Естің түрлері: Иконикалық, эхоистік ес. Қысқа мерзімді ес. Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес. Сана және қысқа мерзімді ес



Ес— адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);
2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).
Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2-ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006.
2. Жарықбаев, О.Саңғылбаев. Психология. Энциклопедиялық сөдік ,-Алматы, 2011
3. Ю.Б. Гиппенрейтер и В.Я. Романова. Психология памяти / Под ред. – М., 2002.
4. Р.С.Немов. Общая психология. –Питер, 2007.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Естің түрлері: Иконикалық, эхоистік ес. Қысқа мерзімді ес. Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес. Сана және қысқа мерзімді ес.

Орындаған: Маликрамова А.Р.
Тобы: ПХ-415
Тексерген: Едигенова А.Ж.

Семей қаласы
2015
Ес -- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс -- сары);
2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ -- қара; ұзын -- қысқа).

Естің физиологиялық сипатын орыс физиологы И.П. Павлов зерттеді. Ол ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп атады.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2-ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
I. Психикалық белсенділікке қарай.
а)Қозғалыс есі деп - еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, "алтын қолдар" жатады.
Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді. Бірақ оның әрбір адамда байқалуы әр түрлі іске асады. Осы дара айырмашылықтар екі жағдайға байланысты:
1) ағзаның туа біткен дене ерекшеліктеріне байланысты;
2) қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда дұрыс үйренудің, жаттығулардың дәрежесіне байланысты.

Дара ерекшеліктерінің нәтижесінде (туа біткен және өмірде қалыптасқан) әрбір адам жүруде, жазуда, еңбекте, ойында, спортта және т.б. қозғалыстардың өзіндік қарқынын, стилін меңгереді.
Қозғалыс есі генетикалық тұрғыдан (өзінің пайда болу жағынан) естің басқа түрлерінен бұрын келеді. Балада қозғалыс есінің алғашқы байқалуы өмірінің алғашқы айына жатады. Алғашқыда балалар қарапайым қозғалыстардың тар шеңберін меңгереді. Содан кейін, қозғалыстарды есте қалдыру және қайта жаңғырту жағымды түрде кеңейе түседі, өте күрделі қозғалыстарды қамтиды.
б)Сезімдік ес - бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады. Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді. Бастан кешкен және есте сақталған сезімдер қозғаушы күш ретінде белгілі бір әрекетті орындауға итермелейді. Қайта жаңғыртылған сезімдер алғашқы сезімдерден күші жағынан және сипатына, мазмұнына қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Өмірлік деректерді мысал ретінде келтіруге болады. Мәселен, өте күшті және терең қайғы, күшті қуаныш біздің есімізде уақыт өте әлсіздене түседі.
Бұрын бастан кешкен сезімді қайта жаңғырту белгілі бір жағдайда мүмкін. Осындай жағдайлар қайталап қабылдау немесе өткенмен байланысты оқиғаны еске алу.

в)Бейнелі ес -- заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады).
Бейнелік естің жоғары дамуы көркем өнер мамандықтарының адамдарында жиі кездеседі: суретшілерде, музыканттарда, жазушыларда.
Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық ес деп атайды. (эйдос -- грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).

г)Сөздік-логикалық ес -- бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Естің түрлері.иконикалық ,эхоистік ес.қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі.ұзақ мерзімді ес.сана және қысқа мерзімді ес
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Антикалық, Шетел және Ресей психологиясындағы ес мәселесі
Эббингауз заңы уйрету және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.Эббингауздың ұмыту қисығы және оның модификациясы
Ес және іс-әрекет
Естің түрлері.Қысқа мерзімді ес.Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі.Ұзақ мерзімді ес.Сана және қысқа мерзімді ес
Адамның есі мнемикалық процесс пен әрекет жүйесі ретінде
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы
Ес туралы жалпы ұғым
Пәндер