Ұлттың ұлы жазушысы



Заманының заңғар жазушысы, дарқан дарын иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасы аса бай. Ол көркем әдебиеттің барлық саласында дерлік қалам тербеп, көркемдігі кемел туындылар жазды. Поэзия үлгісіндегі дәстүрлі қазақ әдебиеті ХХ ғасырда М. Әуезовтің кең құлашты роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттің ақ айдынына шығып, дүние жүзіне танылды.
Мұхтар Әуезов – ең алдымен, жазушы. Жазушылық қызметінің алғашқы жылдарында жазылған “Еңлік-Кебек” драмасы мен “Қорғансыздың күні”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Көксерек”, “Қыр әңгімелері”, “Қыр суреттері”, “Жетім”, “Қараш-қараш”, “Қаралы сұлу” т.б. сияқты қазақ даласының ұлттық тұрмыс –тіршілігін шынайы бейнелеген әңгімелері арқылы-ақ ол өзінің ұзаққа шабар зор дарын иесі екендігін танытты. Қазақ әңгімесінің деңгейін әлемдік биік дәрежеге көтерді.
Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін қозғаған көптеген әңгімелері мен повестерін, очерктерін былай қойғанның өзінде, ол – жиырмадан астам пьесаның, “Қилы заман”, “Абай”, “Абай жолы”, “Өскен өркен” сияқты романдардың авторы. М.Әуезовтің профессионалды қазақ әдебиетінің туып қалыптасуында, дамуында атқарған ролі айрықша.
Мұхтар Әуезовтің есімі қазақ халқының соңғы ғасырдағы мәдени, әдеби тарихымен тікелей байланысты. 1926 жылы қазақтың тұңғыш театры өзінің сахнасын “Еңлік-Кебек” пьесасымен ашты. Оның қаламынан туған “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”, “Қаракөз”, “Түнгі сарын”, “Айман-Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Абай” т.б. көптеген драмалық туындылары ұзақ уақыттар бойы қазақ театрларының сахнасынан түспей, негізгі репертуарын құрады. М.Әуезов пьесаларының көпшілігі қазақ театр өнерінің классикалық туындыларына айналды.
Жазушы қазақ драматургиясында төлтума туындылар жасаумен ғана тынған жоқ, сонымен бірге әлемдік әдебиеттің асылдарынан тамаша аудармалар да жасады. Ол қазақшалаған В.Шекспирдің “Отелласы” мен “Асауға тұсауы”, Н.Гогольдің “Ревизоры”, К.Треновтің “Любовь Яроваясы”, Н.Погодиннің “Ақсүйектері” – бір тілден екінші тілге тәржімалаудың тамаша үлгілері.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығында маңызды орын алатын шығармалардың бірі – “Қилы заман”. РомАн 1916 жылы Жетісу өңіріндегі Албан руының патша өкіметіне қарсы бағытталған халықтық бас көтеру оқиғаларына арналған. М.Әуезов өзінің бұл туындысында эпикалық баяндау тәсілін игерген кең тынысты суреткер екендігін көрсете білді. “Қилы заман” – өз елін, туған жерін сүйе біліп, халқы басынан кешірген 1916 жыл трагедиясын жан-тәнімен сезініп, терең ойға орап, сезімтал жүректің қанымен жазылған кемел көркем шығарма. Бұл кітап елінің елдігі, халқының азаттығы үшін алысып өткен, сол жолда құрбан болғандарға арнап орнатқан еңсесі биік көркем ескерткіш іспеттес.
Мұхтар Әуезов талантының барынша жарқырай бар қырымен, сыр-сымбатымен көрінген шығармасы – “Абай жолы” роман-эпопеясы. Қазақтың өткен ғасырда жасаған ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен жазылған төрт томдық эпопея жазушы шығармашылығының бас кітабына айналды.
М.Әуезов “Абай жолына” үлкен дайындықпен келді. Жазушы тетралогияны он бес жылға жуық уақытта жазды. Абайдың шығармашылық өмір жолын тереңдеп зерттеген көптеген ғылыми мақалалар мен монография жариялады. 1936 жылы Леонид Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясы (1939) қазақ драматургиясының үздік туындыларының біріне айналды.
1. Мұхтар мұрасы ( ғылыми мақалалар мен зерттеулер ) Алматы, «Қазақстан» 1997 жыл, /3, 44, 100-б/.
2. Мұхтар Әуезов туралы естеліктер Алматы, «Білім» 2004 жыл, /267-б/.
3. Мұхтар Әуезов: ұлттық болмыстың ұлы жыршысы Париж — Алматы, 1998 жыл, /6-б/.
4. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері Алматы,«Қазақ университеті»1993 жыл,/22-б/.
5. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы Алматы, «Жазушы»1989 жыл ,/ I-Ivтом/.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МАҚАЛА
ТАҚЫРЫБЫ: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Тоқсамбаева А.О.
профессор, ф.ғ.к

СЕМЕЙ - 2015
Заманының заңғар жазушысы, дарқан дарын иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасы аса бай. Ол көркем әдебиеттің барлық саласында дерлік қалам тербеп, көркемдігі кемел туындылар жазды. Поэзия үлгісіндегі дәстүрлі қазақ әдебиеті ХХ ғасырда М. Әуезовтің кең құлашты роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттің ақ айдынына шығып, дүние жүзіне танылды.
Мұхтар Әуезов – ең алдымен, жазушы. Жазушылық қызметінің алғашқы жылдарында жазылған “Еңлік-Кебек” драмасы мен “Қорғансыздың күні”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Көксерек”, “Қыр әңгімелері”, “Қыр суреттері”, “Жетім”, “Қараш-қараш”, “Қаралы сұлу” т.б. сияқты қазақ даласының ұлттық тұрмыс –тіршілігін шынайы бейнелеген әңгімелері арқылы-ақ ол өзінің  ұзаққа шабар зор дарын иесі екендігін танытты. Қазақ әңгімесінің деңгейін әлемдік биік дәрежеге көтерді.
Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін қозғаған көптеген әңгімелері мен повестерін, очерктерін былай қойғанның өзінде, ол – жиырмадан астам пьесаның, “Қилы заман”, “Абай”, “Абай жолы”, “Өскен өркен” сияқты романдардың авторы. М.Әуезовтің профессионалды қазақ әдебиетінің туып қалыптасуында, дамуында атқарған ролі айрықша.
Мұхтар Әуезовтің есімі қазақ халқының соңғы ғасырдағы мәдени, әдеби тарихымен тікелей байланысты. 1926 жылы қазақтың тұңғыш театры өзінің сахнасын “Еңлік-Кебек” пьесасымен ашты. Оның қаламынан туған “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”, “Қаракөз”, “Түнгі сарын”, “Айман-Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Абай” т.б. көптеген драмалық туындылары ұзақ уақыттар бойы қазақ театрларының сахнасынан түспей, негізгі репертуарын құрады. М.Әуезов пьесаларының көпшілігі қазақ театр өнерінің классикалық туындыларына  айналды.
Жазушы қазақ драматургиясында төлтума туындылар жасаумен ғана тынған жоқ, сонымен бірге әлемдік әдебиеттің асылдарынан тамаша аудармалар да жасады. Ол қазақшалаған В.Шекспирдің “Отелласы” мен “Асауға тұсауы”, Н.Гогольдің “Ревизоры”, К.Треновтің “Любовь Яроваясы”, Н.Погодиннің “Ақсүйектері” – бір тілден екінші тілге тәржімалаудың тамаша үлгілері.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылығында маңызды орын алатын шығармалардың бірі – “Қилы заман”. РомАн 1916 жылы Жетісу өңіріндегі Албан руының патша өкіметіне қарсы бағытталған халықтық бас көтеру оқиғаларына арналған. М.Әуезов өзінің бұл туындысында эпикалық баяндау тәсілін игерген кең тынысты суреткер екендігін көрсете білді. “Қилы заман” – өз елін, туған жерін сүйе біліп, халқы басынан кешірген 1916 жыл трагедиясын жан-тәнімен сезініп, терең ойға орап, сезімтал жүректің қанымен жазылған кемел көркем шығарма. Бұл кітап елінің елдігі, халқының азаттығы үшін алысып өткен, сол жолда құрбан болғандарға арнап орнатқан еңсесі биік көркем ескерткіш іспеттес.
Мұхтар Әуезов талантының барынша жарқырай бар қырымен, сыр-сымбатымен көрінген шығармасы  – “Абай жолы” роман-эпопеясы. Қазақтың өткен ғасырда жасаған ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен жазылған төрт томдық эпопея жазушы шығармашылығының бас кітабына айналды.
М.Әуезов “Абай жолына” үлкен дайындықпен келді. Жазушы тетралогияны он бес жылға жуық уақытта жазды. Абайдың шығармашылық өмір жолын тереңдеп зерттеген көптеген ғылыми мақалалар мен монография  жариялады. 1936 жылы Леонид Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясы (1939) қазақ драматургиясының үздік туындыларының біріне айналды.
“Абай жолы” романының алғашқы тараулары отызыншы жылдардың аяғында-ақ әдебиет журналында жариялана бастады. Пушкиннің 100 жылдығына орай жарық көрген Татьянаның қырдағы әні әңгімесі кейін Абай жолы роман-эпопеясына бір тарау болып енді.  Төрт томдық роман-эпопеяның біріншісі 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы, үшіншісі 1950 жылы, соңғысы 1949 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1959 жылы төрт томдық “Абай жолы” роман-эпопеясы үшін Мұхтар Әуезовке “Лениндік сыйлықтың лауреаты” атағы берілді. Ұлы жазушының өлмес еңбегіне, заңғар талантына көрсетілген бұл баға сол кездегі әдебиет пен өнерге берілетін ең жоғары, ең беделді атақ болатын.
Мұхтар Әуезов қазақ халқының да әлемдік өркениетте өзіне лайықты құрметті орны бар екенін “Абай жолы” роман-эпопеясын жазу арқылы дәлелдеп берді. Көркемдік әдістің, бейнелеу құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, өмірді көркемдік тұрғыдан бейнелеп көрсетудің асқан үлгісін көрсетті; қазақ халқының философ ақыны Абайдың толық қанды бейнесін жасады; қазақ әдебиетіне жан-дүниесі, өмірлік бағыты айқын бейнеленіп сом жасалған тың кейіпкерлер әкелді; өткен ғасырдағы қазақ даласының тұрмыс-тіршілігін барлық тынысымен суреттей білді; қазақ даласының көркем келбеті шын мәнінде тұңғыш рет осы эпопеяда толық бояуымен, суретімен көрінді; қазақ прозасына терең психологизм әкелді. Ең соңында, қазақ әдебиетін әлемге паш етіп, М.Әуезовтің өзі әлемдік әдебиет алыптарының қатарынан берік орын алды; ал “Абай жолы” эпопеясы болса, аса жоғары бағаланды да дүние жүзілік әдебиеттің классикалық шығармасы қатарында адамзат рухани байлығының алтын қазынасына қосылды.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің  XX  ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген. Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің  алтын қорына мәңгілік енеді. Абай, Таң, Шолпан журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. Мұхтар Әуезов өзінің Қазақ әдебиетінің тарихы (1927, 1991) атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық психологияның жекелеген мәселелерін қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді. Мысал ретінде Абай жолы романына сәл көңіл аударалық. Романда талай тақырыптағы тартыстар бар: ру басыларының тартысы, жастардың бас еркіндігі, ел билеу, ана мен бала, жатақтар өмірі, халықтық дәстүр, салт-сана, т.б. тақырыптар. Осы аталған тақырыптарға ортақ бірнеше проблемалар болуы мүмкін. Мәселен, адамгершілік, ізгілік, имандылық проблемасы бірнеше тақырыптарды қамтиды. Дүиежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген бұл Абай жолы  роман-эпопеясы жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылады. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, адамгершілік және эстетикалық өмірінің энциклопедиясы деп әділетті түрде бағаланған бұл роман–эпопеяда өзінің кемеңгерлік тұлғасына  халқының дана қасиеттерін, данышпандық ойларын сіңіріп қана қоймай, алдыңғы қатарлы Батыс Европа елдері ықпалымен ұлттық мінезде қалыптасқан үздік атаулының бәрін жинақтаған ұлы ойшыл ақынның заңғар келбеті бар құдіретімен асқақтай түсті. Халық өміріне терең бойлаған ұлы эпопея халқымыздың тұрмыс-салтын, тіршілігін, әр түрлі әдет-ғұрыптарын суреттеу ерекшеліктерімен қазір де таң қалдырады. Үлкен суреткер Мұхтар Әуезовтің данышпандық туындысы — Абай жолы эпопеясынан осындай жалпылық пен жалқылық белгілердің, ұлттық өрістер жалпы адамдық мол айдынға ұласып жататын кең тыныстылықтың айқын мысалдарын көреміз. Сонымен бірге олардың ешқайсысы да кейіпкер мінезіне сырттан тағылған моншақ немесе сәндік әшекей секілді көрінбей, оның ішкі табиғатымен  табысқан тұтастық танытады. Мұны да біз ең алдымен эпопеяның басты тұлғасы Абай бейнесінен, оның өрісті өмірінің әрбір кезеңінен сезінеміз. Екінші кітаптың басында Құнанбай Мекеге жүрмек болып жатқанда,оның алдынан Дәркембай шығып, Дәрменнің жоғын жоқтап, мойныңдағы қарызыңды өтеп кет деп келеді. Құнанбай Дәркембайға қаһар төге, ақырып сөйлейді. Абай әділдік іздеген жоқшы қартқа бұрылып: — Дәркембай! Айтпасыңа болмаған шығар. Орайлы арызың болған соң, қысылшаң жерде айтсаң да, айыптай алмаймын. Мен қарыздармын әкем үшін...— дейді. Сосын арызшы ақсақалды сүйемелдеп тұрғызып, қасындағы балаға қалтасынан ақша суырып береді. Абай бұл жерде, ең алдымен әкесінің абыройын ойлап, жұрт алдында беделінің төгілмеуін ойлап тұр. Сырт қарағанда бұл тұста өзгеше ештеңе танылмайтын сияқты. Ал бірақ қыр елінде әке намысын ойлаған ақылды балаларда кездесе беретін осы мінезде қаншама қазақтық, қаншама ұлттық бояу жатыр. Абай ел ардақтысы атанса, бұл оның әкесі Құнанбайдың ірі феодал, азулы шонжар болғандығынан емес. Бұл — оның балдырған дәуірінен бастап Зере әжесінен, сахараның шаң жұқпас ақын-импровизаторларынан алуан түрлі аңыз-ертегі, өлең-жыр естіп, бойына сіңіріп, ойына тоқып, солардың аясында тербеліп өскендігінен. Роман-эпопеядағы әйелдер бейнесінде ерекшеленіп, шоқ жұлдызындай дараланып тұратын бейне — Зере әже бейнесіне тоқталсам деймін. Шығарма бойында Зере бейнесімен санасатын, салыстыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Мұхтар Әуезов - Әлемге әйгілі тұлға
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) және шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі
М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялы көзқарасы
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯСИ--ӘЛЕУМЕТТІК, КӨЗҚАРАСЫ ТУРАЛЫ
Қазақтың ұлы жазушылары
Пәндер