларды экономикалық теорияның негізгі мәселелеріне жатқызған. Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұнсырымдады: Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді. Адам Смиттің халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу атты басты еңбегінде (1776 жылы) басты идея-ұлттар мен халықтар байлығының негізі, еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: Халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады. Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі елдің абсолюттік артықшылықтарын ескеру мен іске асырылу керек деп сендірді. Әр мемлекет өзінің абсолютті артықшылығы бар тауар өндірісіне мамандануы керек. Мемлекеттің өзінің абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы, өндіріс көлемінің ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі. Адам Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады. Тәжірибеде елдердің кез келгені өздерінің әріптестері алдында абсолюттік артықшылықтарға ие бола бермейді. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігінен немесе ұлттық жұмыс күшінің төменгі өнімділігінен кейбір елдер маңызды тауарларды басқа елдерге қарағанда жоғары шығынмен өндіреді, бұл осындай тауарлармен сыртқы сауданың тиімсіз екендігін көрсетеді. Сондықтан да Давид Рикардоның шығын мен бағадағы салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін қалады. Осы тұжырымдамаға сәйкес кез-келген ел қай тауарды басқа елдерге қарағанда төмен шығынмен өндірсе, онда сол тауарды экспорттауға маманданады. Бірақ та сауданың салыстырмалы артықшылықтары классикалық теориясы негізінде бір ғана өзгеріп отыратын факторы (жұмыс күшінің бағасы) немесе толық мамандану қағидасы бар статистикалық модель. Осы модельді шведтің екі экономисі Э. Хекшер мен Б. Олин жетілдірген. Олар халықаралық мамандануға өндіріс факторларымен (негізінен жер, еңбек, капитал) қамтамасыз етілудің айырмашылығының әсер етуін ескерген. Хекшер-Олиннің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілудің неоклассикалық теориясы сонымен қатар экономикалық өсімнің сауда параметріне, ұлттық экономиканың құрылымы мен әр түрлі өндіріс факторлары бойынша төлемдер мен түсімдердің дифференциясына әсерін талдап анықтауға мүмкіндік береді. Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап, жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды. Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді. Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр. Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі бағаның арақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.
Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.
Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін, өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады. Сыртқы сауда әрбір елге тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып, өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған Солтүстік-Оңтүстік деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан Солтүстік ақырын өсіп келе жатқан Оңтүстік алдында өзінің бәсекелестік артықшылықтарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz