Мұхамеджан Тынышпаев



Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында туған. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.
Мұхамеджан студент кезінде ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде орталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Ол патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына атсалыса араласты.
1905 жылғы революциялық қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан және Жетісу қазақтарының арасында тұңғыш рет азаттық пен бостандық идеясын насихаттап, таратқан «Сын отечества», «Радикал» және «Руский Туркестан» газеттерінің тілшісі Морозовтың басшылығымен, журналист В.Жаботинскиймен Мұхамеджан бірігіп 1905 жылы автономияшыл- федералшылдардың одағын құрды. Тынышбаевтың «Руский Туркестан» газетінде «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасының қолжазбасы одақтың құрылтайында тәркіленіп, айып салынды. 1905-1906 жылдары Мұхамеджанды Верныйда тұтқындауға астыртын бұйрық берілген.
Тынышбаев 1905 жылы қарашада өткен автономияшылар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, баяндама жасайды. Онда ол «Қазақтардың жер мәселесі – сөзсіз аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды … қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, … ежелгі атақонысынан айыру … қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!» – деп өткір сөйледі. Осы кезден бастап ол қоғамдық- саяси өмірге белсене араласа бастайды. (Ескендірұлы М. «Алаш орда» министрлері.- Алматы, 2008.- 42 б.).
Институтты бітірген соң Мұхамеджан инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрлысына қызметке жіберілді.
1907 жылы ол ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Мұхамджан Орта Азия темір жолы құрлысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мұхамеджан Тынышпаев
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында туған. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір.
Мұхамеджан студент кезінде ақ қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, баспасөз беттерінде орталық билікті сынайтын мақалалар жазып, патша үкіметінің жүргізіп отырған саясатына қарсы үгіт-насихат жүргізді. Ол патша үкіметіне оппозициядағы партиялардың ұйымдастырған іс-шараларына атсалыса араласты.
1905 жылғы революциялық қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан және Жетісу қазақтарының арасында тұңғыш рет азаттық пен бостандық идеясын насихаттап, таратқан Сын отечества, Радикал және Руский Туркестан газеттерінің тілшісі Морозовтың басшылығымен, журналист В.Жаботинскиймен Мұхамеджан бірігіп 1905 жылы автономияшыл- федералшылдардың одағын құрды. Тынышбаевтың Руский Туркестан газетінде Қазақтар және азаттық қозғалысы атты баяндамасының қолжазбасы одақтың құрылтайында тәркіленіп, айып салынды. 1905-1906 жылдары Мұхамеджанды Верныйда тұтқындауға астыртын бұйрық берілген.
Тынышбаев 1905 жылы қарашада өткен автономияшылар одағы ұйымының ұйымдастыруымен өткен съезге қатысып, баяндама жасайды. Онда ол Қазақтардың жер мәселесі - сөзсіз аса маңызды... Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды ... қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, ... ежелгі атақонысынан айыру ... қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?! - деп өткір сөйледі. Осы кезден бастап ол қоғамдық- саяси өмірге белсене араласа бастайды. (Ескендірұлы М. Алаш орда министрлері.- Алматы, 2008.- 42 б.).
Институтты бітірген соң Мұхамеджан инженер-маман ретінде Орта Азия темір жолы құрлысына қызметке жіберілді.
1907 жылы ол ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан депутат болып сайланды және онда аграрлық комиссия құрамында қызмет етті. Дума таратылған соң Мұхамджан Орта Азия темір жолы құрлысына айрықша өкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысты.
Мұхамеджан Жетісу аймағындағы қазақтарды ашаршылықтан, әр түрлі апаттардан құтқару үшін материалдық көмек те ұйымдастырды. 1920 жылы 1 қазанда Ташкент қаласында ашылған Қазақ халық ағарту интитутына Тынышбаев қызметке орналасып, осы оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне көп еңбек сіңірді. Институт үшін Тынышбаев ел арасынан қаржылай көмек жинауды ұйымдастырды және осы оқу орнында білім алу үшін Сырдария мен Жетісу облыстарынан қазақ жастарын жинастырды. Тынышбаев халық ағарту институтында математика, физика, химия, түркі халықтары тарихы пәндерінен дәріс оқыды. Сонымен қатар ол ғылыми жұмыспен де белсене айналысты.
Тынышбайұлы жазған мақалалары
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған Қазақ газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің Соғысушы патшалар әскері, Сүңгуір қайық, Темір жол һәм Еуропа соғысы, Соғыс кемелері һәм мина, Барлыбек Сыртанов, Садуақас Шалымбеков т.б. мақалалары жарық көреді.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол Қазақ тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. тынышпаевтың еңбектері- қазақ тарихының деректері
Қазақстандағы XX ғасырдағы ұлттық идеяның және ұлттық мемлекеттіліктің дамуы
Қазақ газеті - Алаш партиясының жаршысы
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
Тынышбаев Мұхаммеджан
Түркістан Республикасы үкіметінің қазақ халық ағарту институтын ұйымдастыру шаралары
Бақытжан Қаратаев – алғашқы заңгер, депутат және комиссар
Халел Досмұхамедұлы – мұрат ақын шығармаларын жинаушы һәм зерттеуші
Бақытжан Қаратевтың қоғамдық-саяси қызметі
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы
Пәндер