Республикалық бюджет құрамындағы салықтар рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Республикалық бюджет құрамындағы салықтар рөлі.
Орындаған: Ілиясова Ж. Д.
Тексерген: Акишева Д. М
Тобы: ГУ - 307
Семей - 2015
Жоспар:
1. Республикалық бюджет құрамындағы салықтар рөлі.
2. Республикалық бюджет жобасын бекіту.
3. Бюджетаралық қатынастар.
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі - салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы - салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатнастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджетке түсетін салықтар, олар арнайы қабылданған заңдарға сәйкес кәсіпорындардан тағада басқа ұйымдар мен мекемелерден бюджетке түсіп отырады. Салық салу және салықтық бақылаудың теориялық және әдістемелік негіздері. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданады. Салықтардың жәрдемімен мемлекет қоғамдық қасиеттілік пен ресурстар арасындағы, оларды қанағаттандырудағы салыстырмалы тепе-теңдікке қол жеткізіледі. Салықтардың арқасында экология жағынан зиянды өндірістердің кеңейуіне айыппұлдар мен шектеулер енгізе отырып, табиғи байлықты тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Салықтар мемлекеттің әртүрлі даму бағдарламасының даму мүмкіншілігіндегі қаржылық қамтамасыз ету және азаматтардың табыстарының деңгейін теңестіру мүмкіншілігіне ие болады.
1. Республикалық бюджет құрамындағы салықтар рөлі.
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.
Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т. б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- республикалық бюджеттің кірістері;
- алынған бюджеттік алымдар;
- республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т. б. ), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т. б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.
Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады) .
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету)
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;
- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
- елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар) ;
- өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
- кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;
- Бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт - Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
2. Республикалық бюджет жобасын бекіту.
Бюджеттік кезендерінің барлығы-олар, құру, қарау, бекіту, атқару, есебі мен есеп беру-бюджеттік жүйенің барлық деңгейлерінде орын алатын кезеңдер. Сол себептен Бюджеттік кодексте бюджеттердің әрбір түрлері үшін бұл кезеңдер белгіленген. Бюджеттер жобаларын жасау бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ел немесе аймақтың әлеуметті-экономикалық дамуының орташамерзімді жоспары мен орташа мерзімді фискалдық саясат негіздерінде іске асырылатын түсімдер болжамдаудан басталады. Осы уәкілетті органмен фискалдық саясат негізінде бюджет шығыстарының лимиті қалыптастыру және оларды ағымдағы мен даму бюджеттік мен бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу іске асырылады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган орташа мерзімді уәкілетті экономикалық даму көрсеткіштері негізінде және облыстар, Астана мен Алматы қалалары бюджеттерінің келісілген көрсеткіштері мен республикалық бюджеттік бағдармалар экімшіліктерінің бюджеттік мәлемдемелерін (тапсырыстарын) есептей отырып, республикалық бюджет жобасының келесі негізгі болжамдық көрсеткіштерін аңықтайды және талқылауға бюджеттік комисияға ұсынады:
-Республикалық бюджет түсімдерінің көлемі;
-Республикалық бюджеттік бағдармалар әкімшіліктері бойынша республикалық -бюджет шығыстары мен несие лендіруінің көлемі;
-Республикалық бюджет тапшылығының мөлшері;
-Мемлекеттік кепілдемелер бойынша міндеттемелерді орындайтын сомасы;
-Үкіметтің қарыздың лимиті;
-Тиісті қаржы жылдың соңына облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жергілікті атқарушы органдар қарыздарының лимиті;
-Тиісті қаржы жылға мемлекеттік кепілдемелер беру лимиті;
-Облыстар және Астана мен алматы қалалары бойынша жергілікті бюджеттерден мен республикалық бюджеттен Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер сомасы;
-Республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша функционалдық топтар арқылы шекті шығыстар тізімі;
-Тиісті қаржы жылдағы республикалық және жергілікті бюджеттер атқару процесінде секвестрге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі;
-өткен қаржы жылдар нәтижесінде әлеуметті және басқа төлемдер мен республикалық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің келісімшарттық міндеттемелерді арқылы пайда болған республикалық бюджеттің кредиторлық берешектерін өтеу сомасы.
Республикалық бюджет қалыптастырудың бірінші кезеніңде экономикалық бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен кезекті қаржы жылға ел экономикасы дамуының сценарлық шарттарын жасау іске асырылады. Мұндай сценарий негізгі макроэкономикалық дамуының орташа мерзімдік болжау көрсеткіштері мен үкіметтің орташа мерзімдік фискалдық саясаты арқылы жасалады. Егерде ел үкіметі осы сценарлық шарттарда мақұлдаса, онда кезекті қаржы жылға рсепубликалық бюджеттің негізгі параметрлері мен шығыстар функционалдық жіктелуіне сәйкес оның шығыстары жөнінде мәліметтер жасауы, сондай-ақ орташа мерзімдік болашаққа республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштерін жобалауы іске асырылады.
Республикалық бюджетті қалыртастырудың екінші
кезеңінде оның ел үкіметі қолдаған жобасы Қазақстан Мәжілісінің тиісті комитетінде қаралады. Бұл комитеттің тұжырымы негізінде шешім шығарылады немесе бюджет жобасы мәжілісте қарауға және талқылауға қабыладанады, немесе бюджет жобасы қосымша істеуге Үкіметке кейін қайтарылады. Жоба қосымша істеуге қайтарылуы мүмкін, егерде ұсынылған материалдар бюджет бюджет жөніндегі заңнамалық актілер талаптарына сәйкес болмаған жағдайда. Ал егерде тиісті комитет оң тұжырым берсе, онда бюджет жобасы ұсыныстар мен ескертулер еңгізу үшін Президент пен Парламент Сенатына және де тұжырым беруге Есеп комитетіне бағытталады.
Үшінші кезеңде Парламент палаталарының-Мәжіліс пен сенаттың пленарлық отырысында тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын талқылау іске асырылады. Жобаны талқылау барысындағы депутаттармен еңгізілген барлық өзгерістермен толықтырмалалар дәйектілік пен бюджет теңдіктілігін сақтау принциптердің талаптарына сәйкестік болуы қажет.
Бірінші принциптің талабы-ол бюджет жобасына еңгізілетін әрбір ұсыныс жазбаша түрде дәйекті және елдің әлеуметтік экономикалық даму басымдылықтарына сәйкестік болуы тиіс. Ал екінші принцип бюджет жобасына еңгізілетін әрбір өзгерістің қосымша түсімдер түрінде немесе шығыстарды қысқарту түрінде бюджеттің белгіленген тапшылығын сақтау үшін тиісті қаражат көзі бар болуы керек.
Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасын үкімет парламентте талқылау үшін ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1 жұлдызына дейін тиісті заң қабылдау арқылы бекітіледі. Егерде белгіленген мерзімге дейін республикалық бюджет жөніндегі заң қабылданбаса, онда республика Президенті алдымыздағы қаржы жылдың бірінші тоқсанына арналған бюджет бекітілгенге дейін әрекетте болатын республикалық қаржы жоспары жөнінде Жарлық жариялауға құқы бар. Бұл жоспар республикалық бюджет жобасының төрттен бірі көлемінде ағымдағы жылдың 30желтоқсанға дейін бекітілуі тиіс.
Парламентте талқылау барысында елдің әлеуметті-экономикалық дамуының орташа мерзімдік жоспары, орташа мерзімді фискалдық саясаты, бюджет жобасы мен ақша -несиелік саясат жөніндегі Үкіметтің баяндамалары тындалады. Сондай-ақ Парламент палаталарының тиісті комитеттернінің бюджет жобасы бойынша тұжырымдары тындалады.
Жобаны талқылау Парламент палаталарымен бірге отырыстарында екі оқудан кем өткізілмейді. Бірінші оқығанда республикалық бюджеттің кірістері, шығыстары, операциялық сальдо, таза несиелендіру, қаржы активтер операциялары бойынша сальдо, тапшылық немесе профицит және оны қаржыландыру немесе пайдалану бойынша жалпы көлемдері бекітіледі. Екінші және одан кейінгі оқығанда алдымыздағы қаржы жылға арналған республикалық бюджет жөніндегі заң жобасы баптары бойынша бекітіледі. Бюджет қаңтар айының « жұлдызынан басталып, желтоқсан айының і» жұлдызында аяқталатын бір қаржы (бюджет) жылына бекітіледі. Республикалық бюджет жөніндегі заң жобасында бюджеттік жіктелуге сәйкес түсімдердің барлық түрлерінің сомасы, жалпы мемлекеттік реттеуші салық бөлі нормативтері, функционалдық топтар, ішкі топтар, әкімшіліктер, бағдарламалар мен ішкі бағдарламалар боынша шығыстардың шекті мөлшерлері, бюджеттің тапшылық мөлшері, оны өтейтін көздер және ресми трансферттердің жобалық мөлшерлері көрсетіледі.
Тиісті жылдың Республикалық бюджет жөніндегі Заңында республикалық бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге функционалдық топтар бойынша нақты бағдарламаларды іске асыру үшін ерекше субвенциялар түрінде берілетін ресми трансферттер көлемі аңықталады. Республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында бюджет төлемдерінің түсуі мен бюджеттік ақша беру мерзімдері сәйкес келмегеннен кейін пайда болатын ақша құралдарының уақытша жетпегенін өтеу үшін жыл бойы пайдаланатын қолда бар резервінің айналымм мөлшері жасалады және бекітіледі.
3. Бюджетаралық қатынастар.
Бюджеттік процестегі жоғарғы тұрған және төмен тұрған бюджеттер деңгейлері арасындағы қатынастарды бюджет аралық қатынастар деп есептеледі. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджетаралық қатынастар келесі принциптерге негізделенеді:
-облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің облыс бюджетімен арақатынастарындағы теңбе-тендік;
-түсімдерді шектеудің келесі критерийларын сақтай отырып оларды тиімді бөліп тарату;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz