Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Cала экономикасы» пәнінен

ОӨЖ

Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау.

Орындаған: Дюсешов Алмас

Оқу тобы: ТЭ-215

Тексерген: аға оқытушы Нуралина Қ. Т.

Семей, 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін талдау 4

2 Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс минимумын талдау 10

3 Күнкөріс минимумының кейбір көрсеткіштері 13

Қорытынды 15

Пайдаланылған әдебиеттер 16


Кіріспе

Күнкөріс мини­мумы дегеніміздің не екенін бір рет еске түсірейік. 1999 жылғы 16 қа­рашада қ­а­былданған “Күнкөріс минимумы ту­ралы” Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның Заңында оның “мөлшері жағы­нан ең төменгі тұтыну қоржыны­ның құнына тең бір адамға шақ­қандағы ең аз ақ­шалай табыс” екендігі атап көр­сетілген. Қаржы-экономикалық сөздікте “адамның тіршілік қаре­кетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына кел­тіру үшін қажет ақшалай қара­жат­тың ең төмен деңгейі (минимумы) ” екендігі келтірілген. Күнкөріс ми­нимумын анықтау әдістемесі бүкіл отба­сының немесе бір қызмет­кердің шы­ғыны мен табысының тең­герімі болып табылатын тұтыну бюджетін (күнкөріс минимумы­ның бюджетін) құрауға негізде­леді.

Бүгінгі таңда Достастық мемлекеттерде есептелетін күнкөріс деңгейі (ең төменгі тұтынушылық бюджет) еңбекақының ең төменгі мөлшерін анықтауда критерий болып табылады. Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украинадағы еңбек заңдылықтарында айлық еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің ең төменгі деңгейінен төмен болу мүмкін еместігі анық айтылған. Дегенмен кепілдіктер болғанымен ТМД елдерінің көбісінде осы қатынас сақталмайды. 2009 жылғы 1 қаңтарға тек Қазақстанда ғана еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне жетті, сондай - ақ 2008 жылғы инфляция есебімен оның мөлшеріне индексация қажет, әйтпесе 2009 жылы ол күнкөріс деңгейінен төмен болады. Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада оның мөлшері еңбекке жарамды адамның күнкөріс деңгейінен 80 % - 90% құрады, ал Қырғызстанда және Молдавияда сәйкесінше 8 % және 46 %. Яғни бүгінгі таңда бекітілген еңбекақының ең төменгі мөлшерін көп мемлекеттерде қызметкерлердің физиологиялқ өмір сүруін қамтамасыз етпейді.


1 Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін талдау

Еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критерийінің екі тәсілдері бар. Біріншісі - бұл азық - түлікке, киімге, тұрғын үйге, білімге, медициналық қызметке, қарым - қатынас арқылы жалпы мәдени деңгейін сақтауға, белгілі бір қызметтерді қолдануға (көлік, байланыс және т. с. с. ) және т. б. жұмыс істейтін отбасыларының негізгі қажеттіліктерінен шыға отырып оның есебі. Осы мақсаттарда мемлекет «тұтынушылық себетін» құрастырады, олардың құндың мәні анықталады, еңбекақының ең төменгі мөлшерінің критериясының қызметін атқаратын ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе ең төменгі күнкөріс деңгейі бекітіледі.

Достастық мемлекеттерінде еңбекақының ең төменгі мөлшерін есептеу үшін ең төменгі тұтынушылық бюджет немесе күнкөріс деңгей критерийі қолданады.

Бүгінгі таңда Достастық мемлекеттерде есептелетін күнкөріс деңгейі (ең төменгі тұтынушылық бюджет) еңбекақының ең төменгі мөлшерін анықтауда критерий болып табылады. Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украинадағы еңбек заңдылықтарында айлық еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің ең төменгі деңгейінен төмен болу мүмкін еместігі анық айтылған. Дегенмен кепілдіктер болғанымен ТМД елдерінің көбісінде осы қатынас сақталмайды. 2009 жылғы 1 қаңтарға тек Қазақстанда ғана еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне жетті, сондай - ақ 2008 жылғы инфляция есебімен оның мөлшеріне индексация қажет, әйтпесе 2009 жылы ол күнкөріс деңгейінен төмен болады. Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада оның мөлшері еңбекке жарамды адамның күнкөріс деңгейінен 80% - 90% құрады, ал Қырғызстанда және Молдавияда сәйкесінше 8% және 46%. Яғни бүгінгі таңда бекітілген еңбекақының ең төменгі мөлшерін көп мемлекеттерде қызметкерлердің физиологиялқ өмір сүруін қамтамасыз етпейді.

Егер еңбекақының ең төменгі мөлшері мен орташа еңбекақының мөлшерінің үлес салмағын есептегенде, онда 2008 жылғы желтоқсанда ол келесідей болар еді: Әзірбайжанда - 25, Арменияда - 21, Белоруссияда - 23, Қазақстанда - 19, Қырғыстанда - 5, Молдавияда - 20, Ресейде - 22, Тәжікстанда - 18, Украинада - 30 пайыз. Бірақ осы пайыздар қызметкер осы қаражаттарға өмір сүре, отбасын қамтамсыз ете алады ма деген сұрақтарға жауап бермейді. Егер пайызды көбейтсек те осы сұрақ жауап бере алмаймыз. Көрсетілген пайыздың көбейту қажеттігі туралы кәсіподақтарда дәлелдері жоқ.

Қазіргі кезеңде ТМД елдерінің көбісінде өмір сүру деңгейінің төмен деңгейі сақталады, еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне дейін жетпеген кезде, еңбекақының ең төменгі мөлшері бекітудің критерийін өзгерту туралы сұрақты қарастыру орынсыз. Сонымен бірге экономикалық дағдарыс жағдайында кейбір мемлекеттерде атаулы еңбекақыда төмендеуде байқалады және оның өсіміне ескеру керек еместігі туындайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін орташа еңбекақыдан пайыз түрінде есептеуі қызметкерлердің жағдайын одан сайын төмендетуі мүмкін.

Достастық мемлекеттеріндегі еңбекақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейіне жету шамасы бойынша (одан аса жақсырақ) еңбекақының ең төменгі мөлшері есептеудің критерийін өзгерту туралы мәселені қарастыруға болады. Оған дейін күнкөріс деңгеңйін немесе тұтынушылық бюджетті есептеу керек, оны есептеу әдістемелерін жетілдіруге, қызметкер және оның отбасын лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін бюджетті толық толтыруға ұмтылу қажет.

Осындай тәсіл ХЕҰ - ның №131 Конвенциясына және ХЕҰ - ның №135 Ұсыныстарына (1970ж. ) толығымен сәйкес келеді. Онда еңбекақының ең төменгі мөлшерін есептеудің келесі критерийлер тобы қолдану ұсынылған: бірінші орында - «қызметкер және оның отбасының қажеттіліктер», ал «мемлекеттегі еңбекақының жалпы деңгейі» - екінші орында.

Еңбекақының ең төменгі мөлшерін анықтаудыңң критерий ретінде күнкөріс деңгейін (тұтынушылық бюджет) таңдап, мемлекеттер оның заңды қабылдады (Әзірбайжанда, Арменияда, Белоруссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Украинада сәйкес заңдар, ал Молдовияда - үкімет қаулысы қабылданды, Тәжікстанда заң жобасын құрастыру аяқталуда) .

ТМД елдерінде сәйкес заңнамаға талдау көрсеткендей, күнкөріс деңгейін анықтау және қолдану аясыдағы қатынастарды реттейтін заңдық актілер құрылымы және мазмұны бойынша көьінесе ұқсас қызмет атқарады.

Достастық мемлекеттерінің заңнамаларында «Ең төменгі күнкөріс деңгейі» («ең төменгі тұтынушылық себет» түсінігін анықтауда әртүрлі терминдер (сомма, құн, құндық бағалау, құндық шама және т. б. ) колданылады, дегенмен олар күнкөріс деңгейін есептеу үшін негізі болып табылатын ең төменгі тұтынушылық себетінің құнын бейнеледі.

ТМД елдеріндегі заңнамаға сай күнкөріс деңгейін жалпы адам басына, әлеуметтік - демографиялық топтар бойынша табиғи - климаттық, ұлттық және басқа да ерекшеліктер, материалдық игіліктерді және қызметтерді тұтыну, сондай - ақ мемлекеттер аймақтары бойынша есептеледі. Белоруссияда күнкөріс деңгейі студент үшін де, ал Әзірбайжанда - мүгедек үшін есептеледі.

Халықтың негізгі әлеуметтік - демографиялық топтар бойынша күнкөріс деңгейінің күндық шамасы келесідей бекітіледі: Белоруссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресейде - квартал сайын. Украинада күнкөріс деңгейі кварталға бөліп, «Украинаның мемлекеттік бюджеті туралы» заңында Жоғарғы Радада жыл сайын бекітіледі, Әзірбайжанда - мемлекеттік бюджетпен бірге жалпы жылға бекітіледі.

Белоруссияда, Қырғызстанда, Ресейде тұтынушылық себеттің натуралдық - заттық құрылымы және құрамын қайта қарастыру әлеуметтік - экономикалық даму және тұтыну нормалар өзгеруінің есебімен 5 жылда 1 реттен кем емес жүргізіледі. Әзірбайжанда және Арменияда - 3 жылда бір реттен кем емес, Молдавияда - 2 жылда бір реттен кем емес. Бірақ та өкінішке орай бекітілген мерзімдер әрдайым сақталмайды.

Достастықтың біраз елдерінің заңнамасында күнкөріс деңгейін анықтауда мемлекеттік биліктің уәкілетті органдары, ғылыми мекемелер, кәсіподақтар және жұмыс берушілердің қатысуы көзделген.

Тұтынушылық себет құны және міндетті төлемдер көлемінен есептелген күнкөріс деңгейін анықтау үшін Достастық мемлекеттерінде әдістемелік нұсқаулықтар жасалған.

Тұтынушылық себет өзіне оның денсаулығын сақтауға және тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық - түліктің ең төменгі жиынтығын, азық - түлік емес тауарлар мен қызметтері кіреді. Қазіргі уақытта оны қалыптастырған кезде есептеудің екі әдісі пайдаланылады: Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада - нормативті, Қазақстанда, Қырғызстанда және Молдавияда - нормативті - статистикалық (қиыстырылған) . Нормативті әдіс азық - түлік тағамдары, азық - түлік емес тауарлар мен қызметтерді ең төменгі тұтынудың ғылыми түсіндірілген нормативтерге негізделеді. Қиыстырылған әдісте нормативтер бойынша тек азық - түлік себеті ғана есептеледі. Азық - түлік емес тауарлар мен қызметтердің шығындар құны азық - түлік себетінің құнын бекітілген үлеске (пайыз) көбейту арқылы анықталады. Осы үлес (пайыз) аз қамтылған отбасыларының шығындарының қалыптасқан құрылымына негізделеді.

Күнкөріс деңгейін қалыптастыруының әдіс таңдаудың принципиалды мәні бар, себебі одан оның анықтаудың дұрыстығы байланысты болады. Тәжірибе көрсеткендей, қиыстырылған әдісті пайдалану, әдетте тұтынушылық себеттің құндың мәнін төмендетеді, ерекше қазіргі уақытта азық - түлік тауарларға бағаларға қарағанда тұрғын үй - коммуналдық қызметтерге, көлік және басқа да қызметтерге бағалар едәуір тезірек өседі. Ресейде және Украинада күнкөріс деңгейін қайта қарастырғанда оны есептеудің нормативтіден қиыстырылған әдістерге ауысу әрекеттері қабылданды. Кәсіподақтардың қатаң позициясының көмегімен ғана күнкөріс деңгейін есептеудің нормативті әдісін қолдады.

ТМД барлық елдерінде тұтынушылық себетін есептеудің әдістемесіне сай оның азық - түлік бөлігін де анықтайды.

Достастық мемлекеттерінің тобында тамақтану өнімдердің ең төменгі жиынтығын қалыптастырудың келесідей негізге принциптері көрсетілген: азық - түлік өнімдерін энергетикалық құндылықтар және химиялық құрамынан шыға отырып тамақтарда халықтың негізгі әлеуметтік - демографиялық топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; аз қамтылған отбасыларда өнімдерді нақты тұтынуды ескере отырып тамақтардың қалыптасқан құрылымы; аз шығындар жұмсап тамақтануды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін өнімдер.

ТМД барлық мемлекеттері халықтың әртүрлі әлеуметтік - демографиялық топтары үшін тамақтарға физиологиялық қажеттіліктер нормаларын қолданады. Нормалар денсаулық сақтау саласында сәйкес ұлттық органдармен құрастырылады, ал Әзірбайжанда, Ресейде, Украинада сондай - ақ Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарын пайдаланылады.

Талдай көрсеткендей мемлекеттердегі тұтынушылық себеттерінде тамақ өнімдерінің жиынтығында ассортимент бойынша да, тұтыну нормаларында да айырмашылық бар.

ТМД елдерінде азық - түлік себетін қалыптастыру әдістемесінің жалпы кемшілігі тамақтану өнімдерінің ең төмен тұтыну нормаларына негізделу болып табылады. Олар адамның физикалық және зерделік энергиясына шығындарын орнын толтыруды қамтамасыз ете алмайды. Онда ет, жануар майын, сүт және сүт өнімдерін, балық, жеміс - жидектержі тұтынуды азайтумен көмірсутек моделінде қалыптасқан.

ТМД кейбір елдерінде тұтыну нормалары КСРО - да 1991 жылы ең төменгі тұтынушылық бюджетте көрсетілген нормалармен салыстырғанда ет және ет өнімдерінің жеке түрлері бойынша 1, 2 - 2, 2 рет, балық өнімдері бойынша - 1, 3 - 4 рет, сүт өнімдері бойынша - 1, 2 - 3 рет төмендеген.

Мемлекеттер тобында кейбір азық - түлік өнімдерінің тұтыну нормалары Ресей патшалығында каторжанин алғанмен салыстырғанда төмен. Каторжанин күніне 819 грамм нан және 128 грамм ет алса, онда тәулігіне белорусстік себетте еңбекке жарамды ер адам үшін тек 438 грамм нан және 99 грамм ет, қазақстандықта сәйкесінше - 368 және 127 грамм, ресейлікте - 465 және 114 грамм, украиндікте - 276 және 110 грамм алады.

Осының барлығы еңбекке жарамды ер адамның азық - түлік өнімдерінің энергетикалық құндылығын төмендетеді, осылайша Әзірбайжанда 2409 ккал, Белоруссияда 2899 ккал, Грузияда 2300 ккал, Қазақстанда - 4646 ккал, Қырғызстанда - 2661, 3 ккал, Молдавияда 2721 ккал, Ресейде - 2730 ккал, Ресейде - 2730 ккал, Украинада - 2790, 8 ккал құрайды. КСРО медициналық ғылымдарының Академиясымен жасалған тиімді тамақтану нормаларына сәйкес адам қызмет ету саласына байланысты күніне 2800 - 3700 ккал тұтыну керек. Жалпы ересек адам үшін орташа ауқымды жұмыс бойынша (ең алдымен отыратын жұмыс) тәулік рационына 3000 ккал қажет.

Өндірістік дамыған мемлекеттерде (Германия, АҚШ, Франция) тамақтану рационның тәулік құндылығы 3300 - 2700 ккал құрайды.

ТМД кейбір елдеріндегі құрастырушылар ерлер мен әйелдер ағзаларының физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әйелдердің азық - түлік себетінің құндылығы ерлер себетінен төмен болып жасалған. Осылайша, Белоруссияда және Ресейде әйелдердің азық - түлік себетінің құндылығы ерлердікінен 23% төмен, ал Қазақстанда - 21%, Қырғызстанда - 9%, Молдавияда 14% аз. Әзірбайжан мен Украинада әйелдер және ерлердің тамақтану құндылыңы бірдей болып қабылданған.

Сондай - ақ, азық - түлік өнімдерінің жиынтығында ақуыз (жануар және өсімдік ақуыздың қатынасы сақталған), май және көмірсутек құрамы бойынша теңестірілген болу тиіс. Жалпыланған түрде барлық құндылықтан ақуызды ңтұтыну нормасы 15%, май 30% және көмірсутек 55% құраса онда ол тиімді тамақтану құрылымы болып табылады. Сонымен бірге өсімдік ақуызы 50% аспауы тиіс. Осы қатынас Грузия және Молдавияда сақталмайды, онда сәйкесінше 60% және 62% құрайды.

Тұтынушылық себетінің маңызды құрамдас бөлігі азық - түлік емес тауарлар болып табылады. Алдында айтылғандай Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде және Украинада азық - түлік емес тауарларды нормативтер бойынша есептейді. Қырғызстанда азық - түлік емес тауарларға бекітілген шығындар үлесі анықталады (еңбекке жарамды халық үшін 16, 5%) . Қазақстандағы Үкімет азық - түлік емес тауарлар мен қызметтерге 40% мөлшерінде шығындардың жалпы бекітілген үлесін бекітті. Молдавияда осы бап бойынша шығындар отбасылардың орташа шығындар негізінде анықталады. Осындай тәсіл осы тауарлар тобына халықтың нақты шығындарын жасырады және күнкөріс деңгейін төмендетуге әкеледі.

Әзірбайжанда, Белоруссияда, Ресейде, Украинада жалпы еңбекке жарамды ерлердің жеке қолданудағы азық - түлік емес тауарлар, сондай - ақ жалпы отбасылық пайдалануға арналған тұрмыстық және шаруашылық заттар жиыны ұқсас болып келеді.

Талдау көрсеткендей, азық - түлік емес себетінде киім, іш киім, аяқ киімнің қалыптасқан ассортименті адамның қажеттіліктерін толық мөлшерде ескермейді, себетте өте қажетті заттар көрсетілменген. Мысалы, іш киім, бет орамал, галстук сияқты заттар тек Украинанын азық - түлік себетінде ғана берілген.

Отбасылық пайдалануға арналған тұрмыстық және шаруашылық заттар жиынтығында Әзірбайжанда, Ресейде және Украинада электр шамдар қарастырылмаған. Сондай - ақ, ТМД барлық елдерінің жиынтығында үй шаруашылығын жүргізудегі заттар жоқ, мысалы, ет тартқыш, бидон, көкөністер үшін үккіш, терезеге арналған перделер және ернеу, сыпырғыш және т. б. Әдістемелердің ешқайсысында аыл тұрғындарының және үй жанындағы телімі бар қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескермеген. Жиынтыққа күректер, айырлар, тырмалар, шегелер және т. с. с. қосылмаған.

Пайдалану мерзіміне (тозу) қатысты жеке тауарлар бойынша айырмашылықтар аңғарылады.

Азық - түлік емес тауарларды тұтыну нормативтеріне талдау әдістмелердегі киім, іш киім және аяқ киімнің тозу мерзімдері дәлелсіз жоғары екенін көрсетеді. Еңбекке жарамды белсенді ер үшін 4 жылға 3 жейде, 1 жылға 7 жұп ұйық, 2 жылға 5 іш киім, 10 жылға 1 галстук, 3 - 7 жылға 1 үй тәпішкесі жеткілікті қиын болады. Әсіресе тұтынушылық себетке жоғары сапасымен ерекшеленбейтін құны бойынша арзан тауарлар кіреді.

Әдістемеге сәйкес қызмет жиынын қалыптастырғанда Достастық мемлекеттерінде тұтынушылық себетте тұрғын үй - коммуналдық, тұрмыстық, көлік қызметтеріне, сондай - ақ байланыс және мәдени қызметтерге халықтың шығындары қарастырылған.

ТМД елдеріндегі қызметтегі себетінің маңызды кемшілігі тұрғын үй - коммуналдық кешенін реформалау, көлік шығындарының өсуі, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы ақылы қызметтер түрінің артуы салдарын ескермейді. Жалпы тұтынушылық себетте осы шығындар жоқ.

Күнкөріс деңгейін есептеген кезде міндеттер төлемдер мөлшері (табысқа салық, әртүрлі әлеуметтік қорларға аударымдар, несие бойынша пайыз төлемдері және т. с. с. ) есепке алу керек. Дегенмен Армения және Қазақстанда күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесінде бюджеттің осы шығындық бабы қарастырылмаған. Мемлекеттер қатарында күнкөріс деңгейінің есептегенде қызметкерлердің жеке салымдары, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, қорларына, меншікке салық төлемдері (әлеуметтік нормалар шегінде тұрғын үйге, жерге қоса алғанда) және басқа мемлекетпен енгізілген міндетті төлемдер ескерілмейді.

Достастық мемлекеттерінде құрастырылған тұтынушылық себеттер мемлекеттердің қарқынды даму міндеттеріне жауап бермейді, себебі аз дамыған мемлекеттер үшін сипатты болатын шығындардың едәуір бөлігі азық - түлік өнімдеріне сәйкес келетін «өмір сүру моделінің» барлық белгілерін сақтайды. Күнкөріс деңгейінің құндық құрылымына талдау көрсеткендей ТМД елдерінің көбісінде шығындардың негізгі бөлігі азық - түлік тауарлар тобына жұмсалады. Мысалы, Белоруссияда азық - түлік себетінің үлесі 53, 6%, Қазақстанда - 60%, Қырғызстанда - 63, 96%, Ресейде - 45, 8%, Украинада - 53, 5% құрайды. Дамыған мемлекеттерде осы шығындардың үлес салмағы 10 - 15%, соның ішінде АҚШ - та - 9%, Канада - 11% құрайды.

Осының барлығы Достастық мемлекеттеріндегі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін оның құрылымын жақсарту бағытында, ассортименті арттыруға, нормалар мен нормативтерді үлкейтуге, тұтынушылық себетін қазіргі әлеуметтік - экономикалық нақтылыққа әкелуді жетілдіру керектігін куәландырады.

2 Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс минимумын талдау

Қазақстандағы ең төменгі күн көріс құны биыл 16 983 теңгеге дейін (113 долларға жуық) өсті. Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі деген нақты өмірге қатысы шамалы термин болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл - саяси өлшем. Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың минималдық мөлшері анықталады.

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі азық-түлік, тауар және қызмет түрлерінің мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын тұтыну қоржынының құнымен шамалас.

Қазақстанда тұтынушы қоржынының параметрлері қайта қаралмағанына алты жылдан асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді.

Соңғы уақытта қоғамда бұл қоржынның жұтаңдығы мен оны қайта қарау қажеттігі жиі айтылып жүр. Тұтыну қоржыны - азық-түлік және оған жатпайтын тауарлар, ең қажетті ақылы қызмет түрлеріне жұмсалатын шығындардың жиынтығы. Қоржынның азық-түлік бөлігін Қазақ тағамтану академиясы үкімет бекіткен тізім бойынша құраған. 2005 жылы бекітілген бұл тізімге 43 тағам енді.

Былтыр Қазақ тағамтану академиясы тізімге құрамында «шаттық гормоны» - В6 витамині бар азық-түлік түрлерін, яғни бұрынғы тізімдегі жүзімді бананға, қарбызды асқабаққа ауыстырып, сәбилерге арналған тамақты қосуды ұсынған болатын. Академия мамандарының есебінше, жаңа қоржынның калориялық құндылығы 2175-тен 2250 килокалорияға ұлғаюы тиіс.

Парламент депутаттарын жаңа тұтыну қоржыны жобасымен таныстырған Қазақ тағамтану академиясының сарапшысы Мұса Айтжанов «43 тағам түрі кірген қазіргі азық-түлік себеті 10 мың теңге тұрса, жаңасының құны 15 мың 926 теңге болады» деп хабарлады. Демек, азық-түлікке жатпайтын бөлігімен қоса есептегенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26 мың теңгеге жуықтайды.

Былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұтыну қоржынының осы екі бөлігінің арақатынасын қайта қарау туралы өз идеясын ұсынды. Қазір екеуінің үлесі 60 және 40 пайыз шамасында, ал шенеуніктер 55 және 45 пайыздық пропорцияны ұсынады.

Әдетте азық-түлікке жұмсалатын қаражаттың пайызы төмендеген сайын халықтың тұрмыс деңгейі түзеле түседі деп есептеледі. Дамыған елдерде тұтыну қоржынының азық-түлік бөлігі 18-25 пайыз ғана.

Парламент депутаты Дариға Назарбаева Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стандарттардың қалай жасалғанын айтты. Бір кездері еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақ тағамтану академиясына тамақтану стандарттарын құрастыруды тапсырған. БҰҰ деректеріне сүйенген ғалымдар мысал ретінде Африканың ең кедей елдерінің төменгі күнкөріс деңгейін үлгі ретінде алған.

«Наша газета» басылымы Дариға Назарбаеваның «Бұл елдердегі көрсеткіштер министрлікке мысал ретінде ғана көрсетілген. Ал олар Африка елдерінің стандарттарын алып, «автоматты түрде» заңға енгізіп жіберген. Енді әлеуметтік саланың тарифтері ұзақ жылдар бойы осы өлшемдермен белгіленіп, ол ең төменгі күнкөріс шегі ретінде есептеліп жүр» деген сөзін келтіреді.

Тұтыну қоржынын ұлғайту мен азық-түлік және оған жатпайтын бөліктердің ара салмағын қайта қарау мәселесі әзірше талқыланып жатыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы жылғы жолдауында үкіметке жаңа әлеуметтік стандарттар құрып, тұтыну қоржынына білім алуға жұмсалатын шығынның төменгі мөлшерін енгізуді тапсырған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі, тұтыну себетін, күнкөріс минимумы туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы ақпарат
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Еңбекақының ең төменгі мөлшері
Қазақстандағы, дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz