Қазақстанда білім жүйесін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-математика факультеті

Информатика кафедрасы

СӨЖ №4

Тақырыбы: Баяндама тақырыбы: 1. Қазақстанда білім жүйесін дамыту

Орындаған: Сакиева М. М

Тексерген: Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы

2015ж

Қазақстанда білім жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі - Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.

Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н. Ә. Назарбаев былдай деген болатын:

«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.

Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.

Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.

Үкіметке үстіміздегі жылы қанат қақты режімде салалық ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев.

Білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау. Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2) Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. (Қосымшаны қараңыз) .
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 (6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. Қ азақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Зақында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.

образование kz

Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды құруға ерекше назар аударылды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылы білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және ғылым жүйесіне терең және маңызды өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі - одан арғы жұмыстың құқықтық негізін қалаған «Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құқықтық актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде.

Білім беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.

Елбасы Н. Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының жұмыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің міндетті шарттарының бірі болып отыр. Еуро­палық академиялық қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды. Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоғары екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агенттіктері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкіндік береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық және халықаралық аккредиттеуді өткізу тек сапа кепілдігі ұйымдарының еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық тұрғыда танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты болуда. Қазақстан Рес­публикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағ­дарламасы елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды құруды қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін реформалаудың негізгі сатылары
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесінің кезеңдері
ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі
Тәуелсіздік жылдарындағы оқу бағдарламалары
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Ондай экономика құрудың басты шарты - Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі
Елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісі
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz