Құқық шығармашылығы



1. Құқық шығармашылығы және нормативтік.құқықтық актілерді жүйеге келтіру.
2. Құқық шығармашылығының жалпы сипаттамасы, қағидалары
Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ой мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жеке көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзінде асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан – жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актіге де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, апарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, мәселе бойынша жалпы халлықтық референдум жүргізіледі.
2. Заңды кәсіпқойлық – мемекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды, т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден – заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламеннтте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құқық шығармашылығы.
Жоспар:
1. Құқық шығармашылығы және нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру.
2. Құқық шығармашылығының жалпы сипаттамасы, қағидалары

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ой мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган - Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жеке көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзінде асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан - жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актіге де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.
Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:
1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, апарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, мәселе бойынша жалпы халлықтық референдум жүргізіледі.
2. Заңды кәсіпқойлық - мемекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды, т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден - заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламеннтте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.
3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық - жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.
4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру - бұл үшін қоғамның саяси - экономикалық, мәдени- әлеуметтік жүйелерін жан - жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

ҚР мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметттері.

Жоспар 2
1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру түсінігі, оның түрлері.
2. Инкорпорация, Кодификация және оның түрлері.

Құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынасттарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқықа мемлекеттің күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып, жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп мемлекеттік органның қарауына талқылауына түседі.
Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:
1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:
2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.
3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.
Президенттің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен
Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады:
Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші оренда тұрады, олар заңдардың және Республіка Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.
Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданды, оған Премьер - Министр қол қояды.
Премьер - Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.
Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік - аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Құқық шығармашылықтың түсінігі және түрлері
Құқық шығармашылық - бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі.
Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады.
Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады.
Құқық шығармашылықтың белгілері:
- ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі;
- оның негізгі өнімі - құқық нормалары;
- бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы;
- құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы - бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі.
Құқық шығармашылықтың қағидаттары - бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт.
Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән:
1) ғылымилық;
2) кәсібилік;
3) заңдылық;
4) демократиялық;
5) ашықтық;
6) жеделділік.
Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы;
2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы;
3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы;
4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы;
5) локальді құқық шығармашылық;
6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы.
Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы);
- құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі);
- заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы.
Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктентұрады:бірінші,әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді.
Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

67 Заң шығару үрдісінің сатылары
Заң шығарушы үрдіс - бұл құқық шығармашылық үрдістің құрамдас бөлігі. Тек заңдарды қабылдау осы үрдісті тұтастай сипаттайды. Құқық шығармашылықтың өнімі ретінде заңдар, сондай-ақ заңға тәуелді актілер құқықтық әдет, нормативтік шарттар, заңи прецедент те бола алады.
Заң шығарушылық - күрделі, біртексіз үрдіс және келесі сатылардан тұрады:
1) заң шығару бастамашылығы құқықғы - ҚР Конституциясына сәйкес Парламент заң шығару не заң жобасына өзгертулер ұсыну құқықғы бар субъектілерді анықтайды. Заң шығару бастамашылық құқығы Парламент депутаттарында және Үкіметтің құзырында. Заң жобасын ресми еңгізуі заң шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылық құқығы заң шығарушы органда заң жобасын және ұсынысты қарау міндетін туғызады, бірақ оны қабылдау немесе бас тарту - заң шығарушының құқығы. Бұндай ұсыныстар қажетті қамтамасыз етілуі керек.
ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес, заң шығарушылық бастамашылық құқық Парламент депутаттарына, ҚР Үкіметіне тиесілі және ол тек Мәжілісте іске асады.
2) заң жобасын талқылау - заң жобасы ең алдымен Мәжілісте талқыланады, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қаралған және құпталған заң жобасы Сенатқа беріледі, онда 60 күннен кешіктірілмей қаралады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
Шығармашылық құқық
Қазақстан Республикасының Парламенті мен заң шығару қызметінің жүзеге асырылуы
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Құқық шығармашылығының түсінігі
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Құқық шығармашылық
Қaзaқcтaн Рecпубликacы Прeзидeнтiнiң конcтитуциялық құқықтық мәртeбeciн қaрacтыру
Пәндер