Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері



Жоспар:

I Кіріспе

Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері

II Негізгі бөлім

1) Дамыған мемлекеттердің экономикадағы мемлекеттің реттеу рөлі

2) Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі мемлекеттік реттеу

III Қорытынды
Кіріспе
Экономиканы мемлекеттік реттеу және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Қазақстан жағдайына басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды – көптеген реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Американдық ірі экономист
П. Самуэлсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсіз «күннен-күнге өсіп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғанымен, бара-бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз өзгертіп отырады». Басқаша айтқанда, дәл біздің экономика сияқты, «әлсіз экономикалық жүйеге», барлық туындайтын қиындықтарға «эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі» үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салдарынан туындайды.
Шетелдік мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдаланудың мүмкіндіктері:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялық» көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму «нәтижесі» болып табылады.
«Ұлы дағдарыс» жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді.
Негізгі бөлім
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен аймақтық кешенді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963-1967 жж. Бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып, жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Ж.О. Ихданов; Ә.О. Орманбеков
Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері
Алматы, экономика 2002

2) Әлем елдері тәжірибесінен
// Егемен Қазақстан 21шілде, 2006ж (2-3 беттер)

3) В. К. Ломакин
Мировая Экономика
Мәскеу 2004ж (343, 455, 458...беттер)

4) Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев
«Экономикалық теория негіздері» (346 -347 беттер )

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I Кіріспе

Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері

II Негізгі бөлім

1) Дамыған мемлекеттердің экономикадағы мемлекеттің реттеу рөлі

2) Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі мемлекеттік реттеу

III Қорытынды

Қазақстан жағдайына ЭМР-дің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі,
мүмкіндіктері мен тиімділігі

Кіріспе
Экономиканы мемлекеттік реттеу және нарықтық басқарудағы шетелдік
экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі
мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына
қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде
Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл
сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді.
Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық
жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың
әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын
жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Қазақстан жағдайына басқа
елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі келесі
жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік
реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға
мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау
мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің
механизмдерін түйістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру
мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және
де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік
шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып,
реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін
үйренуден шығатын қорытынды – көптеген реттеудің негізгі құралдары ретінде
халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау,
жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сәйкес
факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген
экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап
етеді. Американдық ірі экономист
П. Самуэлсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсіз күннен-күнге өсіп отырған
қиыншылықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе
алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғанымен,
бара-бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық
өрістің табиғи дамуын үздіксіз өзгертіп отырады. Басқаша айтқанда, дәл
біздің экономика сияқты, әлсіз экономикалық жүйеге, барлық туындайтын
қиындықтарға эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі үздіксіз ғылыми-
техникалық процесс салдарынан туындайды.
Шетелдік мемлекеттік реттеу тәжірибесін пайдаланудың мүмкіндіктері:
1) республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-
демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты
өзгешеленеді;
2) қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз
және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан
нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір
себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және революциялық
көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың
эволюциялық даму нәтижесі болып табылады.
Ұлы дағдарыс жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басы)
алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық
реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды
уақытында шешу тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді
араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Капиталистік елдерде
бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық
қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа
мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші
экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай
болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар
1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық
зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл тәжірибе біздің жағдайға
пайдалы болар еді.
Негізгі бөлім
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта
мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық
мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті
Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық
жоспарлау басқармасы мен аймақтық кешенді даму департаменті және т.б.
жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының
құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік
мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп
саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963-1967 жж. Бірінші бесжылдық
жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне
байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992
жж.) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының
макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе
бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін
нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар
мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық
экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,
Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген
үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік
органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып, жалпы
мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.

Дамыған мемлекеттердің экономикадағы
мемлекеттің реттеу рөлі
АҚШ.
Америкалық шаруашылықта мемлекет өндірістің меншік иесі және жиынтық
кәсіпкер рөлін елеулі емес мөлшерде атқарады. Мемлекеттік сектордың үлесі
ЖІӨ-4%, ал жергілікті биліктің кәсіпкерлігімен шамамен-13% ЖІӨ, жұмыс күші
14-15%. Жекеменшіктің елеулі бөлігі шамамен-25% территориялары, федеральды
жолдардың жүйесі мен басқа көптеген инфрақұрылымның кәсіпорындары
мемлекетке жатады (принадлежит). Мемлекет жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне,
қоршаған ортаны қорғауға, ғылым өрісінің (сферасының) дамуы үшін нақты рөл
атқарады. Ол жалпы ұлттық реттеуді қаржы-несие және бюджет саясаты,
федеральды келісімшарт жүйесі арқылы жүзеге асырады. Жалпы мемлекет кірісті
аз уақытта (жылдам) әкелмейтін немесе жеке шаруашылық субьектілер үшін
тиімді емес болып табылатын қоғамдық белгілі функцияларды атқарады.
Орталық администрацияның шығыстары әлемдік орта деңгейде көрініс
табады ( 1980 ж.-17%, 1998 ж.- 20,4% ЖІӨ). 90жылдары мемлекеттің іскерлік
белсенділікті реттеу рөлі өсті. Бұл әсіресе ауылшаруашылық өндірісте,
сондай-ақ жұмыс күшінің ұдайы өндірісінде байқалды. Білімге, денсаулық
сақтауға, әлеуметтік қамтамасыз етуге ЖІӨ 17%-дың, ал жергілікті билік
органдарының есебімен ЖІӨ 21%-дан жоғары шығын мөлшерін құрайды.
Мемлекеттік органдар бәсеке қабілеттілігін нығайту мақсатымен жеке
фирмаларды қолдайды.

Жапония
Жапонияның экономикалық моделінің ерекшелігі мемлекеттік аппарат пен
ірі капиталдың ортақ мәселелерді шешудегі бірліктен құралады. Осы уақытқа
дейін өнеркәсіп, сауда, банктік компаниялар мен үкіметтің іс-әрекеттерінің
жоғары координациясы белгіленеді. Мемлекеттік кәсіпкерлік XX ғ. II
жартысында қарапайым орынды алған. Оның аймағына 13 банк, инфрақұрылымдық
объектілердің қатары кіреді. Мемлекет ұлттық кірістің аздаған бөлігіне
байланысты 25-27% ЖІӨ-ді қайта бөледі. Сонымен бірге, ол бюджеттік және
қаржы-несиелік құралдары арқылы шаруашылық үрдістерге қатты әсер етеді.
Мемлекетте жалпы мемлекетті, аймақты, тұтастықты, сала мен ішкі
фирмалық жоспарлау жүйесі қолданылады. Экономикалық және әлеуметтік дамуға
бағытталған жоспарлар, болжаулар, индикативті характердің бағдарламалар
жүйесін жалпы мемлекеттік деңгейде жасайды. Жалпы мемлекеттік жоспарлар
мемлекеттік сектордың аз ғана үлесімен негізінде жеке фирмалардың қызметін
реттеуге бағытталған. Осының арқасында күрделі, өзара үйлесімді жоспарлау
жүйесі құрылады.
Мемлекеттік реттеудің шарттары мен кең қолдаумен негізі кішігірім
фермалар болып табылатын ауыл шаруашылығы дамытылды. Мұнда жалданып еңбек
істеу мен жалгерлік (арендные) қатынастар кең қолданысқа ие болмады.
Кішігірім жер учаскелерінің иелері тек мереке және демалыс күндері жұмыс
істейді.
Мемлекет көптеген түрлі ауыл шаруашылық өнімдерін әлемдік көрсеткіштен
жоғары бағамен монопольды сатып алушы болып табылады. Мұндай қолдау
берілген салада жасанды климат орнатады. Қорғалатын немесе реттелетіндердің
қатарына қаржы-несиелік сектор, сауда, құрылыс, транспорт және байланыс
жатқызылды.
Жапондық экономикалық моделінің өзіндік бейнесі жоғары лауазымды
тұлғалар рөлімен толықтырылады. Қабылданған дәстүрі бойынша, олардың
талаптары фирмалар үшін орындалуы міндетті. Егер кімде-кім оны бұзса, тек
бір ғана фирманы қатаң түрде жазалайды.
Қарастырылған модель нарықтық күштердің шектелген іс-әрекеттерінен
құралған шаруашылық механизм болып табылады.

Батыс Еуропа
Батыс Еуропада шаруашылық өмірді реттеу қызметі ұлттық мемлекеттер
шегінде, сондай-ақ ұлттық жоғары деңгейде жүзеге асырылады.
Саяси күштердің өзара қатынасының өзгерістері, әлемдік рыноктағы
алатын орындары мемлекет рөлін тұтастай капиталист сияқты жұмыс істеуге
әкелді. Өндіріс үрдісіне немесе қайта бөлуге мемлекеттің араласуы
төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар шұғыл түрде қысқарды. Мемлекеттік
компаниялар Британияда, Францияда, Италияда, Португалияда және басқа да
мемлекеттерде жекешелендірілді.
Бюджет саясатын қатаңдатуға көп көңіл бөлінді. Орталық үкіметтің
бюджет тапшылығы ЖІӨ 5%-дан 1%-ға қысқарды. 80жылдармен салыстырғанда
мемлекеттік тұтыну 1,6-ретке өсті, ал жеке тұтыну 1,3-ке өсті.
Дефляциялық мақсаттарды көздейтін сұранысты тежеу саясаты сұраныстың
төмендеуі мен өндіріспен қамтылуының өсуіне әсерін тигізді.
Ұсыныс саясат әдістеріне бет бұру құрылымдық реттеуді күшейтумен қатар
жүрді. Мемлекет ұзақ көрініске (перспективаға) негізделген басымдылықтарды
(приоритеты) күшейтті.

Германия
Соңғы онжылдықта мемлекеттің рөлі өзгерді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың қажеттілігі және ерекшеліктері
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Тікелей шетел инвестициялары
Туризмді дамытудағы ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Экотуризмды дамыту жолдары
Кредиттік комитетінің қарауына құжаттар даярлау
ҚР-да инвестициялық процестерді мемлекеттік реттеудің жағдайы мен перспективалары (сала деректерінде)
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер