Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

.

Жоспары:

  1. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына жалпы сипаттама
  2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының педагогикалық негізі
  3. Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларын оқыту үрдісінде пайдалану
  4. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі бағыттары, ерекшеліктері
  5. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін қолдану
  6. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелер

Саралап оқыту "Саралау" латын тілінен аударғанда, бүтінді бөліктерге, түрге, сатыға бөлу дегенді білдіреді.

Саралап оқыту - ол:

1. Мұғалімнің оқу процесіне сай бір топ оқушымен ұйымдастырылған жұмыс істеу түрі.

2. Жалпы дидактикалық жүйенің бөлігі, әр түрлі топқа мамандандырылған оқу процесі.

Саралай оқыту (оқытудағы саралау ыңғайы) - ол:

1. Түрлі мектеп, сынып, топтар құрамының ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі оқыту жағдайларын жасау.

2. Біржыныстық топтарда окытудағы эдістемелік, педагогика -психологиялық жэне ұйымдастыру - басқару шараларын қамтамасыз ету.

Саралап оқытудың қағидалары, ол - педагогикалық процесі ретінде кұрылған ереже. Саралап оқытудың негізгі түрінің бірі - жекелеп оқыту. Балалардын жеке психологиялық ерекшеліктеріне карай саралау түрлері бар:

І. жас ерекшеліктеріне қарай (мектеп сыныптары, параллель жастағылар, бір жастағы топтар) ;

2. жыныс айырмашылығы бойынша (ерлер, эйелдер, аралас сыныптар, командалар, мектептер) ;

З. ақыл - ойдың даму деңгейіне қарай (жетістік деңгейі) ;

4. жеке психогиясына қарай (ойлау, мінез, темпераменттүрлері) ;

5. денсаулығы деңгейіне карай (дене шынықтыру тобы, көру, есту деңгейлері төмен топтар) .

Біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін-оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленген. Оларды пайдалану барысында Республикамызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы-жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының негізгі заңы-ҚР Конституциясын басшылыққа алу керек. Бұл білім беруді жаңартудың негізгі принциптерін: білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру принциптерін анықтайды. Ол «білгір адам» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы-білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етті. «Педагог дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың миына құйғанымен, ойлау мен сөйлеу негізіне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Бала түсінбесе де жаттап алады. Құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл-баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек». (В. А. Сухомлинский) . Оқу іс-әрекетінде, жалпы балабақшада балаға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы білім беру мекемелері бала үшін қызмет ету керек, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениетті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсат- баланың болашақта барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек. Ал, енді «Осындай мақсатқа жету біздің мектепке дейінгі тәрбиенің бүгінгі жағдайында мүмкін бе?»-деген сауал туатыны анық. Бұл сұрақтың жауабын шешудің бір жолын Ж. А. Қараев қарастырған болатын. Баланың өз бетімен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті талаптардың бірі- оқулық (бағдарлама, оқу құралы) соған бейімделіп жазылу керек. Кеңінен қарастыратын болсақ, оқулық деген не? Ол педагогикалық жүйенің бір ғана құрамдық бөлігі. Педагогикалық жүйе дегеніміз не? Педагогикалық жүйе дегеніміз: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, оқытуды ұйымдастырудың түрі, құралы және осылар арқылы нәтижеге жетелейтін оқыту процесі. Мұндағы: педагогикалық жүйенің алғашқы бес компоненті әдістемелік жүйені құрайды: «мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, түрі, құралы». Дидактикалық процесс ойдағыдай жүзеге асу үшін балаларды белгілі дәрежеде оқуға қызықтырып, ынталандыру қажет. Оған педагог өзінің шеберлігі арқылы (сыртқы ынталандыру) және міндетті түрде қызықты, тартымды, өз бетімен білім алуға қолайлы құрастырылған мазмұн (ішкі ынталандыру) арқылы қол жеткізе алады. Осылай мазмұндалған оқулық, оқу құралы, әдістемелік құрал болса, ол бала дамуының бір кілті. Сондықтан, қазіргі заманның орта білім берудегі бірден бір талабы: оқулықтың мазмұнын жаңаша жазу керек-мазмұндалуы жағынан да, құрылымы жағынан да жетілдірілген түрде». Оқулық жай ақпарат көзінен баланың өз бетімен белсенді түрде танымдық қызмет атқара алатын құралына айналу керек», -делінген (Ж. А. Қараев) . Ол үшін оқулықтың мазмұнына, кем дегенде, төмендегідей төрт шарт қойылады:

- білім беру мекемесінің мазмұны (бағдарламасы), әр оқу іс-әрекеті бойынша тарау мен тақырыптың мазмұны: Кіріспе, таңдау, қорытынды құрылымына сәйкес келуі керек.

-алғашқы синтез(кіріспе), анализ (талдау) - соңғы синтез (қорытынды) құрылымына сәйкес келу керек;

-ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру мен қатар ғылымның әлем деңгейіндегі жетістіктері де қамтылу қажет;

-компьютердің оқытушылық мүмкіндіктерін ескеру(компьютер арқылы орындауға болатын тапсырмаларды ұйымдастыру) ;

-тақырыптың мазмұны деңгейлік тапсырмалар арқылы- қарапайымнан күрделіге, саннан сапаға ауысу принциптері бойынша-берілу керек. [21. 7-8]

Педагогикалық технология-қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы.

Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы-оқытуды дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі педагог пен баланың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен педагог емес, баланың әзірлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:

-Білім стандартына сай толық нәтиже береді;

-Мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;

-Дидактикалық үрдістің тұтастығы;

-Баланың оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол күштеп оқытудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетімен ойланып шешім қабылдауға дағдыланады.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы баланың өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, ой-өрісі кеңейеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі-баланың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.

Саралай оқыту әрекеті- білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әрі тәрбиешінің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубенштейн, т. б. ғалымдар жасаған. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Бала дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. [33. 32]

Балалардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін тәрбиеші алдымен, олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім деңгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, бала біліміне диагностика жүргізу, балаларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата-аналармен әңгіме жүргізу керек. Балалардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы балаларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін жасауға уақыт беріледі, ал үлгерімдері төмендегілеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады.

Балаларды топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп баланың неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары, орташа және төмен деп үш топқа бөлуге болады.

Топта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан оқу іс-әрекеті кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.

Жалпы оқытудың мақсаты-бір ғана міндетті нәтижеге жету емес, ол әрбір баланың іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі-нәтижеге жетуге ынталандыру. Осы қойылған талаптарды әр бала өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Мемлекеттік стандарт дегеніміз-мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі. Параметрге білім мазмұны, құрамы, құрылымы, оқу жүктемесі көлемі, баланың дайындық деңгейі, оқу нәтижесі көрсеткіші, оқу нәтижесі өлшемдері т. б. жатады.

«Ғылыми салада» білім мазмұны, құрамы мен құрылымы толық мәнді болуы үшін алты бөлік міндетті түрде болуы шарт. Олар: ақыл-ой, адамгершілік, тіл-қатынас, эстетикалық, еңбек ету, дене шынықтыру.

Сонымен жаңа оқу үрдісі технологиясы мынадай мақсатқа жетуі тиіс.

1. Баланы илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп қабылдау.

2. Жеке тұлғаны мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесімен ұштастыруы.

3. Балалардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнының міндетті түрде игеретін және өз еркімен игеретін деңгейлерін анықтау.

4. Балаға «Білім туралы» Заңға сәйкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.

5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлілігін қамтамасыз ететін білім мазмұнының құрылымын нақтылау. [22. 6]

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-балалардың оқу іс-әрекеті барысында бірнеше деңгейде жұмыс істей алатындығында. Балаларды деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі сол, балалардың тәжірибелік-теориялық дайындығын оқуға деген ынтасын, дара қасиеттерін, әлеуметтік-психологиялық танымын сұранымын ескеру талап етіледі. Сол себепті де жұмысты нақты ұйымдастыру қажет болады.

Қазіргі базалық білім беру жеткілікті білімнің төменгі шегі. Тәрбиеші баланы оқыту барысында тақпақ жаттатып ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып, әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. Оны талап етеді. Ол тәрбиеші үшін қиын жұмыс емес. Бала тәрбиешінің айтқанын орындап, тақпақты жаттап, ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ бала сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінеді ме, өз тарапынан жаңа пікір қоса алады ма, өмірде іске асырады ма, міне негізгі мәселе осында.

Деңгей-өлшем. Сұйық өлшемі, көлем өлшемі, білім өлшемі т. б. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тесттік сұрақтар, ойындар кіреді. Олар оқытудың деңгейіне сәйкес баланы саралап оқытуға ыңғайлы әрі оқыту бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып оларды оқулыққа қосымша ретінде пайдалануға болады.

Баланың белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке қол жетеді.

Бірінші деңгей тапсырмалар білімнің төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын баланың жас ерекшеліктеріне сай болады.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, топ бағдарламасына сай тапсырмалардың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Бала өз бетімен керегінше жұмыс істейді. Ықыласы жоғары болады. Баланың сөйлеуі, қабылдауы танымдық көрсеткіші міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Бірінші деңгейде бастау алған білімді әрі қарай дамытады.

Үшінші деңгей балалардың шығармашылыққа деген белсенділігін айқын көрінуімен, қисынды ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдалануымен сипатталады. Талдау жинақтау жұмыстарын жүргізеді. Танымдық іздену түріндегі жұмыстарды жүзеге асырып, өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілетті, талапты балаларға арналады. Бірақ бұл деңгейде жұмыс жасайтын балал ар саны аз болады. Осындай балаларға тәрбиеші тек тақырыбын ғана береді. Баланың өзі ізденіп, шешуін іздейді. Шешуші жұмыстарын сапалы орындап, қорытынды нәтижеге жетеді. [23. 12]

Егер әлемдік білім беру практикасында саралап оқыту түрлері туралы сұрақтар қарастырсақ, онда ол жаңалық емес. Францияда оқытуды саралау өте ертеден келе жатқан дәстүр. Оқушылардың көпшілігі орта білімді колледжді аяқтағаннан кейін (колледжде 4 жыл оқиды) мемлекеттік жалпы білім беретін лицейден алады. Колледжге дейінгі балалар бастауыш мектепте 5 жыл оқиды. Лицейде оқу үш жылға созылады және екінші, бірінші, бітіруші кластардан тұрады. Саралап оқыту бірінші класта жүзеге асырылады. Оқушылар төрт бағыттың ішінен тек біреуін ғана таңдайды. [38] . Олар:

1) Гумандық(гуманитарлық-математикалық, гуманитарлық, филология, гуманитарлық-көркемдік секциялар)

2) Жаратылыстану ғылымдары

3) Әлеуметтік-экономикалық

4) Техникалық

Математикалық білім көзқарасындағы гуманитарлық бағыт келесі түрде болады: математиканы 2 жыл бойында гуманитарлық-математикалық секция аптасына 5 сағат көлемінде оқытуды ұйғарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деңгейлеп - саралап оқыту технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жайлы мәлімет
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп - саралап оқыту
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы туралы ақпарат
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы арқылы студенттердің тұлғалық қасиетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz