Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы жайлы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы
Орындаған: Нурсадыкова Ж. М
Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С
Семей 2015
Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:
- Мақсат.
- Педагог
- Оқушы,
- білім алушы.
- Оқыту әдістері.
- Оқытуды ұйымдастыру түрі.
- Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
- Педагогикалық диагностика.
Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И. Я. Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В. И. Загвязинский) . Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.
Бірінші тенденция - еріксіздіктен, бірбеттіліктен, албырттықтан, импульсивтіліктен, ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-құлқын басқару, саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жене отырып, мақсатқа жету жолдарын алдын - ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.
Екінші тенденция - интеллектінің анализдік-синтездік функцияларын дамытуда, тұрақтандыруда, қалыптастыруда байқалады.
Үшінші тенденция - ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық, көрнекі - бейнелі формаларының абстрактілі-логикалық(теориялық ойлау) формасына біртіндеп ауысуынан тұрады.
Төртінші тенденция - әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп «» тұрады. Мұнда даму психикалық функциялардың салыстырмалы автономдылығынан оларды біртұтас құрылымға шоғырландыру бағытында жүзеге асады.
Бесінші тенденция - сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе бұл тенденция зейінді дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше байқалады.
Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары:
- Танымдық сфераның (интелект, сана механизмдердің) дамуы;
- Жеке тұлғаның дамуы (бағыттылық, эмоция, құндылық) ;
- Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының (мақсаттар, мотивтер, олардың өзара байланысы, әдіс-тәсілдер, құралдар) дамуы.
- Психикалық дамудың қозғаушы күштері
- Қажеттілік және сыртқы жағдайлар арасындағы қарама-қайшылық;
- Жаңа қажеттілік пен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық;
- Дене қабілеті, рухани мүмкіндіктер мен іс-әрекеттің ескі формалары арасындағы қарама-қайшылық;
- Іс-әрекеттің жаңа талаптары мен қалыптаспаған іскерлік пен дағдылар арасындағы қарама-қайшылық;
- Психикалық дамудың факторлары. Индивидтің тіршілік әрекетін анықтаушы:
- Сыртқы факторлар (орта) ;
- Ішкі факторлар (адамның биогенетикасы) ;
- Индивидтің психикалық дамуына белгілі мөлшерде әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлар
- Сыртқы жағдайлар
- сыртқы (оқыту және тәрбие)
- ішкі жағдайлар
- адамның белсенділігі, мүддесі, мотиві, еркі, мақсатқа ұмтылушылығы
- Психикалық ( ақыл-ой) дамуының деңгейлері
- Белсенді даму деңгейі- оқушының қандай да бір тапсырманы өз бетінше орындауымен сипатталады;
Білімділігі (оқушының білімі, іскерлігі, дағдының қалыптасуы) ; Тәрбиелілігі (оқушының адамгершілік туралы білімі, адамгершілік сенімі, мотиві, мақсаты, эмоциясы) ;
Дағдығандығы ( оқытудың міндетін өз бетінше қоя алуы, өзін-өзі бағалау) ;
Дамудың жақын арадағы аймағы
-
оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Үйрету, оқыту
(білімді меңгерудегі қабілеттілік, басқалардың көмегімен қабылдау, жаңа жағдайларға белсенді бейімделу, оқу жұмысының бірінен келесісіне ауысу, жаңа түсініктердің және әрекеттердің пайда болу жылдамдығы, темп, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық) ;
Тәрбиелеу
(жек тұлғаның дамуы, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу белсенділігі, жаңа жағдайлардағы мінез- құлық тәсілдерінің тасымалдануы және икемділігі) ;
Даму (кейінгі ақыл-ой дамуының пайда болуына үлесі, ойлау формаларының біреуінен екіншісіне ауысуы) ;
Пайдаланған әдебиеттер
1. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Алматы 2003 ж.
2. Өстеміров К., Шәметов Н. Кәсіптік педагогика Алматы 2006.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Оқу іс-әрекеті психологиясы
Орындаған: Нурсадыкова Ж. М
Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С
Семей 2015
Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар «оқу іс-әрекеті», «танымдылық іс-әрекеті» ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым Г. Щукинаның пікірінше «Оқу іс-әрекеті» ұғымының «оқу» ұғымына қарағанда ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да, оқытушының іс-әрекеттерін біріктіріп қарастырады . Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам дами алмайды деп түсінеміз.
«Оқу іс - әрекеті бұл үлкендер мен балалардың (оқытушылар мен оқушылардың) ынтымақтық формасы, ол ортақ мақсатты іске асыруға оған қол жеткізуге бағытталады, әрі ол оқу іс-әрекетінің ішіндегі басты сипаттамаларының бірі болып табылады», - дейді, белгілі педагог ғалым В. Репкин .
«Оқу» терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г. Щукинаның пікірінше «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге асырылады.
Педагогикадағы іс-әрекет феномены оқыту процесінде төмендегідей нақтыланады:
1. Оқушының іс-әрекеті басқа адамдардың іс-әрекетімен байланысқан. Бұл процесс барысында іс-әрекеттер бойынша оның түрлері, тәсілдері жөніндегі тәжірибеде алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің нәрселік аясы жөніндегі ой-өріс кеңейеді.
Өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін басқалардың іс-әрекеттер тәсілдерімен салыстыру барысында оқушы өзінің мүмкіндіктеріне ыждағаттылықпен қарап оны бағалап таразылайды.
2. Педагогикалық процестері іс-әрекеттерінің дамуы тұлғаның ілгермелі дамуына әкеледі, себебі іс-әрекеттің сипаты өзгереді (басында орындаушылық, бұдан кейін белсенді орындаушылық, одан кейін өзіндік шығармашылық белсенділік) .
3. Іс-әрекеттің сипатының өзгерістері оқушының сеніміне, көзқарасына ықпал етіп, олардың едәуір өзгеруіне әсер етеді, оқушы іс-әрекеті орындаушылықтен белсенділікке - одан субъектілік позициясына өтеді.
4. Оқу процесінде оқушы тұлғасының қалыптасуы реттеуші тетіктердің өзгерісі негізінде негізделген. Өзін реттеу басқару, қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасының негізгі көрсеткіші және тетігі болып табылады.
5. Оқушы позициясының өзгерісі оқушы мен оқытушы субьектілерінің арасындағы қарым қатынасқа негізделген. Оқушыларды өзін- өзі реттеуге, басқаруға ең маңызды тұлғалық белгілер алып келеді. Мұндай белгілерге белсенділік, өздігінен жұмыс істеу, танымдылық, қызуғышылық жатады, олар оқушының « өзім шештім », орындауым басқалардан кем емс « өзім болжадым », « оқытушы айтты », « досыма көмектестім » деген сияқты іс- әрекеттері мен алға жылжи түседі. Осындай қатынастардың түзілуі оқушы тұлғасын қалыптастырудағы үлкен жеңіс деп есептейміз.
Оқу іс-әрекетінде ақиқат болмысты бейнелейтін әртүрлі салалық білімдер аймағында объективті құндылықтар ашылады. Бұл іс-әрекет мектеп оқушысына уақыт өту барыснда кездеетін кездейсоқтықты, сондай-ақ өтпелі жағдаяттылы, қызығушылықтарда емес, ал тұрақты терең, өміршең қызығушылықтарға деген талғаммен ұштауға, өткірлеуге, шыңдауға көмектеседі.
Оқу танымдық іс-әрекетіне қызығушылық - оқыту мен оқудың қуатты көзі, қуатты қозғаушы күші. Енжар оқытушы алға қойылған мақсатты мәселені шешуге өзінің оқушыларының белсенділігін көтеріп, шығармашылық іс-әрекеттерін жұмылдыруға шамасы жетпейді., ал енжар оқушы робот секілді адамдық рухани қозғалысы жоқ механизмі іспеттес деп түйеді белгілі ғалым Г. Щукина .
Соңғы жылдары оқыту теорисы іс-әрекеттер, оқушы тұлғасына көбірек назар аударуда, олардың оқыту теориясы мен практикасындағы алатын орны зерттеліп осы мәселелердің алыс келешектері жөнінде тұжырым - болжамдар жасауда, атап айтсақ:
- әрбір оқушының жеке басының қажеттілігне сәйкес олардың білімге, өмірге, қоршаған дүниеге қызығушылық қуаты мен жігеріне қозғау салатын әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін бір-біріне өзара толықтыру жайларын айқындау, шын мәнінде мұнда әлі практикада қолданылмаған әртүрлі іс-әрекеттер мен танымдық сәйкестіктері және олардың өзара әсері жөніндегі іс-қимылдар қоры бар;
- міндетті оқу мен оқу уақытынан тыс еркін іс-әрекеттердің өзара байланысы мен олардың біріне-ьірінің әсерін айқандау;
- оқытушы және оқушының іс-әрекеттерінің өзара байланысына ерекше назар аударылуда, мұнда субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың дамуына, қалыптасуына үлкен мән беріледі, өйткені мұндай қатынас түрлері оқушының субъективтілік ұстанымын нығайтады, оқытушының іс-әрекеттерін байытады.
Ойлау процесі адамға танылатын нысанның сезім мүшелері арқылы оның жекелеген қырлары мен қасиеттерін тағайындаумен шектелмейді, сондай-ақ ол осы қасиеттерді де тағайындау жолдарын анықтай алатын мәнді қасиеттерді екшейді. Осында йжолдармен адам бақыланып отырғанқұбылыстың, оқиғаның, өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала бақылай бастайды.

2. Өстеміров К., Шәметов Н. Кәсіптік педагогика Алматы 2006
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
СӨЖ
Тақырыбы: Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Орындаған: Нурсадыкова Ж. М
Тексерген: аға оқытушы Адильжанова Қ. С
Семей 2015
Меңгеру ең алдымен беріктікпен сипатталады, беріктік меңгерілген білімдермен өндірілген ептіліктерді пайдаланудың оның уақытына, ситуациялардың айырмашылығы мен шарттарына тәуелсіздігімен анықталады. Тұтастай меңгерудің беріктігі қабылданып отырған оқу материалының жүйелілігіне, мағына құраушылығына, оның тұлғалық мәнділігіне және осы материалдың оқушыда тудырған эмоционалдық қатынасына біршама тәуелді. Егер де оқу материалының өзі, оны қабылдау, есте сақтау қуаныш, қанағаттану сезімін тудырса, онда меңгерудің тиімділігінің психологиялық алғышарты жасалады. Іс-әрекетке енген және болашақ практикада пайдалануға бағытталған нәрсе жақсы меңгеріледі.
Меңгерудің маңызды сипаттамасы - оның басқарылуында. Меңгеруді басқару ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасу жолы бойынша іске асырылуы мүмкін; ол «классикалық» жолмен, бағдарламаланған немесе проблемалық оқыту арқылы жүзеге аса алады және т. б., маңыздысы, меңгеру басқару объекті болып, ол оның өзі әр оқу пәні үшін өзгеше болуында.
Меңгеру процесіндегі дағды
Көптеген зерттеушілердің көрсетуіндей, сәйкес дағдыларды игерумен бірігетін білімдер жүйесін игеру «оқытудың негізгі мазмұны және маңызды міндеті» ретінде қарастырылады (С. Л. Рубинштейн) . Алайда, дағды проблемасы өзі әлі күнге дейін бір жақты түсіндірілмейді - оның фетишизациясынан бастап (бихевиоризм, необихевиоризм) іс-жүзіндегі елемеуге дейін (когнитивті психология) . Сонымен бірге, дағды меңгеру процесінде орталық орынның бірін алатыны айқын.
Дағдыны анықтауға түрлі тұрғыдан келеді: қабілетке, ептілік синонимына, автоматтандырылған әрекетке. Неғұрлым кең таралғаны- дағдыны көп рет қайталанған, мақсатты жаттығулар нәтижесінде нығайтылған, мүлтіксіздікке жеткізілген әрекетті атқару ретіндегі анықтамасы. Ол сананың бағытталған бақылауының болмауымен, орындаудың қолайлы уақытымен, сапасымен сипатталады. Дағдының күрделі, көпдеңгейлі қозғалыстық жүйе ретіндегі неғұрлым толық және сәйкес түсіндірмесін Н. А. Бернштейн ұсынған: «бұл сыртқы рәсімдеуді де, қоғалыстық жаттығудың мәнін де құрастырушы белсенді психомоторлық іс-әрекет . . . Қозғалыстық дағдыны өндіру мәндік қатарлық әрекет, онда жекеленген мағыналық буындарды жіберіп алмау, олардың тәртібін шатастырмау керек . . . Қозғалыстық дағдының өзі - өте күрделі құрылым: оның ішінде әрқашанда жетекші және фондық деңгейлер, жетекші қосымша буындар, сөздің тура мағынасындағы фондар, автоматизмдер мен түрлі рангілердің қайта шифрленуі және т. б. болады. Кем емес мөлшерде сапалы құрылымдық күрделілікпен оның қалыптасу үрдісі де қаныққан» .
Дағдының қалыптасуы, Н. А. Бернштейн бойынша - бұл оның жасалуының күрделі процесі, ол барлық сенсомоторлық деңгейлік жүйелерді қамтиды. Еске сала кетейік, олардың барлығы (А, В, С, Д, Е тағы ары қарай) кез-келген дағдыны үйлестірушілік басқарудың күрделенуші жүйесі болып табылады (жүру, шапшаң жазу, сөйлеу, велосипед тебу т. б. ) . Мысалы, А деңгейі жазу кезінде жазып отырған қолдың және жұмыс кейібінің жалпы тоникалық фонын; В деңгейі - қозғалыстың баяу қимылы мен уақыттық өрнекті; С деңгейі - сызылған жақты, жазуды; Д және Е деңгейлері жазудың мағыналық жағын қамтамасыз етеді.
Н. А. Бернштейн кез-келген дағдының жасалуының екі кезеңін бөледі. Бірінші кезең - дағдыны меңгеру - төрт фазаны қамтиды: 1) жетекші деңгейді анықтау; 2) қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылау мен талдау деңгейінде болуы мүмкін; 3) «осы қимылдарды іштей- өзіндік түйсіну» ретінде сәйкес түзетулерді айқындау. Бұл фаза бірден, секіріс түрінде келеді және көбінесе өмір бойы сақталып қалады (егер жүзуді үйренсең онда мәңгілікке үйренесің), алайда бұл бардық дағдыларға қатысты емес; 4) фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі. Дағды өндіру уақытты талап ететіні маңызды, ол барлық қоғалыстардың нақтылығын мен стандарттылығын қамтамасыз ету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz