Аңшылық-шаруашылықтағы құрал-жабдықтар
Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты – аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
CӨЖ
Тақырыбы: Аңшылық-шаруашылықтағы құрал-жабдықтар
Тексерген: Айтқалиев Б.М
Орындаған:Байболат А.Б
Семей 2015
Аңшылық - түз жануарларын аулау кәсібі.
Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар - аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми болып бөлінеді. Кәсіптік аңшылықтың мақсаты - аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдерін алу. Өнімнің сапасы аңның түлеуіне, балалау мерзіміне байланысты белгіленеді. Спорттық-әуесқойлық аңшылық аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат саясында дем алу. Әуесқой аңшыға мемлекет тарапынан шек қойылады. Ғылыми аңшылықтың құрамына: аң шаруашылығының экономикасы, кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, олардың сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімді арттыру және сапасын жақсарту, аң аулау әдістерін, құралдарын жетілдіру мәселелері жатады.
Тарихы
Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа қашалған аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті. Аңшылық - адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсуі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар Құдайдың малы, қоңыр аң деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді. Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, құмай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар. Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды. Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл - салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп. Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін өнер, әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы еркелері - салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым-тыйымдар жұқанасы (реликтері) күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді. Құсбегілікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше тұз тағысын қолға үйретіп (дрессировка) жуасыту арқылы бейне бір құс тілін білетін орнитолог-этолог мамандай немесе цирк өнерпазындай тұз тағысына өз "әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға ғанибет, саятта қүсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс. Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен ләззат.
Саятқа топ-тобымен шыққан жұрт бұл тамаша көріністің куәсі ғана болып қоймай, оған өзінің сақадай-сай әзірлігін сынайды. Өйткені жылы киім, дұрыс қайырылып үйретілген құс, тазының ұшқырлығы, бапты ат, мықты денсаулық бәрі-бәрі саятта сыналады. Сондай-ақ серуендеген серілер ақ қар, көк мұз аязды шақта табиғаттың екінің бірі бажайлай бермейтін қыр-сырына тереңірек үңіле түседі...
Дегенмен, қазірге дейін мәлім болғандай сұңқаршылыққа қатысты дерек бағзы дәуірдегі мысырлықтарға барып тіреледі. Көне Мысырдың XVIII династиясы дәуірінде, яғни б.д.д. 1580-1350 жылдары жазылған магиялық мәтіндер арасындағы бір кестеде басына томағаға ұқсас "бірдеңе" кигізілген, тұғырға ұқсас бөрене үстінде отырған, қарақұйрық жотасына "қонған" бірқатар сұңқардың бірнеше бейнесі салынған. Мысырлықтарда сұңқар патшалық биліктің рәмізі, Хорус құдайының бейнесі, иероглиф таңбасы орнына жүрді. Түркия жеріндегі Богазқап қалашығы қиратындылары арасынан саздан жасалған барельефте бірі қолына сұңқар ұстаған (балақбау тәрізді бауы төмен салбыраған) қолдарына шабатын қару ұстаған екі жігіт бейнеленген. Ескерткіш б.з.д. XIII ғасырдікі, хеттер мәдениетінікі, сұңқаршылықтың 3300 жылдықтарихын көрсетеді. Ал Саргон ІІ патша заманындағы (б.з.д. 722-705 жылдары) Ассирия барельефінде осыған ұқсас деректер бейнеленген ескерткіш Лувр музейінде сақтаулы. Бұлардан шығатын қорытынды сұңқаршылықтың ежелгі мекені туралы мағлұмат береді.
Адамзат тарихындағы аңшы құстарға қатысты заттық айғақ б.з.д. 2400 жыл бұрын Месопотамия жерінен Нойон ула тауынан табылған атақты ғұн қазынасы арасындағы кілем, сырмақтарда тауешкіге түсіп жатқан жыртқыш аңның айқасы, Есіктегі сақ обасынан табылған Алтын адам қазынасының жәдігерлерінде дәл сондай көріністі бейнелеген алтын тоға - Орта Азиялықтарда аушы құс культінің аса көнеден келе жатқандығының айғағы. Ертедегі қазақтар тұлпарды ғана емес, сонымен бірге құсты да кие тұтып, мәйітпен бірге жерлейтін болған.
Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері орта ғасырда адам мүрдесімен бірге қыран бүркітті қоса жерлегендігін келтіріп отыр. Айталық, Атырау облысы Құлсары кентінің солтүстік шығысындағы атақты Бекет Ата - Ақмешіт культтік-жерлеу кешенінен алты шақырым жердегі Аралтөбе қорымындағы үш -қорғанның (II) бірінен еркек пен әйел мүрдесімен аң стилінде жасалған алтын бұйымдар, бүркіт пен протомалары бірге жерленген). Үш бөліктен тұратын кеңістікке киелі құс бүркіт адам жанын көкке алып шығады деген танымнан туған. Шығыс Қазақстан облысындағы Маңырақ, Тарбағатай арасындағы Шілікті жазығындағы ерте темір дәуіріне жататын аттас қорғандарынан табылған алтын әшекейлер арасынан бастары артқа қайырылған шеңгелі мен жанары перуза тастармен көмкерілген 36 дана жыртқыш құс (бәлкім бүркіт) кескініндегі құйма алтын қапсырмалары ұшырасады. Ал Алтайдағы әйгілі Берел қорымында жерленген көсемнің табытының төрт бұрышында мүрдені күзететін грифон бейнесі ертедегі далалықтар өмірінде жыртқыш құсқа қатысты танымның (бәлкім олардың өмірінде құсбегіліктің) қаншалықты маңызды болғандығын аңғартады". Өскемен қаласынан қырық шақырымда Құрық, қорганының (б.д.д. IV -- II ғғ.) бірінен мәйітпен бірге жерленген 4 бүркіт қаңқасының табылуы, атақты Есік Алтын адамының бас киіміндегі стильденген құс бейнелі фигуралар тәрізді көне археологиялық жәдігерлердің көптеп ұшырасуы - жыртқыш құстардың қазақ жеріндегі тарихи тамырының тереңге жайылғандығын көрсетеді...
Бұл қазақтарда қыран құс культінің ерекше дамығандығының көрінісі. Мұндай культтің жоғары деңгейін қазақ мемлекет тілігінің рәміздерінде және халық санасында, ауыз әдебиет пен тілдік деректерде өміршеңдікпен жалғасқандығынан байқауға болады. Шығыс халықтарының аңыз-ертегілерінде феникс, грифон, сенмурв, самұрық, шойынқара т.б. ертегілік арыстан денелі, бүркіт басты алып құбыжықтар туралы мәліметтер жиі кездесіп жатады. V ғасырда Сасанид патшасы V Баһрам Гурдің ермегі сұңқармен аң аулау болғандығын және қытайлықтардың оған сұңқарды сыйға тартқандығын жазады. Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қару-жарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген. Ежелгі Қытайда да сұңқаршылық екі мың жылдық тарихы бар дегенімен бұлтартпас айғақ VI ғасырдың еншісінде. Лианг әулеті (502-557 жылдары) заманында мұрагердің бірі тазымен бірге үйретілген сұңқарды қырғауылға салған деген. Осындай деректер ежелгі Эллада, Үнді, Парсы жұрттары көптеп кездеседі. Тіптен 720 жылдары аяқталған жапон жылнамасы "Нихон Шохи" императордың сұңқар ұстағаны туралы баяндайды. Ал батыс елдеріндегі құсбегілік туралы мәлімет эпикалық "Нибелунга туралы жырда" Кримгильд патшайымның сүйікті сұңқарын басқа екі су бүркіт өлтіріп тастағаны айтылса, Сигурд жырында екі ақсұңқардың тырнаға жарысып түскенін жазады. Екі дерек те ғұндардың Бургундиялықтарды жаулап алған кезіне дөп келеді. Батыс ғұндарының қолбасшысы Еділдің (Атилла) Еуропаға жасаған жойқын жорықтарында қолданған қаружарақтар мен қалқан бетінде хандық белгі (таңба) ретінде ақсұңқар бейнеленген. Немістердің заң жинағында ұядан өз бетімен балапан алса, құсты ұрласа үлкен айыппұл салынады делінген. Тіптен аушы құс ұя салған ағаш арнайы таңбаланған. VI-VIII ғасырлар тазы мен құс, оның құрал-жабдық, киімдері немістердің ажырамас атрибутына айналған. Құс бейнесі көне түркі дәуіріндегі ескерткіштер, тас мүсіндерде молынан көрініс тапқан. Айталық:
1. Күлтегіннің бас тас мүсініндегі құс бейнесі.
2. Күлтегін, Білге қаған ескерткіш кешені маңындағы тас қорғанындағы құс бейнесі.
3. Алтын тамған тархан бітіктасындағы құс бейнесі.
4. Күлі-чүр ескерткіш кешені тас қоршауындағы құс бейнесі.
5. Жетісу тас мүсініндегі құс бейнесі және т.б. жүздеген деректерді келтіруге болады.
Көне түрік таным түсінік Тәңірлік ұғым бойынша құс көктің иесі, аспанның киесі, жоғарғы әлемнің елшісі, қанаттылардың төресі саналады. Аталған құс бейнелерін зерттеушілер бүркіт, көгершін, самұрық тәрізді деп жорамалдайды. Демек, байырғы түріктердегі таным-түсінік бойынша төрелік билік мәңгілік көк аспаннан жаратылады. Ал Тәңір жарылқаушының киесі де, иесі де құс деп таныды. Соның ішінде қыран құстың қырағылығы мен алғырлығына ерекше қастерлеп, биліктің рәмізі ретінде көшпелілер ту-байрақтарын да қыран құстардың бейнесімен әшекейлеген. Түркі халықтарында саятқа салатын құстарды аушы (аңшы, аң алатын) құс немесе қысқартып құс деп атайды. Атаудың ілкі тұлғасы баба түрік тіліндегі qut құт болып, одан тілдік даму заңдылығымен құт qus құс болып өрбіді деуге саяды. Құт тұлғасы құс, құр, қыр+ғи, құз+ғын, қаз, сұң+қар, кезқұйрық т.б. атаулардағы ұқсас құрылымдармен түбірлес, тектес осы семантикалық өрісіне құс, қос, қыз, қыр+қын т.б. сөздері де төркіндес. Басқаша айтқанда осы атаулардың морфемалық мағынасы екі, қос, жұп қанатты, қос қанатты дегенді білдіреді. Қыр+ан, қыр+ғи, қар(а)+ға, қар+ға, қар+шыға, қар+лығаш, қыр+ғауыл, сұң+қар деген атауларындағы қар, қыр тұлғалары да осы құт, құс түбірлерімен бір желілес, ұқсас дүниелер. Әбілғазы Баһадүрханның Шежіре-и Түрк еңбегінде Оғұз қаған аңызына байланысты оның 24 ұл немересінің құстары, таңбалары жайлы да осы құт, құс танымымен сабақтастырып айтуға болады. Мысалы, шежіреде аталатын құстардың атауы: сұңқар, күйгенек, көбек сары, тұрымтай, қыр+ғұ, қыз+ыл қар+жығай, көж+ген, жере лажын, сарыша, баһари (қарға), су бүр+кіт, ала тұғанақ, бұғдайнақ, құмай, енчары, йағалбай, біқұ, қар+шығай, ителгұ, тұйғұн, чере қар+чығай*. Махмұт Қашғаридың Түрік тілдерінің жинағы (Диуани-лұғат-ат-Түрік) сөздігінде ым білсе ер өлмес деген сөз бар. Мұның себебін, М.Қашғари былай түсіндіреді. Ордадағы қолбасшылардың жауынгерлігіне жасырын ым белгілері (пароль) ретінде қару-жарақ немесе құс аттары(!) қолданылады. Егер түнде екі жауынгер кездесе қалса бір-біріне сол ым-белгіні сұрасады. Ым біліссе өз адамы деп жолымен жүре береді... VI-XI ғасырларда оғыздардың және IX ғасырда Моңғолия, Қытай ортағасырлық Орта Азия аумағында халықтар құсбегілікпен айналысқаны бізге тарихтан белгілі. X ғасырда селжүктерде көптеген құсбегілердің болуы және селжүк әулетінен шыққан бір көсемнің Тоғрұл есімді (Тоғрұл мағынасы Алтай сұңқары дегенді білдіреді) болуы құсбегіліктің селжүктер кезеңінде де маңызы арта түскендігін байқатады. Ал сол әулеттің 1194 жылы қайтыс болған Тұйғыншах атты билеу шісінің де есімі құсбегілікке қатысты ұғымнан туған, яки ақ қаршыға деген мағынаны береді. Кіші Азияны иеленген селжүк, оғыз, қыпшақ бектері мен бағыландары Босфор бұғазында қаршыға, сұңқарларды теңіз жағасындағы су құстарына салып, олардың қырғидай тиген көрінісін тамашалайтындықтары туралы деректер көнеден жеткен. 1032-1083 жылдар аралығында жазылған Қабуснаме еңбегінің бір тарауында құсбегілік туралы егжей-тегжейлі жазылған мәлімет бар. Онда ақсүйек, хандардың асыл тұқымды атқа мініп, қолына сұңқар ұстап, саятшылық құрып, қабыланмен аң аулауы туралы баяндалады. Мұндай өнер тек ақсүйектердің ғана кәсібі болған, ал қарапайым адамдарға онымен айналысуға рұқсат берілмейтіні жазылған.
Көз тойғысыз қызығы мол құсбегілік өнер сол кездегі хан, патшалардың сән-салтанатына айналған еді. Әлемді дүр сілкіндірген әмірші Шыңғыс хан сұңқар салғандығы туралы парсы жылнамашысы Ата Малик Жувейни жазады. Оның тұстасы Керей Тұғырыл хан, Шыңғыс мұрагерінің бірі Құбылай хан, сондай-ақ Әмір Темір сияқты адамзат тарихындағы атақты тұлғалардың сүйікті ермегі, пір тұтқан киесі құс салу болғандығын тарихи жазбаларда хатталған. Шыңғыс ханның құсбегілік өнерді жоғары бағалағаны соншалық, ол бұл өнерді мемлекет деңгейіне дейін көтерген болатын. Қызықты да тамаша құсбегілік өнері моңғолдардың Орта Азияға жасаған шапқыншылығы кезінде әскери жаттығудың ең маңызды мәртебесіне ие болды. Қағанға қыран құстар, соның ішінде ақсұңқарлар көбінесе сый ретінде келіп отыратын болса, кейбір сұңқарлар салық ретінде алынатын. Орта ғасырда құсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дами берді. Себебі ең алдымен, саятшылық көшпенділер үшін тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген; сондай-ақ ол әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Марко Поло хан ордасында қыран құстардың көптігі және олардың барлығы құсбегілікке қолданылатындығы жайлы қызықты күнделіктер жазған. Гильом де Рубруктың 1253-1255 жылдары саяхат күнделігінде "Оларда (көшпенділерде) ителгі және сұңқар құстары өте көп. Олар құстарын оң қолдарына отырғызады және сұңқарлардың мойындарында құс кеудесінің ортасына дейін салбырап тұратын жіңішке қайыс тағады", - деп жазады. Күйік ханның ордасында 4 айға жуық өмір сүрген, табиғат аясында құсбегілік өнерінің қызықты сәттерінің куәсі болған жиһанкез Марко Поло жазбасы өте қызық. Ұлы ханның Баян және Минган атты екі ағайын бектерін жергілікті халық Куничи деп атайды. Себебі олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқаратын. Минган басқарған 10 мың адам қызыл, Баян басқарған 10 мың адам көк түсті киім киіп ханмен бірге саятқа шығады. Бөлінген 10 мыңдықтың 2 мың адамының әрқайсысы көп тазы мен төбет иттер жетектеген. Екіге бөлінген аңшы-құсбегілер күншілік жерді шеңбер тәрізді етіп қоршап, аң-құстарын үркітіп қыспаққа алады. Дәл осы сәтте аңшылардың да, иттердің де өте шеберлігін көру тамаша көрініс еді...
Тобымен саят құру - салбурын аталатын бұл оқиғаны жиһанкез автор ары қарай былай өрбітеді:" Ұлы хан өз ордасындa үш ай болып наурыз айында ол нөкерлерімен екі күншілік жерге аттанады. Ол өзімен бірге 10 мың құсбегісін және 500 ақсұңқарын алып жүреді. Әр жерге бір-екіден аралары алшақ тұрған құсбегі мен тосқауылшыларда құс шақыратын ысқырық және түрлі үлгіде тігілген томағалар бар. Ал ұлы хан қолынан ақсұңқарын ұшырған кезде тосқауылда тұрған құсбегілер сұңқардың қай жерге олжасын алып түсетінін бақылап тұрады.
Алты мың сұңқаршысы болған Түрік сұлтаны I Баязид (1354-1403) тәрізді болуға өз заманының тұстастары тек армандаған деседі. Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Темір әулетінің ұрпағы Захир-ад-дин Мұхаммед Бабыр (1483-1530). Бабырнама еңбегінде: Жұт жылы азық-түліктен тарықпайтындай, ал жау қоршауда ұстаған жағдайда аштықтан әлсіремейтіндей жерде болуымыз оңды деген мақсатпен Рабатек-и Урчини ауданында қыстағаны айтылады. Бұл өлке аң аулауға таптырмайтын жер. Айламыш өзенінің маңындағыну толған бұғы, марал, қабан шошқа; қамысы сиректеу жерінде қырғауыл, қоян жыртылып айырылады. Қыс бойы екі-үш күнде бір рет аң аулауға шығып тұрады. Қалың жынысты өртеп бұғы, марал ауласақ, қамысты жерден киік аулап, құс ұшырып, қырғауылға қаршыға салдырдық. Мұнда қырғауылдың көптігі соншалық, осында қыстаған жылы қырғауылдың етіне қарық болдық, -- деп жазған. Мұнан құсбегіліктің қоғамдық маңызының нендей дәрежеде болғандығын болжаймыз. Сондай-ақ осы еңбектің Кабул атты екінші бөлімінің Сұлтан Құсайын мырзаның әкімдері деп аталатын тақырыбында былай деп жазады: Мұхаммед Бұрындық білгір, ұлы басшы бол атын. Ол қыран құс салуға құмар еді. Егер қырандарының бірі жоғалып, немесе өліп қалса, Мұхаммед Бұрындық мырза ұлдарын ауызға алып: Қыранжоғалғанша, қыршындардың неге желкесі үзілмейді деп қарғанатын. Сұлтан Құсайын мырзаның Хасан Әли Жалайыр деген әкімі де болды. Оның шын аты-жөні Құсайын Жалайыр, бірақ жұртқа Хасан Әли деген есіммен көбірек танымалды. Оның әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза қамқорлық көрсетіп, бек дәрежесін берді, содан кейін Жәдігер Мұхаммед Гератты алған кезде Әли Жалайырдан жоғары адам жоқты. Хасан Әли Жалайыр құсбегі, әрі ақын еді. Өлеңді жазғанда Тахаллус Туфеил тәсілін пайдаланатын, - деп жазды. Мұндағы Жалайыр (Жалайыр Шора) қазақ құсбегілерінің пірі екендігі тарихи сабақтастықты аңғартады. Орта ғасырдан бастап шарықтау шегіне жеткен сұңқаршылық туралы Генрих IV патшаның ұлы Фридрих II Гогенштауфен (1195-1250) "Die Arte Venandi Cum Avibus" (Сұңқармен аң аулау өнері) атты көлемді еңбек жазған. 30 жыл бойы автор аса құнды деректермен мәселені егжей-тегжейлі жазған еңбек XVIII ғасырда баспадан шыққан 6 бөлімнен тұратын кітап антикалық дәуірден бергі аушы құстарға, құсбегілікке қатысты мәліметті өз тәжірибесімен сараптай отырып жазған көлемді еңбек. Ағылшындарда аушы құспен шұғылдануға көп шектеу болмаған әр, адам өз еркінше шұғылданған. 1486 жылы хатқа түскен "Қасиетті періні үйрету" деген еңбекте тоғыз түрлі құсты атап, онымен қандай әлеуметтік топ шұғылдануға болатындығын былай келтіреді: императорға бүркіт, корольге ақсұңқар, принц пен графқа лашын, рыцарға ителгі, әйелге тұрымтай, бозбалаға жағалтай, шаруа мен діндарға қырғи дейді...Атақты Шекспир сұңқаршылықты ұнатса, француз королі XIII Людовиктің 99 құсы болған екен. Сұңқар, бүркіт салудың Орта Азияда пайда болып, әлемнің басқа өңіріне - Еуропаға, Азияға таралғандығын әлем зерттеушілері бір ауыздан мойындайды. Бұл өнерді Еуропаға Азиядан барған жұрт мадиярлар (венгрлердің) өзімен бірге ала барып, дамытып қана қоймай күні бүгінге дейін ардақтап келеді... Қазақ хандығы дәуірінде аң-құсқа бай Ібір-Сібір өлкесі мен қазақ даласы әлемдегі саят ісін жабдықтайтын қазыналы өңірге айналған. Онда өсірілген бапталып қайырылған қыран құстар қолдан-қолға өтіп Хорезм мен Иранға кетеді, орыс князьдері мен батыс бекзадаларына жетеді.
Көне Русияда Киевте алғашқы сұңқар үйі IX ғасыр соңында дүниеге келген. Князь Олег, Ізбасары Игорь Рюрикович, оның ұлы Святослав барлығы мықты құсбегілер болған. Ярослав Мудрый (1019-1054 жылдары билеген) құсбегілік туралы заң қарарлар қабылдады... Қыпшақтар тұсында күшейе түскен сұңқаршылықты дамыту үшін 1318 жылы Мәскеу төңірегінде сұңқар бекеті ұйымдастырылған. Оның бүгінгі ізі Сокольник аталатын аумақ баршаға таныс. Құсбегіліктің дипломатия өмірінде жоғары маңызға ие болғаны соншалық, Мәскеу князьдері мен бекзадалары жақсы үйретілген құсты Еуропа патшалары мен шығыстың бекзадаларына тарту ретінде жіберіп тұрған. Тіптен патша құсханасынан тыс жерде құс қайырып, саятқа шыққан адам өлім жазасына кесілсін деген жарлық та шыққан екен. Еуропада үлкен қызығушылыққа ие болған құсбегілік өнер аристократтардың ермегі орнында жүргенімен жалпы-халықтық қолдауға ие болып, XVI ғасырда шарықтау шегіне жетті дейді венгр ғалымы Ласло Дьюла. XX ғасырда адамзаттың технократтық өркениеті мен ату қару түрінің көптеп өндірілуі және жалпы адамзат санасының қатыгезденуі салдарынан көптеген құстармен бірге жыртқыш, аушы құстар оққа ұшып, олардың қатары сиреп кетті. Бұл тенденцияны экологиялық факторлар мен табиғатты игеру, қалалану (урбанизация) үрдісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz