Жаңа педагогикалық технологияның ұғымы, мақсаты және мазмұндық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы «Білім және Ғылым министрлігі»

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО№1

Тақырыбы : Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері.

Тексерген: Дүйсембекова Шолпан

Тобы: П-305

Орындаған: Табылғазы Назерке

Семей 2015жыл

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады:техне - өнер, шеберлік және логос - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан технология терминін қазақ тіліне өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым деп аударуға болады.

Технология - қызмет тәсілдері мен сол қызметке тұлғаның қалай қатысатындығын білдіреді. Кез келген қызмет технология немесе өнер болуы мүмкін. Өнер интуицияға, ал технология ғылымға негізделген. Барлық процесс өнерден басталып, технологиямен аяқталуы керек. Қазіргі кездегі жаңа білім технологиялары жаңа білім парадигмасын іске асыратын білім беру тәсілі ретінде қарастырылады. Білім технологияларының даму тенденциялары тікелей тұлғаны өзіндік актуализациялауға және іске асыруға мүмкіндік жасайтын білім гуманизациясымен байланысты. Білім технологиясы кең мағынаға ие. Себебі ол оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамыту және де құрумен байланысты тәрбиелік аспектіні білдіреді. Жалпы, технология - бұл терең ойластырылған жүйе, ол мақсаттың қалай және қандай жолмен іске асырылатындығын көрсетеді.

Ғылыми және әдістемелік әдебиеттердің ішіндегі технология анықтамасының кейбір нұсқалары мыналар:

  • Тәжірибелік мақсатқа жетудегі технологиялық әдіс;
  • Адам өміріне қажетті заттарды алу үшін қолданылатын тәсілдер;
  • Адамзат әрекеттерін ұйымдастыруға жинақталған әдіс - тәсілдер;
  • Адамның іс-әрекеттерін модельдеу үшін қолданылатын тәсілдер.

Оқытуды технологияландыру мәселесін 17ғасырда Ян Амос Коменский қозғаған. Оқытуды механикаландырып, міндетті түрде дұрыс нәтижеге алып келетін оқыту тәсілін табуға үндеу тастаған. Энциклопедиялық сөздікте «технология» сөзіне мынадай анықтама берілген:технология - өнімді өндіру процесі кезінде іске асырылатын жартылай фабрикаттар мен материалдар, шикізат түрінің, қасиеттерінің күйінің өзгеру, дайындалу, өңделу, дайындалу, өңделу әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі кезде педагог-практиктердің кең қолдауын тапқан көптеген педагогикалық технологиялар бар. Сондай-ақ педагогикалық технологияларды классификациялаудың бірнеше амалдары бар.

Көптеген сәйкестіктері мен ортақ белгілері бойынша технологиялардың келесі топтпрын бөліп көрсетуге болады:

  • Философиялық негіз бойынша:гуманистік және авторитарлы;
  • Тәжірибені меңгерудің ғылыми концепциясы бойынша:ассоциативті - рефлекторлық, бихевиористикалық, интериоризаторлық, дамытушы;
  • Қолдану деңгейі бойынша:жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік(пәндік) және жергілікті (модульді) ;
  • Жеке құрылымдарға бағытталуы бойынша:ақпараттық(білімді, біліктілікті және дағдыны қалыптпстыру), операциялық(ойлау әрекетінің жолдарын қалыптастыру), эвристикалық(шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту), қолданбалы (әрекетті-тәжірибелік саланы қалыптастыру) ;

Оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау түрі бойынша:оқушының іс-әрекетін қарқындату және интенсивтендіру технологиясы, оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты гуманизациялау және демократизациялауға негізделген технология, оқу материалын дидактикалық қайта жасауға негізделген технология, т. б.

«Педагогикалық технология-педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық жеке, аспаптық және әдіснамалық құралдардың қызмет етуінің жүйелі жиынтығы мен тәртібін білдіреді» (М. В. Кларин) .

«Педагогикалық технология-тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы» (В. П. Беспалько) .

Г. К. Селевко педагогикалық технологияның құрылымын келесі құрамға жіктейді:

Концептуалдық негіз ;

Оқытудың мазмұнды бөлігі:

-оқыту мақсаттары - жалпы және нақты;

-оқу материалының мазмұны.

Процессуалды бөлігі -технологиялық процесс;

-оқу процесін ұйымдастыру;

-оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдісі мен формалары;

-оқытушы жұмысының әдісі мен формалары;

-материалдың меңгерілу процесін басқару бойынша оқытушының іс-әрекеті;

-оқу процесінің диагностикасы.

«Педагогикалық технология -тәрбие құралдарының, оқыту әдістерінің, психологиялық-педагогикалық тәсілдерінің жиынтығы. Ол - педагогиканың ұйымдық-әдістемелік аспабы » (Б. Т. Лихачев) .

«Педагогикалық технология-оқытушылар мен оқушыларды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің барлық жағынан ойластырылған үлгісі» (В. М. Монахов) .

«Педагогикалық технология-оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету процесінің сипаты» (И. П. Волков)

«Педагогикалық технология-педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық жеке, аспаптық және әдіснамалық құралдардың қызмет етуінің жүйелі жиынтығы мен тәртібін білдіреді» (М. В. Кларин) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа педагогикалық технология ұғымы: мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияның ұғымы, мақсаты, түрлері және қолдану кезеңдері
Педагогикалық технологиялар: ұғымдар мен мазмұндық жетілдірудің заманауи ерекшеліктері
Мектепте химияны оқытуда әріптестік технологияның жаңа модификацияларын қолдану
Педагогикалық мамандықтар бойынша МЖМББС мазмұндық негізі: жаңа тұрпатты мұғалімнің біліктілік сипаты
Педагогикалық менеджмент: ұғымы, мақсаты, функциялары мен әдістері
Педагогикалық технологияның түсінігі және қазақ тілін оқытудағы қолданылуы
Мектептегі мұғалім жұмысының ерекшеліктері және жаңа педагогикалық технологиялар
Баланы мектепке дайындаудағы жаңа оқыту технологиялары: әдістемелік ерекшеліктері мен педагогикалық тиімділігі
Шағын жинақты бастауыш мектептер: мақсаты, ерекшеліктері және педагогикалық үдерісті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz