Ойын арқылы оқыту технологиясы


Ойын арқылы оқыту технологиясы
Педагогикалық технология -адами және техникалық ресурстарды пайдалана отырып, оқыту және тәрбие процесін жүйелі түрде жоспарлау, қолдану және бағалау әдістері. Педагогикалық технология нәтижесі белгіленген мақсаттың жетістігіне кепілдік беретін деңдейде оқыту мен тәрбиелеу процесін құру, ұйымдастыру. Педагогикалық технологиялардың бірі-ойын технологиясы.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ертеде гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
«Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ойды ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. »
В. А. Сухомлинский
Ойын дегеніміз- түрткілердің бірлігімен ұйымдасқан, ойластырылған әрекеттердің жиынтығы. Мәселен, С. Л. Рубинштейннің айтуынша, ойын-іс-әрекеттің туындысы, ол арқылы адам дүниені өзгертеді . Ойын - ақылды, ойды, тапқырлықты, алғырлықты дамытады. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ол белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірілмейтіндей бір-бірімен жымдасып, астарласып жатуы тиіс.
Педагогикалық ойындардың жай ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады, » - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойын технологиясы:
- Ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді дамытады, дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырады, сезімді шыңдайды;
- Ерік пен мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;
- Пәнге қызығушылықтары артады;
- Ойлау қабілеттерін дамытады;
- Топпен жұмыс жасауға бейімделеді.
- Ұлттық ойын салт-дәстүрді білуге тәрбиелейді;
Дұрыс нәтижеге жету үшін ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою, қауіпсіздік техникасын сақтау;
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру;
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу;
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу;
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану;
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу;
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойын арқылы оқушы меңгереді:
- Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін;
- Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге;
- Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білу;
- Оқушылар үшін психологиялық жағымды;
- Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
- Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы - сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын.
Әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы.
Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7. Ойынның түзету функциясы.
Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы.
Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Ойынның түрлері:
- Іскерлік ойындар
- Ұлттық ойындар
- Дидактикалық ойындар
Іскерлік ойындар
Түрлері: рөлдік, операциялық, ұжымдық-іскерлік ойындар.
Негізгі ерекшеліктері:
- Шешімін күтетін мәселелердің болуы;
- Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу;
- Ортақ мақсаттарының болуы;
- Шешімдердің көп нұсқалығы;
- Ойын соңында талдау жасау;
- Қатысушылардың жоғары эмоциялық күйі.
Ұлттық ойындар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz