Қазақстан Республикасында банкті ашу және лицензия беруші ресми орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында банкті ашу және лицензия беруші ресми орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Орындаған: ФН - 305 топ

Әнуарбекова А. Қ.

Тексерген: Курманбекова Г. А.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Ұлттық банк міндеттері мен операциялары
  3. Банкті ашуға рұқсатты және лицензиялауға беру жөніндегі Қлттық Банк Заңнамасы
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ұлттық банкінің республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады. Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелері мен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығғын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруқа араласуқа құқығы жоқ. Орталық банктiң қызметтерi:
- ежелден қалыптасқан мемлекеттiк өкiлi ретiнде заңды тұрде банкнота шығару;
- орталық банктiң ақша несие реттеу қызметi ол экономиканы ақша несие айналымына әсер ету жолымен реттеу, яғни әкiметтiң экономикалық саясаттың құрамдас элементi;
- орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi. Мемлекеттiк валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болып табылады.
- орталық банктiң банк iсi қызметi- негiзгi клиентi коммерциялық банкер (бұл дегенiмiз коммерциялық банктерден айырмашылығы) ;
- орталық банк үкiмет банк iсi қызметi. Ол әрi кассирi, несие берушiсi, қаржылық кеңесшiсi;

Орталық банктiң операциялары. Олар екi тұрге бөлiнедi: актив-ол осы қаражатты орналастыру операциялары. Пассив- ол операциялар банктiң ақша қаражатын тартып банктер ресурстарын құру операциялары.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай -ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажетмөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді. Ұлттық банктің қолмаөқол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсуді ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты ( жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тұртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тұртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады. Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады. Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банкті ашуға рұқсат беру туралы өтінішке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 19-бабында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктік және өзге операцияларды, бағалы қағаздар рыногында банктер жүзеге асыратын қызметі лицензиялауға рұқсат беру ережесінде (бұдан әрі - Ереже) көзделген құжаттар қоса берілуі тиіс:

а) нотариат куәландырған және Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;

Ислам банкінің жарғысында Банктер туралы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден басқа мыналар болуы тиіс:

  1. ислам банкі қызметінің мақсаттары;
  2. ислам банкінің тұрақты жұмыс істеп тұрған органы - исламдық қаржыландыру принциптері бойынша кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттігі, сондай-ақ оны құру тәртібі және ислам қаржыландыру принциптері бойынша кеңестің мүшелеріне қойылатын таптар.

б) құрылтайшылар туралы (уәкілетті орган белгілеген тізбе бойынша) мәліметтер, аяқталған соңғы екі қаржы жылы ішіндегі шоғырландырылған есепті қоса алғанда, қаржы есептілігі, аудиторлық ұйымның құрылтайшылардың қаржылық жай-күйі туралы есебі;

  • Құрылтайшылар туралы мәліметтерде мыналар болуы тиіс:

1) құрылтайшы заңды тұлғалар үшін:

Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариатта куәландырылған көшірмесіне және құрылтай құжаттарының(жарғының, құрылтай шартының) нотариатта куәландырылған көшірмелері қоса берілетін Ереженің 1-қосымшасына сәйкес берілетін мәліметтер;

Банктер туралы Заңның 19-бабының 4-тармағымен белгіленген талаптардың орындалуын растайтын ақпарат;

Құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген атқарушы органның бірінші басшысында және құрылтайшы - заңды тұлғаның басқару органында экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды) ;

2) құрылтайшы жеке тұлғалар үшін - Ереженің 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген осы тұлғада экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстары үшін, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жоқтығын растайтын құжатты қоса беріп, Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын орындау жөніндегі ақпарат (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам еместі құрайды) .

Банктер туралы Заңның 24-бабының г-1) тармақшасының екінші абзацының талаптарын растау мақсатында шетелдік азаматтар (азаматтығы жоқ тұлға) үшін олардың азаматтығы елінің (азаматтығы жоқ тұлға үшін - олардың тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты қосымша береді.

б-1) егер тұлға банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы болып табылған жағдайдағы Банктер туралы Заңның 17-1-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтер;

б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;

е) жаңадан құрылып отырған банктің жан-жақты ұйымдық құрылымы;

и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;

Ислам банкінің бизнес-жоспарын жасағанда Банктер туралы Заңның 52-1-бабында берілген ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарды ескеру қажет.

л) құрылтайшылар атынан өтініш берушінің өтініш беру өкілеттігін нотариалды түрде не өзге заңды түрде расталғандығын куәландыратын құжат.

  • Аудиторлық ұйымның есебі оны растайтын мынадай құжаттарды беру талабы бойынша заңды деп танылады:

тексеретін банктер мен олардың лауазымды тұлғаларының құрылтайшыларына тәуелсіз;

аудиторлық қызмет саласын реттейтін және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың немесе резидент болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясына сәйкес банктерге аудит жүргізуге уәкілеттілігі.

1. Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін жаңадан құрылған банк мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде:

1) Ереженің 7-қосымшасына сәйкес өтінішті;

2) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындағаны туралы, оның ішінде уәкілетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайдың, жабдықтың және бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің дайындығы туралы, сондай-ақ Ұлттық Банк талаптарына сай келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар екені жөнінде куәландыратын құжаттарды табыс етуге және тиісті біліктілігі бар персоналды жалдауға;

3) жарғының нотариат куәландырған көшірмесін және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің көшірмесін;

4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың көшірмесін;

5) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты;

6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;

7) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі туралы ережені;

8) банктің директорлар кеңесі бекіткен кредит комитеті туралы ережені;

9) штат кестесін (қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын көрсете отырып) ;

10) банктің бағдарламалық техникалық құралдарының уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының кредиттік бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды;

11) ең төмен мөлшері уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

12) ислам қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесті тағайындағаны туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін (ислам банктері үшін) табыс етуге тиіс.

2. Банк банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізуге лицензия алу үшін Банктер туралы Заңның 26-бабының 2-1-тармағы талаптарын орындаған кезде лицензияны беру туралы өтінішпен бір уақытта мынаны ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктер туралы Заңның 30-бабының 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензия беру мүмкіндігі жөніндегі, бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банктік жүйенің бар болғандығы жөніндегі оң қорытындысы, сондай-ақ банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру бойынша программалық қамтамасыз етуінің сипатын (атауын, әзірлеуші туралы мәліметтерді) ;

2) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын құжаттарды;

3) лицензиялық алымның төленгенін растайтын (төлем тапсырмасы) құжатты.

3. Банктер туралы Заңның 30-бабының 12-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар рыногындағы бірлесіп атқарылатын бір немесе бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға мыналарды береді:

1) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;

2) лицензия бергені үшін бюджетке лицензия алымы үшін төлем жасалғандығын растайтын құжатты;

3) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар.

4) бағалы қағаздар рыногы қызметін жүзеге асыруға қатысатын банктер филиалдарының (осындайлар бар болса) тізімін;

5) қызметкерлердің тегін, атын және бар болса әкесінің атын, атқарып отырған қызметін көрсете отырып, банктің штат кестесінің көшірмесін;

6) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді;

7) банкте программалық-техникалық құралдардың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың бар болғандығын растайтын мына құжаттардың көшірмесі:

жабдықтарды жеткізуге шарттың;

жабдықты қабылдау-өткізу актісінің;

лицензиялардың санын көрсетіп, программалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және (немесе) жеткізуге шарттың;

программалық қамтамасыз етуді қабылдау-өткізу актісінің;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің филиалдарын, өкілеттігін ашу тәртібі. Еншілес шетел капиталдарының қатысуымен банктерді құру
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Банктердің басшы қызметтері
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Банк операцияларын лицензиялау
Банктерді құру тәртібі мен банкілік қызметті, лицензиялаудың құқықтық негіздері
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Банкілік операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz