Ақын- жазушылардың тұлға болып қалыптасуы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті Информатика кафедрасы
СӨЖ №2
Тақырыбы: Ақын- жазушылардың тұлға болып қалыптасуы
Орындаған: Қосымғалина Арайлым.
Тексерген: Оралбекова Б. С.
2015 ж
Жоспар
- Әже өнегесі
- Шоқан Уәлихановтың өзге әлемі
- Шоқан шыққан шың
- Қорытынды
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін
ең алдымен азаттық пен білім қажет.
Ш. Уәлиханов
Қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) заңғар тұлғасы мен шығармашылық мұрасы әр қырынан сараланып, өз бағасын алып келеді. Оның дүниетанымы, әлеуметтік-саяси және экономикалық көзқарастары, шығыстанушы, тарихшы, географ, этнограф ретіндегі бітімі, әдебиет, тіл мен өнер мәселелері жөніндегі мұралары сан алуан еңбектердің арқауы болды.
Қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі Шоқан Уәлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан дараланып шығуына, ішкі күш-қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның әжесі - Айғанымның берген тәрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Айғаным әженің өнегесін моншақтай етіп тізіп беретін небір мысалдар жетерлік.
"Шоқанның әжесі, яки Айғаным үш жүзге бірдей аты тараған, көркіне ақылы сай, білімді, парасатты әйел болған. Әрі жас өспірім Шоқанның өз құралпырастарына қарағанда сана-сезімінің ерте оянып, рухани әлемінің асқақ болып қалыптасуына айтулы ықпал еткендердің бірі - Айғаным. Ә. Марғұлан Айғаным Шоқан үшін «… Халық даналығының сарқылмас бұлағы болған» - деуі сондықтан: Яки, болашақ ғалымның сан-салалы ілім мен ғылымның қайталанбас қайраткері болып қалыптасуына жасынан бойына сіңірген жан-жақты тәлім-тәрбие мен туып-өскен ортасының да игі әсері тиген".
«Айғаным өмірі мен саяси қызметі өткен дәуіріміздің тарихында ерекше аталады.
Айғаным Орта жүз жерінде орыс халқымен, соның ішінде алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясымен қазақ халқы арасында достық қатынастың алғашқы негізін мықтап қалаушы тарихи тұлға. Бұлт игілікті істі оның балалары жалғастырады…
Шоқанды, яғни болашақ ұлы ғалымды тәрбиелеуге ең алдымен әжесі мен оның әкесі Шыңғыстың қамқорлығы ерекше.
Оның үстіне, Айғаным мен Шыңғыс шаңырағында ешқашан дастархан жиылмаған, ойын-той көп болып халық таңдаулылары жиі бас қосты. Ақын-жыраулар, билер, сөзуар шешендер, көсемсөз майталмандары, күміс көмей, жез таңдай әншілер, ғалымдар, алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясының көрнекті өкілдері жас Шоқанға ерекше әсер етті».
Айғаным туралы толық мағлұматты Ш. Уәлихановтың таңдамалы жинағынан ала аламыз. Онда былай делінген: «Ш. Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және Петербургтегі Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған. Жергілікті халықтың арасында Айғаным өте беделді кісі болған. Архив мәліметтері Айғанымның қоғамдық-саяси мүдделерінің өте ауқымды болғанын көрсетеді. „Сібір қырғыздары жөніндегі Устав қабылданғаннан кейін Солтүстік Қазақстандағы маңызды оқиғалардың бірде-бірі Айғанымсыз өтпейді.
Иә, Шоқан Уәлиханов Ресей империясы сыртқы барлауының офицері болды, осыған орай әрекет етті, хаттарында орыс зиялыларына "өз халқының болашағы Ресеймен байланысты" деп жазғаны да рас. Барлаушылық жұмыстың үнемі бақылауда болатынын жақсы ұққан ол басқа не айта алатын еді?! Бірақ ол талай сырын айтып та, жазып та кетті. Еліміздің тәуелсіздігі жағдайында Шоқан "құпиясының" ашылатын, шығармашылық мұрасының қайта пайымдалатын кезі келді.
ШОҚАННЫҢ ӨЗГЕ ӘЛЕМІ
Ш. Уәлиханов - өз халқы мен орыс мәдениетінің перзенті ғана емес, әлемдік өркениеттің озық ой-пікірлері, рухани қазынасы негізінде қалыптасқан ұлы тұлға.
Өз дамуында алға кеткен елдердің оқу-білім, ғылым саласындағы жетістіктерімен жете танысу үшін Шоқан кадет корпусында жүргенінің өзінде шет тілдерді оқып үйренуге зер салды. П. П. Семенов - Тянь-Шанский Шоқанның тілдерді үйренудегі аса қабілеттілігін, француз, неміс тілдерін жақсы меңгергендігін жазады.
Түрік және қытай тілдері арасындағы байланыстар мен бұл тілдердегі кейбір сөздердің этимологиясы туралы Шоқанның ескертулері оның қытай тілін де оқи бастағанын көрсетеді. Ол құрастырған "Қытай, монғол және түрік сөздерінің сөздігі" осыны меңзейді. Сыртқы істер министрлігі мұрағатында сақталған Шоқан Уәлихановтың жеке қорында қазақ ғалымының өз қолымен монғол тілінде жазылған оншақты бет материалдың ұшырасуы кездейсоқ нәрсе емес.
Ғалымдар Шоқанның араб тілін білгендігі жөнінде де жорамал жасайды. Оған қазақ, татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр және басқа да туыстас тілдерде түсінісу де, жаза білу де қиынға соқпаған.
Ш. Уәлихановтың еңбектерінде хакас, чулым, якут тілдері жөнінде де мәліметтер ұшырасады.
Қазақ ғалымының дүние жүзі халықтарының тілін білуге құштарлығы оның әлем өркениетін танып-білуге ұмтылысынан туындаған еді. Себебі ол халықтың тілін білмей, оның тарихы мен мәдениетін шынайы зерттеу мүмкін емес деп есептеді. Басқа тілдерді білу Шоқанға батыс елдерінің тарихы және мәдениетімен танысуға жол ашады. Студенттік кезінің өзінде ол ағылшын, француз, неміс әдебиетінің үздік туындыларын оқи бастайды. Кейінірек Г. Н. Потанин: "Ағылшын әдебиеті жөнінде, көбіне аудармалар бойынша, әрине Шоқаннан құлақтанатынбыз. Ол Англия және ағылшын өмірі туралы оқуды жақсы көретін", - деп еске алады. Шоқан әсіресе, Чарльз Диккенс (1812-1870) пен Уильям Теккерейдің (1811-1863) шығармаларын ерекше ұнатады. Нақтылы мәліметтер болмағанымен, өз табиғатына орай Шоқан Ч. Диккенстің "Пиквик клубының өлгеннен кейінгі жазбалары" (1837) атты юморлық сарында жазылған, "Оливер Твистің басынан кешкендері (1838), "Николас Никльби" (1839) деген өзекті қоғамдық тақырыптарды қозғайтын романдарын, У. Теккерейдің буржуазиялық қоғамдағы екіжүзділік пен дүниеқоңыздықты әшкерелейтін "Даңққұмарлар жәрмеңкесі" (1848) деген романын оқығанға ұқсайды.
Шоқан Батыстың әдеби есімдері ішінен Джордж Байрон (1788-1824) мен Генрих Гейнені (1797-1856) құрмет тұтады. Ағылшын ақынының шығыс тақырыптарына жазылған поэмалары да, "Дон Жуан" сатиралық поэмасы да Шоқанды бей-жай қалдырмаса керек. В. А. Обручевтің: "Потаниннің саяси ой-өрісін кеңейту мақсатында Шоқан оны "1848 жылғы революция дабылшысы" Гейненің шығармаларымен таныстырды" (Уәлиханов Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2010. Бесінші том. 433-б. ) деуіне қарағанда, лирикалық және саяси поэзияның асқан шебері есептелетін неміс ақынының еркіндік сүйгіштік пен кекесінге толы "Өлеңдер кітабы" (1827), феодалдық-монархиялық Германияны мысқыл жебесіне алған, сонымен бірге революциялық-демократиялық ой ұшқындары да орын алған "Атта Троль" (1843) және "Германия. Қысқы ертегі" поэмалары қазақ ғалымының дүниетанымы көкжиегін кеңейте түскен. Шоқанның назарынан Г. Гейненің "Германиядағы дін мен философия тарихына" деген публицистикалық кітабы да тыс қалмаса керек.
Ш. Уәлиханов дүниетанымының қалыптасуына батыс философтарының еңбектері ерекше ықпал еткен. Оның назарына ең алдымен француз философы Жан Жак Руссоның (1712-1778) "Ғылым мен өнер жайындағы пайымдаулар", "Адамдар арасындағы теңсіздіктің шығуы мен негіздері жөніндегі" еңбектері ілігеді. "Қоғамдық шарт" туралы ілімдегі француз философының әділетті қоғамға көшу жолдарын іздестіруі де Шоқанның көңіл-күй ауанына қозғалыс береді. Кейін Шоқан шығармаларының бір арнасын қазақ қоғамындағы теңдік, теңсіздік мәселелері құрайды.
Ш. Уәлихановтың еңбектерінде неміс ақыны, ағартушы И. В. Гетенің (1749-1832), неміс философы М. Канттың (1724-1804), француз жазушысы Жорж Сандтың (1804-1876), ағылшын философы, экономист және қоғам қайраткері Джон Стюарт Милльдің (1806-1873) есімдері кездеседі. Соңғы автордың "Бостандық туралы", "Мазмұнды басқару туралы" еңбектерінде буржуазиялық реформизм жөніндегі пайымдауларына зейін қойса, ағылшын тарихшысы, әрі философы Генри Томас Бокльдің (1821-1862) "Англиядағы өркениет тарихы" (1857-1861) деген еңбегін оқып, ондағы адамзат тарихындағы ақыл-ой дамуының мән-маңызын жоғары қойған тұжырымдары өзінің де оқу-білім арқылы отандастарын өз дамуында алға кеткен халықтар қатарына қосуды армандаған пікірлеріне үндес келеді.
Ағылшын философы, әрі тарихшысы Томас Карлейльдің (1795-1881) 1837 жылы жарық көрген "Франция революциясының тарихы" деген үш томдық кітабын Шоқан түпнұсқада, ағылшын тілінде оқыған секілді. Шоқан көптеген елдердің қоғамдық өміріне ықпал етіп келе жатқан ұлы Француз революциясының тарихымен танысуды аса қажеттілік ретінде санап, кітапты оқып қана қоймай, оны конспектілеп, өз еңбектерінде бірнеше жерде пайдаланады. Қазақтар арасындағы шамандық туралы еңбегінде Ш. Уәлиханов "Көк тәңіріне табынатын шамандық жөніндегі тамаша түсініктемені біз Карлейльдің жауабынан табамыз" деп жазады.
"Алтышар немесе Қашқария туралы" деген еңбегінде Шоқан: "Шығыс Түркістанда мұсылмандық фанатизмнің күшті болуының себебі, әрине, елдің географиялық жағдайына байланысты", - деп жазады. Бұған қарағанда, қазақ ғалымының материалистік көзқарастарына "географиялық мектеп" өкілдерінің еңбектері біршама әсер еткен секілді. Алайда оның пікірінше, адамзат өз дамуында жоғары сатыларға көтерілген сайын географиялық фактордың қоғамға ықпалы әлсірей түседі. "Тайпалық организм жағдайында оны қоршаған орта, ауа райы, жер жағдайы бірінші кезекке қойылуы керек, себебі адамның ояну сезімі, керекті физикалық құбылыс пен әлеуметтік жағдайдың біртұтас әсеріне байланысты емес пе", - деп жазады. "Сот реформасы туралы жазба" (28 ақпан, 1864 ж. ) деген еңбегінде Ш. Уәлихановтың қоғам дамуы теорияларымен және Француз буржуазиялық революциясы тарихымен жете танысуы оның ой өрісін өлшеусіз кеңейтеді. Соның нәтижесінде ол осы еңбегінде: "1793 жылдан бері Еуропада болған барлық төңкерістер өкіметтің бостандық үшін болған халық қозғалысын басып тастауға деген жалғыз-ақ ұмтылысы салдарынан орын алды", - деп ашық айтады( Сонда. Төртінші том. 85-86 б. ) .
"Ағартушылық" - прогресшіл идеялық қозғалыс болғандығы, оның оқу-білім арқылы қоғамда әділеттілік орнатқысы келгендігі мәлім. Шоқан XVІІІ ғасырдағы батыс ағартушылары болсын, не XІX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс ағартушылары болсын - бәріне де өзінің ой өрісі тұрғысынан қарады. Қуатты талантының арқасында бұл идеялық ағымның күнгей де, көлеңкелі тұстарын көре білді. Ол "халықшылардың" оқу-білім саласындағы ұстанымдарына қарсы шығып, ақыл-ой жеке бір халықтың монополиясы емес деп санады. Біз "тар шеңберлі" халықшылдар теориясын қабылдай алмаймыз, "еуропалық, адамзаттық білімді игеру және оған жету жолындағы барлық кедергілермен батыл күресу даму мен мәдениетке қабілетті әр халықтың түпкі мақсаты болуы керек", - дейді.
Ағартушылық ісінде ұлттық, мемлекеттік, не болмаса басқа да шектеушілікке жол берілмеуі жөніндегі Шоқан ұстанымы жаңа ғана Қазақстанды өзіне қаратқан Ресей империясының "өркениеттік рөлі" жөніндегі ресми идеологияға қарсы бағытталған еді.
Ш. Уәлихановтың өз халқын батысеуропалық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде өсіп жетілуін қалағандығы - талассыз ақиқат. Шоқан дүниетанымының бастауларын тек "орыстық ортадан" іздестіру, оны бірде А. И. Герценнің, бірде Н. Г. Чернышевскийдің идеялық ұстанымдарына қарай жетелеп, одан "революционер" жасауға тырысушылық қазақ ғалымының интеллектуалдық әлемін, арман-тілегін толық сипаттап бере алмайды.
Қазақ перзентінің феодалдық-крепостниктік Ресейдің қоғамдық ой-пікірі аясынан шығып, әлемдік деңгейге көтерілгені, жанамалап болса да, орыс зиялылыры тарапынан да мойындалған. Әдебиеттанушы, Петербург Ғылым академиясының академигі, Н. Г. Чернышевскийдің жақын досы А. Н. Пыпин (1833-1904) : "Уәлихановты жақын білген адамдар өзінің көңіл ауаны, ойлау бағыт-бағдары жағынан оның орыс батысшылы болғандығын айтады", - деп баға берген. Н. М. Ядринцев те Шоқанның өз халқын өмірінің соңына дейін сүйіп өткендігін, оның еуропалық білім бұлағынан сусындауын армандағанын еске алады. Осы сарындас пікірді П. П. Семенов Тянь-Шанский де айтады: "Уәлиханов өз еліне жан-тәнімен берілген еді, ол қазақ өмірін сүйетін, сонымен бірге батыс өркениетін жоғары бағалай алды", - дейді. Осы сөйлемді орыс ғалымы: "Ш. Уәлиханов өз халқының жарқын болашағы Ресейдің қамқорлығына ғана байланысты екенін қиядан болжады", деп жалғастырады. Бұл тұжырымның қазақ жерлері мен Орта Азия хандықтарының Ресей қоластына алынып, орыс қаруының "даңқы" шырқап тұрған кездегі империялық идеологияның көрінісі екендігі, оны Кауфман мен Черняев те, Чернышевский мен Достоевский де бөліскенігі құпия емес.
Ал Ш. Уәлиханов үшін әскери антының жалғасы іспеттес бұл сөздер-метрополияға (Ресейге) адалдығын айғақтайтын өзге ұлт өкілінің аузынан міндетті түрде айтылуға тиісті сөздер екендігі, бірақ оның шынайы наным-сенімнен туындамағаны белгілі. Ресей армиясы Бас штабының, Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың жіті бақылауында жүрген, П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдің де, Ф. М. Достоевскийдің де қазақ, өзбек, т. б. "жатжұрттықтар" жөніндегі көзқарастарын тым жақсы білетін Ш. Уәлиханов секілді ғұлама ғалымның оларға басқа не айтуы мүмкін?! Орыс зиялыларынан түрік-мұсылман халықтарын тарих субъектісі ретінде танып, олардың жеке дара өмір сүруін, бөлек мемлекет болуын қолдаған, тіпті, бірлі-жарым өкілдерін тап басып айту қиын.
Сол кездің өзінде-ақ қазақ даласындағы орыс әкімшілігінің зорлық-зомбылықтарын көзімен көрген, Шоқан халықтың прогресс жолына түсуінің алғышарттары ретінде: "Өркендеудің қандай сатысында тұрса да, халықтың қалыпты өсуі үшін өздігінен дамуы, өзін-өзі қорғай білуі, өзін-өзі басқаруы және өзіндік сот жүргізу ісі қажет", - деп көрсеткен
Шоқан философиясының өзегі ретінде танылуға тиісті бұл сөздеріне қарағанда, ол "өзін-өзі басқару" принципін халықтың ұлттық бостандығы ретінде түсінген.
Әрине, осы сапардан кейінгі (Франция, Германия) Шоқанның ой-толғамдарында кейбір өзгерістердің орын алғандығы оның 1861-1865 жылдар аралығындағы жазбалар мен хаттарынан айқын байқалады. Оны өз халқының болашағы, тарих сахнасында сақталып қалу мәселелері көп толғандырады.
ШОҚАН ШЫҚҚАН ШЫҢ
Қай жазба, қай еңбегін алып қарамайық, Шоқан ең алдымен өз халқының тарихын жете зерттеуге ұмтылады. Қазақтардың шығу тегін зерделеу Шоқан үшін ғылыми-теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да маңызды болатын. Халыққа өз атауын қайтару, оның этностық бірегейлігін анықтау жер-суына ие болуы үшін, отарлық үстемдік жағдайында жойылып кетпеуі үшін қажет болғандығын патша идеологтары әуел баста аңғара алмай да қалған шығар. Қазақтардың "қырғыздар", "қырғыз-қайсақтар" аталуы уақыт өте келе оның тарихсыз халық, басқа жақтан ауып келген "келімсек" аталуына жол ашатын еді. Бұл болса өз кезегінде қазақтың байырғы атамекенінен айырылуына әкелетін.
Ш. Уәлиханов Ресейдің оңтүстік-шығысынан Сібірдің оңтүстігіне дейінгі Жоңғария, Қытай мен Қоқан хандығы аралығындағы байтақ өлкеде қоныстанған халықтың шын атауы - қазақтар деп, қазақтар мен қырғыздардың екі бөлек халық екендігін, оларды шатастырмау керектігін ескертеді.
Қазақ халқының этногенезі, қалыптасу уақыты, этностық құрамы, тілі, мәдениеті, шаруашылығы, "қазақ" атауының әлеуметтік және этностық мәні секілді аса күрделі мәселелерді зерттеуде ол тарих қана емес, онымен бірге археология, этнография, антропология, география, лингвистика, т. б. ғылым салаларының жетістіктеріне сүйенеді.
Қаңлы, шанышқылы, керейттер, уыздар (оғыздар), қыпшақтар, печенегтер, дулат, үйсін, жалайырлар, наймандар, керейлер, т. б. ру-тайпалардың көне замандағы қоныстары жөніндегі мағлұматтарды жинастырады. Кіші жүз тайпаларының автохтондығын айтады. Қазақ жүздерінің қалыптасуы жөнінде өз пікірлерін білдіреді.
Көшпелі халықтар тарихын, олардың шығу тегін зерттеудегі Шоқан Уәлихановтың методологиялық ұстанымы өзінің прогресшілдігі, танымдық әлеуетінің кеңдігі тұрғысынан батыс және орыс ғалымдарының ғылыми жетістіктерінен әлдеқайда алға кеткен болатын. Ол Орта Азияның құнарлы жайлаулары мен өзен-суы мол ұлан-байтақ далаларында ерте замандардан жеке-жеке көшпелі ұрпақтардың сансыз көп ордалары мекендегенін, олардың өздерінің қоныстарын үнемі ауыстырып, әртүрлі аттармен, бірде өз ұрпағының атымен, бірде бірнеше ру бірігіп, әлді де беделді рудың атымен аталып келгендігін жазады.
Мұнан "қазақ" атауымен біздің халқымыз XV ғасырдың ортасында тарих сахнасында пайда болғанымен, оның құрамына енген ру-тайпалардың осы өңірді көне заманнан бері мекендеп келе жатқандығы туралы тұжырым туындайды.
Көшпелі тайпалардың шыққан тегі мен тарихын зерттеуде, аталмыш жағдай, яғни олардың үнемі қоныс аударып отыруы, оның үстіне бірден-бір мәлімет көзі болып саналатын қытай жылнамалары мен шығыс хроникаларындағы бірізділіктің жоқтығы Шоқанға үлкен қиындықтар туғызады. Бұл жағдайды қазақ ғалымының өзі де атап өтеді. "Қырғыздар туралы жазбалар" еңбегінде ол: "Көшпелі тайпалардың және жазу-сызуы болмаған жалпы халықтың тарихи фактілерге емес, жартылай ертегіге ұқсас аңызға негізделген, сонымен бірге бізге тек қытай мен шығыс тарихшыларынан алынған, біріне-бірі қайшы, бұлыңғыр . . . түрде жетуде, осылайша олардың көне заманғы тағдыры талай сыр түйген жұмбақ күйінде қалуда", - деп жазады (Сонда. Екінші том. 53-б. ) .
Ш. Уәлиханов қазақ халқының бастауларын зерттеу барысында Рашид-ад-диннің "Жами ат-тауарих", Мұхаммед Хайдардың "Тарих и-Рашидиі", Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих", т. б. шығыс ғұламаларының еңбектеріндегі мағлұматтарды орыс деректерімен, даланың ауызша тарихнамасындағы мәліметтерімен салыстыра отырып өзінің ой әлемінде қорытады. Алтын Орда хандарының жарлықтарын, Әбілғазының "Түрік шежіресін", И. Н. Березин басылымы бойынша "Шейбани-намені", кейін "Бабыр намені" оқиды. Омбы, Санкт-Петербург қалаларының мұрағат қорларын парақтайды.
Осының нәтижесінде ғалымның қазақ этногенезі туралы "Қырғыз шежіресі", "Жоңғария очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар", "Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыздары . . . ", т. б. еңбектері дүниеге келеді. Оларда Шоқан қазақ, қырғыз жерлеріндегі ерте заманғы қала мәдениетінің, суландыру жүйелерінің қалдықтарына, сәулет өнерінің ескерткіштеріне ерекше көңіл қояды. "Жоңғария очерктерінде" орта ғасырларда Қазақстан аумағында, әсіресе, Іле аңғарында отырықшылықтың күшті дамығанын, қазіргі Алматы қаласының Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда және керуен бекеті міндетін атқарғанын атап өтеді.
"Абылай" деген мақаласында бұл қайраткердің сыртқы саясаты стратегиясының дипломатиялық жолмен қазақ хандығының тәуелсіз өмір сүріп қалуға, қазақ мүддесіне жат сыртқы күштердің өз үстемдігін орнатуына қарсы бағытталғанын аңғартады.
Мұның барлығы көшпелілер жөніндегі еуроцентристік көзқарастарға, қазақтарға орталық жүйеге ыңғайлы тарихи дүниетанымды таңуға ұмтылған патшалық Ресей саясатына қайшы келеді.
Шоқан қазақ даласындағы географиялық нысандарға, өзендері мен көлдеріне, таулары мен қыраттарына, сай-саласы мен қойнауларына, олардың түркілік-қазақылық атауларына үңіледі. Қазақ жерін Солтүстіктен Оңтүстікке, Шығыстан Батысқа дейін картаға түсіріп, оған қазақ тілінде (араб қарпінде) түсіндірмелер береді. Сонымен ол болашақ ұрпаққа оның этностық территориясы туралы баға жетпес тарихи құжаттар қалдырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz