Инвестицияны басқарудағы даму приоритеттері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
ОӨЖ
Инвестицияны басқарудағы даму приоритеттері.
ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И. Т.
ТОП : ФН-207
ТЕКСЕРГЕН : Нурмадиева Г. Д.
Семей қаласы
2015 жыл
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда инвестициялар - нарықтық қатынастардың ажырамас құрамдас бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы болып отыр. Сондықтан инвестициялық қатынастарды реттеуде, инвестициялардың құқықтық мәртебесін анықтауда, инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдауда мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қоғамдағы қатынастарды құқықтық реттеудің конституциялық қағидалары өте маңызды рөл атқарады. Егер меншік пайда болғаннан кейін ол азаматтық құқықтың объектісі болып, мемлекеттің пайда болуының себебі болса, қаржы, яғни біздің тілмен айтқанда инвестиция мемлекеттің атрибуты, белгісі болды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-бабының 1-тармағында Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде « . . . бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму», принципі бекітілген [1] . Ал бұл принцип меншіктің, әр түрлі меншік субъектілерінің инвестициялық қызметінің негізінде жүзеге асатындығы белгілі. Ресейлік белгілі ғалым А. Г. Богатыревтың пікірінше, «инвестициялық қатынастар, бұл ең алдымен меншік қатынастары» [2] . Бұл пікірмен біз де толық келісеміз. Демек инвестициялық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеудің басты нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 1 және 2-тармақтары болып табылады. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады», «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді», деп бекітілген [1, 6-бап 1 және 2-тармақтар] . Қаржының және инвестицияның көмегімен мемлекет әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, мәдениет пен денсаулық сақтаудың мәселелерін шешуде. Инвестицияларды мемлекеттік реттеу мен инвестициялар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі әсіресе әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында белгілі болды. Алайда бұл қатынастарды реттеуде конституциялық қағидалар мен нормалардан ауытқымау керек. Қазіргі нарық заманында инвестициялар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Инвестициялар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ инвестициялық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан инвестиция мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, инвестициялар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар терминінің пайдаланылуы жаңа көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Еліміздегі шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға бәсекеқабілетті нақты мемлекеттен жасалып, жатқан іс шаралар жоқ деуге болмайды.
Өзіміз көріп отырғандай бүгінде Қазақстан әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрлерін шығарады екен. Яғни, ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Оның ішінде ішкі жалпы өнім 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі - 19 пайыз мөлшерді манайында. Ал, ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайтыны біздің халқымыз үшін үлкен жетістік деуге болады десек артық болмас. Сондықтан мемлекеттін араласуынсыз кедергілер жойылу мүмкін емес, жалпы айтқанда қандай бір нарықтын өзінде мемлекет араласпайтын болса, онда экономиканын өзінде алға өрлеу мүмкін емес екенін естен шығармаған жөн және мемлекетіміздің атқаратын ісінің маңыздылығы ауадай қажет деуге болады.
Бірақ, бүгінгі біздің шағын кәсіпкерліктеріміздің дамуына қиындықтар тудырып отырған себеп салдардың баршылығы ойландыратын жағдай мысалы: (аренделық ставка, монополиялық кейбір көріністер және сырттан келетін тауарлардың біздің отандық өндірушілердің тауарынан арзан болуы т. б, с. с. ) кедергілердің көптігінен алға баспауда.
Сондықтан еліміздегі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлердің арасында әріптестік қатынас орнату жолымен бәсекеқабілетті нақты сектор құру үшін мемлекет мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
а) мемлекеттік тапсырыс және гранттар жүйесі арқылы приориттетті ғылыми зерттеулер жүргізуді қаржыландыру, сонымен қатар ғылыми-техникалық өнім нарықтарын құру;
ә) инвестициялық несиелер ұсынумен айналысатын банктердің, сонымен қатар шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдайтын қорлардың (сақтық ұйымдар, лизингтік компаниялар, кеңестік және ақпараттық ұйымдар және т. б, ) қызметін ынталандыру;
б) барлық меншік түрі бойынша кәсіпорындардың қызметін жаңа және жоғары технологияларды үнемі енгізу, салықтық жеңілдіктер беру жолымен ынталандыру;
в) салық салынатын табысты аймақтық өндірістік және әлеуметтік инфраструктура объектілерін құруға, қайта құруға және техникалық жабдықтауға жұмсалған көлемге сәйкес қысқарту;
г) аймаққа приоритетті инновациялық әзірлемелерді жүзеге асыратын жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін, құрылған күнінен бастап 12 ай мерзімінде табысқа салынатын салықтан босатуды қарастыру; кәсіпорын 24 ай өтетін мерзімнен ерте жабылатын болса, салықтарды толықтай көлемде төлеуді қарастыру;
ғ) аймаққа приоритетті қызметті ынталандыруды көрсетілген кәсіпорындар үшін арнайы салықтардың көлемін азайту немесе жою жолымен ынталандыру арқылы жергілікті басқару органдарының потенциалын қолдану, 3 жыл уақыт ішінде шағын инновациялық кәсіпорындарды жер және жылжымайтын мүлік салығынан толықтай босату немесе пайыздық мөлшерлемелерін төмендету.
Елде инновациялық саясатты жүзеге асыру қомақты қаржылық қаражаты талап етеді. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті қаржыландыруда маңызды рөлі;
- ғылымды талап ететін өнім өндірісін дамытатын шағын және орта сектор кәсіпорындарына инвестиция тарту механизмін құруға берілуі тиіс.
- Шағын және орта өндірістерге жұмсалатын инвестициялардың потенциалдық тиімділігін бағалауда жұмылдырылған қаражаттардың қайтарымдылығын нақты және түпкілікті өсіретін мынадай факторларды ескеру қажет:
- жаңа және жаңартылған қуаттардың рентабельділігі сәйкес өнім өндіретін қуаттардан әлдеқайда басым болады;
- техника мен технологияларды жетілдіру, инновацияларды енгізу энергия тасымалдағыштардың шығындарын төмендетуге, өнім сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді;
- инновациялық, инвестициялық және құрылымдық саясатты интеграциялау ескі және жаңа технологиялар арасындағы қатынастарды соңғылардың пайдасына өзгертуге, өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға, негізгі өндірістік қорларды жаңартуға, ескі жартылай жарамды өңдеу цехтарын жаңаларға өзгертуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, біздің ойымызша, аймақта шағын кәсіпкерлікті инновациялық қолдау бойынша іс-шаралар жүйесі мынадай негізгі тапсырмаларды шешуден тұруы тиіс:
- Инновациялық аядағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және қолдауды нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инновациялық қызметін қолдау және дамытудың қаржылық механизмдері.
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың жергілікті инновациялық инфрақұрылымын құру.
- Инновациялық салада шағын кәсіпкерлік субъектілерінің аймақаралық және халықаралық ынтымақтастық қатынастарын дамыту
- Аймақтарда кәсіпкерлік дамуының инновациялық бағыттылығын жоғарылату мақсатында маңызды үлесті мына шаралар қосуы тиіс:
- инновациялық саланың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымның ұйымдарына қызметтер мен ресурстарды ұсыну;
- шағын кәсіпкерлікті аймақтармен қызмет ететін қолдау институттарының негізінде дамыту, облыстың шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ресурстар мен қызметтер көрсету;
- дамыған елдердің үлгісі бойынша шағын және орта кәсіпорындарға ақпараттық қызмет көрсету жүйесін көрсету;
- АҚШ тәжірибесі бойынша «Зейнеттегі жетекші қызметкерлердің кеңестік бюросын» құру.
елімізде шағын инновациялық кәсіпкерлік дамуының жағдайын және тенденциясын реттеу, инновациялар саласының мәселелері бойынша зерттеу және талдамалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің басымды дамуына және көптеген мәселелеріне талдау жасау, макроэкономикалық деңгейде қоданылатын шаралар жеткіліксіз екенін көрсетті.
Кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай туғызуға бағытталған тұтас шаралар кешені, шағын және орта кәсіпорындар саласының аясын кеңейтумен қатар кәсіпкерлердің өздерінің де күш салуы қажет. Инновациялық кәсіпкерлікті қолдау инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдардың, коммуникациялардың кедергілерден өтуге қолдау жасауы тиіс.
Кәсіпорындар деңгейінде әдептілік, әлеуметтік жауапкершілік, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық элементтерін төмендетуге әкелетін мемлекеттік қызметкерлердің корпоративтік қызметін жоғарылататын маңызды элементтерге ерекше көңіл бөле отырып, жетекшілердің экономикалық сауаттылығын өсіру. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымның ұйымдарумен қатар жоғары ынталандыруды және кәсіпкерлердің инновациялық дамуға талпынысын дамытудың жоспарын және бағдарламаларын жүзеге асырудың технологиясын әзірлеу жүйесін енгізу керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде, ашық нарықтық шаруашылықтың түпкілікті жаңа құқықтық және институциональдық негізін қалыптастырудың белсенді процессі жүріп жатқанда, мемлекеттің экспорттық қызметті ұйымдастыру және өзге де қамтамасыз ету шаралары, нормативті базаны жетілдіру бойынша мақсатты күш салуы ерекше мағынаға ие болады. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке, сонымен бірге сыртқы саудаға араласудың азаюына байланысты, оның осы саладағы жалпы ұлттық мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыруға жанама түрде қатысу рөлі артып отырады.
Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін экспортталатын өнімдерді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру қажет. Ал бұл олардың сыртқы рынокқа шығуын жеңілдетеді. Экспортты мемлекеттік қолдаудың бағыттарының бірі ретінде қазақстандық өнімдерді сыртқы рынокқа жылжытуға көмек беру болып табылады. Экспорттық жарнаманың бір нысанына сауда көрмелері мен жәрменкелер жатады.
Экспорттық дамытудың кезеңдері экономикалық өзгерістердің серпіндері мен логикасына байланысты және Қазақстан экспортты мен экспорттық потенциалын дамытуда инерция факторларын есепке алуды көздейді.
Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, сонымен қатар экспортты ұлғайтатын валюталық, салықтық және тарифтік саясатты, сауда экономикалық достастықтың тиімді нысандарын жетілдіру қажет:
Экспорттаушыларға жедел және сапалы көмек беретін, экспортқа жағдай жасайтын мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық және институциональдық негізін қалыптастыруды аяқтау;
Ақпараттық-консультациялық қызметтің жүйесіне сүйенетін сыртқы сауда ақпараттар жүйесін құру;
Экспорттаушы кәсіпорындардың айналым қаржыларын несиелеудің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін қалыптастыру, экспортты сақтандыру мен кепілдік беру, экспортқа бағытталған тиімді жобаларды несиелеу;
Экспортқа кепілдік беру мен несиелеуді жүзеге асыратын арнайы өкілетті банктің қаржылық базасын көбейту;
Экспорттық жеткізілімдерді тасымалдаудың мәселелерін шешу;
Экспорттық қызметті ретке келтіретін, билік органдарының барлық деңгейінде өзара бірлескен қызметтерін кеңейту, атқарушы билік органдары мен жергілікті басқару органдарына экспортты дамытудың арнайы бөлімшелерін құру, экспорттық саясатты жасау мен экспорттаушыларға көмек берудің мәселелерінде ведомство аралық үйлестірудің жөнге келтіру бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды жүзеге асыру;
Қазақстанның экспорттық потенциалын кешенді зерттеу, ішкі мүмкіндіктермен әлемдік жағдаятты есепке ала отырып келешегі зор салалар мен жобаларды табуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды арттыру.
Екінші кезеңде құрылған институционалдық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымының базасында жедел түрде отандық тауарларды сыртқы рынокқа жылжытуда мемлекеттің қаржылық жағынан көбірек қатысуын қарастыратын белсенді экспорттық саясатты жүзеге асыруға кірісу қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz