Металдар жайлы


Жоспары:
Кіріспе:
2. 1. Металдардың жіктелуі
2. 2. Металдардың химиялық қасиеттері
2. 3. Металдарды алу әдістері
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер:
Кіріспе:
Металдар - Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т. б. ) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі - қола.
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0, 01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т. б. ) жасауда, т. б. кеңінен қолданылады.
2. 1. Металдардың жіктелуі
1. Сілтілік металдар:
o Литий o Натрий
o Калий o Рубидий
o Цезий o Франций
2. Сітілік-жер металдар:
o Магний o Кальций
o Стронций o Барий
o Радий
3. Амфотерлі (екідайлы) металдар:
o Алюминий o Галлий
o Қорғасын o Қалайы
o Бериллий o Мырыш
4. Бағалы металдар:
o Рутений o Родий
o Палладий o Осмий
o Иридий o Платина
2. 2. Металдардың химиялық қасиеттері
Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:
Жай заттармен:
1. 2Mg + 0 2 = 2MgO + Q жану реакциясы
2. Fe + S = FeS темір (II) сульфиді
3. Са + Сl 2 = СаСl 2 кальций хлориді
Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.
Күрделі заттармен:
Сілтілік және сілтілік жер металдар сумен куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.
2Na + 2Н 2 O = 2NaOH + Н 2 ↑
Металдар қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде түзілетін өнімнің табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді
Zn + H 2 SO 4 (сұйык) = ZnSO 4 + Н 2
Zn + 2H 2 SO 4 (конц. ) = ZnSO 4 + SO 2 ↑ + 2H 2 O
4Mg + 10HNO 3 (сұйық) = 4Mg(NO 3 ) 2 + NH 4 NO 3 + 3H 2 O
Ag + 2HNO 3 (конц. ) = AgNO 3 + NO 2 ↑ + H 2 O
Металдар тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
Cu + Hg (NO 3 ) 2 = Cu (NO 3 ) 2 +Hg
Zn + CuSO 4 = ZnSO 4 + Cu
2Mg + TiCl 4 = 2MgCl 2 + Ti
Металдар оксидтермен әрекеттеседі:
2Al + Fe 2 O 3 = Al 2 O 3 + 2Fe
Mg + CO 2 =MgO + CO
Металдар органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:
Na + C 2 H 5 OH = C 2 H 5 ONa + 0, 5H 2
2Na + CH 3 Cl = C 2 H 6 + 2NaCl
2. 3. Металдарды алу әдістері
Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.
Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі - олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.
Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.
· Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;
· Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ) ;
· Мn - Қаражал, Жезді;
· Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;
· Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;
· Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов, Сарыбай, Лисаковск;
· W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы) ;
· Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;
· Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.
Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:
1. пирометаллургия,
2. гидрометаллургия,
3. электрометаллургия.
Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.
Қорытынды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz