Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар Әуезов туралы жазылған мақалаларға шолу

  1. «Менің Әуезовім» - Мұхтар Әуезов туралы жазылған көркем шығарма

2. ТАХАУИ АХТАНОВ Кең арна ( МҰХТАР ӘУЕЗОВ хақындағы мақаласына шолу)

3. Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ (Мұхтар Әуезов хақындағы мақаласына шолу)

1. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалады. Ол осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы иегері атанды.

Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды.

Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне, жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударды. Суреткер жазуша Зейнолла Қабдолов ұзақ жылдар бойы ұлы ұстазының еңбегін, әр жанрдағы, әр жылдардағы шығармашылық мұрасын жинап, зерттеп келді.

Романда Мұхтар Әуезовтің жан дүниесі, болмыс-бітімі, ұстаздық еңбегі автор көзімен бағаланып, авторлық баяндаумен ашылады. Романның негізгі оқиғалық арқауы - М. Әуезовтің 1930-60 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық қызмет еткен кезеңінен бастау алып, шегіністер арқылы, кейіпкерлер диалогы арқылы ұстаздың осыған дейінгі тағдыр белестеріне де шолу жасалады.

Соның ішінде, Мұхтар Әуезовтің бала шағы өткен туған жері - Шыңғыстау, Бөрілі өңірінің табиғаты, атасы Әуездің, немере ағасы Қасымбектің болашақ жазушыға әсер еткені, хакім Абай және оның ақындық аясы, оған үлгі болған Алаш арыстары, яғни оның ұлттық дүниетанымын оятып, тағылым ұсынған ұлы ұстаздары туралы ой-толғамдар кеңінен ширатылып жазылған. 1920-1930 жылдар арасында етек алған тарихи, саяси оқиғалар, сол тұстағы жазушының қудалауға түсіп, азап шеккен кезеңдері, барлығы роман ішінде терең суреттеледі. Алты атарудан тұратын роман әсерлі баяндаумен оқырманды өзіне елітеді. Романда кездескен эпизоттардың барлығын да автор бірде өз көзімен көргендей, бірде шегіністер арқылы іштей сабақтастыра, жымдастырып, кейіпкері - Әуезовті әр тарауға белгілі бір бірізділікпен көрсетіп отырады.

Романда өмірбаяндық сюжеттер мен авторлық толғаныстар үндескен тапқан. Ұлы тұлғаның бүкіл ғұмырын терең толғаныспен суреттеген. Образды, көркем, суреткерлік шеберлікпен Мұхтар Әуезовтің болмыс-бітімін, адами тұлғасын дәл әрі нақты жеткізе білген.

“ . . . Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет - тағы да айтайын, - Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жазық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусып барып самайға ұйлығып қалған - оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс - шөкім-шөкім бұлт тәрізді көк мамық шашы.

Сократ-маңдай деген маңдай болады деуші еді, сол осы екен ғой деп сүйсіндім ішімнен, кеудемдегі күллі діріліммен түйсініп . . . ”. Бұл бейне шәкірт-автордың санасында мәңгілік сақталған. Суретті теңеумен, суретті метаформен әдемі кескінделген тұлғаның дәл бейнесі.

І тарауда петрография сабағынан «қашып» барып, Мұхтар Әуезовтің лекциясына үлгеруді мақсат еткен шәкірттің оны тыңдауға құмартқаны шебер баяндалып, оқырманның ойын баурап алады.

2. ТАХАУИ АХТАНОВ Кең арна ( МҰХТАР ӘУЕЗОВ хақындағы мақаласына шолу)

Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» мен «Қараш-Қараш оқиғасы» жас қазақ прозасының азаматтық даусын одан әрі шыңдап, оның әлеуметтік мазмұнын тереңдете түсті. Осы екі тамаша шығармадан тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге қазақ әдебиетіндегі көркемдік жаңа арна басталады. Осыдан бастап жас проза өмірді реалистік шыншыл тұрғыдан қамтып қана қоймай, адамның ішкі дүниесіне де үңіле бастайды. Өмірдегі әр түрлі құбылыстарды, адам тағдырларын көрсетіп, толып жатқан сурет, мүсін жасаумен ғана шектелмей, тұңғыш рет психологиялық, портрет жасайтын дәрежеге көтеріледі. Жас прозаға осы психологиялық арнаны мықтап енгізу үшін жомарт талант неше түрлі тәжірибелерге де барады. «Қаралы сұлу» әңгімесі адам психологиясының неше түрлі құбылыстары мен қалтарыстарын, адамның жан сезімімен қоса тән сезімінің де құбылмалы, лүпілдеген нәзік сырларын ашуға арналған. Бұл әңгіменің бәрінен бұрын жас әдебиет үшін педагогикалық мәні зор. Ол көзін жаңа ашып келе жатқан балаң прозаны реалистік нәзік суреткерлікке, психологиялық құбылысты дәл бере білуге, қысқасы жалпы көркемдік сауаттылыққа үйретті. «Көксерек» әңгімесін де осы алуандас бағалар едік. Өйткені ол да мөлтілдеген табиғат, хайуанат суреттерімен қоса, адам психологиясы мен адам табиғатының өзгеше бір жақтарын ашып берді. Осы соңғы екі әңгіменің алғашқы аталған екі шығарманы («Қорғансыздың күні», «Қараш-Қараш»), әлеуметтік мазмұны терең болмағанмен, біздің әдебиетіміздің сауатын ашып, шеберлікке баулу жолындағы алатын орны айрықша сияқты.

Бұл мақалада талантты жазушы жеке шығармаларының ғана көркемдігі мен тереңдігін ойлаумен шектелмей, бүкіл халық өмірінің сан қилы салаларын, ұлттық психологияның жан-жақты қырларын, әйтеуір қазақ деген елдің өмірін кеңірек те, тереңірек қамтуға бой ұрады. Ол қыр өмірінен сериялы этюдтер жасап, ауыл тұрмысы, ел тіршілігі, қалаға жаңа сіңісе бастаған қазақ интеллигенциясының өмірі жайлы әңгімелер жазады. Сөйтіп жеке сәтті әңгімелер жазып қана қоймай - өзінің жастық шағымен тұстас заманның жап-жақсы панорамасын да ашып береді.

Қазақ, әдебиетінде өз алдына бір дәуір болған Әуезов прозасы осылай басталады.

Ол прозаның кейінгі қазақ әдебиетіне айрықша әсер еткен өзіндік сипаты бар. Әуезов прозасының алдымен көзге түсетін қасиеті - биік мәдениеті. Жазушы Европа әдебиетінің дәрежесін еркін меңгерген. Ең озық әдебиеттердің биік мәдениетін өз бойына сіңіріп, реалистік әдісін толық игерген. Ал нағыз ғажабы жазушы орыс және Европа әдебиетінен осынша нәр ала тұра, ешкімге еліктеп, ығында кетпейді. Оның көркемдік құралдары, сөз кестесі, суреттеген өмір құрылыстары, адам бейнелері өзге халыққа ұқсамас қазақы сипатты танытқаны өз алдына, тіпті жас Әуезовтің талант табиғатының өзі шынайы халықтық, ұлттық екені көрініп тұр. Ол бүгінгі әдебиетімізге қазақтың халық творчествосының эпикалық кеңдігін, романтикалық көтеріңкілігін, лирикалық нәзік сазды әуенін ала келді, оның шығармасында халық өнерінің мың сан құбылып, құлпырып тұратын бояу сиқыры мен от екпінді тегеуріні және бар.

Ал, Әуезов шығармаларының тілі әлі де талай-талай терең зерттеулерді керек етеді. Әуезов тұңғыш туындысы «Еңлік - Кебектен» бастап, жоғарыда аталған және де басқа көптеген әңгімелерінде, повестерінде қысқасы атақты «Абай жолы» эпопеясына дейінгі барша шығармаларында қазақ тілінің тамаша үлгісін танытты. Қазақтың ескіден келе жатқан шешендік сөздерінің не бір асыл үлгілерін, би сөздерінің ұтқыр тапқырлығын, халың тілінің орасан мол байлығымен қоса сұлулығы мен өткірлігін, сыртқы бейне мен ішкі ойды аудырмай түсіретін алғыр шеберлігін, адам көңілінің ыстық-суығын, не бір нәзік лебін жеткізе білетін тал жібектей жіңішке орамдығын әкелді. Мұхтар Әуезов шын мәніндегі қазақ тілінің королі болатын. Біз осы кісінің шығармалары арқылы өз тіліміздің бояуы мың құбылған сұлулығын, жыр ырғақты сұлу сазын, таусылмас сөз байлығын, шектелмес суреттеу мүмкіндігін көріп қайран қалдық. Қазақ тілінің, егер шынайы шебердің аузынан шықса, айтып жеткізе алмас сыры, суреттеп нәшін келтіре алмас құбылысы жоқ екенін білдік. Егер фантазиямыздың күші жетсе қазақ әдебиетін Әуезов шығармаларынсыз - дұрысырақ айтқанда - сол шығармалардың тілісіз көзге елестетіп көрелікші. Онда біздің әдебиеттің жалпы үңірейіп қалғаны былай тұрсын, тіл бояуы да кәдімгідей солып қалар еді. Оның үстіне Әуезов тілі - тек оның шығармаларын да ғана емес - бүкіл қазақ прозасының, қала берді, қазақ әдебиетінің қан тамырына тарап кеткен. Өйткені біздің бүгінгі әдеби тілімізді қалыптастыруда одан ірі тұлға болған емес. Сондықтан да Әуезовтен тіпті стилі бөлек жазушылардың өзі осы алып тіл сиқыршысының тәжірибесінен аттап кете алған жоқ.

Автор осы кезге дейін даулы боп келген Біржан мен Сараның айтысына баса тоқталады. Бұл айтыстың шығуы жөнінде өз пікірін, аралық сөзін айтады. Қиғаш екі пікір болатын - бірі Біржан - Сара айтысы тек сол автордың ғана сөзі, өзге ешкімнің қатысы жоқ дегенге тірелсе, екіншілері ондай айтыс болмаған, мұны шығарған Әріп ақын десетін. Ал, Мұқаң бұл айтыс болған, оны Әріп жазып алып, редакция енгізген деген пікірге келеді; және бұл айтыстың негізгі салмағын Біржан мен Сараға аударады. Әріптің еңбегін редакторлық дәрежесіне жақындатады. Қарапайым көзге көрініп тұрған бір жайтты айта кеткіміз келеді. Бірінші - бұл айтысты өлеңдік жағынан тексергенде - ол ауыз әдебиеті емес, жазба ақынның шығармасына аса жуық. Мұнда суырып салма ақындар айтысында шартты түрде жүретін көп қайталаған сөз нақыштары, мәтелдер жоқ. Екінші аса қатты ескеретін нәрсе: Сара мен Біржан сөздері стильдік жағынан, образ, бейне, теңеу, ритмика жағынан соншалықты ұқсас - екеуінің сөзін екі ақын айтты деу мүмкін емес. Және де Қазақстанның екі шалғайында туып-өскен, бірі еркек, бірі әйел, екі ақынның бүкіл поэтикалық жүйесі соншалық ұқсас болды деуге сену қиын. Ал, Біржан мен Сара айтысы аталатын көркем шығарма жайына келсек, бұған кім де болса бір талантты ақынның мықтап араласқаны және соның авторлығы шығарманың өзінен көрініп тұр. Соңғы кездерде осы айтыс туралы әр қилы пікірлер айтып, әр түрлі деректер келтіріп жүр. Бірақ солардың көбі осы «айтыстың» поэтикалық жүйесін, стиль бірлігін тексермей, көбіне кәрі құлақ, ескілердің сөзіне сүйенеді. Ал, біздіңше мықты деректі «айтыстың» өзінен, оның өлең табиғатынан іздеген жөн.

Аса көрнекті жазушы, ойшыл ғалым көп жылғы зерттеу еңбектерін жарыққа шығарды, мұнда қазақ, қырғыз әдебиетінің ең күрделі жанрлары, ірі өкілдері жан-жақты кең тексеріледі. Және де қазақ әдебиеті жекелей алынбай, оның көп мәселелері дүние жүзілік әдебиеттегі құбылыстармен астастырылып биік тұрғыдан зерттеледі. Бұл кітапты оқып шыққан адам қазақ әдебиетінің үлкен курсын өткендей білім алады.

3. Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ЖАЗУШЫСЫ (Мұхтар Әуезов хақындағы мақаласына шолу)

Мұхтар Әуезов мәдениет, әдебиет мәселелеріне араласып, баспасөз бетінде мақалалар жаза бастауы аласапыран кезең - Қазан төңкерісіне тұспа-тұс келді. Бұл алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларын отаршылдық езгіде есеңгіреген елдің ертеңі ойландыра бастаған уақыт болатын. Қазақ халқының болашақ даму жолдары қай бағытта болмақ, не істеу керектігі жайлы қызу пікір алысулар жүріп жатты.

Міне, осындай отаршыл саясатқа Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлтшыл азаматтар қарсы шығып, елінің ертеңін оның егемендігінен көрді. Осы мақсатқа алашорда қозғалысы құрылып, қазақ зиялыларының көпшілігін маңына топтастырды. М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сынды қазақтың аса дарынды ақын-жазушыларымен бірге М. Әуезов те осы топта жүрді. Оның ағартушылық-демократтық бағытта жазған алғашқы мақалаларында өнер-білімге, ғылымға, кәсіпке ұмтылмай, қамсыз отырған халқының болашағына алаңдаушылық, ұйқыдағы қалыптан оятып, жақсылыққа жетелейтін дұрыс жол іздеушілік байқалады. Кейін келе жазушы публицистикасы әдебиет мәселелеріне қарай ойысты.

Заманының заңғар жазушысы, дарқан дарын иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасы аса бай. Ол көркем әдебиеттің барлық саласында дерлік қалам тербеп, көркемдігі кемел туындылар жазды. Поэзия үлгісіндегі дәстүрлі қазақ әдебиеті ХХ ғасырда М. Әуезовтің кең құлашты роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттің ақ айдынына шығып, дүние жүзіне танылды.

Мұхтар Әуезов - ең алдымен, жазушы. Жазушылық қызметінің алғашқы жылдарында жазылған “Еңлік-Кебек” драмасы мен “Қорғансыздың күні”, “Ескілік көлеңкесінде”, “Көксерек”, “Қыр әңгімелері”, “Қыр суреттері”, “Жетім”, “Қараш-қараш”, “Қаралы сұлу” т. б. сияқты қазақ даласының ұлттық тұрмыс -тіршілігін шынайы бейнелеген әңгімелері арқылы-ақ ол өзінің ұзаққа шабар зор дарын иесі екендігін танытты. Қазақ әңгімесінің деңгейін әлемдік биік дәрежеге көтерді.

Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін қозғаған көптеген әңгімелері мен повестерін, очерктерін былай қойғанның өзінде, ол - жиырмадан астам пьесаның, “Қилы заман”, “Абай”, “Абай жолы”, “Өскен өркен” сияқты романдардың авторы. М. Әуезовтің профессионалды қазақ әдебиетінің туып қалыптасуында, дамуында атқарған ролі айрықша.

Мұхтар Әуезовтің есімі қазақ халқының соңғы ғасырдағы мәдени, әдеби тарихымен тікелей байланысты. 1926 жылы қазақтың тұңғыш театры өзінің сахнасын “Еңлік-Кебек” пьесасымен ашты. Оның қаламынан туған “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”, “Қаракөз”, “Түнгі сарын”, “Айман-Шолпан”, “Қарақыпшақ Қобыланды”, “Абай” т. б. көптеген драмалық туындылары ұзақ уақыттар бойы қазақ театрларының сахнасынан түспей, негізгі репертуарын құрады. М. Әуезов пьесаларының көпшілігі қазақ театр өнерінің классикалық туындыларына айналды.

Жазушы қазақ драматургиясында төлтума туындылар жасаумен ғана тынған жоқ, сонымен бірге әлемдік әдебиеттің асылдарынан тамаша аудармалар да жасады. Ол қазақшалаған В. Шекспирдің “Отелласы” мен “Асауға тұсауы”, Н. Гогольдің “Ревизоры”, К. Треновтің “Любовь Яроваясы”, Н. Погодиннің “Ақсүйектері” - бір тілден екінші тілге тәржімалаудың тамаша үлгілері.

Мұхтар Әуезовтің шығармашылығында маңызды орын алатын шығармалардың бірі - “Қилы заман”. Ромен 1916 жылы Жетісу өңіріндегі Албан руының патша өкіметіне қарсы бағытталған халықтық бас көтеру оқиғаларына арналған. М. Әуезов өзінің бұл туындысында эпикалық баяндау тәсілін игерген кең тынысты суреткер екендігін көрсете білді. “Қилы заман” - өз елін, туған жерін сүйе біліп, халқы басынан кешірген 1916 жыл трагедиясын жан-тәнімен сезініп, терең ойға орап, сезімтал жүректің қанымен жазылған кемел көркем шығарма. Бұл кітап елінің елдігі, халқының азаттығы үшін алысып өткен, сол жолда құрбан болғандарға арнап орнатқан еңсесі биік көркем ескерткіш іспеттес.

Мұхтар Әуезов талантының барынша жарқырай бар қырымен, сыр-сымбатымен көрінген шығармасы - “Абай жолы” роман-эпопеясы. Қазақтың өткен ғасырда жасаған ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірінен жазылған төрт томдық эпопея жазушы шығармашылығының бас кітабына айналды.

М. Әуезов “Абай жолына” үлкен дайындықпен келді. Жазушы тетралогияны он бес жылға жуық уақытта жазды. Абайдың шығармашылық өмір жолын тереңдеп зерттеген көптеген ғылыми мақалалар мен монография жариялады. 1936 жылы Леонид Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясы (1939) қазақ драматургиясының үздік туындыларының біріне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
М.О.Әуезовтің тарихи көзқарастары
Әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосқан ғалымдар
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz