Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың адам ағзасына әсері. Электр-газбен дәнекерлеу кезіндегі адамдарды электр жарақат зардаптарынан қорғау


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың адам ағзасына әсері. Электр-газбен дәнекерлеу кезіндегі адамдарды электр жарақат зардаптарынан қорғау.

Орындаған: Амиргазинова Б. Б.

Топ: БЖ-315

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Дәнекерлеу жұмыстары

Дәнекерлеушімен жұмыс істегенде жұмыс орны жанғыш материалдардан таза және 5 м қашықта болуы керек, жанғыш материалдар қоршалып немесе көбіктендіргішпен, сумен бүркелуі қажет.
Дәнекерлеу шамдары толық ақаусыз болып, айына бір рет герметикалық жағдайы тексеріліп, нәтижесі арнайы журналға жазылуы қажет. Одан басқа жылына бір рет оларды гидросынақтан өткізу қажет.
Әрбір дәнекер шамының зауыттың гидросынақтан өткізілгені жөніндегі құжаты және рұқсат етілетін қысым мөлшері белгілі болуы қажет. Сақтандыру клапандары тиісті қысымға реттеліп, манометрлері ақаусыз жағдайда болуы қажет.
Дәнекерлеу шамдарына май құю мен оларды іске қосу арнайы орындарда атқарылуы қажет.
Дәнекерлеу шамдарына жалын шашылмау үшін құйылатын отын бөтен қоспалар мен судан тазартылады.
Дәнекерлеу шамы жарылып кетпеу үшін:
1) керосинмен жұмыс істейтін лампаларға бензин немесе бензин мен керосин қоспасын қолдануға;
2) шамды ауамен толтырғанда құжатында көрсетілген қысымнан артық қысым беруге;
3) шамға оның ыдысының 3/4 бөлігінен артық отын құюға;
4) шам суымай тұрып, ауа винтін немесе отын құю қақпағын ашуға;
5) ашық от қасында шамды жөндеуге немесе оған отын құюға (оның ішінде жанған сіріңке мен темекі жақындатуға) жол берілмейді.

Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстары.

Электргазбен дәнекерлеу - қосылыс жерін балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі.

көмегімен көліктердің, әртүрлі металл құрылымдардың, көпірлердің, цистерналардың немесе қазандардың және құбырлардың металл бөлшектері жалғанады. Материалдық өндірістің кез-келген саласында электргаздәнекерлеуші атқаратын жұмыстар болады.

Дәнекерлеуші шойын, болат құбырлардың құрылымдарын, тетіктерді қолмен, доғалы, плазмалы және газбен дәнекерлеуді орындайды, сонымен қатар телевизионды, фотоэлектрондық және басқа да құралдармен жабдықталған автоматтарда дәнекерлейді.

міндетіне бетті жұмысқа дайындау, технологиялық режімді таңдау, дәнекерлеу үрдісін және сапасын бақылау, тиісті жабдыққа қызмет көрсету енеді.

Балқытып біріктіру тәсілдерінің ішінде пісірілген жапсар сапасының жоғарылығына, қарапайымдылығына, т. б. қарай электр доғасымен балқытып біріктіру ең көп тараған. Электр доғасымен балқытып біріктіру тәсілінде металды қыздыруға қажетті жылу электродтан немесе электрод пен металл арасында түзілетін доғадан алынады.

Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады.

Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 - 30 мм, ұзындығы 200 - 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты токпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады.

Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т. б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т. б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 - 450 мм, диаметрі 1 - 12 мм болып, жалаңаш және сырты қапталған түрлерге ажыратылады.

Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады.

Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т. б. газдар пайдаланылады. Электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілінде қажетті жылу мөлшері электр өткізгіш шлакпен ток өткізу арқылы алынады. Бұл тәсілмен қалыңдығы әр түрлі гидравликалық турбина, жоғары қысымды бу қазандары, мартен пешінің қаңқасы, т. б. күрделі әрі ірі бұйымдар балқытып біріктіріледі.

Қысым арқылы (қыздырылып немесе қыздырылмай) балқытып біріктіру кезінде біріктіретін бөлшектердің материалдары сырттан қысушы күштердің әсерінен деформаланып, берік қосылыс түзеді. Қысым арқылы балқытып біріктірудің түйіспелік, конденсаторлық, ультрадыбыстық, диффузиялық, т. б. тәсілдері бар.

Балқытып біріктірудің қажетті тәсілі біріктірілетін материалдардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, қосылатын бөлшектердің қалыңдығына және қосылыстың құрылымына, т. б. қарай таңдап алынады. Балқытып біріктірудің өнеркәсіпте алатын орны орасан зор. Ол металды және басқа да қатты материалдарды өңдеумен айналысатын барлық өндірісте кеңінен қолданылады. Көптеген балқытып біріктіру жұмыстары автоматтандырылған.

Электрлік дәнекерлеу жұмыстары

Дәнекерлеу сымдары изоляциясыз немесе бүлінген изоляциялы, сондай-ақ, стандартты емес қорғану аппаратын қолдануға рұқсат етілмейді.
Дәнекерлеу сымдарын өзара престеу, дәнекерлеу немесе арнаулы қысқыштармен жалғастыру қажет. Электр сымдарын дәнекер тұтқасына және дәнекер аппаратына мыс тетіктер (шайбалы) арқылы жалғастыру қажет.
Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қолғапшасы өзге қондырғыларға, дәнекерлеу орнына жалғанатын сымдар сенімді түрде оқшауланып, қажетті жағдайларда жоғары температурадан, механикалық зақымданудан, химиялық әсерден қорғалуы тиіс.
Электр дәнекерлеу кабельдері (сымдары) оттегі жүретін түтіктерден 0, 5 м, ацетилен жүретін түтіктерден кемінде 1 м қашықтықта болуы тиіс.
Дәнекерленетін бұйымнан дәнекерлеу тоғына кері тасымалдаушы ретінде болат немесе алюминий шиналар (сымдар), дәнекерлеу плитасы, сөрелер немесе дәнекерлеуші бұйымның өзі, егер көлденең кесіндісі сәйкес келсе қызмет ете алады.
Кері тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын заттар өзара болаттармен, қысқашпен т. б. жалғастырылады.
Өрт және жарылу қаупі күшті жағдайларда, кері тасымалдаушы зат ретінде, дәл электр қуаты тура келетін кабель сияқты жақсы изоляцияланған кабельді пайдалану қажет.
Кері тасымалдаушы зат ретінде ішкі теміржолдарды, жермен жалғастыру немесе бейтраптандыру тораптарын сондай-ақ үйлердің металл құрылыстары мен технологиялық жабдықтарды, коммуникацияларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ашық ауада орнатылған дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлары, сондай-ақ оларға көмекші құралдар мен аппараттар ылғалға қарсы изоляциямен жабық түрде орындалуы және жанбайтын материалдардан жасалған шатыр астында орнатылуы тиіс.
Қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерінің тұтқасы электродты жылдам ауыстыру мен нығыз қысып тұруды, сондай-ақ дәнекерлеуші затпен қысқа тұйықталмауды, қолдан түсе қалған жағдайда жабысып қалмауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыш құрылымы берік ұстағышпен және жылдам ауыстырылатын электродтармен қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ жұмыс барысында уақытша үзіліс кезінде немесе олардың металл заттардың үстіне түсуін болдырмау қажет. Дәнекерлеуші тұтқаның сабы отқа төзімді, диэлектрлі және жылу өткізбейтін материал болуы тиіс.
Дәнекерлеу кезінде қайталанатын электродтар зауытта жасалған, жұмыс кезіндегі тоқ номиналына сәйкес келуі тиіс.
Дәнекерлеу барысындағы электродтар қалдықтарын жұмыс орнындағы темір жәшіктерге жинақтау қажет.
Электр дәнекерлеу агрегаты жұмыс кезінде жермен жалғастырылуы тиіс. Негізгі дәнекерлеу қондырғысынан басқа, дәнекерлеу трансформаторының екінші орамына келетін тасымалдау сымын да жермен жалғастыру қажет.
Агрегат пен жүргізіп жіберу механизмін күн сайын жұмыстан кейін тазалап тұру қажет. ТҚК мен жоспарлы жөндеу жұмыстары тиісті кесте бойынша атқарылуы тиіс.
Атомды-суттекті дәнекерлеу қондырғыларында доғаны қоректендіру бөлек транформатордан жүргізіледі. Доғаны тікелей бөлу қорабынан кез келген үлгідегі реттегіш арқылы қоректендіруге жол берілмейді.
Атомды-сутекті дәнекерлеуде ысытқышта тізбек үзіле қалған жағдайда кернеуді ағытып тастаудың автоматты тетігі орнатылуы тиіс.
Тізбекке қосылған ысытқышты қараусыз тастауға болмайды.
Өрт жарылыс қаупі бар аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде:
1) тұрақты тоқ көздерін пайдалану қажет немесе айнымалы тоқты пайдаланғанда олардың құрылысында импульсті генераторлары - электрод пен дәнекерленуші зат арасындағы кернеуді доғаның қайталана қозуы кезінде көтеретін ("разряд" типіндегі тоқ көзі) болуы қажет;
2) П-II класындағы өртке қауіпті жағдайларды қиын тұстардағы шаң-тозаңды кетіру үшін 1 м 2 алаңға 1 л есебінен дайындалған көбіктенгіш ерітіндімен жуылуы қажет;
3) тігінен және төбедегі дәнекер жұмыстары диаметрі 4 мм үлкен емес электродтармен атқарылады. Бұл жағдайда қайталанылған тоқ қуаты төменгі көлбеу жағдайдан 20 пайыз кем болуы тиіс;
4) электр қондырғысын іске қосу алдында дәнекерлеу тұтқасында электрод болмауына көз жеткізу қажет.

Газбен дәнекерлеу жұмыстары

Тасымалдық ацетилендік генераторларды пайдалануға рұқсатты объект әкімшілігі береді.
Жылжымалы ацетилен генераторларын ашық алаңдарда орнату қажет. Оларды уақытша жақсы желдетілетін жайларда қолдануға жол беріледі.
Ацетилен генераторларын отпен жұмыс істейтін жерден 10 м қашықтықта, сондай-ақ ауа сорушы компрессорлар мен желдеткіштерден 10 м қашықтықта болуы тиіс.
Ацетилен генераторлары орнатылған жерлерге "Бөгде адамдарға кіруге болмайды!", "Отқа қауіпті!", "Темекі шегуге болмайды!", "От алып өтуге болмайды!" - деген аншлагтар (плакаттар) ілінуі тиіс.
Жылжымалы генератордағы кальций карбиді жұмыс соңында зиянсыздандырылады. Генератордан алынған әк балшығы осындай мақсатқа арналған ыдысқа немесе әк балшығына арналған бункерге, шұңқырға тасталады.
Әр балшығына арналған ашық шұңқырлар шарбақпен қоршалып қойылады, ал жабық шұңқырлар ауа сору желдеткішімен және әкету тесіктерімен жабдықталады.
Әк балшығы тасталған жерде радиусы 10 м аймақта темекі шегуге, от жағуға рұқсат берілмейді. Ол жөнінде арнайы ескерту ілінуі тиіс.
Аппарат ниппельдерінен газ тасымалдайтын шлангілер ысытқыштарға, кескіштерге, редукторларға сенімді түрде жалғанып, қамытпен қысылуы немесе екі жерінен күйдірілген (тоқыма) сыммен байлануы тиіс.
Су ысырмалары никкельдеріне шлангілер тығыз кигізілгенімен қамытпен бекітілмейді.
Кальций карбиді құрғақ желдетілетін жайларда сақталуы тиіс.
Кальций карбидін жертөлелер мен су түсетін төмен жерлерде сақтауға рұқсат етілмейді.
Механикаландырылған қоймаларда кальций карбидінің барабандарын тігінен үш қабат етіп жинайды, ал механикасы жоқ қоймаларда көлденеңінен екі қатардан және тігінен екі қатардан артық жинауға рұқсат берілмейді. Барабандар қатарының аралығына қалыңдығы 40-50 м тақтай төселеді.
Қатарларға жиналған кальций карбиді барабандарының аралық жолы 1, 5 м кем болмауы тиіс.
Ацетилен қондырғылары бар жайларда, егер кальций карбидін сақтайтын орын болмаса, 200 кг дейінгі кальций карбидін сақтауға болады. Бұл жағдайда тек бір барабан ғана ашылуы тиіс.
Ашылған кальций карбиді бар барбандарды су тиюден сақтау қажет.
Кальций карбидін сақтайтын, ашатын орындарда темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, ұшқын шығаратын құралдарды қолдануға болмайды.
Газы бар баллондарды сақтау мен тасымалдау барысында оларға бұрамалы қалпақтар кигізіледі. Баллондарды тасымалдау кезінде олар соққыланбауы тиіс. Дәнекерлеу жұмыстары орнына баллондар арнайы арба, зембіл, шанамен жеткізіледі.
Газ толтырылған баллондарды сақтау кезінде "қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдаланудың қауіпсіздік және орнату ережесі" басшылыққа алынуы тиіс. Газы бар баллондар сақталу, тасымалдау және жұмыс кезінде күн және өзге де жылу көздерінен қорғалуы қажет.
Ғимараттарға орнатылған, сақтауға қойылған баллондар жылу аспаптары мен пештерден кемінде 10 м, ал ашық от көздерінен кемінде 5 м қашық болуы қажет.
Рампалы (топты) баллондар ысытқыштан (көлденеңінен) кемінде 10 метр, ал оттегі немесе ЖГ бар жеке баллондардан кемінде 5 метр қашық болуы қажет.
Бір ғимараттың ішінде оттегі, ЖГ баллондарын, кальций карбидін, бояулар мен майларды сақтауға рұқсат етілмейді.
Дәнекерлеу шеберханасында бесеуден аспайтын оттегі және бес ацетиленді қосалқы баллондар болуы керек.
Бос оттегі ЖГ баллондарымен жұмыс істеген кездегі сақтық шаралары толы баллондармен жұмыс істегендей болуы қажет.
Газбен пісіру және газбен кесу кезінде:
1) қатып қалған ацетилен генераторларын, құбырларды, бұрамаларды, редукторларды және өзге де дәнекерлеу аппараттарының бөлшектерін ашық отпен, қызған затпен жылытуға;
2) оттегі баллондарын, редукторларды және өзге де дәнекерлеу аппараттарының бөлшектерін әртүрлі майларға, май киімге, май сіңген шүберекке тиюіне жол берілмейді;
3) бір су ысырмасынан (затвор) шығатын түтікпен екі дәнекершінің жұмыс істеуіне;
4) өте ірі кальций карбидін генераторға салуға, салу үшін металл заттар мен сымды пайдалануға, сондай-ақ карбид ұнтағымен жұмыс істеуге;
5) кальций карбидін су болған себетке немесе газ жинағышта су бар кезде салуға, сондай-ақ генераторда "сулы карбид" бар кезде карбид себетін салуға;
6) ЖС арналған шлангыны оттегімен үрлеуге, керісінше, оттегі бар шлангыны ЖС үрлеуге, сондай-ақ жұмыс кезінде олардың шлангыларын өзара ауыстыруға;
7) ұзындығы 30 м асатын, ал монтаждау кезінде 40 м асатын шлангілермен жұмыс істеуге;
8) газ жүретін шлангілерді бұрауға, сындыруға, қысуға;
9) газ жинағышында ацетилен бар кезде генераторды тасымалдауға;
10) ацетилен генераторының газ қысымын арттыруға, сондай-ақ, қысымды арттыру үшін кальций карбиді мөлшерін артық салуға, арнайы рұқсат етілмейді;
11) кальций карбиді бар барабанды мыс аспаппен ашуға, сондай-ақ ацетилен аппаратын дәнекерлеу үшін мысты пайдалануға, әсіресе оның ацетиленмен жұғысуы мүмкін жағдайда жол берілмейді.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу тәртібі

Оқшаулағышы жоқ немесе оқшаулағышы зақымданған дәнекерлеу сымдарын пайдалануға, сондай-ақ стандартты емес қорғау аппараттарын қолдануға болмайды.

Дәнекерлеу сымдары престеу, дәнекерлеу, пісіру немесе арнаулы қысқыштардың көмегімен жалғастырылады. Электр сымдары электр ұстағышқа, дәнекерленетін бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекітілген мыс кабель ұштықтарының көмегімен қосылады.

Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанынан және өзге де жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар сенімді түрде оқшауланады және қажетті жерлерінде жоғары температураның әсерінен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады.

Электрмен дәнекерлеу машиналарының кабельдері (сымдары) оттегі құбырларынан кемінде 0, 5 метр, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемінде 1, 5 метр қашықтықта орналастырылады.
Кейбір жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырға жалғанған жағдайда көрсетілген қашықтықтарды қысқартуға болады. Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде егер олардың қимасы қыздыру шарты бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз ететін болса, кез келген пішіндегі болат немесе алюминий шиналары, дәнекерлеу плиталары қолданылады.

Кері өткізгіш ретінде пайдаланылатын кейбір элементтер өзара қосу бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегімен орындалады.

Жарылыс, өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайлар мен құрылыстарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде кері өткізгіш дәнекерленетін бұйымнан бастап ток көзіне дейін тек оқшауланған сыммен орындалады, әрі ол оқшаулау сапасы бойынша электр ұстағышқа қосылатын тікелей сымнан кем болмауы қажет.

Кері өткізгіш ретінде ішкі теміржол жолдарын, жерге қосу немесе нөл сымына қосу желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл құрылымдарын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықты пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда екі сымды қолдану арқылы дәнекерленеді.
Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын материалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.

Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағышының құрылымы электродтарды берік ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жұмыста уақытша үзіліс болғанда дәнекерленетін бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкіндігін болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлік және жылу оқшаулағыш материалдан қарастырылады.
Дәнекерлеу кезінде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетін электродтар қолданылады.

Электродтарды ауыстыру кезінде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшіктерге орналастырылады.

Электрмен дәнекерлеу қондырғысы жұмыс істеу кезінде жерге қосылады. Негізгі электрмен дәнекерлеу жабдығын жерге қосудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тікелей бұйымға өтетін (кері өткізгіш) өткізгіш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екінші орамына қосылады.

Агрегат пен іске қосу тетігін тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеуі кестеге сәйкес жүргізіледі.

Атомды-сутекті дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендіру бөлек трансформатордан жүргізіледі. Доғаны тікелей бөлу қорабынан кез келген түрдегі реттегіш арқылы қоректендіруге жол берілмейді. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде шілтерде тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және су беруді тоқтату қарастырылады.
Іске қосылған шілтерлерді қараусыз қалдыруға болмайды.

Жарылыс, өрт қауіпі аймақтарда электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде:
1) тұрақты ток көздерін қоректендіру көздері немесе құрылымында импульсті генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезінде электрод пен дәнекерленуші бұйым арасындағы кернеуді көтеретін («разряд» түріндегі ток көзі) ауыспалы токтың арнайы көздері қолданылады;
2) П-II сыныптық өрт қауіпті аймақтарда тозаңнан тазарту үшін қол жеткізу қиын орындарды көбік түзгіштің екі пайыздық ерітіндісімен 1 м 2 алаңға 1 литр ерітінді есебімен өңдеу ұсынылады;
3) тігінен және төбедегі жағдайдан дәнекерлеуді диаметрі 4 миллиметрден аспайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасын төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден қарағанда 20% төмен етіп қарастырылады;
4) электрмен дәнекерлеу қондырғысын іске қосу алдында электрод ұстағышта электродтың болмауы тексеріледі.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде сәулелі энергияның қуатты ағыны: көрінетін (жарықтық) және көрінбейтін (ультракүлгін және инфрақызыл) сәулелер пайда болады.

Көрінетін жарықтық сәулелер қысқа сәулелену кезінде (бірнеше секунд) көзге шағылысып көрсетпей тастаса, ал ұзақ сәулелену кезінде көру қабілеттілігінің жоғалуын тудырады.

Электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде неше түрлі электр жабдықтар және электр қондырғыларының үлкен саны пайдаланылады. Оларды пайдалану ережелері бұзылған кезінде дәнекерлеуші электр тоғымен зақымдануы мүмкін.

Электрлік доға түзілетін орындардағы пісірілетін және балқымалы бөлшектер бірнеше мың градус Цельсий температураға дейін қызады; қызған орындарға (бөлшектерге) байқаусыз жанасқан кезде адам күйіктер алу мүмкін. Дәнекерлеу процессі кезінде жеке басты қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу, дәнекерленетін бұйымдардың балқытылған металының шашырауынан күйіктер алуға әкеліп соғады.

Дәнекерлеу процесстері кезінде зиянды газдар мен шаңның үлкен мөлшерінің бөлінуі болады, олар адам ағзасына түскен кезде ауру мен улануды тудыруы мүмкін.

Дәнекерлеушілер осы нұсқауда берілген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаған кезде электрмен дәнекерлеу жұмыстары кезінде пайда болатын қауіп-қатерлер олардың денсаулығына әсер етпейді.

Электр дәнекерлеуші, электргазбен дәнекерлеуші зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғану үшін жұмыс барысында мынадай арнай қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс:

Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар)
1 жылға 1 жинақ
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Табаны май мен су сіңдірмейтін, сырғанамайтын және тозуға төзімді протекторлы, тұмсығы қатты металдан жасалған, табиғи былғарыдан жасалған бәтеңке (немесе етік)
1 жылға 1 жинақ: 1 жылға 1 жұп
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Қос қабатты брезент алақандағы бар брезент қолғап
1 жылға 1 жинақ: 1 жылға 12 жұп
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Диэлектрлік биялай
1 жылға 1 жинақ: 1 жұп кезекші
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Қорғаныш шлем
1 жылға 1 жинақ: 1 бұйым тозғанша
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Қыста сыртта жұмыс істегенде қосымша:
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Астары ағытылмалы, табиғи (немесе жасанды) теріден жасалған, май мен су сіңдірмейтін қабаты бар мақталы негізді қалың куртка
1 жылға 1 жинақ: 1 бұйым белдеу бойынша
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Май мен су сіңдірмейтін қабаты бар мақта матадан тігілген қалың шалбар
1 жылға 1 жинақ: 1 бұйым белдеу бойынша
Брезент костюм (куртка+шолақ комбинезон/немесе шалбар): Резеңке табанды пима
1 жылға 1 жинақ: 1 жұп, белдеу бойынша
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнекерленген резервуарды дайындау технологиясы
Өрт қауіпсіздігі бұрыштары
Еңбек қорғау шаралары
Пісіру тәсілдерінің топтастырылуы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ НЕГІЗДЕРІ
Өндірістің жарылыс қаупі
Құбырларды термиялық өңдеу бөлімінің аумағы
Термиялық өңдеу режимі
Электрмен, газбен пісіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету жолдары.
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz