Ақпарат деген не? Оның түрлері және талаптары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

СРО

Тақырыбы: Ақпарат деген не? Оның түрлері және талаптары.

Орындаған: Жуанышева М.

Тексерген: Кушуков Г. С.

Семей 2015

Ақпарат термині латынның “information” деген сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық.

Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты

Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.

Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Жүйе деп- әртекті элементтер жйынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді.

Ақпарат жүйесі (А. Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.

1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі мемлекеттік, республикалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді.

2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез келген модельдегі компьютерлер, ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды.

3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды.

Математикалық қамтамасыз ету құралдарына:

-басқару үрдістерін модельдеу құралдары;

-басқарудың типтік есептері;

-математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады.

4. Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады.

Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал - уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі) . Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.

Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпараттыанықтадық.

Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеудегеніміз - функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу.

Мысалы: функцияның анықталу облысы нүктелерімен тең ұзындықты кесінділерге бөлінеді, ал әрбір кесіндідегі функция мәні тұрақты және оның осы кесіндідегі орта мәніне тең деп алынады. «Баспалдақтарды» ордината өсіне проекцияланғаннан шыққан мәндері үздіксіз функцияның дискретті түрін анықтайды. Үздіксіз хабарды дискреттеу мүмкіндегі информатика үшін өте маңызды, себебі есептеу техникасымен өңделетін ақпарат дискретті болуы қажет.

Үздіксіз ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы ЭЕМ-дер бар, олар аналогтық машиналар деп аталады. Бірақ олар арнайы есептер кластарымен жұмыс атқаратындықтан көпшілік қолданушыларға кең таныс емес. Ақпарат берілуінің басқа пішімдері:

- таңбалы - мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т. б. ) ;

- графикалық (суреттер, бейнелер көмігімен, т. б. көмегімен) ;

- дыбыстық.

Сонымен қатар бізді қоршаған алуан ақпаратты әртүрлі белгілерге байланысты топтастыруға, яғни түрлерге жіктеуге болады.

Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері:

- биологиялық;

- әлеуметтік;

- ғылыми;

- экономикалық т. с. с.

Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері:

- визуальды (таңбалар мен бейнелер арқылы) ;

- аудиальды (дыбыс арқылы) ;

- тактильдік (сезім арқылы) ;

- органалептикалық (дәм мен иіс арқылы) ;

- машиналық (есептеу техникасының құралдары арқылы) т. с. с.

Ақпараттың қасиеттері. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Сыртқы қасиеттер объектінің басқа объектілермен әсерлесу барысында анықталатын қасиеттер болғандықтан, ақпарат үшін маңызды сыртқы қасиеттер оны тұтынушы (қабылдағыш) көзқарасынан анықтайтын қасиеттер. Ақпараттың аталған қасиеттері:

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ықғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.

Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.

Ішкі құрылымына байланысты:

- мәліметтер немесе қарапайым логикалық реттелмеген мағлұматтар жиынтығы;

- логикалық реттелген, ұйымдастырылған мәліметтер жиынтығы.

Информатикада ақпарат ұғымымен бір қатарда «мәліметтер» және «білім» ұғымдары орналасады.

Мәліметтер - мүмкін өңдеу үрдістеріне адекватты белгілі бір пішімде берілген ақпарат (немесе формальданған, ықғайлы түрге келтірілген және техникалық құралдардың (ЭЕМ-де) көмегімен өңдеуге берілген ақпараттар. ) . Мәліметтер - тіркелген сигналдар. Мәліметтердің реттелуі оларға белгілі бір құрылымдарды орнатумен жүзеге асырылады, яғни мәліметтер құрылымдары анықталады.

Білім - берілген типті объектідегі барлық қарастырылып отырған жағдайлардың жиыны және бір объектіден екінші объектіге өту сипаттамасын беретін ақпарат.

Білім ақпараттың ерекше логикалық реттелген, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды. Білім - логикалық талқылаудың негізінде белгілі бір шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттар.

Ақпарат көлемі (мөлшері) . Жоғарыда айтылғандай ақпараттың ішкі қасиеттерінің бірі - оның көлемі (мөлшері) . «Ақпарат көлемі (мөлшері) » ұғымын анықтауда екі негізгі көзқарас бар:

- энтропиялық (ықтималдық) тұрғыдан;

- көлемдік тұрғыдан;

Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар:

Ақпараттық ресурс - бұл апараттың әр түрлi формаларының (деректердiң, мәлiметтердiң, фактiлердiң, құжаттардың, есеп берулердiң және т. с. с. ), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестерi алдында маңызды басымдылық беретiн ақпараттық техникалар жиынтығы.

Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Математикалық жабдықтау - бұл есептеуiш техникаларын қолданылатын есептердi шешу мен ақпараттарды өңдеуге арналған математикалық әдiстердiң, моделъдердiң және алгоритмдердiң жиынтығы.

Қазiргi таңда әрбiр дербес компъютердiң өзiнiң математикалық жабдықтау жүйесi бар. Оның құрамына машинаның ақауларын тексеруге және туындаған ақауларды iздеу арналған тестер мен бақылау есептерiнен; қарапайым функцияларды есептеуге арналған стандартты программалар жинағынан және математикалық есептеудiң әр түрлi әдiстерiн жүзеге асыруға арналған программалардан; пайдаланушы интерфейсiн жасауға арналған қызметтiк программалар мен программалық- қоршамдар жинағынан тұрады.

Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Ақпараттық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен алға қойылған тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар кешенiнiң дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар жиынтығы.

Ақпараттық жабдықтауды жобалау оның құрамына кiретiн әр түрлi жүйеастыларды өзара байланыстыруы қажет, және де төмендегiдей қасиеттердi қанағаттандыруы тиiс:

Бiртұтастылық қасиетi элементтердiң өзара байланысын бiлдiредi, мұнда егер де бiр элементте өзгерiс болса, онда ол басқа элементтердiң де өзгерiсiне әкеледi.

Алшақтатылғандық қасиетi жүйенiң ортадан шектетiлу мүмкiндiгiн және бiр жүйеастына кiретiн жүйеастыларының автономиясын қарастырады.

Адаптивтiлiк - бұл жүйенiң өзгермелi құбылыстарға бейiмделе бiлу қасиетi.

Үйлесiмдiлiк жүйенiң методикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т. б. аспектiлердiң басқа жүйелермен байланысуын қамтамасыз етедi.

Дұрыс шешiм алу үшiн ақпараттық жабдықтау кешенiн ұйымдастыру негiзiне келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы, дәлдiлiгi және туралығы, басқарушы ортаға деректердi жiберудiң мерзiмдiлiгi қойылуы қажет.

Ақпаратты енгiзудiң күрделiлiгiн қысқарту үшiн енгiзiлетiн ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн қолдану арқылы қысу қажет.

Ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың қағидалары:

барлық функционалды бағыныңқы жүйелер үшiн ақпараттық жабдықтаудың әдiстемелiк бiрлiгi;

ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жiберудiң бiр рет орындалуы;

келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы;

енгшiзiлетiн ақпараттың дәлдiлiгi және туралылығы;

ауытқу әдiсi бойынша ақпаратты енгiзу;

шығарылатын ақпаратты басқару жүйесiне жiберудiң мерзiмдiлiгi;

ақпаратты сығу;

ақпараттық жабдықтаудың қызмет ету шығындарын минимизациялау.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау мен құру жүйелi түрде келесiдей талаптарды есепке ала отырып жасалуы қажет:

Нәтижелер туралы ақпарат келесiдей талаптарға сай болуы тиiс:

аяқталғандылық, анализ жүргiзуге қажеттi есеп беру ақпаратын алудың толықтылығы;

алынған ақпараттың туралылығы, құжаттардың дұрыс дайындалуы;

бекiтiлген стандарттарға сәйкестiгi;

анықтылық, ақпарат кез келген пайдаланушыға түсiнiктi болуы қажет;

қырағылық, анықталмағандық жағдайында шешiм қабылдау кезiнде активтер мен кiрiстер асырыла бағаланбауы үшiн, ал мiндеттемелер мен шығыстар жеткiлiктi бағаланбай қалмауы үшiн абай болушылық деңгейiн сақтау;

қарама-қарсы қоюшылық, ақпарат пайдалы және мазмұнды болуы үшiн бiр кезеңнен екiншi кезеңге қарама-қарсы қойылуы тиiс; пайдаланушылар ондағы барлық өзгерiстер жөнiнде, сонымен қатар, сол өзгерiстер нәтижелерi жөнiнде ақпараттандырылуы қажет;

кезектiлiк, шаруашылық операциялар есебiнiң әдiстерi есептi бiр кезеңнен екiншi кезеңге кезектестiрiлу арқылы қолданылады.

Енгiзiлетiн және шығарылатын ақпарат келесiдей түрде анықталуы қажет:

басу құралдарында алынған құжаттар түрiнде;

өңдеудiң басқа циклдерiнде пайдалану үшiн машина iшiндегi ақпараттық база файлдары түрiнде.

Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар:

Лингвистикалық жабдықтау - бұл тiл құралдарынң, ғылыми-техникалық терминдердiң және ақпаратты автоматтандырылан өңдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мен адамның ақпараттың техникалық құралдарымен тiлдесуiн жеңiлдетету үшiн пайдаланылатын табиғи тiлдi формалъдау ережелернiң жиынтығы.

Бухгалтерлiк есептегi лингвистiк жабдықтаудың тiл құралдары екiге бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншi бөлiмге жататындар: математикалық және табиғи тiлдер, алгоритмдiк тiлдер және алгоритмдер мен блок-сызба тiлдерi. Екiншi бөлiмге ақпараттық тiлдер, деректер базасының тiлдерi, ақпаратты iздеу тiлдерi және т. б. жатады.

Программалау тiлiн таңдаудың мақсаттылығы сервистiк программа құралдарының болуымен, осындай программалар пакетiнiң басқа да қолданбалы программалар пакетiмен оңай байланыстырылуы және программаларды құру мен жөндеудiң қарапайымдылығымен қамтамасыз етiлуi қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
Ақпарат, түрлері мен талаптары
Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Біріккен серіктестіктердің түрлілігі
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар
Ақпаратты қорғау жүйелерінің талаптары
Ақпарат және оның түрлері мен қойылатын талаптары
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Модуль 3. Тауартану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz