Философия тарихындағы адам проблемасы



Жоспар:

1) Философия тарихындағы адам проблемасы
2) Адам .. биопсихоәлеуметтік жан
3) Адам .. жеке тұлға ретінде
4) Тұлға .. коллектив .. қоғам
1. Философия тарихындағы адам проблемасы
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе болады.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырысмдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі, жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы, табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып жаратылған деп түсіндірілді.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді.
XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі.
Адам объективтік идеяның даму процесінің жеке көрінісі ғана болып табылады.
Объективтік идеализмнің бұл идеяларын сынай отырып, Фейербах философияда антропологиялық принципті ұсынып, адамды оның ең басты орталық кейіпкері деп қарастырды. Ол адамды тәні мен сезімі бар жан ретінде, “Менің” және “Сенің” нақты кездесуің деп түсінді.
Адам жайындағы ғылыми-философиялық ілімнің қалыптасуы тарихтың материалистік ұғымының қалыптасуына байланысты. Адам туралы идеалистік және натуралистік теорияларын сынай келе, Маркс пен Энгельс адам проблемасын диалектикалық-материалистік монизм принципі негізінде шешті. Адамның марксистік ұғымының негізі ретінде оның қоғамдық еңбек қызметінің субъектісі және нәтижесі екендігі алынды, өйткені адамның қалыптасуында, адам тектес жануарлардың адамға айналуында шешуші рөл атқарған еңбек процесі болды.
Еңбек процесінде адам өзінің тұрмыс жағдайын ұдайы жақсартав отырып, материалдық және рухани мәдениеттер дүниесін жасайды, оларды жасау барысында өзін де ұдайы өзгертіп, жетілдіріп отырады. Еңбекті адам жеке-дара іске асырмайды. Еңбек әуел бастан-ақ бірлесе орындалатын әлеуметтік іс-әрекет болды. Әлеуметтік іс-әрекет ретінде еңбек адамның жаңа әлеуметтік сапаларын: сөйлеу тілін, ойын, өзара қатынасын, сенімін, дүниегекөзқарасын т.б. тудырып қалыптастырды. Психиологиялық жағынан алғанда еңбек жануар ата-бабасынан қалған инстиктті өзгертті.
Жеке адамдарға тән дара ерекшеліктерді қоя тұрып, барлық адамдарға тән ең жалпы қасиеттерді, мәнді белгілерді топтастырып, адам ұғымына жалпылама анықтама берсек, адам––ақыл-ойы бар жан, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың субъектісі екендігін атап көрсетеміз. Әлеуметтік қатынастар сөйлеу тілі арқылы іске асатынын ескерсек, адам дегеніміз еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетті әлеуметтік жан деп жалпылама анықтауға болады.
Қолданған әдебиеттер:

1) Философия Ә. Х. Тұрхынбаев
Интернет www.referat.ru

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Философия тарихындағы адам проблемасы

Жоспар:

1) Философия тарихындағы адам проблемасы
2) Адам –– биопсихоәлеуметтік жан
3) Адам –– жеке тұлға ретінде
4) Тұлға –– коллектив –– қоғам

1. Философия тарихындағы адам проблемасы
Философияның тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы.
Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе
болады.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық құпия жоқ депті.
Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз
зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.
Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-
тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен
маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын “жасау” мүмкіндіктерін ашып
көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын
Сократтың: “Өзіңді-өзін тани біл”,–– деген қанатты сөздерімен қысқа ғана
тұжырысмдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі,
жоғарғы бастама––тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм
түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда
қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп
түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы,
табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта
бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-
қарсы екі бастаманың “тән” мен “жанның” іштей қайшылықты бірлігі болып
жаратылған деп түсіндірілді.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста
болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам
тағдырын құдай құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында,
құдайдан да, басқадан да тәуелді ақыл-ой иесі, өз өмірініңі саналы
субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д. Дидро адамды жер
бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық
деп санады. Қысқасы, “ақыл-парасат ғасыры” деп аталған жаңа заман
философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық
үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам
табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең
бастысы –– адамның өз мәнін танып білу үшін оның ақыл-ойының діни
көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болцында еді.
XIX ғ. Классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам мәдениет
дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық
бастама––рухтың, ақыл-ойдың иесі.
Адам объективтік идеяның даму процесінің жеке көрінісі ғана болып
табылады.
Объективтік идеализмнің бұл идеяларын сынай отырып, Фейербах
философияда антропологиялық принципті ұсынып, адамды оның ең басты орталық
кейіпкері деп қарастырды. Ол адамды тәні мен сезімі бар жан ретінде,
“Менің” және “Сенің” нақты кездесуің деп түсінді.
Адам жайындағы ғылыми-философиялық ілімнің қалыптасуы тарихтың
материалистік ұғымының қалыптасуына байланысты. Адам туралы идеалистік және
натуралистік теорияларын сынай келе, Маркс пен Энгельс адам проблемасын
диалектикалық-материалистік монизм принципі негізінде шешті. Адамның
марксистік ұғымының негізі ретінде оның қоғамдық еңбек қызметінің
субъектісі және нәтижесі екендігі алынды, өйткені адамның қалыптасуында,
адам тектес жануарлардың адамға айналуында шешуші рөл атқарған еңбек
процесі болды.
Еңбек процесінде адам өзінің тұрмыс жағдайын ұдайы жақсартав отырып,
материалдық және рухани мәдениеттер дүниесін жасайды, оларды жасау
барысында өзін де ұдайы өзгертіп, жетілдіріп отырады. Еңбекті адам жеке-
дара іске асырмайды. Еңбек әуел бастан-ақ бірлесе орындалатын әлеуметтік іс-
әрекет болды. Әлеуметтік іс-әрекет ретінде еңбек адамның жаңа әлеуметтік
сапаларын: сөйлеу тілін, ойын, өзара қатынасын, сенімін, дүниегекөзқарасын
т.б. тудырып қалыптастырды. Психиологиялық жағынан алғанда еңбек жануар ата-
бабасынан қалған инстиктті өзгертті.
Жеке адамдарға тән дара ерекшеліктерді қоя тұрып, барлық адамдарға тән
ең жалпы қасиеттерді, мәнді белгілерді топтастырып, адам ұғымына жалпылама
анықтама берсек, адам––ақыл-ойы бар жан, еңбектің, әлеуметтік қатынастардың
субъектісі екендігін атап көрсетеміз. Әлеуметтік қатынастар сөйлеу тілі
арқылы іске асатынын ескерсек, адам дегеніміз еңбекке, ойлауға және
сөйлеуге қабілетті әлеуметтік жан деп жалпылама анықтауға болады.

2. Адам –– биопсихоәлеуметтік жан
Адамның биологиялық қасиеттері оның организмінің морфологиялық,
генетикалық құбылыстарынан және сондай-ақ ми-жүйкелік, электрохимиялық,
т.б. кейбір процестерден көрінеді. Психикалық жағына адамның ішкі рухани
дүниесі –– саналы және санасыз іс-әрекеттері, еркі, көңіл күйі, есі, мінез-
құлқы, темпетаменті т.б. жатады. Адам ақыл-ойы бар жан дейміз.
Адам бойында айырғысыз бірлікте болатын әлеуметтік және биологиялық
жақтары адамның алуан түрлі қасиеттері мен іс-әрекеттерінің тек екі ғана
абстрактілі ұғым ретінде бейнелендіреді. Адам материя қозғалысының тек
биологиялық формасының ғана иесі болып көрінеді. Адам тек ірі организм
ғана, биологиялық түр ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық қатынастардың
субъектісі. Егер адам морфологиялық және физиологиялық деңгейінен бастап
талдап, оның психофизиологиялық және рухани құрылымын талдауға көшсек, онда
оның әлеуметтік психиологиялық жан, яғни адамдық тұлға екнін ұғынамыз.
Организм мен тұлға –– адамның айырғысыз екі жағы. Тірі организм ретінде ол
табиғи құбылыстар жүйесіне жатады да табиғат заңдылықтарына бағынады, ал
тұлға ретінде әлеуметтік болмысқа, қоғамға, адамзат тарихи мен мәдениет
саласына жатады.
Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде
қарастыру оны тұлға ретінде түсіндірудің философиялық ұғымына жатады.
Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылық (генетикалық)
механизміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның
мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамнығ биологиялық жағы да,
әлеуметтік жағы да жеке алғанда оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды.
Адамның мәнін анықтайтын –– биологиялық жағы мен әлеуметтік жағының табиғи
бірлігі.
Адамды таза әлеуметтік тұрғыда немесе таза биологиялық тұрғыда, атап
айтқанда генетикалық (немесе физиология, медецина, психиология т.б.)
тұрғыда сыңаржақ қарастыру көп жағдайда адамның әлеуметтік және биологиялық
жақтарының табиғи арақатынасын бұрмалауға әкеп соғады. Адамның мәнін
түсіндіруде бірінші орынға “генді” қояды да, адамның генетикалық табиғаты
шешуші рөл атқарады деп санайды.
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлық
морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы
аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды;
бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы –– мұның бәрі мидың дамуына
алып келді. Адамның морфологиясының өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек
айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдық бірлігі, негізі болды десе
болады. Еңбек қызметінің, тілдік қатынастың және рухани болмыстың бірлесе
өзгеруінің нәтижесінде антропогенез белгілі бір деңгейде биологиялық даму
жолынан әлеуметтік системалардың тарихи қалыптасу жолына көшті, сөйтіп,
нәтижесінде биоәлеуметтік бірлік түрінде адам қалыптасты.
Адам биоәлеуметтің бірлігі ретінде туады. Демек, ол дүниеге келгенде
толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық система түрінде келмейді; ол
социум жағдайларында қалыптасады. Адамның биологиялық жағын анықтайтын
тұқым қуалаушылықтың механизмі оның әлеуметтік мәнін де қамтиды. Дүниеге
жаңа келген нәресте “табула раса” емес, яғни сыртқы орта өз бейнесін
сызатын таза тақта емес. Тұқым қуалаушылық нәрестені таза биологиялық
қасиеттермен және инстиктермен ғана қамтамасыз етпейді. Ол әуел бастан-ақ
ересек адамдарға еліктеу –– олардың іс-әрекетін, дыбысты т.б. қайталау
қабілетімен бірге туады.
Оған қызығушылық қасиет тән, ал бұл –– әлеуметтік сапа. Нәресте
қуануға, ренжуге, қорқыныш сезіміне т.б. қабілетті; оның күлімсіреуі туасы
қасиет, ал күлімсіреу тек адамға тән белгі. Олай болса, нәресте дүниеге
келгенде адам ретінде келеді. Дегенмен, дүниеге келген кезде ол әлі
адамдыққа кандидпт қана. Қоғамнан тыс қалса, онда ол адам бола алмайды ––
адам боуға ол қоғамда ғана үйтенеді. Оны адамдық дүниеге қоғам енгізеді:
оның мінез-құлқына әлеуметтік мазмұн беріп, реттеп отыратын қоғамдағы
әлеуметтік өмір. Баланы туғаннан бастап тәрбиелеп, оқытып, түрлі іс-
әрекеттер мен қызметке үйрететін қоғамдық өміоді адамды әлеуметтендіру,
яғни әлеуметтік қатынастарға қосу деп санайды.
Адамның санасы да дәл сол сияқты, адамға әуелбастан тән қасиет емес.
Саналы психикалық құбылыстар өмірдің барысында, тәрбиелеудің, оқытудың,
тілді, мәдениет дүниесінің белсене меңгерудің нәтижесінде қалыптасады.
Сөйтіп, әлеуметтік бастама жеке адам биологиясына психикалық құбылыстар
арқылы енеді, сөйтіп ол осылайша өзгертілген түрде адамның саналы,
психикалық тіршілік қызметінің негізіне айналады.
Сонымен, адам дегеніміз биологиялық (тірі организмдік), психикалық
және әлеуметтік сапалардың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі
қасиеттен: табиғи және әдеуметтік, тұқым қуалаушылық қасиеттерден және
өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық,
психикалық және әлеуметтік жақтардың жай арфметикалық қосындысы емес,
олардың табиғи бірлігі екенін білу қажет.

3. Адам –– жеке тұлға ретінде
Адам жалпы тектік ұғым ретінде нақты индивидтерден (жеке адамдардан)
тұрады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі,
еңбек процесінің субъекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар
биопсихоәлеуметтік жан ретінде жалпылама анықталса, индивид (латынша ––
“жеке адам”) қоғамның мүшесі –– жеке адамды, жеке “атомын” білдіреді.
Адамның әлеуметтік мәнін білдіру тұрғысында оны әлеуметтік
қатынастардың жиынтығы ретінде түсінуді тұлға деп атайды. Олай болса, әрбір
қоғамдық формацияның қоғамдық қатынастарына сәйкес (солардың бейнелену
формасы ретінде) өзіндік адамдық тұлғасы (тарихи типтері) болады. Қорыта
айтқанда, “адам” деген жалпы тектік ұғым тарихи типтерге (тұлғаларға)
бөлінеді, ал бұл соңғы жеке адамдардан (индивидтерден) тұрады.
Диалектиканың жалпылық, ерекшелік және жекеше категорияларын адам ұғымына
қолдансақ, “индивид” –– жекеше, “тұлға” –– ерекше, ал “адам” –– жалпылықты
білдіретін ұғымдар деп қарастыруға болады.
Тұлға нақты-тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
Философиялық антропология және аксиология
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философиялық антропологияның қайнар көзі және болашағы
Ежелгі Кытай тіл білімі
Адам проблемасы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Адамның ақыл - ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Пәндер