Металдар мен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру


Кіріспе:
Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний,
фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау. [1] Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл элемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV-VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш - фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға да тән.
2. 1. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орны және электрондық құрылысы,
Нағыз бейметалдар негізгі топшалардың элементтері болады, сыртқы электрондық қабаттары аяқталуға жақын жөне атомдық радиустары кіші болып келеді. Сондықтан олар сыртқы қабатына электрон қабылдауға бейім келеді. Бұл қасиеттері периодтарда солдан оңға қарай, ал топтарда төменнен жоғары қарай артады. Электрондарды оңай қосып алып, олар негізінен тотықтырғыштық (т-т-ш) қасиет көрсетеді.
Бейметалдар өр түрлі агрегаттық күйде кездеседі. Күкірт, фосфор, кеміртек қатты күйде болады. Олардың кристалдық торларының түйіндерінде атомдар орналасқан.
Ал молекулалық кристалдық торлы заттар газ күйінде жүреді, мысалы, 0
2
, Н
2
, N
2
, Сl
2
, т. б. Бейметалдар жылу мен токты өткізбейді, суда нашар ериді. Олардың кейбіреулері бос күйінде кездеседі (S, 0
2
, Н
2
, т. б. ), ал көпшілігі қосылыстар күйінде жүреді.
Көміртек байланысқан күйінде мұнайда, тас көмірде, табиғи жәнө мұнайға серік газдардың құрамында болады. Оның бос күйіндегі жай заттары алмаз, графит жөнө карбин. Көмірдің қоры Екібастұз, Қарағанды көмір бассейндерінде көптеп кездеседі, сол жерлерде өндірістік көлемде алынады
2. 2. Металдардың жалпы қасиеттері. Металдар мен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Элементтер сырқы белгілері мен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Олардың маңызды сипаттамаларын қарастырайық.
Адамдар ертеден металдарға иілгіштік, созылғыштық, металдық жылтыр, жылу өткізгіштік және т. б. белгілі бір қасиеттер тән екенін байқаған. Бұл жалпы және ерекше белгілері металдардың барлық класын сипаттады. Қорыта келе «метал» түсінігі тұжырымдалды. Бұл түсінікке қарама-қарсы «бейметал» түсінігі пайда болды.
Бейметалдар металдардан физикалық, химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді. Сондай-ақ бұл элементтердің оттекпен, сутекпен қосылыстары және олардың гидроксидтері де әр түрлі.
Заттың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына тәуелді екені белгілі. Металдар мен бейметалдардың атомдары - сыртқы электрондық қабаттарының құрылысымен, валенттік электрондар санымен ерекшеленеді: олардың атомдарынан түзілген кристалдарының құрылысы да әр түрлі.
Қазіргі уақытта металдарға жататын 87 және инетті газдарды қоса алғанда 22 элемент бейметалдар бар екені белгілі.
Бейметалдар периодтық жүйенің оң бөлігінде топтасқан, кестедегі олардың орнын бор - кремний - мышьяк - теллур - астат элементтерінен тұратын диагональ бөліп көрсетіп тұр. Осы диагональдің сол жағынан төменгі орындарды алған барлық элементтер - металдарға жатады. Осы диагональға жақын орналасқан элементтер (Ве, Аl, Ti, Ge және басқалар) екідайлы болып табылады.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде бейметалдар, металдар мен екідайлы элементтерден кейін келетіндіктен, әрбір периодтың соңына жақын орналасқан. Бейметалдардың саны IV топтан VII топқа қарай артады. IV топта 2 (көміртек және кремний), V - 3 ( азот, фосфор, мышьяк), VI - 4 (оттек, күкірт, селен, теллур), VII - 4 бейметал (фтор, хлор, бром, йод) бар. Бірақ мышьяк, теллур, астатты типтік бейметалдар деп есептеуге болмайды, олар металдарға ұқсас. Барлық бейметалдар - p - элементтер.
Металдар периодтың басында және ортасында тұр, сондықтан олардың атомдарының радиустары салыстырмалы түрде алғанда үлкендеу. Атом құрылысының ерекшеліктері, бұл элементтердің металдарға жататынын айқындайды.
Бейметалдар сыртқы электрондық қабатында 3-тен (борда) 7- ге дейін электрондар болуымен сипатталады. Атомдардың сыртқы электрондарының саны неғұрлым көбірек және радиусы кішірек болса, соғұрлым бейметалдық қасиеттері айқынырақ көрінеді. Ең белсенді бейметалдар -галогендер мен оттек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz