Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І тарау Баскетбол ойынының шығу тарихы

1. 1 Баскетбол ойынының даму тарихы . . . 4

1. 2 Баскетбол ойынына сипаттама . . . 5

ІІ тарау Баскетболойынында негізгі техникалық тәсілдерді орындау ерекшеліктері

2. 1 Баскетбол ойынының ережелері . . . 9

2. 2 Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдері . . . 11

2. 3 Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы . . . 16

Қорытынды . . . 27

Қолданылатын әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
Көптеген әдіс-тәсілдердің ішінде баскетбол алдыңғы орындардың бірінде болғандықтан, оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырудың анағұрлым тиімді құралы ретінде жалпы білім беретін мектептің бағдарламасына 3 сыныптан бастап енгізілген . . .
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. .

<f. Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс тәсілдер және олардың жиынтығы. . әдіс тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.

«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталған қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалау критериилері. өзгеріп, . жетілдіріп. отырылған . . .

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Курстық жұмыста баскетбол ойынындағы негізгі техникалық тәсілдерді орындау ерекшеліктерінің маңызы сөз болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны техникасының, әдіс- тәсілдерінің ерекшеліктері негізінде оқушыларды үйрету үрдісінің тиімділігін арттыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

-технологиялық тәсілдердің жүзеге асырылуының басты бағыттарын баскетбол бойынша ойын техникасын қалыптастыруда қолдану;

- баскетбол ойынының түрлі айла- тәсілдері;

- баскетбол ойынының маңызы пен пайдасы;

І ТАРАУ БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  1. Баскетбол ойынының даму тарихы

Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады.

Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861-1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай) . Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған.

Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған.

Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген.

1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады. Командадағы ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын - оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын.

Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены - кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.

  1. Баскетбол ойынына сипаттама

1921 жылдары баскетбол Орта Азия елдеріне тарай бастады . Біздің Қазақстанда алғаш рет 1928 жылы Қызылорда, Ташкент қалаларында алғашқы жарыстар өткізілді. 1946 жылдан бастап жергілікті жарыстар өткізіле бастады. Ал оның жеңімпаздары республика чемпионы атағы үшін жарыста 1947 жылы алғаш рет КСРО біріншілігіне қатыса отырып қазақстандықтар 10 команда ішінен 6-шы орынды иеленді .

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігінің алуына байланысты Республикамызда баскетболды дамытудың жаңа беттері ашылды. 1991 жылы Қазақстан Респуликасының баскетбол федерациясы құрылды. 1992 жылы ұлттық чемпионат өткізілді. Қазақстан Республикасының құрама командалары Азия ойындарында Әлем чемпионаттарында Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғады.

Жақсы денсаулық адамның жеке және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.

Спортшылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Баскетболмен шұғылдануды мектеп табалдырығынан бастамай жоғары жетістіктерге жету өте қиын. Сондықтан оқушылардың жеке адамды жан-жақты дамытуды дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық. Баскетболшылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетілігің сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт саябақтарында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т. б.

Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көлемімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік сияқты адам қабілеттерін дамыту, оқушылардың қозғалғыш тәжірибесіне бағытталады және дене қозғалысын үйлестіреді, бұл баскетболшыларға өте қажет.

Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз адамның яғни баскетболшының дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.

Жаттығу мақсатына, жаттығушылар контингентіне сәйкес үш топқа бөлінеді:

  1. Дене тәрбиесінің баскетболшыға әлеуметтік қажетілігі туралы мағлұмат.
  2. Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережерелі туралы мағлұмат.
  3. Медициналық биологиялық мағлұмат.

Қимыл-әрекетке үйрену алдында баскетболшы оның ережелерін, адам денесінің қозғалу заңдықтарын, арнайы терминология туралы мағлұмат алу керек. Теориялық мағлұматтар алу кезеңдері қимыл-тәжірибесі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т. б. Теориялық мағлұматтарды баяндау, кіріспе сабақтар мен оқу материялдарын үйрену кезінде жүзеге асырады. Қимыл-әрекетке үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрену, жетілдіру кезеңдері.

Баскетболшылар денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Бірақ жоғарыда айтылғандай жоғары жетістіктерге жету үшін жас кезінен дене тәрбиесімен айналысу керек. Сол себептен оқушылардың сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте барлық оқу-тәрбие мекемелерінде жабдықтар мен құралдар және жақсы жарықталған спортзалдары мен алаңдары болуы тиіс. Өмірге қажетті дағды және іскерлік қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғат қозғалыстың түрлері; жүгіру, қарғу, жүзү, лақтыру, өрмелеу т. б.

Жас баскетболшының денесі түрлі жаттығулар көлемімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік сияқты спортшы қабілеттерін дамыту, шұғылданушының қозғалғыш тәжірибесі бағытталады. Дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесіне оқыту дегеніміз баскетболшының дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесі мен қимыл әрекетке үйрету, оны меңгеру процесі. Дене тәрбиесіндегі үйретудің нәтижесі дене қуаты бөлімі болып келеді. Қозғалысқа үйрету теорялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогтың принцптерімен анықталады.

Баскетболшыны жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы зор. Баскетболшыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге, сүиеніп дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарсатырайық. баскетболшының денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығайуы, жұмыс қабілетінің артыуы, сыртқы ортаның қолайсыз жағдаларына қарсы тұруы.

Дене даму ретінде индивидумның (жеке адам) тексерілу сәтінде дене жұмыс істеу қабілетімен жасына қарай биологиялық даму деңгейін анықтайтын морфо қызметтік көрсеткіштердің кешені түсіндіріледі. Дене даму генотиптің фенотипке ауысуы жүріп жатқан кезде антогенездің жекелеген кезеңдерінде ағзаның өсуімен даму үдерісін бейнелейді. Ағзаның ата - анасынан қалғаны және морфологиялық ерекшелігін сипаттайды. Сыртқы орта факторының ықпалымен генотип фенотипке айналады. Фенотип дене дамуын жас ерекшелігін бөлінуін ерекше бейнелей отырып бүкіл өмір бойы өзгеріп отырады. Өмірдің әлеуметтік экономикалық жағдайын сыртқы ортаны өзгеде факторлардың ықпалы сенсетивті жас ерекшелігінің кезеңінде көбірек білінеді. Бұл кезеңде өсу мен даму эволюция (қарт және қартайған жас) үдерісі қарқынды жүріп жатады. Дене бітімі деп - дене бөліктерінің өзара орналасу көлемін формасын пропорция ерекшелігін сондай - ақ сүйек, май және бұлшық ет ұлпаларының дамуының ерекшелігін айтады. Конституция ағзалардың сыртқы және ішкі тітіркендіргішке жауабының өзіндік анықтайтын тұқым қуалауының және жүре пайда болатын қасиеті негізінде қалыптасқан ағзаның морфологиялық ерекшелігінің жиынтығы.

Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстар қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдің болуы баскетболшының дене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Баскетболшылардың тәсілдік дайындығын сатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі.

Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.

Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.

Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады сонымен бірге әр ойыншы мен жеке -жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.

ІІ ТАРАУ БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНДА НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Баскетбол ойынының ережелері

Баскетболды әрқайсысы бес ойыншыдан тұратын екі команда ойнайды. (әр командада барлығы 12 адамнан, ауыстыруға шектеу қойылмайды) . Әр команданың мақсаты - қарсыластың торлы шеңберіне (себетіне) қолмен допты лақтыру және басқа команданың допқа иелік етулеріне және өздерінің себеттеріне лақтыруға кедергі келтіру. Себет еденнен 3, 05 м биіктікте орналасады. Жақын және орташа қашықтықтан лақтырылған допқа екі ұпайдан, алыс қашықтықтан (3 ұпайлық сызықтың сыртынан) - үш ұпай есептеледі, айыптық лақтыру бір ұпаймен бағаланады. Баскетбол алаңының стандартты өлшемі - ұзындығы 28 м және ені 15 м. Баскетбол әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі . . .
Допты тек қолмен ойнайды. Допты еденге соқпай жүгіруге, аяқпен тебуге, аяқпен тосқауыл қоюға немесе жұдырықпен ұруға тиым салынады. Байқаусызда табан немесе аяқ тиіп кеткен болса ол ереже бұзу болып саналмайды.
Баскетболда жеңімпаз болып ойын уақыты аяқталғанда неғұрлым көп ұпай жинаған команда саналады. Негізгі уақытта ойын тең аяқталған болса овертайм белгіленеді (әдетте бес минут қосымша уақыт), егерде оның аяғында тең түссе бір команда жеңімпаз болмайынша екінші, үшінші және т. б овертаймдар белгіленеді . . .
Допты себетке түсірген кезде әр түрлі ұпай сандар саналуы мүмкін:
• 1 ұпай - айыптық лақтыру . . .
• 2 ұпай - жақын немесе орташа қашықтықтан лақтыру (3 ұпайлық сызықтың ішінен) .
• 3 ұпай - үш ұпайлық сызықтың сыртынан 6м 75см (7м 24см) қашықтықтан
Ойын орталық шеңберде даулы лақтырудан басталады, допты дауласушы бір жақ қағып жібереді. Екінші және үшінші, төртінші ойындар арасындағы демалу ұзақтығы - он бес минут. Үлкен демалыстан кейін командалар себеттерін ауыстырулары тиіс . . .
Ойын ашық алаңқайда немесе биіктігі 7м кем емес залда өткізіледі. Қалқанның өлшемі 180х105 см. Қалқанның астынғы шеткі нүктесінен еденге немесе топыраққа дейін 290 см болуы тиіс. Себет металлдан жасалып, сақина тәрізді болады, түбі жоқ тормен жан-жағы тартылады. Еденнен 3, 05м деңгейде орналасады. FIBA стандарттарымен ерлер жарыстары үшін доптың ауқымы - 74, 9 - 78 см, массасы - 567 - 650 г, әйелдер жарыстары үшін - 72, 4 - 73, 7 см және 510 - 567 г бекітілген . . .
• аут - доп алаң сыртына шығып кетеді; . . .
• жүгіріп өту - допты бақылауында ұстап бара жатқан ойыншы аяқ алуды ережеде бекітілгеннен асырып жіберу; . . .
•. . допты алып жүруді бұзу - допты екі қолмен олып жүру;
• 3 секунд - шабуыл аймағында оның командасы допқа иелік еткен уақытта жабуылшы жақтың ойыншысы қарсыластың «бояуында» (шеңбердің астындағы тікбұрышты аймақ) үш секундтан артық болса;
• 5 секунд - ойыншы лақтыруды орындау кезінде доптан бес секунд айырылмай қойса; . . .
• Тығызқамқорлықтағы ойыншы - тығызқамқорлықтағы ойыншы 5 секунд ішінде доп бере алмайды және шеңберге допты лақтыра алмайды;
• 8 секунд - тыл аймағында допқа иелік етіп жүрген команда алдыңғы аймаққа 8 секунд ішінде допты шығармаса; . . .
• 24 секунд - команда допқа 24 секунд иелік етіп шеңберге допты лақтырмаса. 24 секунд есептегіш егер доп шеңбердің шетіне тисе нөлге теңестірледі. Осыдан кейін шабуылдаушы команда шабуылдаудағы таңдауға және тағыда 24 секундқа ие болуға құқылы. Егер фол алса немесе қорғанушы команда тәртіп бұзса (доптың алаң сыртына шығып кеткенін есептемегенде) немесе ойынды басқада себептермен тоқтатқан жағдайларда жабуылдаушы команда келесілерге құқылы болады: . . .
• жаңа 24 секундқа ие болады, егер лақтыру допқа иелік етуші команданың қорғаныс аумағында орын алса; . . .
• уақыт санау егер 14 немесе одан көп секунд қалған сәттен жалғастырылады;
• жаңа 14 секундқа иелік ету, егер иелік етуге 13 немесе секунд қалса;
• қорғаныс аумағына допты қайтаруды бұзу - шабуылдау аумағында допқа иелік етуші команда оны қорғаныс аумағына ауыстырса.
Фол - бұл ережелерді сақтамау, дербес жақындау немесе спортқа тән емес қылықтар көрсету. Фол түрлері: дербес - қарсыласпен жақындасу кезіндегі ойыншы фолы, техникалық, екі жақты, спортқа тән емес, дисквалифициялаушы.
Ойында 5 дербес фол (ҰБҚ 6 фол) немесе спортқа тән емес фол алған ойыншы ойын алаңынан аластатылады немесе ойынға қатыстырылмайды (бірақта оған запастық орындықта қалуға рұқсат етіледі) . 2 техникалық ескерту немесе дисквалифициялаушы фол алған ойыншы алаңқайдан аластатылады және ойын өтіп жатқан орынды тастап кетуі тиіс (ойыншыға запастық орындықта қалуға рұқсат етілмейді) .

2. 2 Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдері

Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдің болуы баскетболшының дене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Баскетболшылардың тәсілдік дайындығын сатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қолданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн. Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі. Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке - жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.

Допты қағып алу - доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғана қағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолды допқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ырғақты бекітуге көмектесетін жаттығуларды қайталаған жөн.

Түзу сызық бойымен жүгіргенде, сол аяқпен итерілгеннен кейін бір кең қадам жасалады да жүгіруді жалғастырады. Мұндай қадамды алдын ала дайындаған дұрыс болады.

Допты саусақпен итерілгеннен кейін, екі кең қадамды қатарынан жасалынады. Жоғарыдан төменнен ұшып бара жатқан допты қағып алуда қол алға қарай жоғары төмен созылуы керек. Троектория бойынша доппен амартизация қимылдары жасалады.

Қарсылас командаларының негізгі мақсаты: орын алмастырулар, әперулер айла қимыл сериалары арқылы ойыншылардың бірін лақтыруға ыңғайлы жерге шығарып қарсылас торына допты дәл түсіріп ойнау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол сабақтары туралы ғылыми-педагогикалық және техникалық көзқарас
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Футбол ойыны
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
Допты билел техникасы
Спорттық ойындар. Баскетбол ойынның техникатактикалық негіздерін бекіру. (допты алып жүру, допты лақтыру, допты беру). Ойынның ережесі
Допты билеу техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz