Биоценоздар



Өсімдіктер мен жан-жануарлардың арасындағы байланыс, қарым-қатынас екі жақты болады. Жан-жануарлар өздері органикалық заттарды түзе алмайды, оларды өсімдіктерден алып отырады. Ал, өсімдіктер жан-жануарлардан өсуіне аса қажетті азотпен қамтамасыз етіледі, себебі кейбір бактериялардың кейбір түрлері ауадан бос азотты сіңіріп, өсімдікке жарамды күйге айналдырады. Жан-жануарлардың нәжістері мен өлекселері шіріп, ыдыраған уақытта құрамында азоты бар қосындылар пайда болады, бұлар да өсімдіктің қоректенуіне жұмсалады. Көп өсімдіктердің көбеюі мен кейбір жәндіктердің тіршілік іс-әрекеттерінің арасындағы қалыптасқан өте тығыз тәуелділік байланысы бар, сондықтан да қажетті жәндіктер болмаса осы өсімдіктер көбейе алмайды (аралар мен алма ағаштары және т.б.). Керісінше, көптеген жәндіктер, мысал көбелектер, өсімдіктің гүлдері болмаса тіршілік ете алмайды, себебі олардың тағамы- гүлдің тәтті шырыны. Теңіз түбіндегі жан-жануарлар да өсімдік планктондарымен тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.
Қысқаша айтқанда, табиғатта өсімдіктердің (фитоценоз) немесе жан-жануарлардың (зооценоз) қоғамдастықтары жеке дара кездеспейді, олар әр кезде бірігіп тіршілік етеді. Демек, белгілі бір аумақты мекендейтін, бір-бірімен өзара тәуелді және өзара әсер ететін организм жиынтығын биоценоз деп атайды. Организмдер тіршіліктің арқасында күрделі өзара қарым-қатынастар құрады, бұл қатынастардың негізі зат алмасу құбылыстарына тіреледі. Егер, өсімдіктер түзетін органикалық заттарды гетеротрофты микробтар шірітіп, ыдыратпаса, онда жер бетіндегі тіршілік тоқтап қалар еді. Әр түрлі организмдер өздеріне тән экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес біріне бірі ешбір кедергі жасамай, бөгет болмай белгілі бір қалыптасқан қоғамдастықта өсіп-өнім, дамып жатады. Мысалы, шөлейтті және шөл далалы аймақтарда бір қоғамдастықтың ішінде эфермерлермен бірге ұзын да жуан тамырлы көпжылдық өсімдіктер бірігіп тіршілік етеді. Ал, ормандар мен шалғынды жерлердегі әр түрлі өсімдіктер биіктігі бойынша бірнеше қабаттарда өседі.
Биоценоздардың мүшелері арасындағы қатынастар биоценотикалық қатынастар деп аталады. Жалпы алғанда, биоценоздағы қатынастар негізінен төмендегіше кездеседі:
А) биоценоз организмдерінің өзара қарым-қатынасы немесе биоценотикалық қарым-қатынас;
Б) организмдер мен қоршаған ортаның “өлі” туындылары арасындағы өзара қарым-қатынас немесе экологиялық қарым-қатынас;
В) қоршаған ортаның “өлі” туындылары (физикалық орта элементтері) арасындағы өзара қарым-қатынас немесе физикалық (физико-химиялық) қарым-қатынас.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Биоценоздар

Орындаған:Кошекбаева А.С
Тексерген:Жилкыбаева С.Д

Семей 2015 жыл

3.7. Биоценоздар
Өсімдіктер мен жан-жануарлардың арасындағы байланыс, қарым-қатынас екі жақты болады. Жан-жануарлар өздері органикалық заттарды түзе алмайды, оларды өсімдіктерден алып отырады. Ал, өсімдіктер жан-жануарлардан өсуіне аса қажетті азотпен қамтамасыз етіледі, себебі кейбір бактериялардың кейбір түрлері ауадан бос азотты сіңіріп, өсімдікке жарамды күйге айналдырады. Жан-жануарлардың нәжістері мен өлекселері шіріп, ыдыраған уақытта құрамында азоты бар қосындылар пайда болады, бұлар да өсімдіктің қоректенуіне жұмсалады. Көп өсімдіктердің көбеюі мен кейбір жәндіктердің тіршілік іс-әрекеттерінің арасындағы қалыптасқан өте тығыз тәуелділік байланысы бар, сондықтан да қажетті жәндіктер болмаса осы өсімдіктер көбейе алмайды (аралар мен алма ағаштары және т.б.). Керісінше, көптеген жәндіктер, мысал көбелектер, өсімдіктің гүлдері болмаса тіршілік ете алмайды, себебі олардың тағамы- гүлдің тәтті шырыны. Теңіз түбіндегі жан-жануарлар да өсімдік планктондарымен тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды.
Қысқаша айтқанда, табиғатта өсімдіктердің (фитоценоз) немесе жан-жануарлардың (зооценоз) қоғамдастықтары жеке дара кездеспейді, олар әр кезде бірігіп тіршілік етеді. Демек, белгілі бір аумақты мекендейтін, бір-бірімен өзара тәуелді және өзара әсер ететін организм жиынтығын биоценоз деп атайды. Организмдер тіршіліктің арқасында күрделі өзара қарым-қатынастар құрады, бұл қатынастардың негізі зат алмасу құбылыстарына тіреледі. Егер, өсімдіктер түзетін органикалық заттарды гетеротрофты микробтар шірітіп, ыдыратпаса, онда жер бетіндегі тіршілік тоқтап қалар еді. Әр түрлі организмдер өздеріне тән экологиялық ерекшеліктеріне сәйкес біріне бірі ешбір кедергі жасамай, бөгет болмай белгілі бір қалыптасқан қоғамдастықта өсіп-өнім, дамып жатады. Мысалы, шөлейтті және шөл далалы аймақтарда бір қоғамдастықтың ішінде эфермерлермен бірге ұзын да жуан тамырлы көпжылдық өсімдіктер бірігіп тіршілік етеді. Ал, ормандар мен шалғынды жерлердегі әр түрлі өсімдіктер биіктігі бойынша бірнеше қабаттарда өседі.
Биоценоздардың мүшелері арасындағы қатынастар биоценотикалық қатынастар деп аталады. Жалпы алғанда, биоценоздағы қатынастар негізінен төмендегіше кездеседі:
А) биоценоз организмдерінің өзара қарым-қатынасы немесе биоценотикалық қарым-қатынас;
Б) организмдер мен қоршаған ортаның "өлі" туындылары арасындағы өзара қарым-қатынас немесе экологиялық қарым-қатынас;
В) қоршаған ортаның "өлі" туындылары (физикалық орта элементтері) арасындағы өзара қарым-қатынас немесе физикалық (физико-химиялық) қарым-қатынас.
Осы айтылған физикалық, экологиялық және биоценотикалық қарым-қатынастардың аса күрделі байланысып, үйлесуінің нәтижесінде жер бетінді әр түрлі биоценоздар тұрақты өзгере отырып, қалыптасып, тіршілік етеді.
Биоценоздар өмірін биоценология немесе өсімдік-жануарлар қоғамдастығы туралы ілім зерттейді. Биоценология зооценология (жан-жануарлар қоғамдастығы туралы ілім) және фитоценология (өсімдіктер қоғамдастығы туралы ілім) деген екі бөліктен тұрады.
Жасыл жапырақта өсімдіктердің өмір сүруі мен жер бетіне таралуы үшін омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың экологиялық маңызы өте зор. Олардың қаншалықты пайдалы екенін айқындау үшін жәндік-жануарлардың түрі мен санының көптігін білген жөн. Мысалы, орталық Европаның шамшат ормандарына 3700-ден артық өсімдік пен 6400-дей жәндік-жануар түрлері тіршілік етеді. Өзбекстанның суармалы сұр топырағындағы жоңышқалықтың 1 гектарында 1-ден 5 млн-ға дейін жәндік-зиянкестер, топырақ құрттары, нематодтар, миллиондаған жер құмырсқалары және т.б. кездеседі.
Жан-жануарлардың өсімдіктерге тигізетін әсері өте көп. Өсімдіктермен қоректеніп, оларды тозаңдастырып немесе дән тұқымдарын әр жерге тасымалдаудағы тікелей жұмыстарымен бірге жан-жануарлар әр түрлі қосымша ықпалдар да жасайды: биоценоздағы топырақ және ауа жағдайын өзгерту; көрші өсімдіктерді әлсірету, зақымдау немесе жойып жіберу; өсімдікке пайдалы жан-жануарларды қырып тастау және т.б. Өсімдіктің тіршілік ететін экологиялық ортасын тек қана физикалық күштердің ("өлі" орта) көрсеткішімен бағалау әр кезде жеткіліксіз, сондықтан қай уақытта болмасын "тірі" ортаны да немесе биоценоздың тұрғындарын да есепке алу шарт. Себебі, мәдени дақылдары өсіру барысында өте көп жағдайда "тірі" ортаны топыраққа бактериялық тыңайтқыштар енгізу, өсіп тұрған өсімдіктер арасына жоңышқа егу, ағаш кесу арқылы орманды сирету, тозаңдатқыш жәндіктерді өсіру және т.б. арқылы өзгертіп, өсімдіктің өсуіне керекті қолайлы экологиялық жағдайларды жақсартуға болатыны ауыл шаруашылығына кең тараған.
Топырақтағы омыртқасыздар тіршілігіне қажетті тамақ іздеп топырақтың қолайсыз қабаттарынан жайлы қабаттарына ауысу арқасында әр кезде қозғалыста болады. Топырақтың беткі қабаты құрғап, кебе бастаса бұл организмдер төменгі ылғалды қабатқа, егер ауа жеткілікті болса, ығысады, ал төменгі ылғалды арта бастаса, топырақтың бетіне қарай жылжиды. Міне, осы қозғалыстар кезінде омыртқасыз организмдер топырақ қабаттарын босатып, қопсытады.
Омыртқасыздардың көбі өсімдікпен қоректенетін топқа жатады. Кейбіреуі өсімдіктің тамырын мүжісе, екіншісі топырақтың ішіндегі өсімдік қалдықтарын кеміріп, ұсақтап, ас қорыту жолынан өткізіп жібереді, ал үшінші біреуі- төменгі қабаттағы топырақ бөлшектерін жер бетіне шығарып тастайды және т.б. көптеген адамға байқалмайтын жұмыстарды тоқтаусыз жүргізіп жатады.
Омыртқасыз организмдердің ішіндегі ең маңызды орын алатыны- жауын құрттары. Бұл құрттар өздерінің ас қорыту жолдарынан топырақты өткізу арқылы басы бірікпейтін құрылымы нашар түйіршіктерді біріктіріп, құнарлы топыраққа айналдырады. Ұлы ғалым Дарвиннің есептеуінше, жауын құрттары бір жылда 1 га жерден орта есеппен 15 т топырақты өңдеп (ас қорыту жолдарынан өткізіп), жер бетіне шығарып тастайды. Ал, совет топырақтанушы ғалымы Н.А.Димо жауын құрттары Ташкент қаласының маңында 10-20 тоннаға дейін топырақты шығаратынын есептеген. Топырақтың жоғарғы қабаттары бірнеше жылдың ішінде жауын құрттарының денесінен толығымен өтіп шығады және топырақтың осылай өңделуі мұнымен тоқтап қалмайды, ары қарай тұрақты түрде жалғаса береді.
Жауын құрттарының тіршілігі арқасында топырақта төмендегідей негізгі жұмыстар жүріп, қолайлы қасиеттер пайда болады.
Жапырақтарды және басқадай өсімдік пен жәндіктердің қалдықтарын майдалап, оларды өздері жерден тескен тесіктерінің ішіне алып кетудің арқасында айтылған органикалық қосылыстардың (қалдықтардың) топырақтың ішінде ыдырауын тездетеді.
Топырақтың минералды және органикалық бөлшектерін өз денесінен өткізерде құрттар оларды ас қорыту жолдарында үгітіп, майдалайды, сондықтан олардың өңдеуінен өткен бөлшектері химиялық және биологиялық бұзылуға (мүжілуге) өте ыңғайлы болып келеді.
Құрттардың ас қорыту жолдарының өңдеуінен өткен топырақта әк, азот және фосфор тұздары көп болады. Жауын құрттарының ішектерінде әкті бөліп шығаратын ерекше бездер болады.
Топырақтың әр түрлі қабаттарын қопсытып, араластырудың арқасында құрттар олардың қолайлы қалыптасуына ықпал жасайды. Мұндай топырақтардың су сиымдылық және су ұстағыштық қасиеттері айтарлықтай арта түседі.
Жауын құрттарының тесіктері топыраққа ауа мен судың тездетіп және көптеп кіруіне күшті әсер етеді. Осыған байланысты бактериялардың тіршілігі едәуір артып, топырақтың химиялық өңделуі тездетіледі, демек топырақтың құнарлылығы арта түседі.
Топырақ ішіндегі құрттардың тесіктері өсімдік тамырларының топырақтың төменгі қабаттарына енуін жеңілдетеді.
Тығыздалып, тапталған немесе өте құрғақ топырақтарда және қара шіріндісі аз жерлерде, сол сияқты батпақты жерлерде жауын құрттары аз кездеседі немесе болмайды.
Жауын құртынан басқа да көптеген құрттар мен жәндіктердің личинкалары өсімдік қалдықтарын, тамырларын мүжіп, бұзуда көп жұмыстар атқарады. Жер құмырсқалары да топырақ қабаттарын араластыруға, өсімдік дәндерін басқа жерлерге тасуға елеулі үлес қосады.
Топырақтың ауа-су режимдерн аса күшті өзгертуде жерден ін қазатын көртышқан, саршұнақ, дала тышқаны және басқа кемірушілердің атқаратын жұмысы зор. Мысалы, саршұнақтар іннен шығарып тастайтын топырақтың аналық жынысы өзінің тұздылық құрамына байланысты сол жерді сортаңдандырып немесе тұздандырып жіберуі мүмкін. Кейбір өсімдіктерді және олардың дәндерін көптеп жеудің арқасында бұл өсімдіктер ол жерден жойылып кетуі де үмкін.
Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігінде өте көп жәндіктер өмір сүреді. Олардың барлығы да өздерінің тіршілігі және іс-әрекетімен биоценоздың басқадай мүшелеріне, оның ішінде жасыл жапырақты өсімдіктерге тікелей немесе жанама әсер етеді.
Өсімдік гүлдерін тозаңдату ісінде аралардың, өрегеннің (жабайы түкті ара), көбелектердің, шыбындардың және басқа да жәндіктердің маңызы көпке белгілі. Сондықтан, ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу жүйесінде ара өсірудің пайдасы сан қырлы (тозаңдатқыш,бал өндіру).
Өсімдіктерге көптеген зиянды жәндіктер орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, күздік түн көбелегінің құрттары кейбір жылдары тез көбейіп кетудің салдарынан күздік дәнді дақылдар, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, жүгері және т.б. өсімдіктердің көгін топырақтың беткі қабатында қиып жіберіп, егіс танаптарын ағартып кетеді.
Өсімдіктердің ареалының кеңеюіне және зиянды жәндіктерінің азаюына құстардың экологиялық маңызы да айта қаларлықтай.
Шалғында және жайылымдық жерлердегі топырақ пен ондағы өсетін өсімдіктерге қоғамдық және жеке меншіктегі малдарды жаю өте күшті әсер етеді. Бір жағынан топырақ малдың қиларымен құнарланса, екінші жағынан мал тұяғының астында тапталып, тығыздалады, яғни оның су-ауалық және жылулық қасиеттері өзгереді. Шөпті жапырып, таптау бұл жағдайы көтере алмайтын кейбір өсімдіктердің көптеп өсіп, кең тарап кетуіне ықпал жасайды. Бұл жерде бұрын өспеген кейбір өімдіктер малдың қиымен, аяғына және үстіне (жүніне) жабысып келген дәні арқылы тарай бастайды. Сөйтіп, шабындықта мал жеуге жарамайтын тікенді, улы, күшті иісті, баттасқан түк басқан және басқадай арам шөптер қаптап өсіп кетеді. Жайылымдық жерлерде малды бір орынға тездетіп жаю шөптердің жапырағын құртып, тамырын әлсіретіп жібереді, мұның арты ол шөптердің құрып кетуіне және бұл жерлердегі жалпы шөп жамылғысының азайып, топырақты мал тұяғының үгіліп-мүжуінің салдарынан оның эрозияға ұшырауына себепші болады.
Демек, малды жайып бағу жұмыстарын ұйымдастыру белгілі топырақ климат жағдайындағы жайылымдық жерлердің мал жайылымына экологиялық қатынасын білуге байланысты болуы шарт. Себебі, жайылым жүйесін өзгерту арқылы мал жаюды жайылымдық жерлердің азықтық сапасын өзгертетін үлкен күшке айналдруға болады.
Биоценоздағы өсімдіктер осы қоғамдастықта бірге өсіп-өніп жатқан басқа өсімдіктердің тұрақты ықпалында болады (тікелей және жанама әсер).
Тікелей әсерге паразиттердің өсімдіктерге шабуылы, оларға симбионттардың әсері, өсімдіктердің бітік өсуіне байлансты көршісіне көрсететін механикалық әсері жатады.
Негізгі өсімдік пен паразиттің (тоғышар) өсімдіктің арасындағы қарым-қатынас біріншісінің паразиттің жабысып, шырынын соруына қарсы кедергілер ұйымдастыруына, ал паразиттердің негізгі өсімдікке жұғу немесе жабысу әдістері мен одан әрі өз тіршілігін ие- өсімдіктің өсіп, дамуына ыңғайластыруына негізделген. Мысалы, селекциялық ғылыми жұмыстардың нәтижесінде бидайдың және басқа дәнді дақылдардың кейбір сорттарындатат саңырауқұлақтарына қарсы төзімдңлңк (иммунитет) пайда болған. Паразиттердің әсерінен қорғану жұмыстарын өсімдік клеткалары шырынының қышқылдығы немесе сілтілігі, плазмалар бөліп шығаратын ферменттер, өсімдік мүшелерінің сыртқы қабатының ерекшеліктері және саңырауқұлақтың ішке енуіне кедергі жасайтын тағы басқа өсімдік ерекшеліктері атқарады.
Негізгі өсімдік паразиттің әсеріне шалдыққан кезде оның қоректік ортасына айналады және паразит қарқындап өсіп, көбейген сайын негізгі өсімдіктің халі нашарай береді.
Жоғары сатылы жасыл жапырақты өсімдіктердің паразиттеріне арамшырмауық, сұмқұла түрлері жатады. Бұл паразиттер де белгілі бір өсімдіктерге бейімделген. Мысалы, беде арамшырмауығы тек бедеде ғана өседі. Сұмқұланың күнбағыста өсетін түрі, кенепшөпте өсетін түрлері кездеседі. Паразиттік тіршілік бұл өсімдіктің тамырынан (арамшырмауық) немесе жапырағынан (сұмқұла) айырылуына әкеп соқтырған.
Өсімдіктер дүниесінде жартылай паразиттер де кездеседі. Олар өоректік заттар мен суды негізгі өсімдіктерден ала отырып, өздерінің жапырақтарында органикалық заттарды түзеді. Жартылай паразитті өсімдіктерге үлкен сылдырмақ, көздәрі, күзгі қандауыршөп және т.б. жатады.
Жоғары сатылы өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың арасындағы симбиотикалық қарым-қатынастың кең тараған түрі- микоризалар. Осы қаттынастың түріне қарай микоризалар эндотрофты және экзотрофты деп екіге бөлінеді. Эндотрофты микоризаларда саңырауқұлақ жіптері өсімдік тамырының клеткаларының ішіне кіріп, солардың көмірсуларымен қоректенеді, мұнымен қоса өздері де нәруызды азотты зат есебінде тамыр клеткаларында біршама қорытылады. Сөйтіп, эндотрофты микоризаның екі симбионты да біріне бірі қажет және өзара бір-біріне паразит болып есептеледі.
Экзотрофты микоризалардың симбиозында паразиттік іс-әрекеттер болмайды. Саңырауқұлақ жіпшелері өсімдіктің ұсақ тамырларын сыртынан орап қаптап тұрады. Саңырауқұлақ жіптері тамырға кірмейді тек тамыр клеткаларының сыртынан өте тығыз жабысқан күйде болады да тамырлардан бөлініп шығып тұратын заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақ жіптері өз кезегінде өсімдік тамырларының сору қабілетін күшейтіп топырақтан органикалық заттар мен уды сіңіруін арттырады.
Экзотрофты микоризалар көптеген ағаш пен бұта өмірінде кең тараған. Бұл өсімдіктер саңырауқұлақтың көмегінсіз тіршілік ете алмайды (міндетті түрдегі микотрофтар) немесе өте нашар өседі (міндетті емес микотрофтар).
Өсімдік арасындағы симбиотикалық қатынастардың көпке белгілі басқа түрі- қыналар тіршілігі. Бұлардың симбиозында өзара бейімделу түрі қалыптасқан.
Фитоценоздардағы өсімдіктердің бір- біріне жанам әері әр түрлі және әлдеқайда күрделі жағдайда болады. Мысалы бір жерде бірге өсетін өсімдіктер бір- бірінен су мен қоректік заттарды тартып алады. Мұнадй жағдай олар өсіп тұрған топырақтағы ылғал мен қоректік заттардың қоры жеткіліксіз болса немесе белгілі бір жер көлемінді қалыптасқан мөлшерден артық өсімдіктер өскен кездерде пайда болады.
Су мен қоректік заттарды жетімсіз деңгейде сіңірген өсімдіктер толық пішінінде өсе алмайды, бойы аласа, жапырақтары аз немесе ұсақ, өнімділігі төмен болады. Қатар өсіп тұрған ағаштар бір-біріне көлеңке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты, тұрақсыз биоценоз
Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия
БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ
Экологиялық сукцессиялар
Ландшафт түзуші факторлар
«Биологиялық экология»
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы мәлімет
Биоценоз
Пәндер