Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері


МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СтуденттерІНің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негізДЕРІ
М а з м ұ н ы
кіріспе
1 Ғылыми- педагогикалық әдебиеттегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасы
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
- «Мәдениет», «қарым-қатынас», «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымдарының мәні
- Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптастыру ерекшеліктері
Тұжырым
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі және ұйымдастырудағы тәжіриебелік эксперименттік жұмыстарСтуденттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесіТәжірибелік- эксперимент жұмыстарының нәтижелеріҚарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда тәжірибелік шараларды мектеп тәжірибесінде пайдалану
Тұжырым
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі айқындала түсуде.
Егеменді Қазақстанда өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен білімділігін арттыру көзделеді.
Мемлекет тарапынан білім беру ісін жаңғырту мақсатында оның мақста міндеттерін айқындайтын жаңа мазмұнды заңдар мен тұжырымыдамалар қабылданып, халықтың рухани дамуына, тілі мен тарихы, діні мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызылып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби жетілуі үшін жағдайлар жасау атап көрсетілген.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәденилікжаңғырып, ерекше маңызға ие бола бастады.
Уақыт ағымы алаға тартқан бұл міндет болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігін айқындайды.
Осы орайда, қарым-қатынас мәдениеті проблемаларын зерттеу әлеуметтік- экономикалық және мәдени дағдарыспен бірегей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас- білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ереше жолы.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы мұғалім болғандықтан, оның кәсіби даярлығының ғылыми-педагогикалық негіздерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі студент, ертеңгі мұғалімді даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру олардың саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынас орнатуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн және т. б. қарым-қатынастың біртұтастығына, өзара әрекетке аса зор мән берген. Я. А. Коменский, И. Г. Песталлоцци қарым-қатынастың тәрбиелік маңызына баса назар аударған.
Сонымен қатар, ағартушылар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, қазақ зиялылары Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов шығармаларында адам мен қарым-қатынас байланыстарын көтерген.
Бүгінгі таңда бұл проблемаға философтар, психологтар, педагогтар ерекше мән беріп, әр қырынан зерттейді. Мәселен, оның философиялық негізін ТМД ғалымдары (Библер В. С., Бахтин М. М., Батищев Г. С., Каган М. С., Фролов И. Т. ), республикамыздың ғалым философтары (Әбділдин Ж. М., Әбішев Қ. Ә., Нұрланова Қ. Ш., Қасабеков А., Кішібеков Д. ), отандық психологиядағы қарым-қатынастың әлеуметтік зерттеулері төңірегінде (Буева Л. П., Леонтьев А. А., Парыгин Б. Д. ), тұлғаны дамытудағы қарым-қатынас мүмкіндіктеріне қарай (Ананьев Б. Г., Бодалев А. А, Божович Л. И., Кон И. С., Леонтьев А. А., Ломов Б. Ф., Мясищев В. Н., Рубенштейн С. Л., Теплов Б. М. ), қарым-қатынас мәдениет теориясы аясында (Баллер Э. А., Давидович В. Е., Злобин И. С. ), педагогикалық қарым-қатынас проблемалары (Кан-Калик В. А., Леонтьев А. Н. ), этнографиялық зерттеудегі қарым-қатынастың мәденилік деңгейінде (Байбурин А. Б. ), қарым-қатынастың этномәдени аспектілері (Ұзақбаева С. А. ), оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті проблемалары (Хмель Н. Д., Хан Н. Н., Қалиева С. И. ), студенттерді тәрбилеу мәселелері бағытында (Құнантаева К. Қ., Керимов Л. Қ., Қазмағамбетов А. Г., Халитова І. Р. ), білім мазмұнын, оның ішіндегі жоғарғы мектептегі оқытудың әдістемелік міндеттерін шешудегі (Жердемалиева Р. Р., Балтабаев М. Х., Құлманова Ш. Б., Бекмухамедов Б. М., Амирова А. С., Ильясова А. Н., Левченко Т. А., Мендаякова Қ. М. ) еңбектер негізінде қарастырылды.
Ғалымдардың зерттеу жұмыстарында жасалған талдау нәтижесінде, атап айтқанда Ресейде (Давидович В., Драч Г. В., Хван М., Коган Л. Н., Межуев В. М., Маркарян Э. С., Ерасов Б. С., Бромлей Ю., Петров М. К. ), Қазақстанда (Жүнеки А., Наурызбай Ж. Ж., Марғұлан а. Х., Жарықбаев Қ. б., Шаймерденова Н., Шериязданова Х. Т., Божбанова Р. Ж., Темирбеков С., Рысбаева А. К. ) мәдениет және қарым-қатынас проблемаларының негіздерін зерттеген.
Жоғарыдағы еңбектердің құндылығына ғылыми-теориялық, әдістемелік- практикалық жағынан көз жеткізуге болады.
Дегенмен, теориялық тұрғыда, қарым-қатынас мәдениеті проблемалары студенттерді кәсіби даярлауда, оларға практикалық дағдыларды меңгертуде жоғары оқу орнының мамандығы ерешелігіне қарай енгізу, осы негізде кәсіби біліктікті шыңдаудың әсіресе ана тілінде жете зерттелмей отырғандығын дәлелдейді.
Сонымен, проблема, ғылыми әдебиеттерге және жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларына жүргізілген талдауларға сай әлі де толық зерттеуді қажет ететінін дәлелдейді. Олай болса, қарым-қатынас мәдениетінің әдіснамалық, теориялық және әдістемелік жеткіліксіз қарастырылуында, қарым-қатынас мәдениетінің анықтамалық, ғылыми негіздемесін жасауда, студенттерді даярлауда кәсіби мәдениеттілік сапаларының талаптары мен қалыптасу деңгейі аралығында қарама- қайшылықтың болуы зерттеу тақырыбын төмендегідей анықтауға негіз болды: «Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негізі».
Зерттеудің мақсаты- студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің объектісі- жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні- студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы- егер студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негізі және кәсіби тұрғыдағы қарым-қатынастың негізгі бағыттары айқындалса, мамандық ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бағыттарының мазмұны есепке алынса, онда студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда қарастыру және оның кәсіби даярлығында алатын орны мен қызметін анықтау;
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру моделін құру;
- Жоғары оқу орындарында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау;
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы- студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру оларды кәсіптік жағынан даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми- практикалық негізге сүйене отырып жүзеге асуы тиіс.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға және іс-әрекет теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлікте болуы туралы әлеуметтік мәдени теориясы; қазіргі жетекші философиялық қағидалар.
Зерттеудің көздері- философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, білім, даму, диалектика негіздері жөніндегі ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім туралы Заңы», «Қазақстан Республикасының Қазақстан- 2030» даму стратегиясы, «Этномәдени білім беру концепциясы» және басқа да құжаттар мен ресми материалдар; оқу-материалдар; оқу- әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен автордың өзінің жеке басына тән іс-әрекет тәжірибесі мен озат педагогтардың іс-тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау, жоғары оқу орындары студенттерінің оқу үрдісін бақылау, сауалнама алу, пікір-талас, әңгіме жүргіу, арнайы курстар өткізу және талдау, әдістемелік жүйенің мақстақа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Алғашқы кезеңде (1996-1997ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат анықталды, қарым-қатынас мәдениеті бағыттарын жрғары оқу орындарында пайдалану тәжірибесі талданып, қорытындыланды, оларды жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізу жолдары қарастырылды. Эксперимент жұмысының бағдрламасы даярланды.
Екінші кезеңде (1998-2000 ж. ж. ) оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, студенттердің қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу жағдайлары анықталды. Болашақ мұғалімдердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың тәжірибелік- педагогикалық жұмыс мазмұны негізделіп, эксперимент жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2000-2002 ж. ж. ) ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігі, нәтижелері қорытындыланып жүйеленді. Студенттердің қарым -қатынас мәдениетін қалыптастырудың негізгі қағидалары сынақтан өтті, ғылыми-практикалық ұсыныстар жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Студенттердің «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымына анықтама беріліп, оны қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетінің қажеттілігі негізделіп, әдістемесі жасалды;
Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті арнайы ұйымдастырылған тұтас педагогикалық процесте қалыптасатыны дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін жасалды;
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасалды;
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық тұжырымдамалары, әдістемсі, қорытындылар болашақ маман даярлау ісінде, сондай-ақ мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары жұмысы практикасында маңызды.
Қорғауға ұсынылады:
«Студенттердің қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәні мен мазмұны;
Қарым- қатынас мәдениеті моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, мүмкін болатын деңгейлері;
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың кезеңділігімен және зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін тәжірибе жүзінде тексеру, практикаға ендірумен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынна өткізу және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің негізгі қағидалары ғылыми баяндама ретінде халықаралық және Республикалық конференцияларда, Семей мемелекеттік университетінің ғылыми-практикалық конференцияларында, «практикалық психология: тәжірибе, проблема, перспектива» атты халықаралық ғылыми-парктикалық конференцияда (Минск, 2000 ж. ), «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2011 ж. ), «Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау: тәжірибе, проблемалар және перспективалар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда (Атырау, 2011 ж. ), «ХХІ ғасырдағы жоғары білім технологиясы, проблемалары мен даму бағыттары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда талқыланып мақұлданды.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі негізделіп, объектісі, пәні, ғылыми болжам, міндеттері анықталды, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалық қорғауға ұсынылатын негізгі мәселе, зерттеудің практикалық мәнділігі ашылады.
«Ғылыми педагогикалық зерттеудегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру проблемасы» атты бірінші бөлімде қарым-қатынас мәдениеті проблемаларының теориялық негіздерін саралай отырып, осы мәселеге байланысты негізгі ұғымдарға талдау жасап, мазмұны мен мәнін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары практикасында студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жағдайлары мен оның қалыптасу деңгейлеріне сипаттама беріп, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу бағыттарын көрсетеді.
Зерттеу мәселесіне байланысты түрлі әдебиеттердегі көзқарастарға талдау жасай отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану нәтижесінде бөлімдерге құнды тұжырымдар жасаған.
«Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі және оны ұйымдастырудағы тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар» атты екінші бөлімде студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда қалыптасқан дәстүрлі оқу жүйесі жағдайындағы мүмкіндіктері көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының мақсатына, міндеттері мен мазмұнына сәйкес жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері мен қорытындылары көрсетіледі және дәлелденеді.
1 ғылыми педагогикалық әдебиеттердегі қарым-қатынас мәдениетін қалыптасыру
- Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Егеменді Қазақстанда өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы деңгейінде ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен білімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр.
Мемелекет тарапынан білім беру ісін жаңғырту мақсатында білім беру жүйелерінің мақсат, міндеттерін айқындайтын жаңа мазмұнды заңдар мен тұжырымдамалар қабылданып, халықтың рухани дамуына, тілі мен тарихы, діні мен мәдениетінің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « . . . жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау» қажеттілігі айтылса, ал қазақ халықының мәдениеті мен дәстүрінің негізінде, халықтық мәдениеттің маңызына ерекше көңіл заңның келесі бағытында беріледі /1/.
Қазақстанда ғылыми-мәдени білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемелекеттік құжаттар аясында мәденилік жаңғырып, білім мен тәрбие саласында ерекше маңызға ие бола бастады.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы рухани, мәдени өмірдің өркендеуімен үйлесім тауып, тәрбилеу ісіне жауапты да басты міндеттер жүктеп отыр.
Қазақстан республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз қазақстанның әлеуметтік мәдени даму жолы дегеніміз- ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтың моральдық байлықтарына ену, мәдениеттің барлық салаларында мәдени дербестікті мойындау», - деп атап көрсеткен /2/.
Уақыт ағымы алға тартқан бұл міндет мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатындажоғары оқу орындарының оқу тәрбие процесінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігін айқындай түсуде.
Осы орайда қарым-қатынас мәдениеті проблемаларын зерттеу әлеуметтік-экономикалық және мәдени ахуалдарға және қоғамның, рухани мәдени дағдысымен бірегей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі.
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет», «қарым-қатынас», «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Бұл ұғымдардың сипаттамасының маңызын белгілеу мақсатында оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерінанықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас мәдениетінің мәні, құрылымы және қызметінің мазмұны ашып көрсетіледі.
Студенттердің кәсіби даярлауда оның мәдениеттілігіне көңіл қою, бүгінгі мәдениеттілік дәрежесінде әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас жасау арқылы оны әлеуметтік өмірге енгізу көзделеді. Осы тұрғыда, адамзаттық мәдениеттіліктің дүниежүзілікмаңызы, ақыл-ойдың, адамгершіліктің, саналылықтың мәдени деңгейі.
Мәдениетті адамның тыныс тіршілігі оның әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі іспетті, яғни оқу- білім, ғылым, өнер салаларындағы қол жеткізген жетістіктері.
Рухани байлықтың көзі- мәдениетте. Адам өзінің даму барысында қоғамдағы мүмкіншілігін, рухани дамуын мәдениеті арқылы көрсееді. Ол қоғамның дамуының түрлі мазмұнына сәйкес. Олай болса, мәдениет өзгермейтін, өзгеріске ұшырамайтын нәрсе деп қарауға болмайды.
Мәдениет- халықтың туған топырағында жинақталған өмірлік тәірибесінің жиынтығы. Сондықтан мәдениеттің негізгі қалыптасу, даму, өсу сатыларына байланысты.
Еуразия жерінде үш мың жыл бойы көшпелі өмір салтын басынан кешіп, сол өмірге лайық төлтума мәдениетін қалыптастырған көшпелілердің адамзат өркениетінде өз орны бар.
Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын өзіндік ерекшелігі бар, олар өлең мен жырға бай, шебер екенін Шоқан туындыларынан оқуға болады.
Шығыс мәдениетінде батыс пен шығысты бірдей тербеген Абай көзқарастарының маңызы зор. Ол қазақтың қазақ ойын алғаш рет әлемдегі даму мен өзгеруге, диалектика қатысты зерделеді. Егерде адам мәдениетін дүнижүзілік мұхитқа құятын ағысқа теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуат күшіне бірлестіруге болады /3/.
Абайдың ойынша дүниде де, адам қуатты да бір деңгейде болмайды, Абайдың идеясының мәні адамның өмірдегі орнын бағалау, білімге парасатқа сүйіспеншілігін көтеру.
Абай ілімін жалғастырған қазақ халқының рухани мәдениетіне із қалдырған тұлғаның бірі- Шәкәрім. Ол өз қазақ халқының мәдениеті мен өркениетінің мәнін түсіндіруге талпыныс жасаған /4/.
Қазақ зиялыларының мәдениет туралы көзқарастарын негізге алып, ғылыми әдебиеттермен арақатынасына көңіл аудардық.
Мәдениет тарихына арналған еңбекте америка антропологтары Кребер және Клакхон мәдениеттің негізін, оның қасиеттерін, психологиясын, қоғаммен қатынасын үш аспектіде, құндылықтармен, табиғатпен, адаммен қарым-қатынаста қарастырады.
Қазіргі уақытта бұл проблемаға философтар Ж. М. Әбділдин, Қ. Ә. Әбішев, Қ. Ш. Нұрланова, А. Қасабек айрықша мән берді. Олар «адам- қоғам- адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, мәдениет дәстүрлерінің байланыстарын ашып көрсетеді.
Г. К. Шалабаева мәдениет құрылымының әлеуметтік- мәдени аспектісі еңбек мәдениетімен, тұрмыс мәдениетімен, дене, ғылым, мораль, қарым-қатынас мәдениетімен байланысын көрсетеді.
Қарым-қатынас- білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адамзаттың дүниетанымы мен сана-сезімін жетілдірудің ерекше жолы.
Отандық философ В. С. Библердің пікірі бойынша тұлғаны мәдениет контексінде көру- оның бүкіл қайталанбайтын жекелік, жалпылық ерекшелігін білдіреді. Тұлғаның қарым-қатынас оны дамытушы факторлардың ең негізгісі және ұрпаққа жеткізуші құралы /7/.
Сонымен қатар, қарым-қатынас адамның тіршілік әрекетінің мәдени феномені, яғни адамзат болмысының даму жолы.
Қазіргі ғылыми жетістіктер қарым-қатынасты әлеуметтік өмірдегі адам дамуының ішкі және сыртқы жағдайларын құрушы себеп-салдар ретінде де танытады.
Қарым-қатынас пен мәдениеттің ажырамас тұтастығын көрсететін негізгі жол- тұлғаны дамыту, тәрбиелеу, қалыптастыруда оның қоршаған дүниені қабылдауы, меңгеруі және табиғи, әрекеттік, әлеуметтік қатынасы.
Теориялық зерттеулер бұл тұрғыда әртүрлі бағыттар ұсынады, яғни тұлғаны дамытуда мәдени дамуды қарым-қатынас реттейді, оларды басқаратын және жіктейтін механизмдерін, заңдылықтарын анықтайды.
Қарым-қатынас мәдениеті ұғымының теориясы және оны жан-жақты талдаудың қажеттілігін көрсетеді. Ғылыми әдебиеттерде терминнің мағынасы зерттеушілердің теориялық позициясына және ұғымның тереңдігіне тәуелді.
Ғылыми теориялық бағытта, қарым-қатынас мәдениеті - рухани және қатынастық материалдық құндылықтар байлығы, адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні.
Мәдениеттің өзі материя қозғалысының әлеуметтік формасы, «әлеуметтік ортаның қажетті шарты», тұлғаның өмір сүру әдісі, әрекетінің сапалық сипаты.
Ғылымда «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымы бір жағынан дәлелдеуді қажет етпейтін қисынды ұғым болса, екіншіден көпмағыналы тіл мәдениеті, этикеті, мінез- құлқы тұрмысы, салты т. б. болып жіктеледі.
Алайда қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас және мәдениет ұғымы синтезінде төмендегідей логикалық анықтамаға сүйенеді: «қарым-қатынас мәдениеті- адамзаттың мәндік сапаларын жақындастыруға бағытталған адамгершілік, саналылық әрекеттер» /9/.
Зерттеуде О. Араковская берген бұл тұжырым қарым-қатынас мәдениеті ұғымын білім беруде қажетті педагогикалық мазмұнмен толықтыруға бетбұрыс жасайды.
Қарым-қатынас мәдениеті адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс.
Болашақ кәсіпті игеру жолында да оның өзіндік ерекшеліктері, өлшемдері, бағыттары бар. Осыған орай, қарым-қатынас мәдениеті ұғымын жалпы құндылықтардан ажырата қарастыру үшін кәсіби қарым-қатынас мәдениеті ұғымын қолдануға болады.
Қазіргі қоғам сұраныстары рухани және материалдық сфералар аясында қарым-қатынас проблемасын өте маңызды етіп көрсетеді. Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. Оның дәлелі ретінде білім мен мәдениеттің терең байланысын айтуға болады.
Әлеуметтік ситуациялардың өзгеруімен білімнің мазмұны мен мәніне байланысты пікірлерде түбегейлі өзгерістер байқалады. Қоғам талаптарына сай ол адамның ізгілікті дамуының негізгі құралы және мәдени компоненті.
Білім мәдени- гуманитарлық функцияларды игере отырып, мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі ретінде, онымен берге қызмет атқарады.
Сонымен бірге, білім- мәдени құндылықтарды тасымалдау және жасау құралы ретінде көріне отырып, адамға сол құндылықтарға жақындауға және өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ашып, іске асыруға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz