Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері



Кіріспе

І. Виртуалды білім берудің педагогикалық.психологиялық ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1.1 Виртуалды білім беру туралы түсінік
1.1 Оқыту процесінде виртуалды білім берудің қолданылуы
1.2 Виртуалды білім беруде қолданылатын электрондық технологиялар . таным процесiн жетілдірудің тиімді құралы
1.3 Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың шарттары мен аспектілері

ІІ. Виртуалды білім берудің педагогикалық.психологиялық ерекшеліктерін тәжірибелік.эксперименттік жұмыс барысында тексеру

2.1 Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау, қорытындылау. «Виртуалды білім беру дегенді қалай түсінесіз?»атты сұхбат жүргізу,нәтижесін өңдеу.
2.2 Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау .Skype бағдарламасы туралы жалпы түсінік.
2.3 Тәжірибелік.педагогикалық эксперименттің нәтижесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі Білім беру жүйесін дамытудың заманауи үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды ендіруді көздейді, қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: «Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету» - деп атап көрсетілген. Виртуалды білім беру- осы формалардың бірі.
Зерттеу мақсаты: оқушыларға электрондық оқыту жүйесі арқылы виртуалды білім берудің педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларын виртуалды оқыту арқылы өзін-өзі дамытуына бағыттау.
Зерттеу пәні: ғылыми зерттеу арқылы виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін қазіргі кезеңдегі ғылыми зерттеу талабына сай негіздеп, жүйелі түрде ізденісін қалыптастыру жолын айқындап, мазмұны іріктеліп алынса, виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің механизмі, әдістемесі жасалса, оның нәтижелік көрсеткіштері анықталса, онда, болашақ педагог-психолог маманның ізденіс негізінде виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру оң нәтиже береді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына сай педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық әдебиеттерді оқып, талдау.
2. «Виртуалды білім беру»,«виртуалды нақтылық» ұғымдарының мәнін ашу.
3. Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық бағыттары мен жолдарын анықтау;
Жетекші идея: Оқушыларға виртуалды білім беруді қалыптастыру сапасы ғылыми-зерттеу әлеуетін (потенциялын) тиімді пайдалануға тікелей тәуелді.
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
2. Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 16 қазан, 2004.
3. „Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың” мемлекеттiк бағ-дарламасы. - Астана, 1997
4. А.А. Якушкина, Е.В. Алексеева. Виртуальные лаборатории. // Вопросы информатизации образования, №7, 2005.
5. Михайлов В.Ю., Гостев В.М., Кугуракова В.В., Чугунов В.А. Виртуальная лаборатория как средство обеспечения коллективной научно-методической работы. // Сб. трудов XII международной конференции «ИТО-2002». М.: Проспект, 2002.
6. Гурина Н.А., Медведева О.А. Виртуальная информационно-образовательная лаборатория как средство развития самостоятельности школьников // Информатика и образование, №3, 2007.
7. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Использование мультимедиа-технологий в общем среднем образовании./ Интернет-издание, http://www.ido.rudn.ru/nfpk/mult/, 2008, -98 с.
8. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құрал-дары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.
9. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2011
10. Монахов В.М. НИТО: методологические и методические проб-лемы разработки и внедрения//Сб.науч.тр. Основные аспекты использования ИТО в совершенствовании методической системы обучения. –Москва, 1987. -С.3-17.
11. Егорова Ю.Н. Теоретические и практические аспекты мульти-медиа технологии: монография.-Ч.:НАНИ ЧР, 2000. -189 с.
12. Татарников О. Мультимедиа: со средством и посредством //Компьютер Пресс, 1999. -№1. -С.29-37.
13. Ефремов В.С.Виртуальное обучение как зеркало новой информационной технологии Менеджмент в России и за рубежом" 1999ж - №6
14. Марчук Н.Ю.Психолого-педагогические особенности дистанционного обучения ,Педагогическое образование в России». 2013. № 4
15. Қарабекова Д.Е.Қазіргі білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың мәні «Информатика негіздері» ,2013ж №4

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1. Виртуалды білім беру туралы түсінік
1.1 Оқыту процесінде виртуалды білім берудің қолданылуы
1.2 Виртуалды білім беруде қолданылатын электрондық технологиялар - таным
процесiн жетілдірудің тиімді құралы
1.3 Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде пайдаланудың шарттары
мен аспектілері

ІІ. Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру

1. Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау,
қорытындылау. Виртуалды білім беру дегенді қалай түсінесіз?атты сұхбат
жүргізу,нәтижесін өңдеу.
2. Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, талдау
.Skype бағдарламасы туралы жалпы түсінік.
3. Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыбы: Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктері
Зерттеудің өзектілігі Білім беру жүйесін дамытудың заманауи
үрдістері оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды ендіруді көздейді,
қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсенді түрде қатысатын, өздігінен
жұмыс істей алатын, шығармашылығы мол тұлғаны қалыптастыру білім беру
ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының
үздіксіз білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін
қамтамасыз ету - деп атап көрсетілген. Виртуалды білім беру- осы
формалардың бірі.
Зерттеу мақсаты: оқушыларға электрондық оқыту жүйесі арқылы
виртуалды білім берудің педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін
айқындау.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларын виртуалды оқыту арқылы өзін-өзі
дамытуына бағыттау.
Зерттеу пәні: ғылыми зерттеу арқылы виртуалды білім берудің
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, виртуалды білім берудің педагогикалық-
психологиялық ерекшеліктерін қазіргі кезеңдегі ғылыми зерттеу талабына сай
негіздеп, жүйелі түрде ізденісін қалыптастыру жолын айқындап, мазмұны
іріктеліп алынса, виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктерінің механизмі, әдістемесі жасалса, оның нәтижелік
көрсеткіштері анықталса, онда, болашақ педагог-психолог маманның ізденіс
негізінде виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық
ерекшеліктерін қалыптастыру оң нәтиже береді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына сай педагогикалық, психологиялық, әдіснамалық
әдебиеттерді оқып, талдау.
2. Виртуалды білім беру,виртуалды нақтылық ұғымдарының мәнін
ашу.
3. Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық бағыттары мен
жолдарын анықтау;
Жетекші идея: Оқушыларға виртуалды білім беруді қалыптастыру сапасы
ғылыми-зерттеу әлеуетін (потенциялын) тиімді пайдалануға тікелей тәуелді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне, жеке тұлғаға
бағыттылық қағидалары; ноосфера-ақыл туралы ілім; білім парадигмасы; іс-
әрекет, қарым-қатынас теориясы басшылыққа алынады.
Зерттеу әдістері:
*ғылыми ізденіс барысында оқушылардың виртуалды білімін
қалыптастыруды ғылыми-теориялық негіздеріне, осы бағыттағы психологиялық,
педагогикалық ой-пікірлерді, әдебиеттерді талдау, тест, сауал-сұрақ,
байқау, бақылау;
*оқушылардың виртуалды білім беруге көзқарасының қалыптасу
көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
* зерттеу тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жүйелеу;
Зерттеудің негізгі кезеңдері: І кезеңде виртуалды білім берудің
педагогикалық және психологиялық қалыптастыру жайында болжам жасалып,
педагогика және психология мамандығының 1 курс магистранттарының жұмысы
арқылы виртуалды білім беруді дамыту жолдары талданды.
ІІ кезеңде зерттеу мәселесінің шешімі жайында жасалған ғылыми болжамның
тиімділігі тексерілді.
ІІІ кезеңде тәжірибелік тексеру арқылы зерттеудің жекелеген жәйттерінен
туындайтын мәселелер анықталып, оларды теориялық-әдістемелік жағынан,
тиісті жүйеге келтірілді.
Жобаның жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі:
*Виртуал ұғымы категориялық талданып, анықтамалар зерделенді, педагог-
психолог кәсібіне тән қасиеттер біртұтас жүйеге топтастырылып, оның көп
деңгейлі, мазмұндық, құрылымдық, функционалдық құрылымы жасалып,
механизмдері айқындалып, ақыл-ойын қалыптастыру жүйесін құруға, негіз
ретінде пайдаланылды.
Зерттеу базасы: Ақтөбе қалалық №41 жалпы білім беретін орта мектебі
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: тәжірибелік жұмыстар
ғылыми-танымдық, оқу-тәрбиелік мақсатқа сәйкес жүргізілді. Зерттеу
жұмысының теориялық-методологиялық негізінде виртуалды білім берудің
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы көпдеңгейлік
жүйелік тұрғыдан қарау жүзеге асырылды. Оның тиімділігі тәжірибелік-
экспериментальдық әдістер арқылы дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу:
Жобаның нәтижесі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университетінің Педагогика және Психология мамандығының 1-курс
магистранттарына баяндауға ұсынылды және талқылаудан өткізілді.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен
тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып
отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.

КІРІСПЕ

І. Виртуалды білім берудің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің
теориялық негіздері

1. Виртуалды білім беру туралы түсінік

„Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасында”, „Орта бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандырудың” мемлекеттiк бағдарламасында, „Бастауыш және орта
кәсiптiк бiлiмдi ақпараттандырудың” бағдарламасында бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандыруды жүзеге асырудың негiзгi бағыттары ретiнде мына мәселелерге
баса назар аударылған:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне енгiзу
жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
- орта бiлiм беру ұйымдарын интернет желiсiне қосу;
- бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын
әзiрлеу және енгiзу;[2]
- жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесiне енгiзудi қамтамасыз
ететiн ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу;
- ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және
жоғары кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;
- оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз
етiлуiн қадағалау;
- оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т.б.
Қазiргi таңда дидактикалық оқыту жүйелерiн қалыптастырудың перспективалық
бағыттарының бiрi - мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде
пайдалану.[3]
Ең әуелі, виртуалды білім беру терминінің мағынасын ақпараттық
технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты
өзгертіп, виртуалды білім беру терминін кең мағынада виртуалды білім беру
кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі
нәтижесінде өтетін үдеріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде
виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді
виртуализациялау болып табылады. Виртуалды білім берудің негізгі мақсаты –
бұл әр адам баласы үшін өзінің жеке және кәсіби тиімділігін арттыру құралы,
ол адамның өзін өзі дамытуына бағытталады.
Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу,
күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жүргізілуде және мультимедиа,
телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде
көрініс табуда. Виртуалды білім беру жүйесінің принциптерін түсіну үшін
виртуалды білім берудің күндізгі білім беруден бірқатар артықшылықтарына
тоқталып өтсек:
Күндізгі оқытумен салыстырғанда қашықтан оқыту бірқатар артықшылықтарға ие
болып отыр:
- жеделділік( кеңістіктік және уақыттық кедергілерді жеңу,өзекті тың
ақпараттар алу,жедел кері байланысты орнату);
- ақпараттық(тұтынушыға интерактивті веб арналардың көмегімен
ақпараттардың жеткізілуі,телеконференцияларда және интернет желісінің
басқа да құралдарында жариялану);
- коммуникациялық(сабақтарды,олимпиад аларды өткізуде,жобаларға қатысуда
аймақтық шектеулерді жою);
- педагогикалық (оқытудың интерактивтілігі, дараландырылуы;оқушы
жұмыстарының желіде жариялануы және оларды сараптау мен бағалаудың
жеңілдетілуі);
- психологиялық(оқушыға өзін таныту үшін қолайлы жағдай жасау;
оқытушымен қарымқатынаста психологиялық кедергілердің болмауы);
- экономикалық (жол шығындары және үй жайды жалға алу және т.б.
шығындарды үнемдеу есебінен оқуға жұмсалатын жалпы шығындарды кеміту);
- эргономикалық(оқушыға сабақ кестесін ыңғайландыру,техника мен басқа да
білім беру құралдарын таңдауға және пайдалануға мүмкіндік беру).[4]
Білім беру саласында жұмыс принципі виртуалды нақтылық технологиясына
негізделген мультимедиалық құралдар да қолданылуда.
Нақты, бар нысандар мен процестерді бейнелейтін электрондық модельдер
виртуалды нақтылықтың объектісі болып табылады.
„Виртуалды” сын есімі қағаз немесе басқа да әртүрлі заттық ақпарат
тасымалдағыштарда ұсынылған мәліметтердің электрондық баламасын сипаттау
үшін қолданылады.
Виртуалды нақтылық – пайдаланушыны стереоскопиялық негіздегі виртуалды
кеңістікте уақыт кезеңінде жүргендей әсерге бөлейтін және сол кеңістікте
пайдаланушыға әртүрлі типті ақпараттарды ұсына алатын мультимедиалық
технология қызметі.
Виртуалды нақтылық адамды объектімен тікелей „байланыстыруды”
қамтамасыз етеді. Мысалы, оқытушы немесе студент тіркегіш құралмен
жабдықталған арнайы қолғап арқылы компьютер жадында сақталған электрондық
объектіні монитор экранынан қолымен ұстап көреді және материалдық объектіні
ұстағандай әсерде қалады. Виртуалды киімдер мен көзілдіріктер кию арқылы
пайдаланушы виртуалды кеңістікте „қозғала алады”. Мұндай мультимедиалық
технологиялар студенттердің, оқушылардың ақпаратты қабылдау және түйсіну
механизмін өзгертеді және дамытады. Бұл кезде оқушылардың ақпаратты
қабылдау процесі тек көру, есту көмегімен ғана емес, сонымен қатар, сипап
сезу арқылы да жүзеге асырылады. Бүгiнгi күннiң өзiнде виртуалды нақтылықты
иiс сезу рецепторларымен, үш өлшемдi кескiндермен, әртүрлi жиiлiктегi
вибрациямен толықтыруға мүмкiндiк бар. Бұл жасанды орта кескiн мен дыбысты
берiп қана қоймайды, оның физикалық әсерiн де бередi. Жасанды түрде
автомобиль қозғалысын, кеме жүзуiн, желдiң әсерiн беруге болады, сондай-ақ,
пайдаланушы бейнеленген затты экранда жылжыту мүмкiндiгіне ие бола алады.
Сондықтан да, педагог ғалымдар виртуалды нақтылық технологиясын
дидактиканың көрнекілік принципін толық іске асыра алатын құрал деген
пікірлер білдіруде. [5]
Виртуалды топтық жұмыс – бұл бір берілген тапсырма бойынша жұмыстанатын
топта оқитын оқушылардың біріккен жұмысы, олар өз беттерінше немесе
кеңесшінің көмегімен хабар алмасу және әрекеттесу нормаларын белгілейді,
виртуалды ортада өз жұмыстарының бағыттарын және оған жету жолдарын
таңдайды.  Мысал ретінде синхронды форматтағы (уақыты алдын-ала
белгіленеді) және асинхронды форматтағы сауалнама жүргізу, мұғаліммен
сыныптастарыңның алдында дайындаған жұмысынды қорғау (чат-конференциялардың
көмегімен). Оқытудың бұл әдісі оқушының өзіндік жұмысын жетілдіруді
ұйымдастыруда қосымша ресурс ретінде бола алады.  Виртуалды сыныптардың
техникалық мүмкіндіктері қазіргі уақыт режимінде оқытудың барлық
субъектілеріне бейнероликтерді , презантация слайдтарын , үлкен көңіл
бөлетін жерлері бар әртүрлі құжаттарды көрсету, алмасу және өз файлдарын
пайдалануға рұқсат беру, электронды тақтаны қолдану, барлық қатысушылардан
қандай да бір сұрақ бойынша қазіргі уақытта ақпарат жинау, дауыс беру және
сауалнама өткізу; тез арада хабарламалар алмасуға (барлық оқитындарға
немесе жеке адамдарға  рұқсат беру) мүмкіндік береді. Хабарламаларды
көру шегі барлық субъектілермен виртуалды әрекеттесу арқылы  анықталады.
Аудиобайланыс арқылы да байланысқа шығуды ұйымдастыруға болады. Кейбір
виртуалды сыныптар құжаттармен біріккен жұмыстар жасауға, виртуалды қол
көтеру немесе эмоцияларды көрсету арқылы көңіл аудару механизмдерін
пайдалануға, сыныптағы виртуалды кездесулерді жазуға жағдай туғызады.
Визуалды (көрінетін) ақпаратты қабылдау жеңіл болғандықтан символдық
ақпаратты қабылдау кезінде теориялық ойлауға қарағанда практикалық ойлау
адамнан көп күш-жігерді қажет етпейді. Сол себептен де, виртуалды кеңістік
жүйесінің көрнекілік-образдық, көрнекілік-әрекеттік сипаттағы ұсынатын
ақпаратын пайдаланушылар барынша толық күйінде қабылдай алады.

1.2 Виртуалды білім беруде қолданылатын электрондық технологиялар - таным
процесiн жетілдірудің тиімді құралы
Тұлғаның сана-сезімінің дамуы таным процесі арқылы жүзеге асырылады.
Таным дегеніміз табиғаттағы заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен өзара
қарым-қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде
бейнеленуі. Танымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Таным процесі
барысында тұлғаның қоршаған орта жөніндегі алған білімі тереңдей түседі,
заттар мен құбылыстардың шынайы болмысын тани алады. Яғни, таным процесінде
тұлғаның өмірге, қоғамға, болмысқа деген көзқарасы дамиды.
Тұлғаны дамытудағы электрондық технологиялардың мүмкіндіктерін
танымның сезімдік және логикалық формаларына қатысы тұрғысынан
қарастырайық.
Таным процесі нақты сезінуден басталып, абстрактілі ойлауға (ақыл-ой)
өтеді. Яғни, психофизиологиялық тұрғыдан танымның бастапқы кезеңі
түйсіктен, қабылдаудан, елестетуден тұрады. Бұл кезең танымның сезімдік
формалары деп аталады. Танып-білудің бірінші сатысы – түйсік пен
қабылдаудан басталып, соның негізінде ойша елестету пайда болады. Яғни,
таным адамның сезім мүшелеріне әсер етуден басталады. Сондықтан да бұл
сатыны сезімдік форма деп атайды.
Түйсік деп сыртқы дүние мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің адамның
сезім мүшелеріне тікелей әсер етуден пайда болатын мидағы бейнелерді
айтамыз. Яғни, түйсік сананың сыртқы әлеммен байланысы.
Түйсік ақпаратты өңдеу барысында қандай жүйе басымдық роль атқарады,
сол әрекетті орындайды. Мысалы, графикалық ақпаратты өңдеуде түйсік образды
және вербальды кодтау жүйесі ретінде қатысады, бірақ, образды жүйенің әсері
жоғары болады. Ал, мәтіндік ақпаратты өңдеуде, керісінше, вербальды кодтау
жүйесі басым болады да, образды жүйенің әсері аз болады. Абстрактілі
ақпаратты өңдеуде толығымен вербальды жүйе қолданылады, образды жүйе
әрекетсіз қалады.
Түйсікте заттар мен құбылыстардың жеке сапалары мен қасиеттері
сәулеленетін болса, қабылдауда олар мида тұтастай зат күйінде бейнеленеді.
Яғни, қабылдауда заттардың және құбылыстардың формасы, дыбысы, түсі, иісі
т.с.с. қасиеттері тұтас күйінде толық бейнеленеді. Қабылдау – түйсіктегідей
бір анализатордың ғана емес, бірнеше анализаторлардың бірлескен
қарекеттерінің нәтижесі. Мәселен, адам ұсынылған бейнемәліметті көру және
есту анализаторларының өзара байланысып жұмыс істеуі нәтижесінде
қабылдайды. Қабылдау ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз
қабылданған ақпараттың 24 сағаттан кейін 50%-ы ұмытылады екен. Оқушының
оқу материалын қабылдауы, оның зейін аударуына байланысты. Зейін аударуды
сенсорлық (көрінетін, естілетін) немесе ойлау оқиғаларына ақыл-ой күш
жігерін шоғырландыру негізінде анықтауға болады.[6]
Оқыту процесі әрқашанда оқушының меңгере алатын ақпаратынан көп
ақпараттан тұрады. Сондықтан да үлкен көлемді ақпарат ағынын пайдалану
кезінде студенттер мен оқушылар зейінін тек қажетті мәліметтерге ғана
аудару керек. Когнитивті психологияның мамандары зейін аударуға келесі
факторлар әсер етеді деп есептейді: түйсік, адамның көзінің ақпаратты
өткізу қабілеті, қызығушылығы. Қызығушылық студенттің, оқушының оқу
материалына терең үңілуіне, білуге құмарлығының оянуына түрткі болады. Оқу
пәндерін салыстыруға, сол арқылы қандай да бір ой қорытындысын шығаруға
көмектеседі. Қызығушылық деңгейді жоғарылатуды әртүрлі типті мәліметтерді
(мәтіндік, дыбыстық, бейнелік т.б.) бір оқыту жобасына біріктіруге
мүмкіндік беретін мультимедианы қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Оқытудың нәтижелілігі ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін сенсорлы-
персептік процестердің ерекшелігіне, яғни, пайдаланушының ақпаратты
қабылдауына, ол ақпаратты жадыда сақтауына, және қажетті уақытта пайдалану
мүмкіндігіне байланысты болады. Белгілі бір уақыт аралығында берілетін
ақпарат көлемі қабылдаушының физиологиялық ерекшелігіне сәйкес өзгеріп
отыруы қажет. Жас ерекшелігіне сәйкес организмнің белгілі бір уақыт
аралығындағы өңдейтін ақпарат мөлшері ақпараттық жүктемені құрайды. Бұл
жүктеменің организмге оң немесе теріс әсері белгілі бір бағыттаушы және
қорғаныс рекацияларына байланысты болады. Ақпараттық жүктеме бағыттаушы
реакцияларды туғыза отырып қорғаныс рефлекстеріне әсер етпесе, онда ол оң
ақпараттық жүктеме болып саналады. Мұндай жоғары тиімділікті оқыту
процесіне қол жеткізу үшін ақпараттық жүктеме көп болмауы керек.
Электрондық технологиялар оқу материалын жеке тұлғаның ақпаратты қабылдау
ерекшелігін ескере отырып мәлімет көлемін порция түрінде реттеп ұсынуды
жүзеге асырады.[7]
Таным процесіне әсер ететін факторларға образды танып білуді де
жатқызуға болады. Оқушыға қойылатын талап – ұсынылған ақпаратты ажырата
білу және оны меңгеру. Электрондық технология дыбыстан, графиктен,
бейнеақпараттан, мәтіннен құралған әртүрлі типті ақпаратты игеру үшін
барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Осының нәтижесінде ынта, қызығушылық белгілі
бір сезім рецепторларына ықпал жасайды, әртүрлі сенсорлық жағдайлар
ақпаратты түрліше түйсінуге әсер етеді.
Қабылдауды адамның сенсорлық қызығушылығын ашатын қабілеті ретінде де
қарастыруға болады. Ақпаратты қабылдаушы адамның неғұрлым көрнекілік,
дыбыстық ақпаратты алу және оған қайта оралу мүмкіндігі көп болса,
соғұрлым ақпарат иконалық жадыға көп жазылады. Бұл тұрғыда да, өтілген
материалға қайта оралу байланысын тиімді қамтамасыз ете алады. Иконалық
жады адамға болашақта өңдеу үшін, маңызды ақпараттарды іріктеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, көрнекілік әсер арқылы қабылданған ақпаратты
сақтауды, және оған жылдам қол жеткізуді де иконалық жады сипаттайды.
Оқыту процесінде ақпаратты өңдеудің бастапқы кезеңін сипаттайтын бөлімі
қабылдаудың көлемін зерттеу болып табылады. Оқу құрылымының
интерактивтілігі ақпаратты қабылдау көлемін көбейтеді.
Танымның келесі әрі жоғары баспалдағы – елестету. Елестету – бұрын
қабылданған, бірақ, қазір көз алдымызда жоқ заттың немесе құбылыстың
бейнесін жаңғырту. Қабылдау адамның сезім мүшелеріне әсер ету арқылы жүзеге
асырылса, елестету бұрынғы түйсіну мен қабылдау негізінде орындалатын
процесс.
Сонымен, танымның сезімдік формалары ретінде ұғымдарды қалыптастыру
сатыларының сұлбасы мынадай жүйеде құралады: түйсік → қабылдау → елестету.
Енді танымның логикалық формаларын қарастырайық. Ұғым, пікір, ой
қорытындысы танымның логикалық формаларына жатады. Танымның сезімдік және
логикалық формалары өзара тығыз бірлікте болады.
Ұғым дегеніміз объективті құбылыстарды, қасиеттерді, қатынастарды
бейнелейтін ойлаудың формасы. Яғни, ұғым – заттар мен құбылыстар туралы
санада қалыптасқан ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері
бейнеленеді. Ойлау – ой қорытындылары формаларының бірі. Ой қорытындылары –
бірнеше пікірден жаңаша бір пікір шығару тәсілі. Яғни, ойлаудың логикалық
формасы – пікір. Пікір ақиқат немесе жалған пікір болуы мүмкін. Танымның
бұл логикалық формалары іс-әрекет үстінде жүзеге асырылады. Өйткені, іс-
әрекет кезінде субъект сыртқы дүниемен өзара әсерлеседі. Соның нәтижесінде
заттар мен құбылыстардың психикалық образы жасалынады. Сондықтан іс-әрекет
– бұл да категория, танымның практикалық формасына айналған. Іс-әрекеттің
автоматты түрге келтіріліп, практикада пайдаланылуы – танымның соңғы
нәтижесі.
Оқыту процесінің басты мақсаты – оқушыларға табиғат пен қоғам жөнінде
ғылымда жинақталған білімді меңгерту, сол білімді өзінің күнделікті
өмірінде дұрыс пайдалана алатын іскерлік, дағды қалыптастыру деп айта
аламыз. Танымның түйсіну, қабылдау, елестету сияқты сезімдік формалары
арқылы білім меңгеріледі десек, ұғым, пікір, ой секілді танымның логикалық
формалары арқылы ебдейлік, ал танымның іс-әрекет секілді практикалық
формасы арқылы дағды қалыптасады.[8]
Ал, оқыту процесінде білім, ептілік, дағдыны (компетенттілік)
қалыптастыруда қазіргі таңда мультимедиалық технологиялардың маңызы ерекше.
Мультимедиалық технологиялар тұлғаның табиғат пен қоғам туралы ғылыми білім
шеңберінің кеңеюіне, тереңдеуіне септігін тигізеді. Мысалы, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің биологиялық дамуын, түсінуге қиын, ұзақ және қысқа
мерзімде өтетін, көзге көрінбейтін физикалық, химиялық процестер мен
құбылыстарды динамикада, визуалды түрде ұсыну арқылы мультимедиалық
технологиялар студенттер мен оқушылардың диалектикалық ойлай білуін
қалыптастырады.
Таным процесінде тұлғаның материалистік диалектикалық ойлауын дамыту
үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай білуге,
оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білуге
үйрету үшін Я.А.Коменский алтын ережеге санаған көрнекілік әдісін жиі
қолданамыз.
Оқыту процесін жақсартудың тиімді әдістерінің бірі – ақпарат берудің
сөздік-логикалық және көрнекілік тәсілдерінің үйлесуі, яғни оқытушының
сөзбен түсіндіруінің сәйкесті көрнекі құралдармен бекітілуі. Үздіксіз
монотонды әңгіме тыңдап отырған адамның назары тітіркендіргіштің
біркелкілігінен – сөйлеушінің даусынан 20 минуттан кейін-ақ басқа жаққа ауа
бастайды екен. Егер әңгіме қандай да бір объектілерді көрсетумен қатар
жүрсе, естумен қатар көру анализаторы да жұмыс жасайды. Адамның көз алдына
көрнекі образдың пайда болуы ұсынылған материалды толықтай меңгеруге
септігін тигізеді. Көрнекілік әдіс жүз рет естігеннен, бір рет көрген
артық деген нақылдың бекер айтылмағандығын айқындай түседі. Көрнекілікті
жүзеге асыру электрондық технологиялардың негізгі, басты мүмкіндіктерінің
бірі. Оқу материалын көрнекілік әдіспен түсіндіруде оқытушы мультимедианы
пайдалану негізінде табиғаттағы құбылыстарды, процестерді, заңдылықтарды
демонстрациялайды. Бұл кезде оқытушының қызметі – көрсету, демонстрациялау
болса, оқушыларға білім беру көзі көрнекілік құралдар, мультимедиа болып
табылады да, ұсынылған оқу материалынан қорытынды жасау, демонстрация
фактілерін бақылау, содан ой-тұжырым қалыптастыру оқушылардың іс-әрекеті
болып саналады.
Мультимедиалық технологиялар зерттелетін құбылыстардың, объектілердің,
процестердің тек сыртқы сипатын ғана емес, олардың ішкі мәнін, сондай-ақ,
табиғаттың және қоғамның жеке құбылыстары арасындағы байланыстарды ашып
көрсетуге мүмкіндік береді.[9]
Технологияны пайдаланудың артықшылығы мынада: мысалы, кескін немесе
сурет – адамның ой-санасында белгілі бір бейнені, ұғым-түсінікті
қалыптастыруға, мәтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Виртуалды зертханалық жұмыстар
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
ЖОО СТУДЕНТТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ НЕГІЗІ
Физика сабақтарында виртуалды эксперименттерді қолдану тәжірибесі
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қашықтықтан оқытуда қолданатын формалар мен әдістер
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар
Пәндер