Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі



1. Кіріспе
2. Бухгалтерлік шот жоспары
3. Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған сілтемелер
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндірі және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз – шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғаншқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауырстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнеленеді.
Шоттың сол жақ бөлігі – ДЕБЕТ, ал оң жақ бөлігі – КРЕДИТ деп аталады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебиті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Бухгалтерлік_есеп_шоттары
2. http://stud.kz/referat/show/13091
3. http://stud.kz.kz/kurstyq-zhumystar/songghy-qosylghan-kurstyq-zhumystar/3081-buhgalterlik-esep-shottary-kurstyq-zhumys.html

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Автоматика және электротехника кафедрасы

СРО
Тақырыбы: Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі

Орындаған: Габбаров А.Н
Тобы: ВТ-305
Тексерген: Сарсенбаева А.А

Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе
Бухгалтерлік шот жоспары
Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған сілтемелер

Кіріспе
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндірі және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз - шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғаншқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауырстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнеленеді.
Шоттың сол жақ бөлігі - ДЕБЕТ, ал оң жақ бөлігі - КРЕДИТ деп аталады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебиті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және тағы сол сияқты мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша шоты, Шикізат пен материалдар шоты, Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар шоты және табы басқалары.
Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналаған. Мысалы, Банктердің несиелері шоты, Резевтік капитал шоты және тағы басқалары. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың сызбасы мынадай түрге ие болады.

Активтік шот
Дебет
Кредит
Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашлық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары
Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары
Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды
Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебет бойынша айнлып - кредит бойынша айналым)

Сонымен, актив шот бойынша көрсетілетін: шоттың дебет жағы бойынша - операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша - қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.
Пассивтік шоттағы жазулардың сызбасы мынадай түрге ие болады. (2.3-кесте)
Пассивтік шот
Дебет
Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)
Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары
Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары
Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды
Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + кредит бойынша айналым - дебет бойынша айналым)
Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:
Шоттың кредиттік жағы бойынша операцияларын басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
Шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік шоттары
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бағалау – субъектінің бухгалтерлік есебі объектінің құндылық мөлшері
Бухгалтерлік есепшоттарының жіктелуі мен жоспары
Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Бухгалтерлік есептің пайда болуының тарихи аспектісі
Шығындар түсінігі және олардың басқарушылық есептегі жіктемесі
Бухгалтерлік баланс жүйесі
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Сатып алынған тауарлардын есебі мен бағалануы
Пәндер