Қаржы менеджменті


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қаржы менеджментінің мәні, функциялары.

2. Қаржы менеджментінің қазіргі концепциялары және оның бухгалтерлік есеппен байланысы.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады. Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайда жоспарлау-қаржылық немесе қаржылық-бухгалтерлік департаменттер (басқармалар) жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржы қызметіне талдау жасайды, қаржыны пайдалана отырып, оның тиімділігін арттыруға: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материал құндылықтарын тартуға, өнімсіз шығындар мен ысыраптарды қысқартуға, ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруға, ресурстарды пайдалануды жақсартуға, шығындарды азайтуға, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлейді. Сондай-ақ олар ведомствоға қарасты шаруашылық құрылымдарының қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқауларды, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды жасайды.

Фирмалардағы, компаниялардағы қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлім болып табылатын қаржы бөлімі атқарады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өтім бөлімімен немесе бухгалтериямен қоса атқарылуы мүмкін (қаржы-өтім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) .

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде элеуметтік-экономикалық процестер мен ақша ағынын басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногінде бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мұмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

1. Қаржы менеджментінің мәні, функциялары.

Кең мағынада қаржы менеджмент д/з комерциялық ұйымның шаруашылық қызметін тиімді басқару жүйесі. Ол шаруашылық субъектінің жалпы басқаруының құрамдас бөлігі. Барлық басқару жүйесі сияқты қаржы менеджменті де басқару субъектісімен объектісін бөліп қарастырады. Басқару объектісі бұл ұйымдастырудың қаржылық ағымдары табылса, басқару субъектісі болып қаржы менеджері табылады (топ, бөлім департамент т. б. ) . осымен байланысты қаржы менеджментінің мазмұны басқарушы шешімдерді қаржы ресурстарының қозғалысын бағыт беру үшін және капиталдық салымдардың өсуін тиімді паудалануын қарастырады. Қазіргі жағдайда қаржы менеджментінің басты мақсаты болып қаржыны басқаруда фирмалардың нарықтық бағасын арттыру болып табылады.

Қаржы менеджементінің басқа да мақсаттары болып келесілері саналады:

  • Бәсекелестік ортада өмір сүру.
  • Бизнестің осы сигментінде басшылық ету.
  • Экономикалық потенциалды қалыпты өсіріп отыру.
  • Рентабельді қызметті қамтамасыз етуі.

Қаржы менеджментінің басты функцияларына мыналар жатады:

  1. Қайта өндірушілік. Ол бойынша аванс таиған капиталды тиімді өндіріспен қамтамасыз ету.
  2. Өндірістік функция. Ол бойынша ұйымдық шаруашылық қызметін реттеп капиталды тиімді орналастырып, керекті ақша қорларын жасап, қызыметті қаржыландырукөздерін табу.
  3. Бақылау. Ол бойынша шаруашылықтың операторының қаржылық мақсаттылығын тексеру.

Қаржы менеджментінің деңгейі. Қаржы менеджментінің кәсіби біліктілігіне байланысты және оның қаржыны басқару процестеріне, көзқарастарына да байланысты. Әдетте, маман ретінде қаржы менеджері келесі шешімдерді қабылдайды:

  • Қаржылық жоспарлау.
  • Қарыз капиталының көздерін бағалау, талдау.
  • Түрлі қаржы ресурстарының пайдалануының тиімділігін талдау.
  • Тиімді қаржыландыру көздерін таңдау, оларды дұрыс пайдалану т. б.

Төменгі буындардағы қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, фирмалардың қаржы бөлімдері несие және есеп айырысу операцияларының жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстармен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестігінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар - олардың қатысушыларының жалпы жиналысы, акционерлік қоғамдарда - акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті; ол серіктестіктің тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер - шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

Қаржы бөлімінің құрылымы әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шығым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын қамтиды.

  1. сызба. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі: Жоспарлау-экономикалық бюросы
Банк және кассалық операциялар бюросы
Есеп айырысу бюросы
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі: ТОПТАР
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі: Қаржылық- несиелік жоспарлау
Оперативтік-жоспарлау және бақылау
Экономикалық талдау
Сатып алушылар мен есеп айырысу бюросы
Жеткізушілермен есеп айырысу
Кінәрат - талап тобы

2. Қаржы менеджментінің қазіргі концепциялары және оның бухгалтерлік есеппен байланысы.

Ресей экономисі Коволёв В. В. қазіргі кезде кем дегенде 4 концепцияны бөліп айтады:

  1. Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау, модемін құру концепциясы. Ол бойынша инвестициялық қаржының тиімділігін арттыру үшін тәуелділікті азайту керек деп қарастырылады.
  2. Капитал құрылымының оптималды концепциясы. Ол бойынша қаржыландыру көздерімін оларды пайдалану бағыттарының ара қатынасының оптимизациялау.
  3. Қаржы жағдайын талдау концепциясы. Ол бойынша белгілі шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын сипаттайтын олардың денгейін бір қалыпты ұстап тұру.
  4. Шығындарды басқару концепциясы. Ол бойынша шығындардың негізділігін және тиімділігін өсіру. Осы концепциялардың барлығында кез-келген ұйымда қатар пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан келесі көрсеткіштер назарда болуы тиіс:Фирманың иесінің табыстарын болжау. Негізделген анық және нақты болуға тиіс. Басқарушының шешім қабылдау үшін қаржыландыру көздерін инвестициялау табысты бөліп, девидент бөлу. Бұл жағдайларды ескере отырып қаржыны басқарудың 3 бағытын белгілейміз.
  1. Инвестициялық саясаты.
  2. Қаржыландыру көздерін басқару.
  3. Девиденттік саясат.

Бухгалтерлік (қаржылық есеп) қаржы менеджменті үшін қосымша бақылау үшін қажет және бухгалтерлік есеп әсіресе басқарушылық есеп ақпарат көзі болып табылады. Сыртқы қаржылық есептеме бухгалтерлік есеп аясында ұйымдардың шаруашылық қызыметінің моделі ретінде қарастырады.

Ол сыртқы тұтынушыларға қажет. Оның ішінде құрылтайшы контрагент несие мекемелері және т. б.

Басқару жүйесі келесі өзара байланысқан функциялардан тұрады:

  1. Қаржылық жоспарлау.
  2. Қаржылық есеп.
  3. Қаржылық талдау.
  4. Басқарушылық шешім қабылдау.

Қаржылық қызметті басқару жүйесін 2 жақты қарастыруға болады:

  1. Басқарылатын (басқару объектісі) .
  2. Басқаратын (басқарушы субъектісі) .

Басқару объектісі болып ұйымның ақшалай төлемдері мен түсімдерінің айналымы табылады. Ақша айналымын басқару үшін жоспар құру, болжам жасау. Ақшалай қаражаттардыңтүсім көлемінің және жұмсау реттілігін жақын және алыс перспективаға жасау керек.

Қаржылық жоспарлау барысында ақша айналымын анықтау үшін бухгалтерлік есеппен қатар қаржылық есептеменің көрсеткіштеріде қажет.

Мазмұны бойынша қаржылық қызметті басқару барысы шешуші басқарушы шешім қабылдаумен қаржы ресурстармен капиталды тиімді пайдаланып оларды өсіру.

Басқару субъектісі дегеніміз- қаржылық менеджер. Ол өз кезегігде келесі шешімдерді қабылданады.

  1. Ұдайы өндірісті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Рентабелділікті арттыру. Ұйымның нарықтық құныңөсіру.
  2. Қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау. Айналым қаражаттарының айналымын жылдамдату.
  3. Ұйымның қаржы бюджетін жасау. Оны өмірге енгізу.
  4. Бюджет, банк басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы міндеттерді атқару.

Қаржы менеджменті жүйесі төмендегі бөлімдерден тұрады:

  1. Кәсіпорынның іс-әрекетін бағдарламалау - кәсіпорынның іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасының құрылуы.
  2. Кәсіпорынның іс-әрекетін жоспарлау - ұйымның бағдарламалық мақсатына сай сандық параметрлерді өңдеу.
  3. Ақпараттық қамтамасыз ету - ұйым клиенттерімен жасалған шарттарды тіркейтін алғашқы құжаттар.
  4. Экономика және қаржы - кәсіпорынның бағдарламасының орындалу дәрежесін бағалау
  5. Технология - функционалды-технологиялық құжаттарды өңдеу.
  6. Маркетинг - сыртқы ортаның қажеттілігін анықтау.
  7. Әкімшілік - бақылау қызметі.
  8. Кеңес беру және сараптама жүргізу - сыртқы ортаның басқару әсерімен байланысты кеңес беру, сараптама жүргізу.
  9. Қамтамасыз ету - материалды-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету.
  10. «Паблик рилэйшнс» - ақпараттық-зерттеуді қамтамасыщ ету, жарнама.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржы менеджментінің мәні
Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz