Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы : Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы -шарттар мен жағдайлар
Орындаған: Мұханова М. А
Тобы:БЛ -409
Тексерген:Қуантқан. Б
Семей 2015
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Экономикалық жүйелер және оның мәні
2. Қазақстандағы экономикалық жүйе
3. Экономикалық жүйенің элементтері
4. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Сонымен, Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
- меншік құрылымы;
- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері болып табылады.
Кез - келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін анықтайды. Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі - өткір мәселесі болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары ескерілмей қалғаны жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен мектептердің принциптері әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан, либералды экономистердің тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі минималды болуы керек деп санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері нарықтық экономикадағы мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді қалаған.
Экономикалық жүйелер және оның мәні
Экономикалық жүйе анықтамасына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп, әр түрлі пікірлер қалыптастырып келуде. Ал, оның түрлері де, экономикада өзіндік орнын алып өз пайдасын алып келуде. Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардыңнысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
- адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т. б. ) ;
- өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
- әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
- табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует) ;
- ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
- Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
- Ашық экономикалық жүйе - халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Қазақстандағы экономикалық жүйе
Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:
- Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
- Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту) .
- Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе - тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
- Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
- Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
- Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканың реттеуін жүргізеді. Қазақстанда нарықтық экономика болғанымен мемлекеттің рөлі мен функциялары маңызды орын алады. Қазіргі Қазақстанның экономикасына шолу жасайтын болсақ, онда келесіні көруге болады:
- Өндірістік саласының қуаттылығының әлсіздігі;
- Инфляция;
- Жұмыссыздық;
- Әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері.
Экономикалық жүйенің элементтері
Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.
ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)
ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)
Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
Меншік қатынастары әр экономикалық жүйедегі қатынастардың ішінде ең негізгі болып жүйенің қатынастарының мінездемелерін анықтайды. Меншік дегеніміз - құрал-жабдықтарды және солардың көмегімен өндірілген өнім нәтижелерін иемдену және пайдалану туралы экономикалық-қоғамдық қатынастар. Меншікті екі жағынан сипаттауға болады - экономикалық және құқықтық жағынан. Экономикалық жағынан, меншік ол - зат емес, ол - қоғамның сый-сыяпатын білдіретін қоғамдық қатынастар. Ал құқықтық жағынан, меншік дегеніміз - зат, затқа деген адамның қатынасы.
Меншік құқығының экономикалық теориясының алғашқы өкілдері ол - Нобель лауреат сыйлығына ие болған американдық Чикаго университетінің профессоры Рональд Коуз және Лос-Анджелес университетінің профессоры Алчеар. Бұлар тек меншік ұғымын пайдаланбай, меншік құқығы дегенді енгізді. Ресурстар өз басына меншік емес. Бұларды иемдену және пайдалану - “меншік шоғыры”.
Қорытынды
Жалпы экономикалық жүйе түсінігі бұл қоғамның қызметінің және оның субъектілерінің ұйымдық әдісі немесе проблемаларды шешу мақсатында өндіріс пен тұтынудың өзара арақатынас әдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz