Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: «Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру»
Топ:
Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Ахметова Г. С.
Семей 2015
Ғылыми мақаланың жазылуы
Конец формы
Мақалаға тақырып таңдау
Өзіңіз қызығатын бір тақырып таңдаңыз. Таңдаған тақырыбыңыз белгілі бір қоғамдық мүдделерге қатысты болуы тиіс. Мысалы, өзіңіздің мысығыңыз жайлы немесе атағы онша жайылмаған мектептің рок-тобы жайлы мақалаларды жазу мүлдем қажет емес. Сонымен бірге қоғамдық маңызы бар, актуальды тақырып таңдап, алайда бұл тақырыпта өзіңіз қызығушылық танытпасаңыз, нәтижесінде жақсы мақала шығатыны күмән тудырады. Таңдаған тақырыбыңыз бұрыннан таныс болуы маңызды емес, тек қана зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты ашуға ықыласыңыз бар болса жеткілікті. Сенімді ақпараттың көзін бастапқыда ашып алу дұрыс болады. Егер мұндай сенімді ақпарат жоқ болса, мақаланы жазуға да негіз болмайды. Мақала маңыздылық талаптарына сай болмаса, жойылуы мүмкін.
Мақалаңызға атау таңдау
Мақалалар атаулары бірінші жақта атау септігінде болады. Мысалы: Бекініс мұнарасы, Үй күзететін ит.
Мақала атауы өз ретімен жазылады: «
мұнара бекінісі
», «
ит үй күзететін
» сияқты емес.
- Адамдар жайлы мақалаларда адамның аты-жөні атынан басталады, мысалы: Михаил Юрьевич Лермонтов; Уильям Шекспир. Сонынмен бірге толық аты-жөнін көрсету міндетті болып табылады. Алайда лақап аттар мен ойдан шығарылған кейіпкерлердің аттары өзгеріске ұшырамай сол қалпында қалады: Марк Твен, Гарри Поттер т. б.
- «ё» әріпінің орнына «е» әріпін жазуға болмайды.
- Егер атау бір мағынадан көп мағынаға ие болса, жақша ішіне түсіндірмесін көрсетіп кету абзал, мысалы: Агония (фильм), Мәскеу (футбол клубы) .
- Күрделі атау таңдау ережелерінен қорықпаңыз: егер сіз қателік жасасаңыз, кәсіби қатысушылар мақала атауын өзгерте алады.
Мақаланы дұрыс бастау
Мақалалар атауды қайталаумен және мақала бұйымына анықтама берумен басталады, мысалы:
« Диалектикалық материализм - философиялық ілім ретінде . . . », « „Хе́ллоуин“ - танымал қорқынышты фильм …». Жақша ішінде терминнің пайда болуы жайлы мәліметті атап кетуге болады:
« Луи Жан Люмьер (фр. Louis Jean Lumière; 5 қазан 1864 жыл, Безансон - 6 маусым 1948 жыл, Бандоль) - кинематографты ойлап шығарушысы, француз кинематографиясының негізін салушысы…». Берілген мысалдағы сияқты адам есімінің, дүниеге келген және дүниеден өткен жерлерінің түпнұсқа атауын берген дұрыс болып саналады. Уикипедияда «ё» әріпінің орнына «е» әріпін қолдануға болмайтынын тағы да ескертеміз, сонымен бірге сызықша «-» тыныс белгісінің орнына дефис «-» белгісін қолдануға болмайды.
Мақаланың өзін жаза бастау
Мақаланың орташа жалпы көлемі 500 символ шамасында болуы керек. Бір, екі сөйлемнен тұратын қысқа мақалалар ережеге сәйкес жойылады. Мақала ғылыми бірақ бәріне түсінікті стильде жазылуы тиіс.
Мақала жазған кезде ұстану қажет екі басты қағида бар:
- Бейтарап көзқарас. Мақала материалы бейтарап көзқараста баянадалып, мақала бұйымына қатысты өзіндік пікірді білдірудің қажеті жоқ екендігін алға тартады. Егер де бір мәселеге қатысты бірнеше көзқарас болған жағдайда, бұл көзқарастар мақала мәтінінде бірдей көлемде баяндалe қажет.
- Авторлық құқықты сақтау. Уики-қауымдастықтың мақсаты - тегін және бәріне қолжетерлік энциклопедия жасау болып табылады. Сондықтан да Уикипедияға авторлық құқықпен қорғалған мәтінді, суретті немесе басқа да ресурстарды көшіруге тыйым салынған. Ресурстардың құқықтық дәрежесі анықталмаған болса да, Уикипедияға көшіруге тыйым салынады. Уикипедияның өзі лицензия арқылы қолжетімді. «CC-BY-SA».
Ақпараттың дереккөзін көрсетіңіз
Мақаланың соңында «Дерекөздер» бөлімін қосып, мақала жазу барысында қолданған басылым немесе сайт сілтемелірі дереккөздерін тізім ретінде жазыңыз (атауын, авторын, баспа, басылып шыққан жылы, беттер саны, ISBN) . Содан кейін «Тағы қараңыз» бөлімін қосып, мақала тақырыбына жақын сілтемелер тізімін жасаңыз. Мақаланың ең соң бөлігіне «Сыртқы сілтемелер» бөлімін қосып, мақалаға қатысты мәліметтері бар сайт сілтемелерін қосымша ретінде жазыңыз.
Мақаланы дұрыс безендіру
Уики-белгі өте қарапайым:
- Мақала мәтінінқою қаріппенбелгілеу үшін үш бірдей тырнақшамен қоршау керек. Мысалы: «'''қою қаріп'''». Басты терминдер және ұғымдар қою қаріппен белгіленеді.
- қиғаш белгілеу үшін екі бірдей тырнақша қолданамыз: «''қиғаш''». Қиғаш мақаладағы мәтінді мағыналық тұрғыдан айқындау үшін қолданылады.
- Мақала бөлімдері бөлек жеке жолда орналасып екі (бөлімдер жасау үшін үш, төрт т. б. ) теңдік белгісі қолданылады, мысалы: «=== 8-ші қадам. Мақаланы дұрыс безендіру. ===».
- Азат жол бос жол арқылы бөлінеді. Азат жолдар арасында бос жол қалдырып кетіңіз.
- Тізімдер былайша бөлінеді: әр жеке жолда «#» символы қойылып, кейін тізім бөлімі жалғасады. Нөмірленбеген тізімдер үшін «*» символы қолданылады. Мысалы:* 1-ші пункт; * 2-ші пункт; * 3-ші пункт.
- Ішкі сілтемелер (өзге мақалаларына сілтеу үшін) мынандай конструкциямен көмкеріледі: «[[Арнаулы мақала атауысілтеменің көрінетін мәтіні] ] », мысалы: [Ішкі сілтемелерІшкі сілтемелер] ] . Сілтеме мен арнаулы мақала атауы бірдей болған кезде: [[XX ғасыр] ] да көптеген өзгерістер болды…. Жақсы мақалаларда әр азат жолда үш сілтемеге дейін болады.
- Сыртқы сілтемелер (Интернеттің өзге сайттарына сілтемелер) мынандай тәсілмен орналасады: [http://URL-адрес сілтеменің көрінетін мәтіні] . Мысалы: [http://countrymeters. info/en Real time World population statistics] . Мақала мәтінін дайындау кезіндегі соңғы кезең орфографияны тексеру болып табылады.
Мақалаңызды санатқа бөлу
Іздеуді оңтайландыру мақсатында әр мақала бір немесе бірнеше санатқа жатқызылады. Мақаланы санатқа жатқызу үшін («Сілтемелерден» кейін) бос жол қалдырып, әр жаңа жолда «Санат:» сөзінен кейін тік жақша ішіне санаттарды жазу кекрек. Мысалы:[[Санат:Квант физикасы] ], [[Санат:Қазақстан тарихы] ] .
Тұлғалар жайлы мақалалар «Алфавит бойынша тұлғалар» санатына ([[Санат:Алфавит бойынша тұлғалар] ] ), туған және қайтыс болған күніне байланысты санатқа (мысалы, [[Санат:2 маусымда туғандар] ] немесе [[Санат:1890 жылы қайтыс болғандар] ] ) және елді-мекен мен мамандығына байланысты санаттарға (мысалы, [[Санат:Ұлыбритания философтары] ] бөлінеді. Фильмдер, компьютер ойындары мен романдар шыққан жылы мен жанрына қарай санаттарға (мысалы, [[Санат:1910 жылы шыққан романдар] ], [[Санат:1977 жылы шыққан фильмдер] ] және [[Санат:Қорқынышты фильмдер] ] ) бөлінеді. Мақалаға енгізілген санаттар беттің соңында орналасады.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар
Автордың аты-жөні оң жақ жоғары бұрышына, оның төменгі жағына ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қала мен мекеменің атауы жазылуы тиіс. Мақала/баяндама атауы 1 интервал, қалың шрифт, үлкен әріппен теріледі. 2 интервал шегiнiсiнен кейін бір интервал арқылы терілген мәтін болуы керек.
Парақ форматы А-4. Шрифт түрі: Times New Roman, кеглі - 14. Жоғары және төменгі жағы - 20 мм; сол жағы - 30 мм; оң жағы - 10 мм. Мақала/баяндаманы теңестіру көлденеңінен. Азат жолы - 1, 27 см. Мәтін бір интервал аралығында теріледі.
Мәтінде сурет және кестелер рұқсат етіледі. Сурет бояуы қара-ала. Суреттегі мәтін көлемі 12 пт-дан кем емес болғаны жөн. Сурет астындағы жазулар және суреттердiң атауы «Times New Roman» 12 пт. шрифтімен орындалады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі міндетті түрде болуы тиіс. Сілтемені тік жақшамен мақала мәтінінен кейін безендіру қажет.
Электронды түрдегі файл атауында автордың аты-жөнін көрсетіңіз.
Магистранттар мақаламен бірге ғылыми жетекшілердің пікірін (рецензиясын) тапсыруы, онда мақаланың басылымға ұсынылатыны және тексерілгені туралы жазылуы тиіс.
^ Тіркеу үлгісі
«ҚАЗАҚСТАН 2050: жедел өзгермелі әлемдегі дамудың жаңа бағдарлары»
атты ғылыми-практикалық конференцияға
қатысу тапсырысы
(бірлескен автор)
(қажеттісін белгілеу)
- секциялық ауызша баяндама
- басылымға баяндамасыз шығарылады
Безендіру үлгісі
Автордың аты-жөні
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
ЖОО (немесе мекеме), қала атауы
МАҚАЛА АТАУЫ
Мәтін
Пайдаланылған әдебиет:
Тезис құрастыру
Зертеу тақырыбы: Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.
Зерттеу мақсаты : 1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
2. Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3. Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.
4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;
Зерттеу болжамы: Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті
өмірде қолдануға үйрету.
Зерттеу кезеңдері: 1. Тақырып талдау
2. Материалдар жинау
3. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4. Ғылыми жетекшімен байланыстыру
5. Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Зерттеу жаңалығы: 1. Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.
2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.
3. Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып. кейіпкерлерінің суретін салса.
4. Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.
5. Шокалад қораптары сыртына суреттерін салу.
6. Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің суреттері шықса.
7. Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.
Зерттеу нәтижесі: 1. Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын
баспаханаларда қолдануға болады.
2. Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.
3. Аудиодискілер шығарып балабақшаларда, үйде ұйықтар алдында тыңдауға болады.
4. Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе
ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешіледі.
Тема исследовательской работы: Воспитательная роль казахских сказок
Цель иследовательской работы:
1. Показать роль сказок в васпитании детей.
2. Доказать жизненность казахских сказок
3. Востановить применение жанра сказки воспитательной деятельности.
4. Доказать пути рекламе сказки.
Прогноз исследования: Исследоавать важность сказок, научить использовать сказки в жизни.
Этапы исследование:
1. Разъиснение темы
2. Сбор материала
3. Вести исследовательские работы
4. Связ с научным рукаводителем
5. Собрать нужный материал, обобщить
Новизна исследования: 1. Повседневно использование видов сказок
2. Выпуск аудиодисков, бумаги для повседневного использования, выпуск полиэтиленовых пакетов
3. Кепок и футболок с названиями сказок и рисунков сказочных героев.
4. Выпуск на обложках тетрадей, дневников.
5. Рисунки на каробках шокалада.
6. Принятие специального законо или правил поддерживающих казахские сказки.
Результат исследования:
1. Использование новизны исследования в печати тетрадей и дневников.
2. Использования в малых предприятиях для выпуска пакетов.
3. Выпуск аудиодисков для детских садов и прослушивания перед сном дома.
4. Если принятия закона или правил поддерживающих применение казахских сказок в воспитании будет законно, то этот вопрос будет решен на государственном уровне
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні» деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.
Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін зертте, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім. Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз үні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады. Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді. Ертегі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кекңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т. б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz